Боянбашы

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Боянбашы
Сүйсінем де ойланам саған қарап,
Құм секілді сырғиды уысымда ой:
Боянбашы.
Жоқ себеп алаңдамақ,
Сен онсыз да бәрінен сұлусың ғой.

Ең қымбат опа-далап.
Сен кетірдің
сәніңді замананың кескіні деп.
Бояудың
тұнық көз бен келбетіңнің
сафтығының қасында еш құны жоқ!

Ойланшы.
Асықпашы, аялдашы!
Ажарыңды әлемге ашып өтші.
Мейлі!
Тіпті мен үшін боянбашы.
Мені өзіңе басқалай ғашық етші.

Боянбашы.
Көтергенде көп қылықты,
деймісің енді әріңнен үркем осы?
Шашыңды бүркегенің жеткілікті,
Құдай берген жүзіңді бүркемеші.

Сөйткен қыздан асатын жоқ қыз менше.
Және деме «Қалауды шектейді де»:
Айнаға қарап уақыт өткізгенше,
Көзіме ұзақ қарасаң жетпейді ме?

Білмеймін,
Сонша көркем үйлесе ме,
Маңызды деп өзгерту реңіңді.
Жалған ол.
Ноқат бояу тимесе де
Жақсы көріп келем ғой жүрегіңді.

p.s.
… Тәтті ұйқы.
Қасымдасың бүгін менің.
Мен жатайын зер салып.
Оянбашы.
Ал оянсаң – жетеді күлімдеуің,
Тек… боянбашы.
Әрі қарай

Гүл алып

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Гүл алып
Гүл алып,
Келемін гүл алып.
Жай ғана. Білмеймін себебін.
Қарсы алсаң болды сен қуанып,
Мен сені шын жақсы көремін.

Сүйікті гүліңді кешірек
Сұрадым.
Қызықтым талғамға.
Көрсеттің нәзікті осы деп,
Гүл алып беруге барғанда.

Келуші ем сондықтан гүл ап та,
Кездесу сәттері туғанда.
Атауын білмеймін.
Бірақ та
Танимын гүл алып тұрғанда.

Сол гүлсіз, не байлық екенін,
Аптамыз өтпейтін біздің бір.
Біреуін, бесеуін, жетеуін,
Ал бірде сыйлағам жүз бір гүл.

Жаным-ау, неткен ең сұлу сен,
Тәнті боп берген әр гүл есте.
Махаббат не екенін ұғушы ем,
Ал гүл — ол жай ғана ілеспе.

Мың гүлден қос жүрек құралып,
Мен жүрдім бақыттан дәмелі.
Гүл алып, гүл алып, гүл алып,
Ол да сен секілді әдемі.

Қисынды бітердей бұл қызық,
Жоспарлап қойғанмын бір анық:
сыйлауды өзіңе бір жүзік.
Әрине, қасына гүл алып.

Болсаң да өзіндей хор қыздың,
Еш нәрсе бұйырмас, сірә, нық:
Өзіңнен хабарды шорт үздім,
Басқа жан жүрсін деп гүл алып.

Ажырау.
Жазылған бар міндет
бір сәтте өшкендей маңдайдан.
Тұп-тура сыйлардай тағдыр кеп
Қоштасу гүлін ап сарғайған.

Көз алмай көкпеңбек еріннен,
Даусымды бәсеңдеу шығарып,
«Мен сені сүймеймін» дедім мен,
Бердім де соңғы рет гүл алып.

Сен түгіл өзім де сезбегем,
Жараны жанымды қинайтын.
Боласың сен менен өзгемен
бақытты.
Ғажап гүл сыйлайтын…

***

… Жарты жыл дегбірді тауысқан,
Гүлдердей мен кеттім суалып…
Жазылмас дертіммен алысқан
Мекенге келдің сен гүл алып.

Білмеймін, естідің кімдерден,
Тағдыр ғой. Осыны қиыпты.
Көзімді алмадым гүлдерден,
Енді олар маған да сүйікті.

Қалпында гүліміз солмаған
Түседі бір жұлдыз шын ағып.
Келесің жиі енді сен маған
Бұл жолы екі тал гүл алып.
Әрі қарай

Бес сері, үш пері туралы жыр

Адамның даңқын қалай өлшеуге болады? Гомердің дастанына арқау болған кейіпкерлерге салсаң, ғасырдан-ғасырға жыр болып жететін атақ үшін өлуге болады. Көне гректерді былай қойғанда, әлі күнге тамсанып айтатын қисса-дастан қазақта (түрікте) де жетерлік. Жетеу түгіл, жетпіс жеті атаңнан әріде жатса да, батырлар туралы жырды естіген сайын сыртқы жүніңді қампайтып, қомпаң-қомпаң ете қалатынымыз рас. Мысалға, қырғыздың салқам-серісі Манастың Әйшөрек бикеге ұрын баратын кезін жағымыз талғанша жырламадық па?! Сіздер төмендегі видеодан тыңдайтын жырсымақ олардың көлеңкесі тұрмақ, иісі сезілетін жерге де жақындай алмасы анық. Бірақ сөз болатын қаһармандар туралы олай айта алмаймын.


Сөйле бір, сөйлең-ей, сұм жағым,
Сөйле бір, сөйлең-ей, сұм жағым,
Сөйлей алмас дедің бе,
Сөйлеп бір қалған бейбағың,
Қызыл да тілім-ау қозғалсын.

Ғасырлар жылжып-ау өткенде,
2014-тің келгенде,
Көктемнің көркем күнінде,
Админ Аршат бастады,
Блогиада шайқасты.

Отыз сан сарбаз қол еді,
Қаруын сайлап «Мен» деді.
Алты айлық айқас көбінің,
Ауыр боп саусақ, көзіне,
Тарихтың қалды ішінде.

Сегізі қалды сапта әзір,
Бастаған қалың отыздың.
Әрбірі оның-ай ер еді,
Талайда сыннан сау қалған,
Сөз болсын солар ендігі.

Гаста Оскар Базарбай,
Сегіздіктің алдында.
Түрінен адам ойламас,
Ми бар деп оның басында.
Сом білекті, кең иық,
Тау қопарар күші бар.
Темір илеп, тас шайнап,
Отырады бірақ шұқшиып.
Әріп теріп, әркімге,
Пәлсапаға соғып, ділмәрсіп,
Клаваның алдында.
Елестетші көзіңе,
Аянышты хал барма,
Бұдан өзге әлемде.

Екінші пақыр айтайын,
Айтпай қалай қалайын.
Атышулы Эльвира,
Түсіне кірген талайдың.
Кірмей түске қайтесің,
Жазғаны кілең төсек-жыр.
Айқаракөз болса егер,
Басқарған алғаш веб-сайтың.

Талай адам баласын,
Сеніп бұған тапсырған.
Оқытып, адам қылар деп,
Ойдан қырдан асырған.
Сенген серкем со кезде,
Қарқ-қарқ күліп Керекте,
Ұнамаған адамға,
Жол көрсетіп жібереді.
Орыстың үш әрпіне.
Танымасаң біліп қой,
Ақтөбелік жерлесім.
Доктор жалғыз топтағы,
Кеуілімжай Әйгерім.

Бұл батыр жайлы не айтам?
Өзім де оны білмеймін.
Аты Жандос, кәсібі
Режиссер екен білдей бір.
Ішпейді, шекпейд, иіскемейд,
Егілмес бәлкім сірә да.
Миллион бірақ бұйырса,
Қандыкөйлек достарға,
Бір вискиден ұрттатып,
Құстырып қойсаң күнә ма?

Сұлуды айтар келді кез,
Сызылып ылғи жүретін.
Жас талдай жұқа Айнұрым,
Жел соқса, уайым мен үшін.
Даусы да нәзік тым,
Естілмей кейде қалатын.
Сызылып айтқан сәлемі,
Құлаққа майдай жағатын.
Сәлемнің ә-сі созылып,
Е-сі бітіп болғанша,
Талай өзен таусылып,
Ай мен күн өшіп жанатын.

Өмірде мынау үндемес,
Аузын буған өгіздей.
Инетке кірсе сөз бермес,
Дуалы ауыз билердей.
Өмірде мінген тұлпары,
Чанс атты сәйгүлік.
Виртуал мінген пырағы,
Киностан атты сайт бөлек.
Әулие Патик шындаса,
Өзін өзі аямас.
Бәйгеге бұрын жетуге,
Он сырадан тартынбас.

Абзал деген інім бар,
Өкшелеп қалмас ізімнен.
Шабарға қылыш таппаса,
Википедияны сөйлеткен.
Көрінуге құмар-ды,
Теледидар, радиодан.
Ұр десе қызды «іс» үшін,
Қашпайды пақыр ешқашан.
Таяқ жер шалдан кез келсе,
Жымия салды көз куә.
Шынайы болсын видео деп,
Таяқ жей салсаң болмай ма?!

Сегізді бірі мен едім,
Не қылам айтып өз жайым.
Сөз болар тағы бестік бар,
Беріп жұртты бағасын.
Алатын алғыс-қарғысын,
Ұнаса егер бұл терме,
Айтылар олар ертең де.
Әрі қарай

БІЗ БЕКЕЖАНДЫ ӨЛТІРДІК...

Төлегенді Бекежан ғой өлтірген. Иә, «Қыз Жібек» көркем киносында Асанәлі Әшімовке «осындай» рөл берілген болатын. Ең бастысы, «Қыз Жібек» тарихтық емес, «көркем кино» болып түсірілді. Ескерте кетейін, Мұхтар Әуезов «біздің» сөздерімізде «и» жұрнағының қолданылуына қарсылық білдірген. Оны «пір тұтқан» Ғабит Мүсірепов те бұл жұрнақтың сөздерге жалғануына қарсы болған. Әлбетте, Мұхтар Әуезов Мүсірепов үшін «№1» жазушы, яки «ұлы жазушы». Көркем киноның сценариін де жазған осы Мүсірепов қой. Ал оған 1955 жылы тарихтық шындыққа өте жақын Сегізсерінің нұсқасы («Қыз Жібек» жыры) көрсетілген болатын. Оның не үшін жырдың оқиғасын өзгерткенін білмеймін. Ол жағы маған аса қызықты емес. Сонымен қатар «Қыз Жібек» көркем киносын көрген емеспін. [No comments!] Мұқадес Есламғалиұлының «Төлегенді өлтірген кім?» (Парасат. №11, қараша, 2000 жыл) деген мақаласын оқыған едім, сол мақаланы негізге аламын.
Блог - qonyrbai: БІЗ БЕКЕЖАНДЫ ӨЛТІРДІК...Әрбір адамның ақпаратты қабылдау санасы болады. Осыдан келіп пікірлер, көзқарастар туындайды. Дебаттың жүйесі де сол. Менің көңіліме осы кісінің мақаласы, яки, мақаланың тоқ етер сөзі жақын, әрі шындық деп қабылдаймын. Білемін, бұл тақырып әлі күнге дейін қозғалып келеді. Негізгі қуатты деректер аз болса да, жинақтала келе Мүсіреповтың құрастырып жазғанын теріске шығарады. Бәлкім, Сұлтан Қожықов режиссерлық тұрғыдан өзгерістер енгізген болар, болмаса, жұмбақтың шешімі сол жойылып кеткен ленталардың күлімен ұшып кеткен шығар. Әә-ә, тарих, өткен күндер қызық, ә!?

Бекежан Айбекұлы 1667 жылы Ақтөбе өңіріндегі Мұғалжар тауының етегінде дүниеге келген. Әкесі Айбек батыр сол маңдағы Шекті, Табын, Жағалбайлы, Тама руларынан құрылған жасақтардың қолбасшысы боп, аты шыққан ерлердің бірі.

Сегізсері 1834 жылы Шекті руының Қабақ тармағынан тараған батыр Арыстан Тіленұлының үйіне келіп түседі. Арыстан батыр оны қонақ етеді. Бұлармен бірге Жағалбайлы Жанқасқа жырау да болады. Бұл екеуі әуелі «Айман-Шолпан» жырының оқиғасын баян қылады.

Жез көмей ақын сол жиында «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек» дастандарын жырлайды. Махамбет батыр өзінің «Сегізсеріге» деген өлеңінде:

«Айман-Шолпан», «Қыз Жібек»
Жырларың елге тарады.
Қашқын болып жүрсең де,
Аузыңа халық қарады
, – дейді.
Махамбет сол кезде осы жырдың туған топырағы Шалқар жеріндегі Шекті, Жағалбайлы руларының ең беделді адамдарымен аралас-құралас, сыйлас жағдайда жүргені – тарихи шындық.

«Бас болған елдің бұзық наданына,
Мәз болған айласы мен амалына.
Қожадан ел тонаушы сотқар шыққан
Бекежан Айбекұлы заманында.
Есімі тонаушының Кескентерек,
Тыңдамай ата-анасын, жүрген бөлек.
Ұрлыққа бала кезден болған әуес,
Қан төккіш, мейірімсіз, қара жүрек...»


Бұдан әрі жырда Кескентерек Тасымқожаұлының Хиуадан қашып келген қарақшы екендігі ұзақ баяндалады. Ол әуелі өзінің туған нағашысы, Жағалбайлы руының елге аса сыйлы мырзасы Әбусағитты қалай өлтіргенін, оның тоқалын алып қашып кетіп, қалың құм ішінде қаңғыртып тастап кеткендігін толық мәлімдейді. Сосын: «Менің айтқан кісіме шықпадың, өзің қалаған жігітің Қарабалаға тұрмысқа шығам дейсің» деп, туған қарындасы Қаламқастың екі емшегін шауып өлтіріп, Ойыл бойына келіп, өзінің жетпіс екі сыбайласымен баспаналап жүрген нағыз қанішер екендігін оқимыз. Бұдан әрі оның Жібекке ғашық қырық батырдың бірі болғандығы, бірақ Төлеген тұрғанда өзінің оған қолы жетпесін білген соң, Қосаба көлінің жағасында атып өлтіргенін оқимыз.

Сосын қайыра жыр жолына үңілесің:
«Естек пен Әлімұлы қатар қонған,
Мекендеп Орал тауы мекен болған.
Бекежан Айбекұлы ордабасы,
Қол жинап, мұсылманға бопты қорған...»


«Бекежан Айбекұлы деп атанған,
Қалмаққа Еділ өтіп ойран салған.
Қасына мың жарымдай сарбаз ертіп,
Кәпірдің мықты елінен барымта алған.
Құс салып, тазы ерткен аңға құмар,
Көрген жау айбатына емес шыдар.
Кіші жүз Әлімұлы, алты Шекті,
Елінде бес жүз алпыс мырзасы бар.
Басшысы жиырма алтыға жасы келген,
Тартатын жылқы, түйе Түрікпеннен.
Зайыбы Салиха атты Естек қызы
Мезгілсіз ажал жетіп, былтыр өлген.
Жетім қалған үш ұл, бір қыз баласын
Немере ағасына мүлде берген...»


Бұл жырдың оқиғасын айтушылар Шекті Арыстан Тіленұлы мен Жағалбайлы биі Жанқасқа екен. Арыстан Тіленұлы Шекті, әрі Бекежанның әкесі Айбектің туған ағасы Қарабастан тараған боп шығады. «Е-е, аталас болғасын Бекежанды арашалап, ақтап, болған оқиғаны бұрмалап жеткізген шығар» дейін десең, Сегізсеріге әңгімелейтіннің бірі Төлегеннің руласы Жанқасқа би.

Бекежан қалмақтармен соғысқанда Кескентерек өзінің жетпіс екі қарақшысымен қатысып, сеніміне кіріп алады. Ал Бекежан бірінші әйелі Салиха қайтыс болып, жылын өткізгеннен кейін түрікмен жұртындағы құда түсіріліп қойған қызын алып келуге кеткенде Кескентерек Төлегенді өлтіреді. Екі жылдан кейін барып, Төлегеннің бозжорғасын Бекежанға сыйламақ болады. Бірақ Бекежан Төлегеннің атын танып қояды. Кескентерек «айдалада қаңғып жүрген жерінен тауып алдым» деген дәлел айтады. Әйтсе де, Бекежан оны өз маңынан қуып жібереді.

Табын елінің мырзасы Нұрғожа дегеннің әйелі ұл тауып, соның шілдехана тойында қарамай қойғаны үшін Жібекке Кескентерек тіл тигізеді. Сол кезде «Шекті көп пе, шегіртке көп пе» деген мәтел тарағанындай, Жібектің жеті ағасы сол жерде Кескентеректі дарға асып өлтіреді. Ал Жібек Төлегеннің інісі Сансызбайға ұзатылады. Одан Төсбатыр деген ұл туған.
Блог - qonyrbai: БІЗ БЕКЕЖАНДЫ ӨЛТІРДІК...
Сегізсері осы 1834 жылы Жаманқалада (Орскіде) Сансызбайдың немере, шөберелерімен әңгімелескен.

«Жағалбайлы Жанқара, Шекті Арыстан
Қайтпайтын қайсар ерлер жолбарыстан.
Осындай абзал жандар өтінген соң,
Шығардым «Қыз Жібекті» етіп дастан».


Сегізсерінің Шекті елінде болғанын, оның «Қыз Жібек» дастанын шығарғанын Т.Сүлейменов өзінің «Сегізсері» кітабында, ал Е.Жақыпов, С.Қарамендин, М.Есмағамбетовтар мақалаларында жазған болатын. Сонымен бірге олар «Қыз Жібек» оқиғасының 1692-1694 жылдары өткенін және бұл кезде Бекежанның 26 жаста екендігін, жырда аталатын жер атауларының түгелдей Шалқар ауданында болғандығын дәлелдеп көрсеткен. Олар шежіре тарата келіп, кейін Шекті атанып кететін Жаманақтан туған Өрістен Жібек, ал Мәкуден Бекежан тарады деп жазады. Аралары – алты ата. Бекежан 1667 жылы туып, 1730 жылы қайтыс болды деген деректі Сегізсері жырынан оқимыз. Осы деректі Мүсіреповтің «Жұлдыз» журналында жарияланған «Қойын дәптерінен» оқығанымыз бар-ды. С.Қарамендин 1955 жылы Сегізсері жырының нұсқасын Мүсіреповке әкеліп көрсетіпті.

Бекежан 40 жасының шамасында бір шайқас үстінде белінен қатты жараланып, мүгедек боп қалады. Бұдан кейін қолма-қол ұрысқа жарамаған. 1730 жылы балалары Аңырақай соғысына аттанған кезде түрікмендер Шекті жеріне шабуыл жасап, сол ұрыста батырға улы жебе тиіп, қаза тапты деседі. Енді біреулер 63 жасында ақ төсегінде жатып, бір кездегі жарақатының салдарынан қайтыс болды дейді.

Жүсіпбекқожа Шайхислам (1861-1941) жырдың бүкіл мазмұнын өзгертіп, Бекежанды да қарақшы етіп көрсетіп, әрі оны Шектінің емес, Арғынның батыры етіп «түзетулер» жасағанын, сөйтіп, 1904 жылы сол нұсқаны Қазан баспасынан шығарғанын жоғарыдағы авторлар айтады.

Жүсіпбекқожа 30 жылдардың аяқшамасында жырды «өзімнің жазғаным» деп Әуезовке келіп көрсетеді. Ғұлама жазушымыз: «Бұл жыр әуелде бар, сен мұның халықтық дүние екенін теріске шығарма, сен соны жинаушы ғанасың», – деп тоқтатса керек.
Блог - qonyrbai: БІЗ БЕКЕЖАНДЫ ӨЛТІРДІК...
Ақтөбелік авторлар С.Қарамендин мен М.Есмағамбетовтардың жазуы бойынша, Бекежан Сансызбаймен де сыйлас боп өткен. Жырда баяндалатындай, сол кезде Жағалбайлы мен Шекті арасы аса жақсы бола қоймағанға ұқсайды. Төлегеннің Шекті жеріне жалғыз аттанатынын да бұл авторлар жоққа шығармайды. Төлеген аттанарында інісі Сансызбайға: «Қандай жағдайға да әзір жүргейсің. Қиын жағдай бола қалса, сол елде Бекежан деген батыр бар. Соған жолықсаң, қол ұшын берер», – деп кетеді. Төлеген өлгеннен кейін Сансызбай мен Жібектің қосылуына бірден-бір көмектескен жан Бекежан болып шығады. Әрі ол Сансызбайға өкіл аға атанады. Қорен қалмақтарының жасағын талқандауда (Бекежан мен Сансызбай) екеуі тізе қосып, қол бастап, үлкен ерлік көрсетеді. Осы шайқаста Бекежан қоршауға түсіп қалып, белінен қатты жараланыпты.

Қосымша:

Жағалбайлы Жанқасқа – батыр әрі би болған кісі. 1805-1810 жылдары Ор өзенінің бойында дүниеге келген. ХІХ ғасырдың басында ұлт-азаттық көтерілістің басшылары Шектіден шыққан Көтібар, Арыстан батырлармен тізе қосып, Ресей патшасының қазақ халқына жасаған қиянатына жиі бас көтеріп отырған. 1835 жылы Ресей губернаторы жіберген жалдамалы қарақшының қолынан қаза табады. Батырдың сүйегі Жем өзенінің бойында жатыр.

Сегізсері, Шалқар ауданы.

Салиха – башқұрт мырзасы Құрамыс байдың қызы.

Жаманқала (Орск/Ор) – Ресейдің Орынбор облысындағы қаласы. Ор өзенінің Жайық өзеніне құятын жерінде орналасқан. Қаланың аты Ор өзеніне байланысты қойылған. 1735 жылы 15 тамызда сенаттың обер-секретары И.К.Кирилов бастаған экспедиция әскери бекініс ретінде сала бастады. 1865 жылы қала мәртебесіне ие болды. Көшпелілерге қарсы озбырлық, әділетсіз әрекеттердің ұясы болғандықтан, қазақтар Орды «Жаманқала» деп атаған.
Блог - qonyrbai: БІЗ БЕКЕЖАНДЫ ӨЛТІРДІК...
Блог - qonyrbai: БІЗ БЕКЕЖАНДЫ ӨЛТІРДІК...
Қарамендин Сейітқали Ыдырысұлы (1913-1997) Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Әйтей ауылында дүниеге келген. Ауыз әдебиетін зерттеуші, Абай мұрасын насихаттаушы. 1928 жылы Семей мал дәрігерлік техникумында оқыған. Көкбай Жанатайұлы туралы ел аузында жүрген шығармаларды алғаш жүйелеп топтастырған. 1993 жылы Көкбай ақынның «Сабалақ», «Төрт төре», «Наурызбай – Фатима» дастандарын «Абылай» деген атпен жеке кітап етіп шығарған. Абай төңірегіндегі Алтыбай, Байқұлақ шешендердің, Көбей, Қараменде, Алшынбай билердің, Шөже, Көкбай, Әріп, Ағашаяқ, Қаумен, Байкөкше, Өмірбай т.б. ақындар туралы материалдар жинап, Абайдың бірқатар сөздерін, ауызекі өлеңдерін «Сөз тапқанға қолқа жоқ» жинағына енгізді. Абай өлеңдері туралы («Қазақ батырлары», 1992 жыл, №5), Абай өлеңдерінің текстологиясы туралы («Аласыз қара көзі нұр жайнайды», «Білім және еңбек», 1988 жыл, №7) өз тұжырымдарын ұсынды. Абайдың өмірі мен қоғамдық қызметіне, өлеңдеріне байланысты 40-тан астам мақала жазып, деректер қалдырған.

Шайқысламұлы Жүсіпбек/Жүсіпбек қожа (1857/Отырар ауданы, Қожатай мекені – 1937/Шыңжан өлкесі, Іле Қазақ автономиялы облысы, Текес ауданы, Шиеліөзек ауылы) – ақын, аудармашы, қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы, насихаттаушы, жыршы. Ауыл молдасынан оқып, кейін медреседе білімін жетілдірген. Араб, парсы, шағатай, түрік тілдерін толық меңгерген. Оқуын аяқтаған соң ақындық, серілік жолға түсіп, ел аралайды. Сыр сүлейлері мен Қаратау шайырларымен, Сарыарқа мен Жетісудың ақын-жырауларымен жүздеседі. Олардың шығармаларын жазып алып, ел ішінде насихаттаған. Фирдоуси, Хафиз, Жәми, Физули, Науаи жырларымен жете танысқан. XІX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Петербург, Қазан, Уфа, Ташкент баспаханаларында қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын, Шығыс сюжетіндегі қисса-дастандарды бастыру ісін қолға алады. «Қыз Жібек» (1900, 1903, 1905, 1908, 1909, 1910, 1911), «Айман – Шолпан» (1896, 1901, 1913, 1916), «Сара қыз бен Біржан салдың айтысы» (1898, 1900, 1901, 1902, 1907), «Алпамыс» (1899), «Кенесары-Наурызбай» (1903), т.б. ұлттық фольклордың асыл мұралары мен «Сал-сал», «Зарқұм», «Жүсіп – Зылиха», «Мұңлық – Зарлық», «Шәкір – Шәкірат», т.б. шығыс сюжетіндегі қисса-хикаяттарды бастырып, алғаш рет жарыққа шығарды. «Мың бір түн», «Кербаланың шөлі», «Тотының тоқсан тарауы», «Дариға қыз», «Қасым Жомарт», т.б. аңыздардың мазмұнын өз бетінше жырлады. Жүсіпбек айтыстарға да қатысқан. Оның Шөкей (Уәзипа) қызбен, Жалайыр Бақтыбаймен айтысқаны белгілі. Алғашқы айтыстары жеке жинақ ретінде басылып (1897, 1910), кейін «Айтыс» томдарына (1964, 1965, 1988) енгізілді. Жүсіпбек 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, кейін жеңіліс тапқан халықпен Қытай еліне қоныс аударуға мәжбүр болады. Сол өлкеде тұрақтап қалып, бала оқытумен, емшілікпен шұғылданған.
Әрі қарай

Сен окыганында гой...

Бул жалганда сагынышсыз жок пенде
Сагынамын бирак сени кутпен де
Оралмаисын казир менен алыссын
Келмеисин-ау деп коркамын куткенде
Бауыр бассам олда иси тагдырдын
Журегимде сулу бир мун калдырдын
Умыткым тек келмеиди… Жок умытам!
Тез келсинши каргыс аткыр сол бир кун!
Бирге журип бирге оинап кулгенмен
Сен сол кезде бир нарсени билмеп ен
Отка ушты тагы да бир кобелек
Ал мен сорлы мына сени суиген ем
Жон болмайды суйгени ушин айыптау
Кайсы куштин оз журегин билеген?
Жасырганмен козим барин жайыптау
Бирак онда сен басканы суйген ен.
Али есимде сен баскамен тур един
Ызалана жылады гой журегим
Мен ишимнен жылап турп сол сатте
Суйгенимнен озине бак тиледим.

Мен білем, көктемің келеді

Жасылға оранып желегі,
Мен білем, көктемің келеді.
Көк аспан сол жылы көктемде
Шуағын өзіңе төгеді.
Ал қазір мен саған жыр жазам
Белгісіз боп келген дерегі.
…Кейде шын тиеді көмегі
Жазылмай қалса ақын өлеңі.
«Сөздер көп, асықпа,
Себебі,
Оны айтпау еш мүмкін емес боп
Тұрғанда ғана сен айтқайсың»
Высоцкий осылай деп еді.
Ал ол бос сөйлемес ер еді.
Ой мейлі, артығы, не кемі,
Қолымнан жыр жазу келеді.
Ал сенің келеді қолыңнан
Сол жырдың бола алу себебі.
Менімен, болмаса не менсіз,
Бәрібір көктемің келеді. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Мен білем, көктемің келеді
Әрі қарай

Домбыра Party Астана 2013. Беташар

Биылғы кештердің шымылдығын түрдік. Өзіміз бас болған істі өңірлер әлдеқашан дөңгелетіп алып кетті. Әсіресе Алматы, Атырау, Жаңаөзеннің арыны қатты. Апта сайын дүрілдетіп жатыр. Бізге Арқаның адуынды мінезіне шыдауға тура келді. Мамырдың ортасынан асқанда Астана да жылыды-ау әйтеуір. Соның өзінде, кешегі Party-дің соңына қарай жағымыз үрпиісіп, тоңа бастадық.

Кешегі кездесу өнерпаздардың көптігімен ерекшеленді. Ең басты қонағымыз Жанғали Жүзбаев ағамыз. Аза таныстыруын келістіріп-ақ жазды ғой. Алғашқы адым сол кісінікі деп шештік. Ағай Тәттімбеттің «Саржайлауын», Сүгірдің «Шалқымасын» орындап берді. Ақсақалмен бірге «Шабыт» университетінен жас домбырашылар ере келген екен. Олар да төкпе күйдің шырайын келтірді. Әрине әттең-ай бар осы тұста. Алқа-қотан иірілген жұрт күйдің дауысын қалағандай ести алмаған сияқты. Сондықтан, келесіде, күйшілерге кішкене колонкалар қою жағын ойластырып көру керек.

Тағы бір өкінішіміз, өткен жылғы Party-лердің жұлдыздары болмады. Нұрғиса іссапарда, Аза Хабарға хабар тасып жүр. Шенеунік Алдан да кешігіп келді. Жазғыра алмаймыз. Жұмыстың аты жұмыс.

Дегенмен, суырылып шығып (кейбірін мәжбүрледік шыны керек) шырқағандар көп болды. Осыған қуандық. Келесіде ән айтам деушілер бұдан да көп болатынына сеніп тарқастық.

Иә, айтпақшы, кеше Астанамен қатар Алматы, Қызылорда, Атырау, Жаңаөзенде де Party өтті, менің білуімше. Енді бір-екі аптадан соң барлық өңір бірігіп, бір мезетте өткізетін боламыз. Кең даланың барлық ірі қаласында домбыра үнін әуелетіп, бір әнді бірігіп шырқаймыз. Әне флешмоб! Қайда әлгі Гиннес?
Әрі қарай

Кітап, жыр жинақ, ЖЫРДЫҢ АЛТЫН БҰЛАҒЫ жыраулар поэзиясы Асанқайғыдан Махамбетке дейін.

Ассалаумағалейкүм ардақты әлеумет!

Бүгін сіздерге Жырдың алтын бұлағы жыраулар поэзиясы Асанқайғыдан Махамбетке дейінгі жыраулардың шығармаларын бір E-PUB формат кітапқа жинақтап ұсынып отырмын. Жалпы жыраулар поэзиясының қадірін түсіну үшін ең төменде Мұхтар Мағауин мен Бекболат ағамыздың жыр туралы айтқан сөздеріне көңіл бөліңіздер.

Ең алдымен ескеретін жағдай, егерде сіздің планшетіңіз немесе смартфоныңыз Андройд операциялық жүйесінде болса мына программаны, Meego Harmattan (Nokia N950, N9) үшін мына, Symbian үшін мына программаны орнатып алыңыз! iOS (iPad, iPhone, iPod) құрылғылары үшін қажет емес. Компьютерлер үшін мына жерден таба аласыз.

Кітаптың өзін жүктеу.


ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯ – 15 – 18 ғ-лардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғ-дың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тартқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемелдікті, көркем келісімді аңғару қиын емес. Жыраулық поэзия сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Содан да болар, Жыраулық поэзияда мейлінше терең танымдық ойлар буырқанып, ұдайы философиямен шендесіп жатады. Онда өмір мен болмыс, заман және адам туралы толғанады. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз пен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұ дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады.
М. Мағауин

Бекболат Тілеухан

Әрі қарай

Домбыра Party: Жаңа маусым

Кең даламыздың бір жерінде көктем енді туып жатса, бір бұрышында жаз шыққалы қай заман. Алматы мен Шымкентке рахат. Тойды солар бастамақ. Біз, астаналықтар, қыңыр мінез құданы әупірімдер шығарып салғанымыз сол еді, аты жоқ бес қонағымыз жетіп келіп, атой салып жатыр. «Әттең» деп бармақ тістеп отырмыз. Жә, мұң айта бергенше, қуанатын жағына тоқталайын.
Әрі қарай

Қатал тағдыр

1. Шерхан

Көрдім көзбен айтарым рас құба құп,
Тағдырға да пенде болар шұбар құл.
Тазалықты жуып шайып пасықтық,
Жүректегі сенімді де қылар құм.

Қара сый да, жарық сый да бір Алладан,
Қаралықты тілеп алар адамдар.
Бір тамшы сұм ойың хасіл болар-ау?
Басқа түсер ағат басқан қадамдар!

Аққу қанат сынып құжға таланған,
Алтын тұқым аспас екен шабаннан.
Бастан өтіп таттым дәмін заһардың,
Арбап-сулап кірді тікен табаннан.

Зарын ашып гүлім қурай жылаған,
Мұңлы күйдің үні баурай тыңдағам.
Тамыр кесіп көктем бүрін аттырмай,
Аллам оны сынақпенен сылаған.

Қыз да, ұл да харам іске уланған,
Жамбы жинап фәнилікке буланған.
Шәкәрімнің ізін басып жырлайын,
Шері мүңкіп шабыт туған тұманнан.

Асыл шешей үміттенген арман бар,
Оңдайды ғой ондайды да Тарлан шал.
Өркен жайса шөберелеп шөпшекті,
Көне қосын тамыр жайып жосылар.

Білім теріп кеуде қаққан ұлы бар,
Қажет! — депті, — сұлу ару, білімдар.
Дастарқанды мұштап ұрып ақырды,
Егде ана жылап болды кіріптар.

Үйлі-күйлі, шоқып терген қыз барды,
Шоқалақты сыннан өтіп шыдапты.
Машайықтан текті туған жар етсең,
Боларсың-ау қылыш тері қынапты.

Тыңдап жігіт анасынан қолқаны,
Өткір қанды, ыза туды қылқанды.
Көзі қызыл, уыт төгіп иір тіл,
Осы болды керегенің сынғаны.

Жылдар-жылдар көшкін көшіп ауыпты,
Шерхан өрбіп өсіп білім сауыпты.
Тәкәпарлық бойға дарып қайыспас,
Қызыл қағаз иемденіп даурықты.

Түйе түяқ еңбек ақы суырды,
Төрт тағандап жылан тері шұбырды.
Ойын қуып ұмыт қылды мейірді,
Өзді-өзі жанын отқа қуырды.

Жалғасы бар…
ТӨРЕХАН Арыстан
Әрі қарай

Көктемгі көңіл

Бейкүнә бәйшешек боп бүр жардық та,
Бет түзедік бақиға базыналы…
Осы аралық – пәнилік пендешілік,
Осы арада пәтуаң жазылады.

Көктем боп басталғанмен мына ғұмыр,
Қыс болып бітетіні, тағы бар-ды…
Сол қысқа жеткенше сапар бойы,
Жол бойынан талай өлік табылады.

Көктемімнің көбі кетіп, азы қалды
Ойға омалып, көңіл де сәл жабығады…
Маңдайдан кеп шертіп кетед,
Анда-санда аптап жаздың азынабы.

Аз қалды бітуіне көктемімнің,
Уақыт қой, өктем үні көктегінің…
Бұған да шүкір дедік, бір ақшамда
Бізсіз де бұл Құдайды сөкпеді кім?!
Әрі қарай

"Әнім бар"

"Әнім бар"

Сазымен жүректі тербеген,
Әуенін биікке сермеген.
Жастықтың әні бар кеудемде,
Шалқыған сезім-сыр пернеден.

Әнім бар үзіліп, талмайтын,
Сезімге сезімді жалғайтын.
Әнім бар махаббат сазында,
Еш бір жан дәл мендей салмайтын.

Қиялым көк пен жер көлбейді,
Дәуірлеп әуенім аспанға өрлейді.
Бар жалған уақытша бәрі де,
Бәрі бір ән мәңгі өлмейді.

Бақытым қайдасын, көңілім ай көрген,
Ізетті ұяң қыз іздейін қай жерден.
Әлемнің әуені жетпейді үніңе,
Даусыңнан айналдым әніме сай келген.
Әрі қарай

Керек-айтыс

Бұл күнде біздің өмір барыс-қайтыс,
Жолымыз да кедір-бұдыр, ұйқыш-айқыш,
Жұмыс пен үй ортасын шаң қылғанда,
Көңіл, шіркін, сұрайды екен Керек-айтыс.
Әрі қарай

Арнағыштарға арнау

Керегіме жарап тұр ғой «Керегім»
Күннен күнге үлкеюде дерегің
Жұрттың бәрі өлең арнап жатыр ғой
Мен де ендеше осы жолмен желемін

Біреу арнап біреулерге өлеңін
Пайдаланды жастығының желегін
Бір қатын мен бір баламыз бар шақта
Жас қыздарға
Әрі қарай

УФЛ туралы

УФЛ деген бағдарлама бар… негізгі мақсаты сайлаушылар тізімін жасау. Менің айтайын дегенім осы бағдарлама қолданысқа енгелі нешеме жылдар өтті… осы кезге дейін пысатын түрі жоқ… негізгі жазғандар Рейтинг ИТ компаниясының орыс жігіттері. Тіпті интерфейсін қазақшаламай ақ қою керек еді — өңшең қате. Тағы бір жері ІІМ нің базасымен салыстырулар жасау кезінде өте көп қателер жіберілген (базаның өзінде)… мысалы УФЛ базасында дұп дұрыс тұрған адамды ІІМ нің базасындағы қате адаммен ауыстыруға тура келеді, неге дейсіз ғой?...өйткені сайлаушылар тізімін жасаған кезде приоритет ІІМ нің базасына беріледі екен… ал ол өзіңіз білесіз қатеге мол дүние. Осы дүниені (УФЛ) жазған жігіттерге айтсақ, бұның жыры таусылмайтын сияқты…
Әрі қарай