Гүл алып

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Гүл алып
Гүл алып,
Келемін гүл алып.
Жай ғана. Білмеймін себебін.
Қарсы алсаң болды сен қуанып,
Мен сені шын жақсы көремін.

Сүйікті гүліңді кешірек
Сұрадым.
Қызықтым талғамға.
Көрсеттің нәзікті осы деп,
Гүл алып беруге барғанда.

Келуші ем сондықтан гүл ап та,
Кездесу сәттері туғанда.
Атауын білмеймін.
Бірақ та
Танимын гүл алып тұрғанда.

Сол гүлсіз, не байлық екенін,
Аптамыз өтпейтін біздің бір.
Біреуін, бесеуін, жетеуін,
Ал бірде сыйлағам жүз бір гүл.

Жаным-ау, неткен ең сұлу сен,
Тәнті боп берген әр гүл есте.
Махаббат не екенін ұғушы ем,
Ал гүл — ол жай ғана ілеспе.

Мың гүлден қос жүрек құралып,
Мен жүрдім бақыттан дәмелі.
Гүл алып, гүл алып, гүл алып,
Ол да сен секілді әдемі.

Қисынды бітердей бұл қызық,
Жоспарлап қойғанмын бір анық:
сыйлауды өзіңе бір жүзік.
Әрине, қасына гүл алып.

Болсаң да өзіндей хор қыздың,
Еш нәрсе бұйырмас, сірә, нық:
Өзіңнен хабарды шорт үздім,
Басқа жан жүрсін деп гүл алып.

Ажырау.
Жазылған бар міндет
бір сәтте өшкендей маңдайдан.
Тұп-тура сыйлардай тағдыр кеп
Қоштасу гүлін ап сарғайған.

Көз алмай көкпеңбек еріннен,
Даусымды бәсеңдеу шығарып,
«Мен сені сүймеймін» дедім мен,
Бердім де соңғы рет гүл алып.

Сен түгіл өзім де сезбегем,
Жараны жанымды қинайтын.
Боласың сен менен өзгемен
бақытты.
Ғажап гүл сыйлайтын…

***

… Жарты жыл дегбірді тауысқан,
Гүлдердей мен кеттім суалып…
Жазылмас дертіммен алысқан
Мекенге келдің сен гүл алып.

Білмеймін, естідің кімдерден,
Тағдыр ғой. Осыны қиыпты.
Көзімді алмадым гүлдерден,
Енді олар маған да сүйікті.

Қалпында гүліміз солмаған
Түседі бір жұлдыз шын ағып.
Келесің жиі енді сен маған
Бұл жолы екі тал гүл алып.
Бөлісу:

31 пікір

merekeee
«Неткен ең сұлу сен» — ақындарға ұйқас үшін көп нәрсеге рұқсат деп жатады…
Ал, «Менен де ғажап гүл сыйлайтын» деген жерінде «менен де ғажап гүл» деген сияқты екен )
Өлең оқи алмай қалыппын, сондықтан түсінбей отырмын, кейіпкер өлген бе?
MERmukhanov
Бiрiншi жағдай инверсия деп аталады.
қалғаны өз мәселең :)
merekeee
«Сен неткен сұлу ең»-нің инверсиясы ма «Неткен ең сұлу сен» деген? Әлде «ең сұлу» деген анықтауыш па?
«Менен де ғажап гүл» — менің мәселем емес, өйткені, кейіпкЕР өзін, (өп-өзін именно) гүлге, ғажап гүлге теңеп отыр. «Менің сыйлағанымнан да ғажап гүл» сияқты жазғысы келіп, мағыналық қате жіберді. Байқадық, айттық.
Одан қалғаны, өз мәселем, жазғанымды айып етпе енді :)
qonyrbai
Сөз таппайсың айтуға,
Жүресің тек қысылып.
Түсіңде мен жүрмін ғой,
Әппақ гүлдер, лалагүлдер, бла-бла-бла да ұсынып. ))
MERmukhanov
Реально соны тусиндирип отырайын ба?))
Менен де гажап гул сыйлайтын баскамен бакытты боласын деген го))) жиктеп окымасиш, ойтсен гул алып деген неге аякталмаган деп сурайсын ба?)))
merekeee
Менен де күшті өлең жазатын,
Басқалар тез ұғар көптеген.
Байқадым Керекте таза ақын
Әзірге өзіңсің неткен ең. )
Қаталдық танытар тағдырдың
Кездері аз болсын күйікті.
Күлімдеп жанары жан құрбың
Сыйға алсын жүз бір гүл сүйікті!
Ispek92
Айтыс басталды, айтыссссс)))
buzau
Гул деген сезимнин символы. Назиктик шыны деп бил оны. Гул сыила, аруга гул сыйла. Журекти жаулаудын бир жол.
VKM
аянышты шығыпты
KerimAyankyzy
Еееех, ғашық болған деген жақсы ғой… :)
qonyrbai
Мысалы, кімге?
KerimAyankyzy
Сұрағыңыз қызық екен… Адам адамға… Ғашықтық арнайы мынаған — мынаған деп талдау жасамайды
Ispek92
Не ғой, о кісі кімге деді, қаззақ халқында кім деген сұрақ адам баласына ғана қойылған емес пе?)))
KerimAyankyzy
Мен де соны айтқым келген, адамға болмағанда қайда деп..)
qonyrbai
Сүйіктіңмен бақытты бол!
ereke_enu1
Ортасына дейін шыдадым, ваниль.
ereke_enu1
Өлеңге таласым жоқ екен)
aizat
кей жерлері ақөлең сияқты екен
Ispek92
ақөлең қосылып жазыла ма? Және мағынасы қалай? Неге кей жерлері? Бұл кімнің пікірі? пысы: мен әзірге Мерейдің адъютанты боп жатырм, құттықтап қойсаңыз болад)))))
aizat
Бұл кимнин пикири деген нес
aizat
Кутты болсын! ))))
MERmukhanov
Ақ өлең, көк өлең,
Бізден сізге кім өлең? :)
MERmukhanov
әр шумақта гүл деген сөз бар)))
Basic
соңына дейін бұл қандай гүл деп отырдым. Атын әлі білмейсіз ба?
MERmukhanov
сіздің сүйікті гүліңіз
Basic
неужто БӘЙШЕШЕК?!!!
MERmukhanov
Потому что гладиолус!
Basic
101 гладиолус? Мықты!!!
MERmukhanov
Тұрақты фраза ғо)
Негізі, гүл беймәлім күйде қалады.