Сені үздік адам ететін 6 шындық

Бұл жазбаның авторы Дэвид Вонг есімді блоггер. Сracked.com — ға жазып тұрады. «Сені үздік адам ететін 6 шындық» мақаласы 2012-жылдың 17-желтоқсанында жарияланыпты. Содан бері (05.06.2013 ж. дейін) 9 112 525 рет қаралып, 8799 пікір жазылған. Мықты, иә. Қысқасы, мен аударған болдым. Сөзбе сөз емес, кей жерлерде аздап еркінсіп кеткенім де болды. Мақала ұзақ, алты бөліп саламын. Кеттік.

Егер карьераңа ырза болсаң, өзгелермен қарым-қатынасыңа жұрт қызыға қараса, жалпы өмірің қызық болса әрі қарай оқыма. Қазіргі күйіңнен ләззат ал, достым, бұл мақала сен үшін жазылмаған. Сен кереметсің! Біз сені мақтан тұтамыз.
Ал, қалғандарыңа тапсырма. Өзің мақтанышпен айтатын бойыңдағы бес қасиетті тап. Алайда, жазғандарыңның арасында «Мен тамаша адаммын. Мен әділмін» деген түсініктер болмасын. Өз қолыңмен жасаған, өзгелерді таңқалдыра алатын нәрселерді жаз (Мен күрестен ел чемпионымын. Мен төрт күй шығарып, бес кітап жаздым. т.с.с). Мұндай жетістіктерің жоқ болса бұл мақала сен үшін және саған ұнамасы да анық.

Сенен пайда қандай? Өзгелер үшін осы ғана маңызды.


Елестетіп көр: Саған аса қымбат адамды жаңа ғана атып кетті. Ол көшенің қақ ортасында қансырап, жан тапсыруға жақын жатыр. Бір жігіт жүгіріп келіп, «Әрі тұр», — дейді. Жарақатты мұқият қарап алып, қалтасынан бәкі шығарады. Сенің сүйіктіңе операция жасамақ.
кім атқан?
— Сіз дәрігерсіз бе? — деп сұрайсың.
— Жоқ.
— Бірақ, сіз операция жасай аласыз ғой, иә?!

Ол шамданып, өзінің сыпайы, әділ, керек кезде қол ұшын созуға даяр жігіт екенін айта бастайды. Ол үнемі анасының көңілін табуға тырысады, ешқашан боғауыз айтпайды, тіпті, түрлі қызықты хоббилермен айналысады екен.

Ал, керек болса! Сен сасып қаласың.
— Мұның маңызы қанша, шешессс?! Менің (әйелім/күйеуім/досым/ата-анам) қансырап, өлейін деп жатыр! Операция жасап, оқты алып шыға аласың ба? Қолыңнан келе ма, жоқ па?!?

Ол енді сені үгіттей бастайды:
— Неге сен тым тайызсың, неге тек өзіңді ойлайсың? Неліктен сен менің тамаша қасиеттерімді ескермейсің? Қалай естімейсің, мен қызымның туған күнін ешқашан ұмытпаймын. Мұның қасында, операция жасай алатын-алмайтыным шынымен маңызды ма?

Бойыңды билеген үрей мен ашудан қалш-қалш етіп, қан-қан қолыңмен оған жармасып, сілкілеп, айқайға басасың.
— Иә, мұның маңызы жоқ! Маған қанды тоқтатып, аман алып қалатын біреу керек! Қалғанына түкіргенім бар!
Ал, ол ақ халат киіп келсе ше?
Міне, өмір туралы ең сұмдық шындық осы. Сен күн сайын осындай жағдайдасың. Сен бәкі ұстаған жігітсің, ал қоғам – қансырап, өлейін деп жатқан жаралы адам.

Неліктен қоғам сені құрметтемейді, неге сенен бойын аулақ салады? Өйткені, қоғам деген адамдар. Ал, әр адамның өз қажеттіліктері бар. Оларға ақша, үй, көлік, демалыс, секс қажет. Сен болсаң, бір кезде өмірге келгеніңнің арқасында, қолыңда бәкі атыс болған жерге келіп тұрсың. Сен туғаннан бері өзгелердің қажеттіліктеріне құлақ түруге мәжбүр жүйенің бөлшегісің. Осыны түсін.
Керегіңді алдың ба? Жоғал онда!
Сенің міндетің өзгелердің қажеттіліктеріне бейімделіп, ерекше өнер, машық, білік үйрену. Әйтпесе, қандай сыпайы, қайырымды екеніңе қарамай, әлем сені майлы жеріңнен бір тебеді. Сосын жарлы, жалғыз, бейшара күйде қала бересің.

Тым қарапайым, тым қатыгез, тым материалистік пікір сияқты ма? Әрине, ізгілік пен махаббаттың да маңызы бар. Бірақ, бұл да өзгелердің қажеттілігін қанағаттандыру үшін істеген әрекеттерің ғана. Ең бастысы не істесең де, өзгелер мұны дәл сен сияқты қайталай алмауы керек. Әйтпесе…

Жалғасы
Бөлісу:

17 пікір

Marco
Айтпақшы, суреттердің үстіне курсорды апарсаңыз түсініктемесін көресіз)
balyqshy
Алақан жаған, неге 50 тиын сұрамайд?
Marco
Оған автор да ешқандай түсініктеме бермепті)))
asaubota
иә, қоғамда жақсы жігіттер көп. тек профессионалдар жоқ. жалпы қай мекемеде де жақсы жігіттер позициясы бар, жұмысты жақсы жасамауы мүмкін, бірақ ол жақсы жігіт.
konvict
Өзімнің қандай жақсы қасиетім бар екенін ойша шолып шықтым. Темекі шегіп кету керек болып тұр…
Marco
Тап саған қатысты болса, мен сенің ағылшын тілін меңгергеніңе ырзамын. Бұл өте жоғары бағалауға тұрарлық білік.
torgai
Қалған 5 шартты қашан оқи аламыз? Маған ұнады. Ескере отырып, мақсатқа жету жолдарымды қайта жүйелеуге болады екен…
Marco
Аударудамын. Әр бөлімін болған сайын жариялап отырамын.
Daniar-Alan
Егер карьераңа ырза болсаң, өзгелермен қарым-қатынасыңа жұрт қызыға қараса, жалпы өмірің қызық болса әрі қарай оқыма. Қазіргі күйіңнен ләззат ал, достым, бұл мақала сен үшін жазылмаған. Сен кереметсің! Біз сені мақтан тұтамыз.

дегеннен ақ оқымай ақ қояйын ба дегенмін … Алайда… мысалдарды өте сәтті берген екен. Қызығып кеттім  Аудара түс аутыр
kokbori
Мен жақсы жігітпін… болды
Tyulpan
patriotKZ, мыняхқа келіңііііііііііз. ағалар күшті пост жазып жатыыыыыыыыыр. сізге де пайдасы бар деп ойлаййййййм )))
Aidakonya
Егер бір адам арқылы шаруаңды шешкін келсе сол адамға пайдалы іс істеп, сөз айту керек, өзің құлпынайды сүйетін болсаң да, балықты аулау үшін сен оған құлпынай емес құрт бересін… адамдармен де дәл солай… ал, негізі бұл мақала мен үшін жазылмаған екен))
Marco
Мадис) Сонда алғашқы абзацқа лайық болғаның ғой?
Aidakonya
Иа, бірақ пікірдің емес, Сіздің посттың (Егер карьераңа ырза болсаң, өзгелермен қарым-қатынасыңа жұрт қызыға қараса, жалпы өмірің қызық болса әрі қарай оқыма...)))