Керек-айтыс
Бұл күнде біздің өмір барыс-қайтыс,
Жолымыз да кедір-бұдыр, ұйқыш-айқыш,
Жұмыс пен үй ортасын шаң қылғанда,
Көңіл, шіркін, сұрайды екен Керек-айтыс.
Керекте ақымақ аз, ақылман көп,
Керекте тұйықтар аз, ақындар көп.
Онлайн отырғанын көргеніңде
Жаныңды жылытатын жақындар көп.
Бұл пәни баянды емес, бір-ақ тұтам,
Жыр айтамын дегенің тілге мықтан.
Абайсызда артық сөз айтып қойсаң,
Флудтап керектіктер кетед бұттан.
Базбіреу бұрыс сөзді тереді кіл.
Сондықтан біз айтайық келелі жыр,
Салиқалы, ұлағатты әңгіме айтсақ,
Бағасын қалың қауым береді-дүр…
Жолымыз да кедір-бұдыр, ұйқыш-айқыш,
Жұмыс пен үй ортасын шаң қылғанда,
Көңіл, шіркін, сұрайды екен Керек-айтыс.
Керекте ақымақ аз, ақылман көп,
Керекте тұйықтар аз, ақындар көп.
Онлайн отырғанын көргеніңде
Жаныңды жылытатын жақындар көп.
Бұл пәни баянды емес, бір-ақ тұтам,
Жыр айтамын дегенің тілге мықтан.
Абайсызда артық сөз айтып қойсаң,
Флудтап керектіктер кетед бұттан.
Базбіреу бұрыс сөзді тереді кіл.
Сондықтан біз айтайық келелі жыр,
Салиқалы, ұлағатты әңгіме айтсақ,
Бағасын қалың қауым береді-дүр…
Айтыстың форматы да өзгергендей…
Қисық қисық боп бітті, ендігәрі
Түзу дейтін, меніңше, кез келгендей…
Тіліме, бірақ, флуд алғам тиеп.
Нұрғиса, арқаландым, рахмет айттым.
Жазбамды жіберіпсің өзің сүйеп.
@Abilakim-асаба, келмедің бе?
Өлеңнен маржан моншақ термедің бе?
@nurjanbay-дың сынына ұшыраппыз,
Бізге де бір тренинг бермедің бе?
Қисықтың ал хатын.
Хатты оқып келмесең,
Кім болады "қатын"?
Қисықжан мына жаққа шақырады
Әбіләкім асауына мініп алған
Жырменен таңды таңға атырады
Қорқып келмей қалатын қатын емен
Нұрғиса мені ойнап жатыр деппең?
Реалда сіңбіруге уақыт болмай
Осылай жазып кеттім ғапыл өлең
Сөз беріңдер осы болсын сұрағаным
Керек айтыс керек-ақ осы жерге
Ақиқаттың ақтарып іреп жанын
Базбіреу бұрыс сөзді терді дедің,
Очм сөздер кеудемді керді менің
Жөн айттың бірақ мұның ұқсамайды
Салиқалы айтысқа Кисық серім!!! деп қояйық
Дәл қазір барым осы нағыл дейсің!?
Өлең жазшы одан да санаң жеткен,
Отырып ап поэзияның қамын жейсің…
Екі көзі жылаудан ісіп кетті.
Поэзия емес поэзия бүгінгі
Өңшең оттау!
1. тамырын тілді.
2. уксус ішті.
3. асылып өлді.
4. қайта тіріліп шатырдан секірді.
5. секіргенде де 150 ш/с жылдамдықпен келе жатқан ауыр жүк көлігінің тура алдына түсті.
6. артиллериялық қондырғылар орнатып, шрапнель снарядтың астына тұрды.
Болмайық өзгелерше кей таныс.
Музаны наққа жібергем мен,
Өзгелердей болмағасын қойтаныссссс!
Менен кеткен Муза апай,
Саған әрең жетіпті.
Наққа кеткен муза апай
Сені НАҚқа кетіріпті
енді қыз бен жігіт айтыстырып,
Өткізейік тәуліктерді
Қыз-жігіт айтысы керек боп тұр.
Бесінші қауымдастық белгісіндей,
Әйтпесе бұл айтыс бір ерек боп тұр.
Әбіләкім қыз деді көзді ойнатып,
Шешейді Муза дейтін айқайлатып.
Қыз демекші, @AKY-ім жүр ме, шіркін,
Хохландияда хохолдарға шай қайнатып!?
@AKY-жан, сөз айтсаңшы мына маған.
Өзгеге емес, сезімге сынады адам.
Екеуміз жыр жазысып, қауышқанда
Жан бар ма бұл сайтта жыламаған…
«Періште еркектерді» бұзатындар
Ежелден қыз-жігіт боп айтысқан ек
Ал қанекей сөзбенен «тұз» атыңдар
Жан едім ұғатұғын сөздің парқын.
Тасып тұрған дарыным болмаса да
Қыз едім қара өлеңге жаны жақын.
Жүрсінді ғашық қылса Лариса қыз
Мені құртқан өзіңсің Алиша қыз!
Халық демеп, маңдайға Құдай жазса
Екеуміз біраз жерге барысамыз!
Салпы ерін VS Мәмбет шайқас дайын,
Бір біріңе «фшть-фшть» деп айтақтасам,
Болмаймын ба керосин құйғандайын?
Байқатшы биіктігін талғамыңның.
Бұл жерде ысқырығың естіле ме,
Қойылғаны жөн шығар баллдарыңның.
Есіңде ме Арманжанмен дауым менің?
Түңіліп тілім-тілім болғанымда
Дертімнің дауасын сен тауып едің… гиккәй-гиккәй… гөк-гөк
Кездесу өзіңменен тілегім мың
Дауысына "құлатқан" Алиша қыз
Бұрышынан орын бер жүрегіңнің
Менің балам, байым бар, қуасың ба?
Мынау сында майланса қанжығаңыз,
Қашып кетпей, Әбеке, жуасың ба?
Сен оларды Алиша уайымдама
Сендей қыз жу деп жатса жуамыз ғой
Өзіңменен айтысу ойым ғана
Әбіл-ау, бұл бір ойың тіптен ерек.
Шабыт пен дағды болса жарамас па,
Айтпай жүрген сырың бар сенің демек.
Үніңді бір естуге асық едім
Бойдақ кезде жолықсақ ертеректе
Табар ем жүрегімнің ғашық емін
Бекерге жаралар ма ем жас жүректі?
Қиялдағы қалқаң боп қалайыншы,
Сыңғыр үн, жасын жанар, ақ тілекті.
Мынау Әбіл отыр енді қай тұста?
Жалт еттің де жоқ болдың ғой жын құсап,
Қала бердім ұқсап мен бір байқұсқа.
Салбыратпа бекерге қабағыңды
Таң алдында шығатын шолпандайын
Жарқ еткізші жаным-ау жанарыңды
Байыз тауып отырман, тауып тағат.
Мен емес, сен ғой,қалқаш, ақын жігіт
Жауапты күттірмегін, қарша борат.
Тоқтап қалған секілді сағатымыз
Ерніңдегі шиені үзсем шіркін
Төсіңізден тесілердей халатыңыз
Сезімнің моншағы боп тізілгелі.
Арманыңды аңғартқан ишараңыз
Қызғылт түске айналды жүзімдегі.
Алиша қыз талайға арман шығар
Қызылыңыз бетіңізге көшіп алса
Алма төс өз орнында қалған шығар
Баласың-ау уызға бір тоймаған,
Төс ауруың әлімсақтан байқалды,
Осы сенің не ойың бар ойлаған?
Сондықтан жұпар иісті сағынар ем
Ойымды саған айтсам оңашада
Әлішжан, келісер мең, нәғылар ең?
Құмарыңды қандырмай, қой баға ма?
Бір күйеудің таппай ма бабын өзі,
Телміртпей сұқтандырып айналаға.
Міндетін жақсы атқарад әйеліміз
Бабымызды тапқан соң шалқып жүрміз
Айтатын барма басқа дәйегіңіз?
Жалақтап, жан-жағыңа көзің сүзіп.
Бөрі аштығын білдіртпес деген бар ғой,
Сөзіңнен ұққаным сол үзік-үзік.
Жігіт ем серік еткен серілікті
Бүгінше бұл «Керектен» шығып барам
Демессіз бір қатыннан жеңіліпті
Осылай жыр түзейік аракідік.
Қатынды жеңген адам болған емес,
Бұл сөзіме қоя алам бәс те тігіп!
Бала емес балпанақтай, баба туған.
Не де болса құр болмас қосағыңыз
Жан шығар ай мен нұрдан жаратылған.
Бір сөз айтсам болама қара қызға?
Байың сенің жақсы екен бостау ұстап
Тамақ істеп, барсаңызшы балаңызға
Мен қара емес, аппақпын, жарқыным-ау!
Неменеге күйіп тұр бес бидайың,
Мұндайда мен қалмаспын тартынып-ау!
Жүргем жоқ жынойнақта қай сасқаның,
Салмақтама тірлігін сен басқаның.
Сендей жандар арқаны қолда жүрер
Ақыры кешер күйін сор қасқаның.
әзіл айттым шабытыңды ашу үшін
Дүркіреген найзағай жай ма дедім
Таппай қалдым тесікті қашу үшін
Айып етпе кеш келіп жазғаныма
Бастық отыр дікіңдеп дәл жанымда
Сор қасқаңыз қасқайып кете барды
Тексіздігі жоқ еді бек қанында
Арандатқан екеуді оңбайды да.
Сіз-біз десіп, аттамай әдет-ардан
Сыйластықты жалғасақ болмайды ма?
Басқа біреу құрығандай, мұнда тышып,
Алишаның қарсы шашқан зәр шумақтан,
Базардың қатыны өлер уын ішіп.
Бұл болсын таразы айтыс, терең айтыс.
@AKY-жан, профессор шалыңды таста, әнас!
Бастайық біз екеуміз керек айтыс.
Отыр екен қаумалап, халық күліп,
Отырғанда айтысып өзіңменен
Пірәпесір ұрысар, салып бүлік!
Әйгерім! -деп шақыру керек еді,
Одан басқа айтысатын қыз бар ма еді?
Оның өзі аппақ томпақ хәм мұрты бар,
Ия, мұрты бар…
Табылар тарлау жерге бір тарақан,
«Мәмбет болдың» тағы да қайталаймын
Енді тағы сөз айтсаң, артыңды ашам))))
«Намысымды бермеуші едім жатқа қолдан»,
Деп әртүрлі өлеңнен ұрлап айтсам,
Жазалап жібермей ме мені Буддам?
Тиісесің ауыр сөзбен бұл қыздарға.
Гастабатыр, қартайған секілдендің,
Бер орныңды сен жаңа жұлдыздарға!
Қан шықпайды-ау кейбіріңнің бетін тілсе,
Қарт кісіге «орын бер» деп айту қалды,
Автобусқа еңкейіп енді кірсең.
Қарттан орын тілейтін кемтармысың,
Жас жұлдыздар өз күшімен тырыспай ма?
Өнеріңмен, өлеңіңмен тамсандырсаң
Қарттың өзі риза болып ығыспай ма?
Маған да бір мініңді тағып кеттің.
Мен орынды өзіме сұрамап ем,
Жарайды, не важні, өзі не деп кеттім?
Қарттың да естісі бар, есері бар,
Отырып ап мақтанып, бөсері бар.
Нағыз қарт болу керек шын қазына!
Кей қартта қазымырлық кеселі бар.
Кеулімжайдың кеулі жай, мұрны аспанда,
Жастар үшін орын сұрап, келемеж боп,
Осырақ шалмен шатастың адасқанда.
Осырақ шал болсам дағы порохым бар,
«Анау мынау мақұлықтар қорықыңдар,
Әйтпесе, көтіңді ашам, көтті қыс» деп,
Байқамай мақтанатын пошымым бар.
Мұрт туралы әңгімем әзіл еді,
Жәй түртпектеу мақсатында жазып едім,
Әйтпесе қандайыңды кім біледі,
Бұл жерде мылқау, керең, қотырың бар
Өзіңнің бір шумагын ұйқаспайды)))
Мен сені батыр десем, қатын болдың
Салғыласқан еркекке жараспайды.
Жарайды, мен жеңілдім, сен маладес!
Құр ерегес керекте керек емес)))
Ауыр артиллерия қосылмай тұрғанда,
Осыменен тоқтайық қылып кеңес.
Қыздар әманда солай, ойнап жүрсе де жылап қалады.
Каждый думает по мере своей испорченности, мен пікірді жағымсыну үшін емес,ұнаған соң айтамын. Елдің бәрін өзіңдей көрмеші сен(((((((Қап қара қалыңырақ болса қастан,
Мұртты қыздар мұртына азық сақтап,
Тамақ жоқта жеп алса да өлмейді аштан.
Тасып кеттім, өзгеден асып кеттім.
Енді жауап жазуға отырып ем,
Бәрін тастап шалыңа қашып кеттің...:(((
Өзің түзу, қисық-қисық сөзіңнен!
Болсаң-дағы женатик, жас екенсің,
Шалы құрсын, айтысайын өзіңмен!
Қалдырдың кімге, дүние, қайран шалды?!
Менімен айтысып отырам де…
Сонда, Әйгерім, жұмысың қайда қалды???
Өзің ғой шақырған, жұмысқа деген шабытымды бұзып?
Енді, плиз, менімен дұрыстап айтыс,
Жұмыс қашпас,
Ал керекте күнде бола бермес мұндай шыжық)))
Сөз айтамын клава алып, Аллам қолдап.
Оу баста осы айтысты бастап едім,
Өлеңімді, Әйгерім, саған арнап.
Есіміңді айлы түнде жаттап едім.
Шумағыңмен сөзімнен аттап өттің,
Қамыңды ойлап отыр ем, жұмыс істе деп…
Енді, міне… о, жалған-ай, наққа кеттім.
Болсын бұл бір өзгеше ерек айтыс!
Наққа кетсең, Қисық-жаным қайта ғой,
Маған деген сезіміңді айта ғой))
Мен де айтайын ойымды, қарап қалмай,
Клавадан есіміңді күнде терем…
Онлайныңды күтемін тағат қалмай…
Жасыл көзді түсімде түнде көрем.
Жаныма жағып барад айтқан сөзің.
Қартайғанда жаныма жылу берген,
Келіп ең, қылықтым-ау, қайдан өзің!?
Бұл айтыс айтыс емес, болды бақыт.
Әйгерім, күлкің шуақ, ернің жақұт.
Екеуміз жағаладық сезім көлін…
Қайтеді алсақ біздер бір-бір батып?
Жо-жоқ… Қайтесің? Керегі жоқ!
Жай бетінде жүзсек те берері көп))))
Пәк сезімнен жалғанда артық бар ма?
Так ышто, батудың еш себебі жоқ.
Статистикаға салшы бір көзіңді—
«Нәзік жыныспын» дегендер,
Еркекпін дегендерден екі есе аз
Ақыры Музаны зорлаған екем,
Әртүрлі позада бақыртайын,
Қыздарменен айтысуға бәйге тіксең,
Мен-ақ қыз боп тіркеліп зайыбыңды алайын.
клавиатура деген алып қалағымды,
түріп ап етегімді балағымды,
мырситып «мышка» деген шанағымды,
жеңетін іш пыстырар қара мұңды,
Ой-хойлап, қолпаштайтын талабыңды,
Пікір жазып, быт-шыт қып сарабыңды,
айырып, тас-талқын ғып талағыңды,
Ұмыттырып темекі, арағыңды,
желпінтер, көкпар бейне бала күнгі
Керекке бір кіріп ап отырасың,
ұмытып сағат деген санағыңды…
Ұмытып сағат деген санағыңды…
Сайлап ап флуд дейтін жарағыңды
Оятып көңілдегі бала мұңды,
Сөз айтпаққа ниеттенген талабыңды,
Бұл kerek бұла керек, балғын керек,
Масайтар беріп пікір-шарабыңды.
Сосын бір көңіл, шіркін, марқаяды
Қарсы алып кәусар ауа, самалыңды.
Блогшылар жазған кейбір жылы пікір,
Қуады екен іштегі қара жынды.
Керект жігіттер көп нар тұлғалы
Алатын ықыласпен «саламыңды».
Керекте арулар көп аяулы тым
Бағатын көңілің мен қабағымды.
Керек кейде «Error» деп ашылмаса
Сол күні аспан мұңды, дала мұңды…
Бұл адам ермекшіл боп жаралмас па?
Салмақты ой, салиқалы пікірі бар,
«Керектен» өзге нәрсе таба алмас па?
«Керек» сірә, пара-пар саф алмасқа,
Серт алатын комменттен бас алмасқа,
арық семіз, домалақ, тырылиға,
мекен болған ши бұтқа, қазанбасқа
Тағатты тауысатын, алып төзім.
Айтпақшы, арық, семіз, домалақтың,
Жандос-ау, қайсысы едің, айтшы өзің?
қыбырлатып бұйралап, селдір шаштан
Пошымыма аямай бере салған
тәпелтек, жалпақ танау, шүйдебастан,
меңім бар мекендеген құлақ астан
әдемілік уә бастан тұра қашқан
бар бойыма ет бермей сылып алған,
жаратқандай қу сирақ бір ағаштан.
Аққу болу арманғой қаз үйрекке
менде жазыватырмын суырылып
Жақсы болар қалмасам қуырылып
Құрамаппыз, алайда тұралаппыз…
One sheep, оттау өлең айтып кеттік,
Салиқасыз, қасиетсіз, ұлағатсыз…
Оттау өлең барады қабықтанып
Тақырыпты тереңнен бойлап берші
Алсаңда ақыиқатқа басты жарып…
Бәрібір, кезегімді бермей кетем.
Салиқалы сөз айтуға тілім менің,
Қанша жерден сындырсам да келмейді екен…
керекинфо жазулары — бір-бір ойдың даналары…
керекинфо блоггерлері — сауалнама перенлері…
сенде келіп қосылғай — айтыс постқа шомылғай
Әп бәрекелді!!!
Әттең өнер тапшылығы тілді тұсап,
Жігіттер көпсіңдер ғой, жеңесіңдер!
Тек,
«Бары осы» деп жүрмеңдерші Бләкберд құсап,
Жігіттердің көрген соң жағыдайын.
@Alisha-ай, Әбіләкімді жер қылыпсың
Тауыққа шашылған бір тарыдайын.
Толғасын конвикт, толғасын,
Сөздері бопты сонда шын.
Еш жамандық болмасын.
Қырықпышақ сенен таяқ жеп
Сатыбалды семен дос болсын.
Шие жегір Әбіләкім
Қызыққаны ол да шын.
Қызыл көрсе қырындар әрбір жігіт
Көргесін әп-әдемі төс тартқышын.
Туһ десей, өлең құрастыру қандай қиын. мынадан кейін ақын біткеннің бәрі у іздеп кеткен шығарБатыстың бәрі Адай емес демекші жер болған жерімізді шұқып көрсете кетсеңіз
Айтысатындар айтыса беріңдер. Бейтаныс, кеттік басқа песочницаға, ойыншықтарыңның бәрін қалдырмай алып жүр, біреуін қалдырма бұларға!
Қыз-жігіттер құмар ғой танысуға.
Блогшылар, керекшілер тырысайық
Балағатсыз, боқтықсыз жазысуға.
Себебі муза шешей үндемейді.
Позитивті муахахала көрсе батыр,
Оқып алып алдыменен пілюстейді.
Алқаштарды сөзбенен ол емдейді,
«Зигмунд Фрейд, уішівөл» деп күндемейді,
Туретта синдромы үшін минус алып,
Ешбір жанға сол үшін ренжімейді.
Жас буын блоггерлердің тәуірі еді.
Панданың еніп образына,
Маймаң басып, қара-ала боп келеді.
Келеді екен майысқақ жүрістері.
Туалеттің М-сына да кіре алмай,
Жүреді екен күзетіп женскийні.
Түнгі 2-де ұйықтамауға кімдер шыдар.
Мен де кеттім Морфейдің ауылына,
Атты ерттеп, ұйқым тосып тұрған шығар
Жақсы сөз қай қашанда ойға қонар!
Алайда түсінісу қыин боп тұр…
Жазбалар таусылмайтын ұзынсонар))
Айтыстығой @alishaмен @Әбіл))) әсем!
@AKYыңда аққудай көлде жүзген
@Gastarbaiter аңшыға бермей есе
Айтыс болды керекте қызу кеше
Ей @qisyq қалай болад ослай десе? ~x(
Өлеңіңмен өзге ойды қиратып ең!
Әттең, шіркін, әдемі ән айтар едім,
Білімім аз, ақылым жоқ, ұятым кем…
Оның рас, кеше айтыстық әуенменен.
Керекте әлемдеген, жәлемденген.
@AKY да жебе-сөзін салып жатты,
Хохландиядан кеп жеткен сәлемменен.
@Abilakim @alisha -мен жұптан өтті.
Онысын @a63a1 бірден құптай кетті.
Біздің айтыс біртүрлі әсер етті-ау,
@Beytanis пен @konvict бұттан кетті.
@Gastarbaiter жыр жазды клава алып,
Көмейінен өлең-ән бұлағы ағып.
Жалпыға жеке шапты кірпік қақпай.
Тілінен уы, балы қатар тамып.
Осындай алып айтыс болды кеше.
Көңіліміз ақындарға толды неше.
Біразының көңілінде қалды-ау деймін…
Шамға тиген шиқан сөз, кеткен есе…
Нағыз адам жақсылықты ұмытпайды.
Әттең, шіркін, жабыла айтысуға,
Керекшілер кезек-кезек ұйықтайды.
Бірі күндіз айтысты құлатыпты.
Бірі түнде клаваны жылатыпты.
Енді бірі жұмысын былай қойып,
Отырады құртып трафикті.
Жұмыста күндестер көп көзі қарақ.
Бірдеңе жазар едім, амал қанша?
Қыртиып отыр бастық жаман қарап
Жаралған да жер бетіне таралған ба?
Әйтеуір, солардың сөзі өтімді
Үй алғанда «Көктемнен», «Самалдан» да.
Біз деген планктоны офистердің,
Кеңселік стратегия керістердің.
Құдай жазса, куәсі болармыз біз
Өзің жеткен офистік жеңістердің.
дууу қол шапалақ
Басқалары оған бақырайып қарап тұрса, ол: “Әй, тасташ енесті, бұндай бәле бізде шаш етектен, аяймыз ба құрсын” -дейді.
Алматының жігіті үстелдегі алманы әлгі сыраның соңынан лақтырып жіберіп:- Е-е-е, олай болса бізде алма жетіп артылады, аяймыз ба құрсын!”- дейді.
Осы жерде астаналық басын әрі қасып, бері қасып біраз не істерін білмей тұрады да, шымкенттікті жағасынан ұстап терезеден бірақ лақтырады: – Бізде бұндай бәлелер шаш етектен. Аяймыз ба?”-дейді.
— Бапа, бапа дим, марожни! Марожни! Ма-рож-ни!!!
— Тууу балам ау, мен де жегім келеді марожни. Бірақ ақшамыз тек қана араққа ғана жетеді.
Анау-мынау кісіні менсінбеймін.
Айтысса, бір айтысар меніменен,
satibaldi осында келсін деймін!
Жаратпайды, болса егер ақын арлы,
Атышулы қисық тіл satibaldi !
Көптен бері көрінбей кетті мұнда,
satibaldi нақуя жатып алды?
Сатыбалды асқабақтан қатын алды
Қалың малын беруге шабашкілеп
бір кноньякпен екі виски сатып алды
Сәтің бұл «өшетін» не «бақ жанатын».
Қорыта алмай қалып жүрмейсің бе?
Ауыр болып жүрмесін ағзаңа тым.
Тым бөлек-ау бірақ сенің бақ, шабысың
шайпау шумақ жазыпсың, бастамастан
Ал ендеше мендік бір жыр ақтарылсын.
Керекте мен сол 11 ден жортып келем
Өлеңді де, байыбына түсіп өрем
Қорытармыз, жазбасаң қортылмайтын,
Асқазанға қиянат құсық өлең
Жігіт болып жаралғам — Емен берік.
Ар сақтап…
Намыс бермей, кемелденіп…
Жығып болып тұрайын Жарты Әлемді,
Сенің айтқан «Сыныңа» денем(ді) керіп…
(Доңыздың балшығына батырсаң да...)
Атылсам да Ар алдында…
Көнем делік!
Адалдықтың көлінде жүзіп жүргем…
Бойламаған болсам да тереңге еніп!..
пы.сы. кет, жоғал, көргенсіз, мен ми деген сөзді жасырғам.
Қамап тастап қапасқа терезесіз.
Екі Абзалды қойдың ау қырқыстырып,
Жекпе-жекке қойғандай ережесіз…
Қайтеміз "қан туралы" заң шығарып?
(Кетпей ме бұл айтыстың таңсығы арып?)
Айтыссүйер Керектің көрермені,
Қолдаса жетіп жатыр шаң шығарып…
Құрбан-айттың алдағы мейрамына,
Қояйын дедің бе әлде қан шығарып?
Ыңқылдатып кетіпсіңғой жыр әлемін
Кейде отырып, айтқың келіп кетпейдіме
«Ей өмір сен недеген х… я едің!»
Ұйқастың түсіпсің-ау қызығына
Пафос толы, мақтапсың өз-өзіңді,
Дайынған тақпағыңба қыз сынына?
Ұйыған сабырымды бұздың, шыным.
Қалпыңнан жапырақтай күзгі ыршыдың…
Тақпақтарын жаттап ап, талай-талай,
Қатысып ұтқандайсың қыздың сынын!!!
Ақиқаттың аузынан үздім сығын.
(Уақытыңыз болмасын Сіздің шығын.)
Бағындырған биігің жайлы болғай
Кәрі үкілер жайғасқан құздың шыңы.