Біз Нұрболмен Қызылорда-Көкшетау бағытындағы пойызда таныстық. Маусым айының соңында бір туысымыздың тойы болды. Сол тойдың ертесіне таңғы 6.30-да (уақыты нақты есімде жоқ. Тек таңертең ерте екені белгілі) арман қуып Астанға жол тартуымыз керек болған. Сонымен тойдан кеш шыққанбыз, ұйқы қанбаған күйде теміржол вокзалына бет алдық. Әлі пойыз келмеген екен. Айтпақшы, біз төрт адамбыз. олар: мен, мамам, құрбым, бөлем. көптен күткен пойызымыз да келіп тоқтады. Ұят та болса айтайын, сол жолы билет болмай, жолсерікпен келісіп "қоян" болып мінгенбіз. Біз кіргенде вагондағылардың бәрі тәтті ұйқыда жатқан болатын. Тек шет жақта бір жігіт ояу екен. Қасындағы орындар да бос екен. Содан уақытша сол жерге жайғасып, шай ішіп алайық дедік. Туыстарымыз жолда жейсіңдер деп қазы-қарта дейсіз бе, ет дейсіз бе, тәтті-пәттілерді үйіп-төгіп салып берген. Пойыздағы шай ішуге арналған столдың айналасына 5 адам жайғастық. Мамаларды білесіздер ғой, әлгі жігітпен сөйлесіп, шүйіркілесіп кетті. Сондағы олардың әңгімесінен ұққаным: мынау қасымызда отырған ақ мәйкі киген жігіттің есімі Нұрбол. 1987 жылы туылған. Өзі Лугавой (қазақшы Жуалы ма, білмеймін) деген жердің баласы. Қызылордада теміржолдың оқуын тәмамдап, диплом алып еліне қайтып келе жатыр. Бар білгенім сол болды. Оның маған қызығы да шамалы еді. Бар ойым тезірек қарын тойғызып алып, ұйықтау. Мамам студент екенсің ғой, ата-анаңнан жырақта жүр екенсің деп ана баланың аузына барын тығып жатыр. Онда да шаруам болмады. Өйтіп-бүйтіп қарынға ел қондырып алдым да, бос орынға жатуғы кеттім. Мамам да, бөлем де ұйқыға кірісіп кетті. Тек құрбым ғана онымен сөйлесіп отырған болатын. Мен ұйықтаймын деп жатқаныммен, оңдырғаным шамалы. Ары-бері аунап жатыр едім, құрбымнан «біз жаққа келсей, ұйықтай алмай жатырмын» деген смс келді. жарайды деп бардым. Екеуі әңгімені жіберіп отыр. шамалы отырғаннан кейін әңгімелері қызық болмай, қайта кетіп қалдым да, ұйықтадым.
… Пойыздың тоқтаған дауысынан оянып кеттім. Лугавой стансасына келіп жетіппіз. Орнымнан тұрып, беті-қолымды жуайын деп кетіп бара жатсам, әлгі «студент» бала түсіп барады екен. «Жақсы. Оқуға түсіп кетіңіздер» деп тілек айтып бара жатты. мен де ұйқымды дұрыстап аша алмаған күйде сау болыңыз дедім де алдынан өтіп кеттім.
Сол жолы Астанаға аман-есен жетіп алдық. Ол жақта не істегеніміз жайлы бөлек әңгіме қылармын.
… Тәңірдің жазуымен Астанаға емес, Шымкент қаласына оқуға түстім. 1 курстың қазан немесе қараша айы болатын. Түн болып, төсек салып жатқам, телефоным шырылдады. қарасам, бейтаныс нөмір. Алдым. Ар жағынан бір жігіттің даусы шығады.
— Қалайсың?
— Жақсы, шүкір.
— Не істеп жатырсың?
— Ұйықтайын деп жатырмын.
— Не жаңалық?
— Ешқандай. Кешіріңіз, мен сізді танымадым. Кімсіз?
— Кім екенімді айтардан бұрын бір сұрақ қоямын. Жауап бересіз бе?
— Кім екеніңізді айтыңыз. Сұрақты сосын қоясыз.
— Әсел, жігітің бар ма? осы сұрағыма жауап берші.
— Жоқ, жігітім жоқ. Енді айтыңыз, кімсіз?
— Сіз мені ұмытып кеткен шығарсыз. Мен сені бір көріп ғашық болған адаммын.
— Жұмбақтамай кім екеніңізді дұрыстап айтпасаңыз, қазір телефонымды өшіре саламын.
— Жоқ, өшірмеңіз. Мен жазда пойыздағы баламын ғой. Сендер мамаң, құрбың бәрің мініп едіңдер ғой. Есіңде ме?
— Иә, есімде. Қызылордадан қайтқан жігітсіз бе?
— Иә, солмын. Қалайсың өзің?
— Жақсы. сіздің есіміңіз кім еді?
— Нұрбол…
Осылай екеуміз сөйлесіп кеттік. Ол бірінші рет сөйлескен кезде-ақ барын жайып салды. «Сені бірінші рет көргенде-ақ саған ғашық болып қалдым. Сол кезде сен ұйықтап жатқан кезде сенің құрбың Малика маған сенің өлеңдеріңді, әңгімелеріңді көрсетті. Саған деген құмарлығым одан сайын арта түсті. Сосын құрбыңнан сенің телефон нөміріңді сұрап алып қалдым. Содан бері батылым бармай, енді ғана қоңырау соғып тұрмын. Пойыздан түскеннен кейін, сені қимай, пойызда жүрегім кетіп бара жатқандай әсерде қалдым… Бүгін сенімен сөйлесіп тұрғаныма қуанып тұрмын» деп ағынан жарылды. Мен тіпті не дерімді де білмей қалдым. Себебі, бұрын-соңды маған үлкен жігіттер сезімін білдірмеген еді. Не керек, содан кейін ол күнде қоңырау соғып тұратын болды. Үйінің жалғыз баласы, бір қарындасы бар екен. Оқуды бітіргеннен кейін үйіндегілер үйлен деп жатыр екен. айтпақшы, ол сол кезде Алматыда жұмыс жасап жүрген болатын. Солай жүргенде қыс келді. Шымкентке барсам, маған жақсы жауап бере аласың ба деп сұрайтынды шығарды. Бірде маған оқуыңды Таразға ауыстышы? деді. Мен олай жасай алмайтынымды айттым. Біздің байланыс тек телефон арқылы жүзеге асатын. Оны жақсы көрмесем де, күнде хабарласып жүрген соң бауыр басып бара жаттым. Күндердің күнінде ол хабарласпай қойды. Алғашында алаңдасам да, іздеген жоқпын. 1 апта уақыт өткеннен кейін бейтаныс нөмірмен қоңырау соғып тұр. Ұялы телефонын жоғалтып алыпты. Маған ренжіп қалды ма деп қорқып хабарласып тұр екен. Содан ол менімен аған емес, мамаммен де сөйлесуді шығарды. Ал мамам ол жігіт жақсы болғанымен алыста тұрады, оның үстіне сен әлі кішкентайсың дейтін. Қойшы, не керек солай сағызша созып жүргенде көктем де келді. Сәуір айында телефон нөмірімді ауыстырдым. Оған айтқан жоқпын. Сөйтсем ол құрбым арқылы үйдің нөмірін алып, мамама қоңырау соғыпты. Мамам «балам, менің қызым әлі кішкентай. Қазір тұрмысқа бере алмаймын. Ал сен үйленетін жігітсің. Өз теңіңді тап» дегендей әңгімелерді айтыпты. Соның артынша біздің үйдің де, құрбымның да телефон нөмірі ауысып кетті.
Осылайша бір жігіттің махаббат дастаны аяқталды. Қазір кей кезде есіме түссе сағынышпен еске аламын. Ол иманды, намаз оқитын, мейірімді жігіт болатын. Бүгін қайда жүр, не істеп жүр, білмеймін. Үйленіп, балалы-шағалы болып, отбасына имандылықтың үлгісін көрсетіп жүрген азамат болғанына сенемін.
Купе. Купе болған соң пойыз. 4 адам. Бір жігіт ағасы, бір кемпір, бір жас жігіт және сол шамалас бойжеткен қыз. Кемпір жүн нәски тоқып отыр, жігіт ағасы журнал оқып отыр. Жігіт қызға бір жапырақ қағаз ұсынады. Сөйтіп екеуі логин алмасып, агент арқылы сөйлесуге көшеді. Мәселе махаббат, қарым-қатынасқа кеп тіреледі.
Қыз жігітке:
-Менің сенімен сүйіскім кеп тұр. Мен өтірік талып құлап қалайын, сен мені жасанды демалдыр-деп жазып жібереді.
содан қыз өтірік талықсып отырған орнында сылқ ете қалады. Жас жігіт купедегілерді " Мен Медакадемияның 5-ші курс студентімін, таза ауа керек, анау-мынау" деп шығарып жібереді. Шамалыдан соң екеуі шаруаларын тындырып болған соң жігіт купеден шығып:
-Алаңдамаңыздар, қыздың жағдайы жақсы, мен жасанды дем беріп укол салдым- дейді. сөйтсе, көршілес купедегілер де қыз талып қалды дегенді естіп жиналып тұр екен. Араларынан біреуі:
-Әй, доқтыр, шалбарыңның замогын тағып ал,әйтпесе шприціңді жоғалтып аларсың-депті.
"Қарағанды-Жезқазған" бағытындағы пойыздың ең соңғы бүйірінде "Қарағанды-Қаражал«деген жазуы бар екі вагонының біріне отырдық.Себебі, осы екі вагонды кейін басқа теплавозға тіркеп көздеген жерімізге жеткізеді. Плацкарт вагон. Орыннан шатасып кеткен жандар, билет бойынша орналасып, я болмаса „мына жерде таныстарым бар екен, орын ауыстырып алайықшы“ деп жүрген жандар. Ораза бітуге екі күн қалған кез. Маған қарама қарсы бір келіншек отыр. Ауызашатын мезгілде қолын жайып бата қылды. Өзімізді мұсылман санап жүргендіктен біз де қарап қалмай қол жайдық. Ана келіншек батаны ұзақ қайырды екен.Менің ішім пыса бастады. Келіншек еріні жыбырлап тоқтар емес, бір кезде дұғасын ұмытып қалды ма еріндері жыбырламай қалды. Есіне түскен болуы керек, тағы бірер минөт бірдеңелерін оқып, ақыры бетін сипады-ау.Бала кезімнен ауызашар уақытта дұға жасаған кісілерді көріп жүрмін, дәл мынандай ұзақ ниеттенген жанды бірінші көруім. Алла қабыл қылсын!
Маңғышлақ-Алматы пойызына әдетімше сөмкемді арқалап отыра берген бойда, корридорда тұтқаға сүйеніп терезеге қарап, бір аяғын көтеріп тұрған бір сұлуды байқадым.
Әп-әдемі. Терісінің мінсіздігі, қою қара шашы… тұра тұрыңдар, мені байқаған сияқты — көзінің қиығымен қарады. Қолында кітабы бар, сыртында «Одиннадцать Минут» деп тұр екен.
Оқығанды сүйетін қыз болса керек. Оның үстіне Пауло Коэльо… Кемінде «мәмбет қыз» емес.
Басымды изедім де жақындадым.
Махаббат, жігітті айтам, Оралда туып өскен. Анасы жүкті кезінде шаранасы қыз болса екен деп армандапты. Содан, жынысқа тәуелді емес Махаббат деген ат қоюды ұйғарады. Айы-күні келгенде дүниеге шекесі торсықтай ұл әкеліп, атын өздеріңіз байқап отырғандай, Махаббат деп қояды. Қазір ол Астанада тұрады. Құрылыс фирмаларының бірінде жұмыс істейді. Осыдан бір жылдай уақыт бұрын, жұмыстың ретімен бәсекелес компаниялардың біріне жолы түседі. Мұндағылар, өздерінде де бір Махаббатың бар екенін айтады. Бірақ, бұл күні танысудың сәті түспей, бірнеше күн өткен соң ол аттасымен танысу үшін қайтып барады. Таныса келе Махаббат та, қызды айтам, Оралдық болып шығады. Тағдыр Астанада жолықтырған екі жас содан бері бірге. Маған жолыққанда туған жерлеріне үйлену тойын жасауға бара жатыр екен. Бұйырса 14-қаңтарда Оралда Махаббат пен Махаббаттың тойы! Очм, нағыз Махаббат станциясы.)))
Әсіресе жігіт Махаббат мәз, «Анама барып, міне отыз жылдан соң Махаббат деген қызды болдың деп айтам», дейді! Бақыт тілейік оларға!
Оқиға Астана-Ақтөбе пойызында болды.
Үстіңгі екі орында мен, әріптесім Айгүл және жампозым Самал үшеуміз жайғастық. Иә, иә үшеуміз. (Бұл басқа әңгіме)
Әдеттегідей, пойызға мінген соң сапарластармен танысу басталды. Астыңғы орындарға қыз бен жігіт жайғасты. Жұп екені анық, бірақ неке жүзіктері жоқ екен. Жігітке қолымды ұсынып «Маралбек» дедім, ол өзін «Махаббат» деп таныстырды. Қасындағы қыз бірнәрсе жасырған адамдай жұмбақ жымиып алды да «Махаббат» деді. Мәссаған! Әуелі ауызға түскен сөз осы. Сәл есімді жиған соң екеуін сұрақтың астына алдым. Сұраған сайын оқиға шағын бір романтикалық кино түсіріп жіберетіндей кейіпке енді. Сонымен басынан бастайын. Жалғасы
Бүгін Ақтөбе пойызымен Алматыға келдім. Келе жатқанда түрлі қызықтар болды.
Ең бірінші, қазақ жерінің табиғатына тағы да куә болдым. Алдында Семей-Қызылорда пойызымен қайтқанда(күндіз өттік, Ақтөбе пойызы түнде өтеді, содан көрмеппін) Түлкібас ауданының табиғаты керемет, қатты ұнаттым. Таудың етегінде жасылды-сары егін алқаптары, самсаған жемістер, бақтар енді табиғатына ғашық болдым. Бір сөзбен айтақнда, жұмақ дерсің.
Барлық қазақ ауылдарының үстінен темір жол өтпейтіні белгілі. Бірақта көп аудандарда темір жолдардың бары рас. Біздің Қарағанды облысының кей аудандарында темір жол жоқ.Сол себепті ауылдардың балалары пойызға әскерге кетіп бара жатып бірінші рет мініп жатады(Разъездердің баладары мектепке пойызбен баратынын айтпай-ақ қояйын). Мектептен кейін оқуға түскендері «общий» вагондар арқылы пойыздың не екенін біліп алады. Не оқуға түспеген, не басқа жаққа пойызбен қыдырып бармаған бір ағамыз (1975-ші жылғы) өзін әскерге шығарып сап тұрған жігіттерге :«Жігіттер, пойыздың шопыршысы қай жерінде отырады, жолда дәрет қысса...» десе керек…
Ақтөбе-Алматы, Алматы-Атырау бағытында жабдықталуы жоғары пойыздарды іске қосқан болатын. Олар жаңадан жөнделіп, ішінде жолда уақыт өткізуге қажетті жағдайлар жасалыпты. Бағасы сол күйінде қалды деп жатыр білгіштер. Жазда ауылға барсақ, көрерміз. Толығырақ: news.nur.kz/181532.html