Ауылға кеткім келіп тұрады...

3 күн өткеннен кейін қалаға асығып тұрсам да ауылыма жеткенше шыдамсызданып барамын. Барар кезде Қарқаралыдан әрі қарай 174 км грейдер маған теп-тегіс асфальт боп көрініп, қалаға қайтар кезде 100-бен келген жолым «минный поля» болып 40-60-пен әзер жүріп келемін ғой шіркін. 40 тонналық Шансимандар "өлтіріп" тастаған ‪Бақты‬ ауылының жолын айтсаңызшы. Ауылға оралайын)
Еңбекке (қазір Темірші ауылы, кезінде Еңбек ауылы деген) барған сайын бала кезімде ойнаған жерлерді еске түсіріп аралап шығамын. Барған сайын келмес шаққа деген сағынышым өрши түседі. Көршілермен бір кезекте тұрып су тасыған тәшкеңді де еске алады екенсің. Ауылда тұру оңай емес. Бірақ, бала кез қамсыз ғой. Болмайтын асықты немесе таудың артындағы смаланы проблема қылып жүресің). Осының бәрін өткізіп, есейген шақта еске алудың өзі тамаша!
Қазір, мен доп тепкен, мен су тасыған, мен тах-тах ойнаған, мен тығылыспақ ойнаған көшеде басқа жігіттер үстемдік етуде. Олар сені танымайды. Енді Олар өз биліктерін жүргізуде. Мінездері ауыр, анау-мынау алдауға көнбейді. Тура фотодағыдай жігіттер!
Блог - ErzhanKhamitov: Ауылға кеткім келіп тұрады...
Әр жағындағы приталенный джинсы киіп алған «дерзкий» жігіт тақ мұрагері. Яғни, қара шаңырақтың иесі Рахат ағамның ұлы. Таза ауылдық. Бер жағындағы жігіт Ербұлан ағамның ұлы. Асфальтта туған. Қалалық дегенім ғой) Ауылдың тіршілігіне қанық болсын деп апарып тастайды. Себебі, ауылды көрген бала жаман болып өспейді. Ертең біз сияқты еске алып отыратын болады).
Бірақ, бұрынғыдағыдай свет өшпейді, қаладан хабарласқанда көршіні шақырып келмейді, себебі ұялы телефон ұстайды, ауылдастармен видео касета айырбастап Джеки Чанның киноларын көрмейді, себебі әр үйде ОтауТВ бар…
Эх, біздің кезде жақсы еді деуші еді атам!
Әр шақ өзінше қызық! Ізімізді жалғайтын кішкентайлар қиыншылық көрмей өссе екен! Бейбіт күнде өмір сүріп, қалаған білімдерін алса екен деп тілеймін!
Бөлісу:

6 пікір

asaubota
мамандар «ауыл деген рахат қой» сөзінің күші 2 күнге жететінін дәлелдеді ;)
merekeee
Қара шаңырақ иесі дегенге қолынан ұстап тұрған келіншегі ме деп қалдым :p
ErzhanKhamitov
:) қолынан ұстап тұрған апатайы)
asaubota
ауылға барған кезде бала кезімде ойнаған жерімде ұзақ отырамын. әдемі табиғаты, суы, тауы, пәлендей ештеңесі жоқ біздің ауылдың. бірақ туған ауылым маған әлемдегі ең қауіпсіз жер болып көрінеді, тыныштықтан миым тынығып қалады. кейде ойлайсың, бір күні қайта оралып, өмірді сонда жалғастырамын ба деп…
InabatKussainova
Ия, біздің кезімізде бәрі басқаша еді…