Ойланшы....

Саған деген ықыласпен, ынтызарлық сезіммен,
Жүрегіңді, қалауыңды берші маған дедім мен.
Алыс жүрсем құлазиды жаным сенсіз жабығып,
Сен бар кезде мәңгі өлместей бәдік күйді сезінгем.

Бір күлгенің! Бір күлкіңді көру маған шын бақыт!
Тәубә деймін дауысыңды қойғанына тыңдатып.
Көруді де бақыт еткен сенің жарқын жүзіңді,
Сол бір сәтте тәтті мұңға кетем лезде шым батып.

Қырау түссе қабағыңа – жас жүректі мұз еткен,
Жан болсамшы бірге жүріп бақытыңды күзеткен.
Ұйықтау тұрмақ байыз тауып отыруым бір арман,
Сені емдеп ала алмасам жалғыздықтай «сүзектен»!

«Қош» дегенде «кездескенше» дегенің деп білемін,
Сүйме мейлі, мен бәрібір тілекшің боп жүремін!
Алқымдаған сезімімді сырқатымның аты – сен,
Сол дертімнің дауасы да өзің ерке – біл емін.
Б. Әлібай 09.03.2011жыл.
Әрі қарай

Қыз жүрегі...

Қыз жүрегі.

Өмірдің жолы,
Сан қилы неге келесің?
Соншалық алдан,
Күтуде әрбір белесің…
Жетейін деген
Талпынған жүрек сөзіне
Аяқтан шалып, несіне қинай бересің

Бірақ та мейлі…
Тіршілік-жалған. Өтер күн!
Сүйгенім аман.
Оған да шүкір етермін…
Сездіре алмай,
Жалындап жазған сезімді
Фәниден мынау,
Сүйсініп қана өтермін…

Кеудеме сыймай,
Жүрегім неге тулайсың?
Тағдырдың жолын,
Арнаға өзге бұрғайсың!
Кей кезде көріп алыстан нұрлы бейнесін,
Бақытын тілеп,
Тілекші болып тұрғайсың!
Әрі қарай

Әскерге хат

Сен жүресің ел үшін құздарды аттай,
Кеңістікті шарт тіліп ызғар батпай,
Өз орнында озіңнің үйің тұрар,
Үміт күткен жер көктен қызғалдақтай.

Амандығың бәрінің барша бағы,
Ырыс болсын әскердің әр сабағы.
Тәңір жазып ай өтер жыл да өтер,
Сүйген бір жан өзіңді қарсы алады.

Сағыныштар тығылар алқымыңа,
Ол дегенің алыстың шарты мына.
Мен өмірде шат күліп журермін тек,
Егер сен де тоңбасаң салқынына.

Сен сезінші алыс пен жақыныңды,
Торыққанда алыстан шақыр үнді.
Еш бөгетсіз сол шақта жүріп өтер,
Сәлемім сан мыңдаған шақырымды…

Отан қорғау-ұлы іс ұғынғанға,
Сезініп қал, сыр бар да, жырың барда.
Ата- ана бар алыста сағынысқан
Көргісі кеп жүретін ұлын алда

Мініп алып «шынығу желкеніне»
Ораларсың мейлі кеш, ертелі де.
Оңды — солды үміт қып бір сәулені,
Алаңдаймын уақыттың ертеңіне.

Адам болмас жан — жақты жиып термей
Жаратушым еңсеңді биік бергей!
Көріне бер, әр жырымның әлемінде
Сағынышты сомдаған кейіпкердей…
Лаура Әбдіқадырова
Әрі қарай

Мен деп ойла...

… Алыстап кеттік расында
Суынып кетті-ау сезімдер
Сен мені қарсы аласың ба
Аулыңа барған кезімде…
Иә, бұлардың арасы алшақтап бара жатқандай. Сезімдер соншама суынып үлгермесе де кей кезде бойларынан бір салқындық байқалатындай. Екеуі бір-бірін сүйіп –ақ қосылған. Неге екені екеуіне де белгісіз болар бірақ соңғы ұрыстары біраз нәрсенің бетін ашқандай. Бір сынған айнаны қайта құрағанмен оның бетінен жарық іздерін алып тастай алмайсың. Екеуінің екі жақта бір-бірінен жасырып жүрген адамдары да жоқ. Бірақ, араларында бір салқындықтың бары шын сезілгендей. Ортада кішкентай бала да бар.әзірге бұларды ешқайда жібермей тұрған сол ғана секілді. Бұның осынау өмірдің әділетсіздіктерін көріп қатты қажыған кезде, немесе ағайын-туыстың арасында жүретін сыпсың сөздерден шаршаған кезде келіншегінен қандайда бір қолдау күтетіні анық. Әйелдің аты әйел. Кейде сол әйелдігіне басып, онсызда жаны жүдеп жүрген байғұстың миын миқұрша жейтіні бар. Негізі ақылсыз емес еді. Оған да не көрінгені белгісіз. Екеуі де періште емес қой.
Әрі қарай

Махаббатың шынайы ма, әлде жалған ба?

махаббат

Кино мен телеарналарда болсын, интернетте болсын, әйгілілігі жағынан Махаббаттан асқан тақырып жоқ шығар. Телехикаялар «романтикалық махаббақа» толып кеткен. Бұл тақырып айналасында қаншама ән жазылған. Арамыздағы көптеген адамдар санасында, Махаббат — «маңызы бар жалғыз нәрсе» деген стереотип қалыптасқан. «Семейная жизнь» журналындағы Пол Попено өзінің мақаласында, көптеген адамдардың махаббат жайлы ойлары келесідей деген: «Махаббат — қолжетімсіз еліктірме, ол кенеттен пайда болып, қызылша ауруы сияқты, жан тәніңе билік орнатады. Ол жайлы сен интуиция арқылы білесің. Егер ол шынайы сезім болса, ол жайлы көп ойланбайсың. Оны ешбір күмәнсіз қабылдайсың. Махаббатың күші керемет, махаббат үшін барлығынан теріс бұрылуың мүмкін. Ер адам өзінің әйелін, махаббат үшін тастап кетсе, немесе келіншек өзінің отбасын, ал патша өз тәжін тастап кетсе, ондай адамдарды түсінуге болады. Махаббат ойда жоқта пайда болып, адамды өзіне тәуелді етеді» делінген. Бірақ бұл шынайы махаббат емес! Нағыз махаббат басқаша болады.
Әрі қарай

Екі

(18 жастан асқандардың ғана оқуына болады)

Екі көз күлім етіп бір сызыққа,
Сиқыр сезім жол берді бір қызыққа.
Екі мұрын жәй ғана соқтығысып,
Екі ерін кенелді ырыздыққа.

Тепкілеп тентек жүрек тездегендей,
Бір сұмдықтың болары сезілгендей.
Екі бейне еріксіз есі кетіп,
Екі тілсім бір-бірін іздегендей…
Әрі қарай

" Қиялдағы ару "


Қиялдағы ару деген — арманым бала күнгі.
Жолыңа қарауменен, талдырдым жанарымды.
Алыстап кеттің бүгін, уайымға салу үшін.
Ой толқын өткен күнім, жыр болды сағынышым.
Мен үлкен бақыт сездім, өзіңмен болғанымда.
Миымда шикі сөзім, қалам жыр жолдарында.
Бұл жалған қысқа ғұмыр, жалғыз боп жүреді кім?
Бар санам сезімге құл, жыры бол жүрегімнің.
Еш бір жан байқамаған, ән салар кешкі желде.
Сүйем деп айқайласам, өзіңе естілер ме?
Әрі қарай

"Әнім бар"

"Әнім бар"

Сазымен жүректі тербеген,
Әуенін биікке сермеген.
Жастықтың әні бар кеудемде,
Шалқыған сезім-сыр пернеден.

Әнім бар үзіліп, талмайтын,
Сезімге сезімді жалғайтын.
Әнім бар махаббат сазында,
Еш бір жан дәл мендей салмайтын.

Қиялым көк пен жер көлбейді,
Дәуірлеп әуенім аспанға өрлейді.
Бар жалған уақытша бәрі де,
Бәрі бір ән мәңгі өлмейді.

Бақытым қайдасын, көңілім ай көрген,
Ізетті ұяң қыз іздейін қай жерден.
Әлемнің әуені жетпейді үніңе,
Даусыңнан айналдым әніме сай келген.
Әрі қарай

Махаббат туралы резюме емес



Шыны керек, бұл тақырыпқа бірдеңе жазу үшін міндетті түрде «бақыттымын» немесе «бақытсызбын» болмаса «жартылай бақытты сияқтымын» деген категорияға жаатындар жазбайды. Бұл тақырыпқа "үйленіп қойдым, болды менде бәрі жақсы" деп өмірбақи крест қоя алмайды. Бұл тақырыпқа «балалы-шағалы болдық, қайдағы сезім, оның бәрі жайына қалады» деген күннің өзінде әйтеуір жүрек түкпірінде бірдеңенің жасырынып жататыны рас. Общым, бұл тақырып, бей-жай нәрсе емес.
«Баяғыда бір жігітім болған, мені алмай кетті оңбаған, мен сондай керемет адам едім» дей де алмаймын. Ғайыптан тайып біреу пайда болады да, мені өзімен бірге болашаққа жетелей жөнеледі деген қиялдан да аулақпын. Осыншама уақытты босқа жіберіп алдым, қаншама берілген шанстарды құр жіберіп алдым деп те өкіндім. Бірақ, оның да уыты қайтыпты. Қазір барлық нәрсеге салқын, эмоциясыз қарайтын болыппын. (Салқын қарамағанда қайтейін деп едің, біреуді шауып алайын деп пе едің? Әрине, өз тағдырыңа өзің жауаптысың) деп шыға келетіндер де бар, шыға да беріңіз.
Баяғыда махаббат, сезім туралы әдемі бір түсініктерім бар еді. Қазір бұл туралы бірдеңе ойлау (күлкілі деп ұялып тұрғам жоқ), шынымен ары ойлап, бері ойлап көрсем, ештеңе де ойламайды екем.
Әрі қарай

Ұяттан ұялған сезім

— Сәкен, сәлем!-деген әдеттегідей құлаққа жағымды дауыс естігенде жалт қарадым. Өзіне жарасатын қызғылт түсті көйлегімен еркелей басып, күлімсірей келе жатқан Кәусәрді көріп, бойыма тоқ жүгіріп өткендей болды. Үнемі осы — осынау бойжеткенді көрсем, жүрегім кеудемді тепкілеп, тұла бойыма бір қуаныш ұялағандай болады. Шамасы ғашықтық деген пәлекет мені де шыр айналдырып жүрген сықылды. Құдды бір есімнен айырылғандай күй кешемін. Қашаннан бері екенін білмедім дәл осылай күйге түскенімді. Дел сал күйде жүремінде қоямын…
Әрі қарай

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы (Соңғы бөлім)


Айыптымын. Мақала авторы Роб Брукер емес, Марк Анжела екен. Бастаған 30-дықтың соңғы ондығы. Осымен ұзаққа созылған тізімді бітіріп тастайық:

Жалғасы. Басы мұнда:

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Әрі қарай

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы 2-ші бөлім

Сана мен сезім: Рационал эгоизмнің 30 қағидасы 2-ші бөлім
Адами құндылықтарды насихаттап, ой салуға келгенде, көне ақиқаттарды көтін басына, басын көтіне жапсырып, «үйтіңдер-де-бүйтіңдер, отқа басын үйтіңдер» деп тікелей бұйыратын директивалар тәсіліне қарағанда, жеке өзім, Шығыс метафоралары мен астарлы әфсаналарын әсерлірек деп ойлаймын. Айтпағын алдын ала шайнап беретін Крылов пен Ла-Фонтаньның мысалдарын, әрине, есепке алмадым.
Әрі қарай

Рационал эгоизмнің 30 қағидасы (1-ші бөлім)

Сана мен сезім: Рационал эгоизмнің 30 қағидасы  (1-ші бөлім)

Өзіме ұнаған кеңестердің аудармасымен бөліскім келеді. Таптаурын дүниелер. Сендерге ұнаса тіпті жақсы.
Роб Брукер есімді американ-блогер тірлігің теріс айналғанда, өзіңе уәде беруден шаршағанда, кедергілермен бейберекет алысудан зайыбың шыққанда, ойларың іске аспай тұралап мойныңа жүк болып артылғанда бірдеңе бастамас бұрын нені доғару керектігіне тоқталыпты. Былшылды қойып, сөз кезегін Роб Брукерге Марк Анжелаға берейін.
Әрі қарай