Джазды сүйетін сұлу қыз
Маңғышлақ-Алматы пойызына әдетімше сөмкемді арқалап отыра берген бойда, корридорда тұтқаға сүйеніп терезеге қарап, бір аяғын көтеріп тұрған бір сұлуды байқадым.
Әп-әдемі. Терісінің мінсіздігі, қою қара шашы… тұра тұрыңдар, мені байқаған сияқты — көзінің қиығымен қарады. Қолында кітабы бар, сыртында «Одиннадцать Минут» деп тұр екен.
Оқығанды сүйетін қыз болса керек. Оның үстіне Пауло Коэльо… Кемінде «мәмбет қыз» емес.
Басымды изедім де жақындадым.
— Сәлем, бір купеде болатын сияқтымыз
— Солай ма, қайда барасыз сіз? — деді ұяң қылықты сұлу қыз.
— Мен Жаңақорғаннан түсемін.
— Қожа емессіз бе?
— Метиспін. Негізі көп ұлттар бар қанымда. Арғы атам Патша кезіндегі ағылшын инвесторларынан, ал нағашы әжем француз. Нағашы атам Лионға болшевиктерден қашып, тығылып жүргенде әжемді кезіктірген екен. Ал сіздің кітабыңыз қызық па?
— Пауло Коэльоныкі қызық болмай қоя ма. Бір жихангез жігіттің ерлікке толы өмірін баяндайды. Сәл баналды сюжет енді.
— Ия, оқыған сияқтымын. Аяғында жігіт ақыры өліп қалатын емес пе?
— Ие, ие дәл өзі. Сіз де кітаптарға қызығасыз ба?
Содан сөйлесе кеттік, ішкі әлемі бай қыз ба дедім. Ішімнен, бүкіл дене мүшелерім, жан тәнім қозып, рухани бітіріп қоя жаздап отырмын. Ортақ әңгімеміз көп екен, лібә-ә-ә Муракамиден «цитата» келтірді, ох епта мынау «промискуитет» деген сөзді біледі екен, не дейд-не дейд: «Война и Мир»?? Кастаньеда дей ме? А?
Тоқташ-тоқташ, жаңа ғана не дедің?
«Йога мен Каланетикадан қол тигенде» аха «пилатеспен айналысам» дедің бе?
Уф-уф… мә-ә-ә, жігіттер, мен ғашық болған сияқтымын.
— «Не тыңдап отырсың Қайрат Түнтеков па?» -дедім, мұрнымды тыржитып.
— «Жоқ, аудиокурс неміс тілінен, ал былай Джазды тыңдағанды жақсы көрем».
— «Ох, керемет, рас па, ғажап, сөзім жоқ! Әкеліңізші қолыңызды бал ашып жіберейін!»
— Мәссаған, сіз бал ашу білесіз бе?
— Хиромантиядан аздап хабарым бар енді.
— Қандай керемет!!! Ал адамның бетіне қарап мінезін айта аласыз ба?
— Әрине, сіздің тік, нәзік мойныңыз мінезіңіздің тірілігін білдіреді, ал қара қалың шаштарыңыз өжеттілігіңізді, өтірікті жек көретініңізді білдіреді. Тұңғиықтай терең көздеріңіз рухани байлығыңдызды білдіреді. Ұшы дөңгеленген әдемі мұрныңыз өзіңізге ұнаған адамдармен тіл табыса алатыныңызды білдіреді. Сізге шашыңызды артқа жинап қойған жарасады екен! — дедім де мойнынан иіскедім.
— Данышпансыз ғой, ағай!!! — көздерінің оты жана кетті.
— Сіз де осал емессіз! — қолым белінен қысты.
— Ох, мамма-мия, недеген шалт едіңіз мен сіздікпін!!!
— Ах! Итальянша да білетін бе едіңіз!? Мен де сіздікпін!!!
***
Бірақ пойыз Маңғышлақтан Жаңақорғанға екі күн, екі түн жүреді ғой. Екінші күні тіпті қызық болды. Күні бойы әлдебіреулер кіріп-шығып, дұрыс сөйлесе алмадым. Біртүрлі майысып, кешегі тентектіктен көзіме қарауға ұялыңқырап жүрді өзі де.
Ақыры, болған іс болды, кешке қарай өзім төтесінен бастадым әңгімені.
— Бойжеткен, атыңызды да сұрамаппын ау!
— Шырайлым, ал сіздікі ше?
— Қиқожамын мен. Алдымдағы Сұлтанқожа ағам шетінеп кеткен, содан көз өтпесін деген ырыммен арғы атама ұқсатып "Қиқожа" деп қойды. Атам білдей бір мешітке имам болған кісі.
— Хехе, кеше «арғы атам ағылшын» деген сияқты едіңіз, қуаныштымын. Не болғанын өзім де түсінбей қалдым кеше, мүмкін артық кеткен шығармын.
— О не дегеніңіз, бикеш! Тек менің бір сұрағым ғана бар сізге: Немісшені қанша болды үйреніп жатқаныңызға?
— Жай сұрадыңыз ба?
— Кеше түнде «Гутен Нахт» десем, "Өзің кетнақ" дегеніңіз не?
— А-аа, французша кеше бастағам оқуды.
— Мен французша емес немісше айттым ғой!
— Тіпуй, немісше дегенім ғой, көп тіл білген қиын, шатастырып ала берем.
— Мен де мойындағым кеп отыр, Муракамиді оқыған жоқпын!
— Рас па? Қойыңызшы, мен де бір жерден естігенімді айта салғам негізі!
— Толстой ще? «Промискуитет», Карлос ше?
— Ағаммен сканворд толтырып отырғанда есімде қап қойыпты.
— Хехе, ал мен тек Пьер Безухов пен Поручик Ржевский туралы анекдоттарды білем.
— Ал мен тіпті оларды да білмеймін, тек кеше өтірік күліп отырдым.
— Йогадан «Лотос Позасын» ғана біледі екем)))
— Мен де сол ғой, Қиқожа-ау Каланетикаға шақырған жарқағазды автобустан көргем. Бірақ, енді менің бетіме қарап мінезімді қайдан білдіңіз?
— Физиогномика дейді оны хахаха!
— Ия, сол Физиогномикаңыз тура шықты ғой!?
— Кинодан көріп алғаным ғо! «Сайтанның Адвокатын» көріп пе ең?
— Жоқ!
— Көтің боқ! Джазды жақсы көрем дейді ғой тағы…
— Мен шынымен жақсы көрем, джазды Қиқожа… жатқа айтып берейін сенбесең: м-на-на-на… Жаздың соңы, жапырақтар на-на-на. Ал жапырақ – адамдардың тағдыры-ы-ы…
Под окнами машина — ее уже ждут.
Она еще не знает к чему это приведет,
Потом эта машина домой не отвезет…
***
А у нее печальные глаза,
Так она себя и не нашла,
Амуры наблюдают с высока,
Но порой влюбиться очень сложно…
на-на-на-наааааааааааааааа
Маған ұнады. Басқы кіріспе үш бөлімі кино көріп отырғандай әсер қалдырады екен. Айтыңызшы, бұл өзіңіздің таза қиялыңыздан туған дүние ме? Әлде көрген кинолардың бірінен алынған, өзгертілген қысқаша сюжеттің мазмұны емес пе?!
Тірі адамдардың беттерінен көшірім алдым
Кейде екі балықшы кездесіп қап бір-біріне өтірікті соғып тұрып мақтанып отырады, екеуі де өзінікі де, өзгенікі де өтірік екенін біледі, бірақ позитив алмасқандарына мәз-майрам, флюидтар ағымын бұзғысы келмейді.
Кейде енді ережеден тыс жағдайлар боп қалады Кейіпкеріміздікіндей.
Кітаппен шалақұла таныс адам алғашқы абзацтардан-ақ екі ғашықты әшкерелейді.
Типі, жасырын сигнал ғой әрі қарай не күтуге болатыны жайлы.
Пасха жұмыртқалары ғой. Неге сонша таңырқайсың, фикшн тұрмақ өмірде де абсурдты жағдайлар аз ба?
Кітапты арнайы сол үшін сатып алғандығы жайлы сөз жоқ Қолында кездейсоқ пайда болған кітап, сұрақ қойылғанда, «шын себебін айтпай, наугад айтқан.
Ал тап сол кітапты оқығаны өтірік екенін Қиқожа шығарма аяғына дейін тек бір себеппен біле алмады. Өйткені, өзі оқымаған ол кітапты.
Карикатура қарап отырып «Неге мынаның мұрны сонша үлкен, 14см мұрын өмірде болушы ма еді, көздері тым жақын ғой?» деген сұрақ қойғандай боп тұр маған.
Тым байсалды қабылдамаңыз
Ақтөбеден Маңғышылаққа жолға шықтық. Бір купеде үш адамбыз 18-19 дар шамасында бір қыз (үріп ауызға салғандай сұлу болмасада тартымды), сол қыз қатар жігіт және Мен (24-темін). сол жерде отырып таныстық (үшеумізде бір-бірімізді танымаймыз, жан-жақтан жиналған екенбіз), тамақтандық мен екінші қатарға шығып жатып қалдым, таңертең құлсарыда тұрсам жаңағы екеуі ерлі-зайыптылардай бір төсекете қаннен қаперсіз ұйықтап жатыр. міне біздің жастар…
Шындығында біреу сені сынағаны үшін оны сынауды міндет қылғанды қалай түсінуге болады??? 29-жасымда түсінгенім, сынды қабылдап, денеңнен, санаңнан өткізе білу керек. Ал егер сынды қабылдай алмайды екенсің, сенің журналист, әнші, суретші жалпы маман ретіндегі құның -5 тиын!
Есігімнің алдына біреу ұлы дәретке отырып кетсе, сіздің қанды кегіңіз деп түсіне берейін бе?