Көңілім қалды

«Жұлдыздарға ғашық болу» ауруына бұрын — сонды шалдықпаған едім. Қазір де, дәл солай. Бірақ, мен оның әндерін алғаш естігенде, әнші ретінде мойындадым (өзім үшін, әрине, халық оны баяғыда-ақ мойындап қойған). Қазақ халқына тән қоңыр дауысы, әдемі үні мені баурап алды. Ер жігітке тән сұлулық пен үйлесімділік бар бойынан табылатын сол адам — мен үшін өмірдегі теңдесіз жан. Зұлымдық пен ашкөзділік, хайуандық пен арамдық, сайқалдық пен арамдық басым түскен қазіргі қоғамда мен сол адамды адамгершіліктің символы деп бағаладым. Осы өмірде бір сәттік қызығушылықтар мен атақ үшін, өзінің қара басы үшін ар, намыс, ұят, адамгершілік, тазалық, имандылық, қарапайымдылық деген ұлы сезімдерді құрбан еткен кейбір(көпке топырақ шашпай-ақ қояйын) «жұлдыздар» тізіміне кірмеген «алтын адам». Оның ән айтпай-ақ күлгенінің өзі неге тұрады?! Сүп-сүйкімді бет-бейнесі… Көз-қарасы… Құдды бір періште дерсін…
Блог - abilbekova_inabat: Көңілім қалды
Фейзбуктен сүйікті әншімнің Қарағанды қаласына келіп, концерт қоятынын оқыдым. Көшеде жарқағаздар(афиша) ілініп тұрмағандықтан, мүмкін жалған ақпарат шығар деген ойлар маза бермеді. Ең алдыммен, ойымда оның рас-өтірігін білу болды. Шынымен де, солай екен. Енді есіл-дертім алғашқы орындардың бірінен концерті билет алу еді. Өзім де ойыма келгенді істемей қоймайтын адаммын, ақыры сабақтан шыққан соң, құрбымды ертіп алып, Кеншілер сарайының кассасына барып, билет алдым. Билет алған алғашқы адамдардың бірімін десем, мақтанғандық емес шығыр. Бұл — өнерге, өнер адамына деген құрмет, махаббат…
Көптен күткен сәт те келіп жетті. Төреғали Төреәлі сахнаға шыққанда, әкем келгендей қуандым ғой. Жүрегім нұрлы қуанышқа бөленіп, бақыттан басым айналды десем артық болмас еді. Видеоға, фотоға түсіріп, фейзбуктегі достарыммен бөлістім, қуанышыммен ортақтастым. Кенет, техникалық ақауларға байланысты микрафон істен шықты. Періште деп жүрген адамымнан естіген сөзім: «Шіріктер, шіріттіңдер ғой! Лақтырып жіберейін бе?!». Техниканың аты — техника. Бұл өмірден жұмыр басты пенделердің өзі кетіп жатқанда, микрафонның істемей қалуы заңды дүние емес пе? Оны лақтырып немесе микрафонға жауапты адамдарды «шірік» қылып не таппақшы? Дүйім жұрттың алдында бұлай сөйлегені былай тұрсын, фотоға түсуге барғанда бәлісінгені-ай! Фотоға түскісі келмесе, мәдениетті түрде жеткізуге болар еді, міндетті түрде айқайлап, артымызға адам салып, есіктен итеріп қуып шықпай.
Қас-қағым сәт деген осы шығар… Қаншама жыл нағыз қарапайым, адамгершілігі мол деп жүрген адамнан көңілім қалды. Концерттен кейін көп ойландым. Атақ адамды осыншама өзгертеді ме, әлде халықтың іші-бауырына кіргенше, бетперде киіп жүре ме? Қызық, мен «жұлдыз» болсам, қайтер едім?
Бөлісу:

44 пікір

DinaAbdigalieva
Ооо жазыпсың ғой, маладес! Қазір ол жай-май емес «ЖҰЛДЫЗ»))) Уәде еткен видео қайда, Инош? Тек өшіріп тастадым демеш
abilbekova_inabat
Өкінішке қарай, менің ұялы телефонымнан ақаулар шығып қалып, уәде кеткен видео өшіріліп қалды((((((((
patick
Даусы қатардағы әншінің дауысы, кереметтей ештеңе байқамадым. Әндері тойский, сәйкесінше өнерге ешқандай жаңалық әкелген жоқ. Оған ерекше әнші деп қарау — тыңдарманда талғам жоқ деген сөз.
abilbekova_inabat
Бәлкім, тойский де шығар, алайда сөзі түсініксіз, сахнада тұрып өз-өзін жұлып жататын әншілерден жақсы ғой. Әркімнің талғамы әр түрлі болады. Біле білсеңіз, 3 уақытқа жоспарланған концерттің 3-еуінде де халық лық толы болды. Енді осыдан кейін де тыңдарманда талғам жоқ дегіңіз келе ме? Сонда жұрттың бәрі талғамсыз болғаны ғой.
patick
Дәл таптыңыз — талғамсыз. Халық талғамсыз болған соң сол баяғы тойский деңгейдегі әндер хит болып жүр. Халықтың талабы жоғары болса өнер мен эстрада да халықаралық деңгейде дамыр еді.
abilbekova_inabat
Біз не десек те, халық оны қабылдай ма, жоқ па, өзі шешеді.
Olzhass
осы постын нур.кз-де баска такырыппен макала болып шыгуы бек мумкин)
abilbekova_inabat
ааа рақмет, рақмет! Солай болғай)
Adiletshu
Түйені жел шайқаса ешкіні көктен ізде. Төреғали осындай болса, басқа әншілерден не күтуге болады…
abilbekova_inabat
Дұрыс айтасыз. Сізбен толықтай келісемін.
MeihuaZheng
қойш. қатардағы әнші ғой. әкетіпбаратқан ештемесі жоқ. смазливая харя и все.
вот мен білмейд екем, кімнің концертіне өліп талып баратынымды.
Keane, Coldplay немесе Animals болмаса… ииии… бізге қайда ондай шоу көрудің бақыты…
abilbekova_inabat
«О вкусах не спорят». Жаныңызға шетел әндері жақын шығар. Дейтұрғанмен, әңгіме қазақ әншілері жайлы болып жатыр. Сізде қатырдыңыз ғой, Keane, Coldplay, Animals деп)))) Шетелдік жұлдыздарының жыл сайын бір ән айтып, қыруар ақша алып кететіні аздай…
ken
Бір қателікпен Қазақстанда туылып қалғансыз ғой.
ken
Меніңше бұл жерде талғамда тұрған ештеңе жоқ. Талғам деген шартты ұғым емес пе? Бұл жерде мынадай жағдай болса керек: «шетелде мойындалған әндерді тыңдасаң, жоғары талғамдысың, ал „ауылбайски тойски“ әндерді тыңдау талғамсыздықтың нышаны» деген сияқты көтқарас.
abilbekova_inabat
Иә, мәселе осында сияқты…
ken
«шіріктер» дегені ерсі бопты.

есіме түсіп кетті. шетелдік (т)атақты рок музыканттарының ішінде концертінде ән айтып тұрып көрермендерінің бетіне шаптырғандары да болған.
abilbekova_inabat
Масқара! Өзін өшіретін де, өсіретін де халық екенін біле тұра, ондай бассыздыққа барған қай рок музыканттары екен?
abilbekova_inabat
Осындай сұмдықтарды оқып отырсақ та, шетелдік әншілерді мақтауды қоймаймыз-ау)) " Қарамай үйіндегі аққуына, Қызығады-ау өзгенің тауығына",- деген сөз осы жерде айтылуы керек па дедім)))))))))))))
Kutpegen-konak
Осы біз тек жаман қасиеттерін сынға алып, сөз еткенді жақсы білеміз. Бір күнде бірнеше кеш беріп, талай халықтың алдында өнер көрсету әрине, оңай емес. Кеше ғана сахнаға шыққан әншіні даттағанша, қолдап, демеу көрсету керек деп ойлаймын. Мағынасыз ән айтып жүрген Сайлаубекті де төбемізге көтереміз… ОСЫНДАЙДА ТҰРСЫНБЕК АЙТҚАНДАЙ "ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ"…
alya
Сізбен толықтай келісемін
abilbekova_inabat
Енді бір күнде бірнеше концерт бердім екен деп, халыққа мінезін көрсетудің қажеті жоқ. Бір күнде бірнеше концерт берсе, ол — оның жұмысы.
Kutpegen-konak
Барлық адамның көңілінен шыға беру мүмкін емес…
asaubota
жұлдыз ауруына енді ғана шалдыққан болар? ол да өтеді ;)
abilbekova_inabat
иә, солай болар. Алайда, жұлдыз ауруынан айыға алмай жүргендер де жетерлік…
madinarebrova
сенің жазбаңнан кейін маған да ұнамай қалды)
abilbekova_inabat
Ендеше, сүйікті әншіміз екі бірдей тыңдарманынан айырылды)
zhanibek
Ешкімде періште емесқой Төреғалидің өзіне айту керек сыртынан жамандамай
abilbekova_inabat
Айтарымды сол кезде де айтқан болатынмын. Бұл сыртынан жамандауға жатады ма сонда? Меніңше, қазіргі таңда әлеуметтік желіні барлығы қолданады, яғни әншінің де көруге мүмкіндігі бар.
MERmukhanov
Бұл керекинфо, сыртынан жамандау деп қабылданбайды, қорықпай боққа мала бер.

Құсықты құсық дегенде тұрған не бар?
abilbekova_inabat
Қолдағаныңызға рақмет, ағай!
zhanibek
Оның құсық немесе құсық емес екеніне көзіңіз жетіппеді? Бұндай ақпарат кімге қандай пайдасы бар? қаншалықты қажет?
MERmukhanov
Оның күшті жігіт екеніне көзіңіз жетіп пе еді? Немесе басқа сайттар бөтелкелесі болды ма не?
ондай ақпарттың да кімге пайдасы бар?

Мұнда хотя бы тірі куәгер өз аузынан жазып отыр. Ал сен шұңқырдан күшікті құтқарып жатқанын көрген адамша шыж-быж болмаш.

abilbekova_inabat
Өнер адамы болған соң, халық одан үлгі-өнеге алады. Қандай пайдасы бар дейсіз бе? Басқаларына сабақ болсын, қарапайым халыққа құрметпен қарасын дегенім ғой. Сын айтылмай, мін түзелмейді.
abilbekova_inabat
Біз тек мақтауды ғана білеміз, әсіресе танымал адамдарды. Олардың ерсі қылықтарын көрмейтіндей, айтпайтындай басымызға не күн туды? «Біздің ел секілді монархия мекені, Айтуға болмайды! Айтуға болмайды!»
Nura
Ехх, мен сияқты футболистерге ғашық болу керек ))
abilbekova_inabat
Футболистер cізге ғашық болмаса))
DanaKuntuganova
Жалпы Төреғалидің фанаты болмасам да, тыңдайтынмын. Бірақ бұл жазбадан соң, менің де көңілім қалды.( Дегенмен, жұлдыздың аты жұлдызғой. Еш таңқалудың қажеті жоқ.
boztorgai
Шіріктер,
шіріктер десе, қайта сіздерден батып қатты айта алмапты да.
осы сөзге бола ренжіп отырсыз ба
бұл ну, еНд, андай сөз емес қой
abilbekova_inabat
Қазір шіріктер десе, ертең андай сөз айтпасына кім кепіл?)
KONILDI
Ееее несіне өкпелейсің… Талайын көріп жүрміз. Төреғали, Қайрат, Ернар… Кейінгі «жарқ» етіп жанған жұлдыздарды. Әндері жақсы, тыңдап жүрміз, сыртынан сүйсінеміз «жақсы әнші» деп. Ал адами қасиеттеріне келгенде санасы «малдан» төмен. Жалғыз Төреғали емес, анау айтқандардың барлығын көргем неше түрлі «боқ сөзбен». «Шірік» десе бер жағы, одан да зорлары Қайраттың ауызынан шыққан ауылға ән айтам деп таяқ жеп қайтқан кезінде. Негізінде дұрыс айтасың, күніне жүз концерт берсе де жұмыстары сол болған соң, ел назарында болған соң «мәдениет» дегенді миларына құйып алулары керек деп ойлаймын. Бірақ қарындасым не болса соған «нервничитете» берме, ерте қартайып кетесің…
abilbekova_inabat
Жақсы)))))))))))))))))))))))))))