Мен білем, көктемің келеді

Жасылға оранып желегі,
Мен білем, көктемің келеді.
Көк аспан сол жылы көктемде
Шуағын өзіңе төгеді.
Ал қазір мен саған жыр жазам
Белгісіз боп келген дерегі.
…Кейде шын тиеді көмегі
Жазылмай қалса ақын өлеңі.
«Сөздер көп, асықпа,
Себебі,
Оны айтпау еш мүмкін емес боп
Тұрғанда ғана сен айтқайсың»
Высоцкий осылай деп еді.
Ал ол бос сөйлемес ер еді.
Ой мейлі, артығы, не кемі,
Қолымнан жыр жазу келеді.
Ал сенің келеді қолыңнан
Сол жырдың бола алу себебі.
Менімен, болмаса не менсіз,
Бәрібір көктемің келеді. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Мен білем, көктемің келеді

Ұқсатпай сені ешбір жанға да
Қараймын шынымен таңдана.
Бір келіп, бір келмей қаласың
Келем деп айтқанмен қамдана.
Негізі, өтірік айтпайын
Сені ойлап тұрам деп таңда да,
Қинады мені деп жан жара,
Есіме абайсыз салады
Үнемі сені деп бар қала.
Жоқ, ондай сөз күтпе өзімнен.
Бір суық, бір жылы сөзімнен
Еш сезім алмайсың аңғара.
Мысалы, білмеймін мен, міне,
Айтпауға болмас сәт келді ме,
Бірақ та айтамын сонда да.

Жыр жаздым біраз сыр шертіп мен,
Бұл өлең — жеребе мен тіккен,
Біртүрлі шындықпен осындай
Біреудің жүрегін елтіп пе ем?
Бірақ та сен мұнан таппайсың
Дәмелі сөздерді ентіккен,
Әдемі сөздерді сен күткен.
Мен сені сүйем бе, жоқ әлде,
Оны да білмеймін мен тіптен.

Ертерек, жиынды жерлерге,
Есімде, мен кіріп келгенде,
Айтылған сөздерге бас изеп,
Күлімдеп отырдың сол жерде.
Әрине, түстің сен көзіме,
Сол бейнең ұнады өзіме
Мен сені ең алғаш көргенде.
Бір көріп ғашық боп қалуға
болады дегендер шерменде.
Сондықтан мен мүлде сенбеймін
Шын сүйдім дегенге мен демде.
Бірақ та жүз қалды жадымда,
Бірақ та із қалды кеудемде.

Әрине, өзгеден ерексіз.
Әрі аңғал, әрі шын зерексіз.
Басыңыз изеліп өзінен,
Күлесіз себепті-себепсіз.
Ренжіме, еңсеңді түсірме,
Мен көрген қыздардың ішінде
Ең сұлу қыз да сіз емессіз.
Бірақ та сен барда олардың
Бірі де маған еш керексіз.

Өзгенің, шыны, жоқ керегі.
Ал саған тағдыр бақ береді,
Тамаша қыздың сен сияқты
Жасылға оранып желегі,
Мен білем, көктемі келеді.

Маусым, 2013
Бөлісу:

35 пікір

MERmukhanov
нәрмәлні өлең, оқыңдар еу, менен гөрі романтиктеулерің
VKM
тух, романтик емеспін дейді,өзі барып тұрған романтиктің өзі! Ұнады
MamaAya
Мерей сен менің таңдаулымның санын тағы арттырдың ғой....
Ispek92
Пападес, жақсы өлең. Не ғо ағасы мынадай өлеңдер еш себепсіз шыға береді дегенге сене алмайды екем?
MamaAya
негізі барын жақын қабылдаған да жаман -ау өзімді әлгі көктемді күтіп отырған қыз ғып елестетіп отыра берер ме едім, балам тамақ сұрамағанда,, ииииииииииииих!
MERmukhanov
Тіркелген күні:	13 қараша 2013, 20:43


Тәжірибесі +800
/+500-ге құрметті атақ береді/ — зыверь екенсің, мамасы!
MamaAya
«хищник» қой еще
MamaAya
кеше маған күйеуім қатты замечание жасады, че то соңғы кезде слишком комппен балуешься, ну смотриии! -деп, ойлап ем, ертеңнен бастап қысқартам керекті, и біраз нәрселер істеймін, үйге жаңалық ендірем деп, қайдағы кіре берем-кіре берем,,, жалқау постоянно бірнәрсе істемек болып жүреді -деген ғой, сол маған арналса керек…
MERmukhanov
Сен қыз таяқ жейін деп жүрсің осы
MamaAya
айтпа, сезіп жүрм соны…
MERmukhanov
кіруді азайт! Болмаса, легально күйеуіңмен келісіп, супердомохозяйка деген ресми атпен тұрмыстық блогер атанып, қаламақыға материал жаза баста
MamaAya
жоқ бізге менің тапқан ақшам керек емес,, бізде маған легально ештемеге келісім берілмеген, олай жазған күнде де оның тексеруінен өткен дүниені ешкім оқымасы анық! ал мен күніне 2 рет қана кірем... тек өшірілмей 3 компта қосылып тұра берет тә… пока кіре тұрамын…
Ispek92
өшірілмей 3 компта қосылып тұра берет тә
 бала санынан немесе үйдегі үлкендер санынан комп саны көп екен
MamaAya
 2 ноутбук мама-папаларынікі, а комп балдардікі
MERmukhanov
Уощм, күйеуіңнің фильтрі мықты десей.
Бірақ, мен білем, көктемің келеді.
MamaAya
өзінің фильтрі жоқ!
Рахмет, келсе екен, қаз қатты күз боп тұр!
MERmukhanov
Жасылға оранып желегі,
Мен білем, көктемің келеді.
Сол кезде күйеуің бір сүйіп,
Шекеңе бір шалбан береді.
AknietTanirbergenkyzy
Жасылға оранып желегі,
Мен білем, көктемің келеді,
Мен саған ғашық та емес ем,
Болған ед ұнату мендегі.

Алаулап сенімнің елегі,
Мен білем, бақытым бес елі.
Мен сені сүйген де емес ем,
Жай ғана жыр арнау мендегі.

Естілер қуаныш сыбдыры,
Жеткізер жаңалық жаршысы.
Менсіз-ақ бақытты боласың,
Мен сенем, бақытың келеді...........................!
(сіздің өлең жолыңызбен)
dark_nazgul
Білгішсіңдер, шеттеріңнен.
MamaAya
бойдақ кезде шырқалатын әндер ғой, үндемеңіз рахаттанып шығарып-шығарып алсын… кейііін біз ұқсап отырар...
MERmukhanov
Өзім өлең көрсем, оқымай, не шала шарпы қарап өтем.
Бірақ өз өлеңімді жұрт оқуы керек деген ой бар, себебі, жақсы және сирек жазылады .
Осындай әділетсіздік
п.с. Үйленгесін де жазам осы жиілікпен, отвечаю.
MERmukhanov
 уверенный информация, Майя қателескелі көктем келетініне сенім мол.
достоверка, тәте, достоверка!
dark_nazgul
тәте, тәте дейсің… тәтең де…
kariim
Жас ақын үшін тіпті керемет өлең. Бір-екі пікір айтсам нәпсіңе тиіп қалам-ау! Сынды көтере алмай сынып қалатынымыз тағы бар…
MERmukhanov
айта беріңіз, молда. Ақын емеспін!
Бұларға сіз қарисыз, ал мен ақын.
Себебі бұл жерде бізден асқан шын ақын мен қарилар жоқ. Бәрі салыстырмалы. Ит жоқта сізге ұнамайтын мақұлық үреді
Соңғы түзету:
kariim
Жай, нәпсіңді сынап көрейін дегенім ғой, бауырым! Өлеңіңе қарсы айтарым жоқ ))) Керектің қасқырларының сынына әбден піскенің көрініп тұр
MERmukhanov
айтасыз-ау, Керектің бір бөрісі өзіміз боп алдық
Daniar-Alan
одминнің жиені болса енД
MERmukhanov
Бұл молда мүслім болды, ұл өсірді,
Керекке де қосасың үлесіңді.
Романтика не теңі молдалардың,
Кәпірмен жасай берші күресіңді.
Нәпсіміз қайбір оңған нәпсі дейсің,
Көп сынамай, баса сал пәлөсіңді!