Мен басқарған бір тойдан үзінді

Блог - ErzhanKhamitov: Мен басқарған бір тойдан үзінді
Негізгі мамандығым «есеп және аудит» болғанымен жүрегім өнер деп соғады. Басты армандарымның бірі өнер адамдарының ортасында жүру еді. Аллаға шүкір орындалды. Оған себеп болған қазақтың тойы. Оқушы деген атты жамылғаннан бастап өлең жаттап, әртүрлі деңгейдегі сайыстарға барынша қалмай қатысып жүрдім. Кейін студент болып жүріп асабалықты қолға алдым. Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті. Қазіргі тойлар бұрынғы тойлардан өзгерек. Бұрын асабаны ортадан сайлап шығарса, қазір, асабаға үлкен талғаммен қарайды. Сондықтан болар, тойдың тізгінін бермес бұрын алдыңғы жүргізген тойларыңа қарап алады. Тіпті, не киетініңе дейін сұрайды) 4 жыл бойы жасамаған бейне роликті биыл жасатуға мәжбүрледі) Ол да дұрыс шығар. Сіздер де қарап, жарнамалай отырыңыздар) Осыған дейінгі басқарған тойларымның өтімді деген жерлерін қиып-қиып 10 минуттық немесе одан да көп қылып жасауға болушы еді. Бірақ, көп уақытты қажет етеді екен. Сондықтан, басқарған 1 тойдан 2-3 минуттық ролик жасауға тырыстым. Көріп бағасын беріңіздер!
Бейне роликке сілтеме: Мен басқарған бір тойдан үзінді

Әрі қарай

Қалалық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Қалалық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр
Жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке керек жабдықтарды арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеден төмендетілген бағамен сатып алуға болады. Жәрмеңке қала әкімдігінің алдындағы алаңда өтіп жатыр және екі күнге жалғасады.

Мектеп жәрмеңкесінде Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының өндірушілері өз тауарларын ұсынуда.

Сағат 10-нан бастап астаналықтар балаларына мектеп формасын, спорттық костюмдер мен аяқ киімдер таңдап, кеңсе заттары мен кітаптарды 10­50% жеңілдікпен сатып алуда.

Астана қаласының білім басқармасы кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарованың айтуынша, бірінші кезекте жәрмеңке тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға көмектесуге бағытталған, оның басты мақсаты елордалық балаларды мектепке қажетті заттармен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, шара барысында халыққа кеңес беретін қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істейді. Көпшілік назарына Оқушылар сарайыларының, музыка және өнер мектептері ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Айта кетейік, шара жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында өткізіліп жатыр.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11191

Елордада жәрмеңкелерде 600 тоннадан астам өнім сатылды

Астана жаңалықтары: Елордада жәрмеңкелерде 600 тоннадан астам өнім сатылды

Апта сайын жұмадан жексенбіге дейін елордада Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді.

Осы аптада 36-шы жәрмеңке ұйымдастырылады. Осы күнге дейін 670 тоннаға жуық өнім сатылды, оның бағасы базардағыдан 10-15% арзан.

Жәрмеңке барысында бақылаушылар баға мониторингін жүргізеді. Бағалардың негізсіз көтерілуіне жол бермес үшін әрбір алаңда бақылаушы таразылар қойылады. Сатылатын тауарлардың, әсіресе ет өнімінің сапасына баса назар аударылады.

«Біздің тараптан өнімнің сапасын бақылау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Күнде таңертең ет өнімдері арнайы тексеруден өткізіледі, қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік мақсатында ветеринарлық бақылаудан өткен етті ғана сатып алуларын сұраймыз», — дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Оның айтуынша, қала әкімдігі тұрақты эпизоотикалық жағдайды сақтау үшін қажетті іс-шараларды қабылдап жатыр. Соның ішінде, қала маңындағы мал бақылауға алынды. «Рубеж» бекеттерінде тұрақты түрде рейдтер өткізіледі. Тұрғын үй алаптарын аралап, халық арасында мониторингтеу және түсіндіру жұмыстары, сырттан әкелінген жануарларды вакциналау жұмыстары қолға алынды. Сауда нысандары мен мал сою алаңдарында ет өнімдері ветеринарлық бақылауға алынып, зертханаларда міндетті түрде ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізіледі. Күмәнді өнім анықталған жағдайда, оны алу және жою шаралары қабылданады.

Елордалық билік қала тұрғындарына ет сатып алу кезінде тиісті сәйкестік сертификатын немесе сынақ хаттамасын талап етуге кеңес береді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10955

КарЛаг (фоторепортаж)

31 мамыр — Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде көптен жоспарлап жүрген КарЛаг мұражайына жолым түсті. "Қаралы күн" деп айта салғанмен, бұл қайғы-қасіретті қазақ ұмытпауы керек. Ұмытпау деген бір бөлек, бұл кешірілмейтін зұлымдық! Шіркін, сол солақай саясат болмағанда қазақтың саны әжептәуір болатын еді-ау! Ашаршылықты қолдан жасау үшін қандай қатыгез адам болу керектігін елестете алмаймын.
1. Сталинизм
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
2. Шаш ал десе бас алар
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
3. КарЛаг басшысының кабинеті
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
4. Хатшының орны
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
Мұражайда камераның «вспышкасын» қолдануға тыйым болғаннан кейін барлық фотоларды ұялы телефонға түсірдім.
5.
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
6. Абақты
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
7. Зындан
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
8. Жазалау камерасы
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
9.
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
10.
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
11. Зертхана
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
12. Айдаудағы адам
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
13. Ажалын күткен әйел
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
14. Ленинизм
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
15.
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
16.
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
17. Тәркілеу
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
18. Сананы сыммен торлаған кезең
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)
19.
Блог - ErzhanKhamitov: КарЛаг (фоторепортаж)

1 сағат жүріп көргенімді суретпен жеткізуге тырыстым. Бірақ, көзбен көргендегідей әсер алу қиын. Қайғылы әуенмен сүйемелдеп тұратын абақтыға кіргеннен-ақ бойыңыз шымырлап қоя береді. Мұражайда муляждардан бөлек құнды құжаттар да бар. Қазағым деп еңіреген зиялы қауымның суретін осы мұражайдан көргенде Голощекинді тірілтіп алып қайта өлтіргің келеді.
Бұндай қорқынышты жағдай ендігәрі адамзаттың тарихында болмаса екен!

КарЛаг мұражайын көрмегендер болса келіп көруге кеңес беремін! Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Долинка кенті, Школьная көщесі 39. Дүйсенбі күні демалыс.

Күнделікті түсіріп жүрген суреттерімді @erzhan_khamitov инстаграмға салып отырамын. Қызықтырып жатса тіркеліңіз)

Ауылға кеткім келіп тұрады...

3 күн өткеннен кейін қалаға асығып тұрсам да ауылыма жеткенше шыдамсызданып барамын. Барар кезде Қарқаралыдан әрі қарай 174 км грейдер маған теп-тегіс асфальт боп көрініп, қалаға қайтар кезде 100-бен келген жолым «минный поля» болып 40-60-пен әзер жүріп келемін ғой шіркін. 40 тонналық Шансимандар "өлтіріп" тастаған ‪Бақты‬ ауылының жолын айтсаңызшы. Ауылға оралайын)
Еңбекке (қазір Темірші ауылы, кезінде Еңбек ауылы деген) барған сайын бала кезімде ойнаған жерлерді еске түсіріп аралап шығамын. Барған сайын келмес шаққа деген сағынышым өрши түседі. Көршілермен бір кезекте тұрып су тасыған тәшкеңді де еске алады екенсің. Ауылда тұру оңай емес. Бірақ, бала кез қамсыз ғой. Болмайтын асықты немесе таудың артындағы смаланы проблема қылып жүресің). Осының бәрін өткізіп, есейген шақта еске алудың өзі тамаша!
Қазір, мен доп тепкен, мен су тасыған, мен тах-тах ойнаған, мен тығылыспақ ойнаған көшеде басқа жігіттер үстемдік етуде. Олар сені танымайды. Енді Олар өз биліктерін жүргізуде. Мінездері ауыр, анау-мынау алдауға көнбейді. Тура фотодағыдай жігіттер!
Блог - ErzhanKhamitov: Ауылға кеткім келіп тұрады...
Әр жағындағы приталенный джинсы киіп алған «дерзкий» жігіт тақ мұрагері. Яғни, қара шаңырақтың иесі Рахат ағамның ұлы. Таза ауылдық. Бер жағындағы жігіт Ербұлан ағамның ұлы. Асфальтта туған. Қалалық дегенім ғой) Ауылдың тіршілігіне қанық болсын деп апарып тастайды. Себебі, ауылды көрген бала жаман болып өспейді. Ертең біз сияқты еске алып отыратын болады).
Бірақ, бұрынғыдағыдай свет өшпейді, қаладан хабарласқанда көршіні шақырып келмейді, себебі ұялы телефон ұстайды, ауылдастармен видео касета айырбастап Джеки Чанның киноларын көрмейді, себебі әр үйде ОтауТВ бар…
Эх, біздің кезде жақсы еді деуші еді атам!
Әр шақ өзінше қызық! Ізімізді жалғайтын кішкентайлар қиыншылық көрмей өссе екен! Бейбіт күнде өмір сүріп, қалаған білімдерін алса екен деп тілеймін!
Әрі қарай

Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат - 2016» байқауы өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат - 2016» байқауы өтеді

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас орындаушылар тағы да «Жас қанат — 2016» республикалық байқауында бас қосады. Биыл 25 жылға толатын фестиваль ерекше ұйымдастырылмақ.

Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін байқауға санаулы күндер қалды. 16-22 мамырда еліміздің үздік жас орындаушылары өзара бәсекеге түседі. Қазіргі кезде байқауға қатысушылар дайындық үстінде. Іріктеу кезеңі аяқталды. Ең жас қатысушы 15-те, ал ең үлкені 28 жаста. Байқауға Ақтөбе, Орал, Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған және Қарағанды қалаларының өкілдері қатысады. Сондай-ақ, үш орындаушы елордамыздың намысын қорғайтын болады.

25 жылдың ішінде түрлі қалалардың өкілдері фестиваль жеңімпазы атанып келді. Өткен жылы бас жүлде «Жас қанат» көкшетаулық Ринат Теміржанға бұйырған болатын. Ең алғашқы «Жас қанат» байқауы қазақстандық танымал әнші, 1992 жылы байқау лауреаты атанған Медеу Арынбаевтың шығармашылығында маңызды рөл атқарды.

– Алғашқы «Жас қанат» байқауы қазақстандық эстрада үшін шынымен де маңызды оқиға болды, біз, жас орындаушылар үшін бұл шығармашылықтың даңғыл жолының бастауы болды. 1992 жылы өткен «Жас қанатта» орындаушыларға жоғары талаптар қойылған еді, бүгінгі таңда да «Жас қанат» қатысушылардан кәсіпқойлықты және үздік дайындықты қажет етеді. Байқауға қатысушыларға сәттілік пен ұзақ шығармашылық өмір тілеймін, – деді М. Арынбаев.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10457

Жолшыбай (фоторепортаж)

16 сәуір. Қарағанды — Жезқазған тас жолына шықтым. Негізгі бағытым Жезқазғанның бер жағындағы Жәйрем кенті. Жәйрем облыс орталығы Қарағанды қаласынан 360 шақырым жерде орналасқан. 3 сағат жүретін жерді бақандай 5 сағат жүріп бардым. Қарағанды — Жаңаарқа арасындағы тас жолы сын көтеретін жағдайда емес. Әрбір 1 км. сайын аюдың апанындай шұңқырлар)

1. Арнасына сыймай жатқан Нұра өзені.
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

2. Жол бойындағы намазхана
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

3. Жаңаарқа (Атасу кенті) Жәйремге дейін 150 км қалды
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

4. Жо-жоқ бұл — Сирия емес! Бұл — ЖӘЙРЕМ!
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

5. Жәйремде қараусыз қаңырап тұрған бос үйлер көп
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

6.…
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

Республикалық трасса болып саналатын Қарағанды — Жезқазған тас жолын жөндесе халық бір қуанып қалар еді.

P/s.
… Жоғымды тауып бер деп жатқан кім бар,
Жолымды жөндеп берсе болды емес па!.. М.Ақанов

Геннадий Головкин

Головкин Геннадий Геннадийұлы (1982, 8 сәуір Қарағандыда туған) — Қазақстан боксшысы. 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.); ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.); Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады) және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады). 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс орташа салмағы тарихында ноукат үлесі бойынша бірінші орында тұр.

Блог - arai_tleulinova: Геннадий Головкин
Блог - arai_tleulinova: Геннадий Головкин

Қарағандыда «Домбыра party» өтті

Наурыздың алтысы, Қарағанды қаласында «Таир» сауда үйінде Əлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай «Жас журналистер» клубының ұйымдастыруымен «Домбыра party» өтті. Мақсаты — қазақтың дәстүрлі, екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабын насихаттау. Қара көзділердің басын қосып, рухани демалу.
Блог - DinaAbdigalieva: Қарағандыда «Домбыра party» өтті
Шараға Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен «Болашақ» Академиясы, Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері қатысты. Өнерге жаны ашитын тұрғындарымыз белсенділік танытты.
Блог - DinaAbdigalieva: Қарағандыда «Домбыра party» өтті
Аталмыш шара орталыққа қарағанда оңтүстік өңірлерде жиі өтіп тұрады. Бұл олардың шапшаңдылығының бір белгісі болуы керек. Клуптың алғашқы бастамасы жаман емес сияқты. Сол себепті, сіздермен мына видеолармен бөліскенді жөн көрдім. Пікірлеріңізді білдіре жүріңіздер, сіздердің ойларыңыз бізге өте маңызды. %)

Көңілім қалды

«Жұлдыздарға ғашық болу» ауруына бұрын — сонды шалдықпаған едім. Қазір де, дәл солай. Бірақ, мен оның әндерін алғаш естігенде, әнші ретінде мойындадым (өзім үшін, әрине, халық оны баяғыда-ақ мойындап қойған). Қазақ халқына тән қоңыр дауысы, әдемі үні мені баурап алды. Ер жігітке тән сұлулық пен үйлесімділік бар бойынан табылатын сол адам — мен үшін өмірдегі теңдесіз жан. Зұлымдық пен ашкөзділік, хайуандық пен арамдық, сайқалдық пен арамдық басым түскен қазіргі қоғамда мен сол адамды адамгершіліктің символы деп бағаладым. Осы өмірде бір сәттік қызығушылықтар мен атақ үшін, өзінің қара басы үшін ар, намыс, ұят, адамгершілік, тазалық, имандылық, қарапайымдылық деген ұлы сезімдерді құрбан еткен кейбір(көпке топырақ шашпай-ақ қояйын) «жұлдыздар» тізіміне кірмеген «алтын адам». Оның ән айтпай-ақ күлгенінің өзі неге тұрады?! Сүп-сүйкімді бет-бейнесі… Көз-қарасы… Құдды бір періште дерсін…
Блог - abilbekova_inabat: Көңілім қалды
Фейзбуктен сүйікті әншімнің Қарағанды қаласына келіп, концерт қоятынын оқыдым. Көшеде жарқағаздар(афиша) ілініп тұрмағандықтан, мүмкін жалған ақпарат шығар деген ойлар маза бермеді. Ең алдыммен, ойымда оның рас-өтірігін білу болды. Шынымен де, солай екен. Енді есіл-дертім алғашқы орындардың бірінен концерті билет алу еді. Өзім де ойыма келгенді істемей қоймайтын адаммын, ақыры сабақтан шыққан соң, құрбымды ертіп алып, Кеншілер сарайының кассасына барып, билет алдым. Билет алған алғашқы адамдардың бірімін десем, мақтанғандық емес шығыр. Бұл — өнерге, өнер адамына деген құрмет, махаббат…
Көптен күткен сәт те келіп жетті. Төреғали Төреәлі сахнаға шыққанда, әкем келгендей қуандым ғой. Жүрегім нұрлы қуанышқа бөленіп, бақыттан басым айналды десем артық болмас еді. Видеоға, фотоға түсіріп, фейзбуктегі достарыммен бөлістім, қуанышыммен ортақтастым. Кенет, техникалық ақауларға байланысты микрафон істен шықты. Періште деп жүрген адамымнан естіген сөзім: «Шіріктер, шіріттіңдер ғой! Лақтырып жіберейін бе?!». Техниканың аты — техника. Бұл өмірден жұмыр басты пенделердің өзі кетіп жатқанда, микрафонның істемей қалуы заңды дүние емес пе? Оны лақтырып немесе микрафонға жауапты адамдарды «шірік» қылып не таппақшы? Дүйім жұрттың алдында бұлай сөйлегені былай тұрсын, фотоға түсуге барғанда бәлісінгені-ай! Фотоға түскісі келмесе, мәдениетті түрде жеткізуге болар еді, міндетті түрде айқайлап, артымызға адам салып, есіктен итеріп қуып шықпай.
Қас-қағым сәт деген осы шығар… Қаншама жыл нағыз қарапайым, адамгершілігі мол деп жүрген адамнан көңілім қалды. Концерттен кейін көп ойландым. Атақ адамды осыншама өзгертеді ме, әлде халықтың іші-бауырына кіргенше, бетперде киіп жүре ме? Қызық, мен «жұлдыз» болсам, қайтер едім?

Стамбул университетінен кімдер білім алды?


Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің алтын ордасынан ұшқан түлектері. Стамбул университетінің доктарантурасын тәмамдап, қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық телеарнасында қызмет атқарып жүрген Ержан Төлек пен Стамбул университетінің магистратурасын бітіргелі жатқан Сəкен Салтан ҚарМУ-дің журналистика бөлімшесінің студенттерімен кездесіп, өздерінің артынан еріп келе жатқан мына біздерге ақыл-кеңестерін айтып, студенттердің қойған сауалдарына жауап берді. Қазіргі уақытта журналистика мамандығының ішіндегі экономикалық жəне саяси саланы меңгерген абзал деді. Жəне де кез келген жерге барсаң ағылшын тілін сұрайды. Сондықтан да уақыттарыңызды босқа өткізбей, ағылшын тілін меңгерген жөн деген пікірлерін айтты. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен алғысымыз шексіз.

Төрлеттім Керекинфоға!!!

Алаштың арқа сүйер алтыннан ардақты қазақ жұртым, амансыздар ма?! Ең алдымен өзімді таныстырып өтейін. Мен, Гүлзат Сəрсембекқызы Қарағанды облысы Балқаш қаласында туып өстім.
Қазақта «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» — деген сөз бар емес пе?! Шынында да арманның өзі өнер ғой. Өмірде 2 нəрсені таңдауда қателеспеу керек: біреуі — мамандық болса, екіншісі — жар таңдау. Өзімнің жүрек қалауымен таңдаған мамандығым — журналистика. Осы саланы таңдағаныма еш өкінбеймін. Осыдан 3 жыл бұрын Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетіне құжатымды тапсырып, бісміллə деп журналистикаға аяқ бастым.
Керекинфоға көкейімде жүрген сын — жазбаларымды жазып жəне де жазу стилімді қалыптастырып, жетілдіргім келеді.

Алғашқы жазбам

Сəлем беріп бастайын сөзімді, өзім жайлы айтайын! Туып өскен жерім Сатбаев қаласы, мектепті <Менделеев шәкірті> наминациясымен тәмамдап, білім қуып Қарағанды Мемлекеттік Университетіне оқуға түстім. Қолөнермен айналысқанды ұнатамын сол себепті де мен осы салада блог жазып, жасампаз оқырмандарымды қуантып отыруға тырысамын. Болашақ мамандығым журналист болғандықтан тек қана қолөнер емес көптеген еркін тақырыптарда жазбалар жазамын деген ойдамын.

Сәлем әлем

Блог - OralZekenova: Сәлем әлем
Бүгін 《Достар-Алем》 қонақ үй кешенінде Қарағанды қаласы әкімдігінің жастармен жұмыс жөніндегі орталығы I қалалық жас тілшілер мен блогерлер слетын өткізді. Менде осы слетқа қатысып журналистер мен блогерлер жайлы бірнеше мағлұматтар біліп қайттым

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі маусымын аяқтайды

Астана жаңалықтары: Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі маусымын аяқтайды
Осы сенбіде, 24 қазанда күні, елордада Ақмола облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ағымдағы маусымның соңғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Әрі қарай

АҚШ-та тұратын алматылық бойжеткен Головкиннің жекпе-жегінен алған әсерін айтып берді

Нью-Йоркте екі жылдан бері тұрып келе жатқан алматылық Аида Ғайытова Tengrinews.kz тілшісіне Геннадий Головкиннің кездесуінің қалай өткенін бүге-шегесіне дейін айтып берді. Ол Головкиннің жанкүйерлері жайлы айтып, Madison square garden аренасындағы жағдайды баяндайды.
Қазақстанда тұрғанымда кәсіби жекпе-жекте болуды, өз көзіммен көруді армандадым, рингте не болып жатқанын білгім келді. Армандар орындалады. Кәсіби жекпе-жекті өз көзіммен көріп қана қоймай, жерлесімнің жеңісіне куәгер болдым.

Лас-Вегастан Нью-Йоркке таңғы 7-де ұшып келдім (негізінде мен Нью-Йоркте тұрамын, ал сол кезде Лас-Вегаста демалып жатқанмын). Офицер менің паспортымды көріп, "Қазақстан?" деп таңғалды.

«Йес, сэр!», — деп қоямын оған.

«О, Головкин! Мен оны құрметтеймін, — дейді ол. — Бүгін оның жекпе-жегі ғой, барасың ба?».

"Әрине, барамын, сэр, Нью-Йоркке сол үшін келдім ғой!", — деймін оған. Америкалық болса күлімсіреп, жүктерді алатын орынға нұсқады, онымен қоймай, жетістік тілеп, Генаға сәлем жолдап жатты. Өзім де боксшыға сәлемімді айтып қаламын деген үмітпен, оған да келісім бердім.

Билеттер бір ай бұрын сатып алынып қойған. 115-ші секция — екінші қатар, тым алыс емес. Сәтті болды, билет құны — 350 доллар, кіреберісте осы билеттерді біреулер екі есе құнына сатып жатты.

Кешкі 6:30, жекпе-жекке бара жатырмын. 34 Herald square — бұл жол мені аңызға айналған Madison square garden аренасына апара жатты, дәл осы жерде атақты Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Тайсон, Рой Джонс сияқтылар жұдырықтасқан.

Көшеде мұхит желі соғып, бусанып жатты, бірақ біз одан үрейленудің орнына, Генаға қолдау білдіретінімізді ойлап, көңіл-күйіміз толқып тұрды. «Аренадан» бір квартал жердің өзінде қазақтарды көруге болады, сол күні көшеден қазақтарды көп көрдім. Біздің туымыз онсыз да жап-жарық Eight avenue көшесін жарқыратып жіберді.
Дәл осы күні біздің қазақтардың бірлігі жарасады — барлығы бір-бірімен сәлемдесіп, танысып жатады. Ал ішінде қарағандылықтары болса тіпті мақтаныштары кернеп жүреді. Біреу Головкинді «Гена аға» деп, әңгімесін айтып жататын. «Біз бала едік, ол жергілікті клубта жұдырықтасып жүретін» деген әңгімелер айтылады.

Жолдың қиылысында жейделері мен бас киімдеріне «GGG» деген жазуды жазып алған испандарды көрдім. Құдды біздің барахолка сияқты.

Саудасы жақсы жүрді: бір кепка 20 доллар тұрады, ал футболканың құны — 25 доллар. Мен де «GGG» деген кепка сатып алдым. Әрмен қарай жүргім келген, бірақ Головкиннің атрибутикасымен бірге Ресей Федерациясының туларының да сатылып жатқанын байқап қалдым. «Неге? Гена Қазақстаннан ғой?», — деп сұрадым. Қазақстан туының қандай екенін көрсетіп жатырмын. «Мисс, таппай қойдық, „Амазонда“ жоқ екен, бірақ Russia байрағын таптық, сіздерде КСРО ғой», — дейді кәсіпкерлер. «Мырзалар, — дедім мен, — Біз көп уақыттан бері КСРО емеспіз, — біз — тәуелсіз елміз». Мұндай жағдайға қазақстандықтар ғана наразы болды. Ал америкалықтар Ресейдің туларын сатып алып жүр. Келесі жекпе-жекте кіреберісте Қазақстанның туын сатумен айналысамын деп шештім. Енді ше, ақша да табамын, елімді де көрсетемін.

7:30. Кіреберісте жанкүйерлердің делегациясы келіпті. GGG-ға қазақтар ғана емес, корейлер де, қытайлар да, испандар да, ирландиялықтар да, украиндар да келіпті — барлығы Қазақстанның туы мен «GGG» жазылған бас киімдерін көтеріп жүр. Қазақстандық жанкүйерлердің көбісі мұхиттың арғы жағынан, 25 сағаттық ұзақ жолды еңсеріп ұшып келген. Оларға тек жеңіс керек еді.

«Біз мұнда тек жеңіс үшін келдік», — деді астаналық Серік деген кісі. Ол Головкин десе ішкен асын жерге қойып, қолдау білдіреді екен, оның артынан Лас-Вегасқа да, Калифорнияға да барыпты. «Бастысы Гена аман болсын, біз оны әрқашан қолдаймыз» дейді.
Блог - maratamirov: АҚШ-та тұратын алматылық бойжеткен Головкиннің жекпе-жегінен алған әсерін айтып бердіБлог - maratamirov: АҚШ-та тұратын алматылық бойжеткен Головкиннің жекпе-жегінен алған әсерін айтып бердіБлог - maratamirov: АҚШ-та тұратын алматылық бойжеткен Головкиннің жекпе-жегінен алған әсерін айтып берді
Американың қалаларынан Чикагодан, Бостоннан, Лос-Анджелестен, Сан-Диегодан қазақстандық студенттер де келді — олар біздің батырымызды күтті.

Гена қандай масштабтағы боксшы екенін түсіне ме екен деп ойлап қоямын.

8:30. Ақырындап қауіпсіздік қызметінің тексерісінен өтіп жатырмыз, селфи стик (селфи таяғы) қолдануға болмайтынын айтып, ескерту жасап жатыр. Неге екенін білмеймін, бірақ қазақтар бұл тыйымды сақтауға асығар емес. Қауіпсіздік тексерісінен өткеніміз сол еді, бәрі сөмкелерінен селфи таяқшаларын шығарып жатты.

Нағыз жұлдыз болдық. Шетелдіктер қайта-қайта келіп, Гена туралы сұрастыра береді, Қазақстандағы болашақ боксшылар туралы білгісі келеді. Олар бізді тіпті бір ескерткішке ұқсатып, суретке түсіріп алып жатты. Қуанбай тұра алмадық. Штаттарда өмір сүріп жатқан екі жылда өз елім үшін сондай мақтаныш сезімін бірінші рет басымнан өткердім. Себебі бізді америкалықтар «Борат» фильмі арқылы біледі ғой. Лемьенің өзі Твиттерде Бораттың суретін жариялаған. Алайда 17 қазанда, кеште олар Боратты бірден ұмытты, сөйтті де Головкинге тамсанды.

Біз залға кіретін екінші қабаттағы жерде тұрып, Генаға бірге қолдау білдірдік. Қолымызда ту. Канадалық жанкүйерлермен де сөйлестік, олар бізге ауыр жекпе-жектің болатынын айтып, тіпті төртінші раундта нокауттың болатынын болжағандарын айтты. Біз болсақ, өз кезегімізде мақтанбай-ақ қояйық деп шешіп, оларға тек сәттілік тіледік.

«Біз Қазақстаннан келдік, біз бос сөз айтқымыз келмейді. Біздің Гена — өте қарапайым жігіт. Лемьенің жанкүйерлерінің шу туғызатын сөздеріне мақтанышпен жауап берейік», — деп кеңес берді бір жігіт арамызда. Ол Головкиннің нағыз жанкүйері, бірде-бір жекпе-жекті қалт жібермейді. Ол 35 жаста, 20 жылын Чикагода өткізіпті. Алайда жігіт өз елінің патриоты, Гена Мюррейді жеңгенде оған деген құрметпен осы бір татуировканы салғызыпты.
moreInfo: kaz.tengrinews.kz/boxing/aksh-ta-turatyin-almatyilyik-boyjetken-golovkinnn-jekpe-265725/
copyRules
Адреналин. Жекпе-жектің басталуына бірер сәт қалды. Орындарымызға жайғастық, бірінші қатарларда атақты деген жұлдыздарды, спортшыларды, тіпті АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамты көріп отырмыз.

Айналамда Генаның ғана фанаттары отыр дегенге сене алар емеспін. Қарап көрсем бүкіл зал «GGG» деген бас киімге толы. Гена, бүгін бүкіл зал саған қолдау білдіріп келді дедім іштей. Шын мәнінде, түрлі ұлттың өкілдері «Triple GGG, Gennadiii» деп айғайлаумен болды.

Барлығы попкорн жеп, сыра ішіп отырды.

Міне, көп күттірген сәт те келіп жетті. Бірінші болып Лемье шықты. Зал қошемет көрсетіп жатыр, романтикалық әуен, күлгін түсті жібек матадан жасалған киім, халат, демеушілік сыраның «CORONA» деген жазуы, өзіне сенімді Лемье рингке шықты.

Сән бизнесінің өкілдері сияқты, KFW дерсің.

Зал орнынан тұра келіп, рингке Геннадийді шақыра бастады: «Triple GGG where are u, show me drama tonight!». «Гена алға!» деген дауыс. Сонымен, біздің Гена шығып келеді, әдемі шапан, батыл көзқарас, шорты әдемі, онда қазақстандық ою көмкерілген.

Әдемі. Қазақ мәдениеті сіздерге «Корона» деген сыра емес деп ойладым сол сәтте.

Дүние астаң-кестең. Мақтаныш. Басым айналып кетті. Адам сонша көп жиналды. Біздің батырымызды зал қошеметпен қарсы алды.

Оң жағымда отырған адам әйелімен бірге Калифорниядан келіпті, олар Головкиннің кездесулерін өткізбей көреді екен. Уайымымды соларға айта бастадым: "Қалай ойлайсыздар, оған осындай қошеметтің көрсетілгені жақсы ма? Бұдан қатты әсерленіп кетпей ме? Өзін-өзі жоғалтып алмай ма? Америкалық жігіт маған басу айта бастады: «Жоқ, біздің оған арнайы келгенімізді біледі ғой».

Раунд сайын Головкинге қарсыласы соққы жасап жатқанда қобалжып отырдық, бірақ ол канадалыққа қарымта соққы жасаған сәттерде риза болыстық. Кездесу кезінде бізді камера түсіре берді, қарсы болмадық, керісінше, оператордың назарын аулаумен болдық. Қазақстандық туды қасымда отырған америкалықтармен және корейлермен бөлісуіме тура келді. Олар біздің туды сәт сайын мақтанышпен көтеріп отырды. Барлығы риза.

6-шы раунд. Тамағым қарлығып қалды, каблук кигенім де дұрыс болмапты. Бірақ жай отыру дегенді білмейміз. Онымен бірге (Генамен) жеңіске дейін баруымыз керек.

Кей сәттерде кездесу АҚШ-та емес, біздің Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында болып жатқан сияқты болып көрінді. Головкинге осындай мөлшерде жанкүйерлер бұған дейін келмеген шығар.

Бір уақытта Лемьеге жаным ашыды, жанкүйерлері өте аз болды, боксшының көңіл-күйіне осы жағдай да әсер еткен болуы керек. Зал «GGG Triple G» деп қана айғайлаумен болды.

Соңына қарай дау болып кетті. Тараздан келген жанкүйерлеріміздің бірі канадалыққа былапыт сөз айтты. Күзетшілер келіп, оны басқа орынға отырғызып қойды.

8-ші раунд. Біз жеңдік, анық, бірақ сонда да Гена шаршап қалмады ма деп уайымдай бастадық. Лемьеден ондайды күтуге болады. Соңғы секундтар. Еееееес, техникалық нокаут.

Зал жарылды: біз саған сендік, Гена!