Домбыра Party Астана 2013. Беташар

Биылғы кештердің шымылдығын түрдік. Өзіміз бас болған істі өңірлер әлдеқашан дөңгелетіп алып кетті. Әсіресе Алматы, Атырау, Жаңаөзеннің арыны қатты. Апта сайын дүрілдетіп жатыр. Бізге Арқаның адуынды мінезіне шыдауға тура келді. Мамырдың ортасынан асқанда Астана да жылыды-ау әйтеуір. Соның өзінде, кешегі Party-дің соңына қарай жағымыз үрпиісіп, тоңа бастадық.

Кешегі кездесу өнерпаздардың көптігімен ерекшеленді. Ең басты қонағымыз Жанғали Жүзбаев ағамыз. Аза таныстыруын келістіріп-ақ жазды ғой. Алғашқы адым сол кісінікі деп шештік. Ағай Тәттімбеттің «Саржайлауын», Сүгірдің «Шалқымасын» орындап берді. Ақсақалмен бірге «Шабыт» университетінен жас домбырашылар ере келген екен. Олар да төкпе күйдің шырайын келтірді. Әрине әттең-ай бар осы тұста. Алқа-қотан иірілген жұрт күйдің дауысын қалағандай ести алмаған сияқты. Сондықтан, келесіде, күйшілерге кішкене колонкалар қою жағын ойластырып көру керек.

Тағы бір өкінішіміз, өткен жылғы Party-лердің жұлдыздары болмады. Нұрғиса іссапарда, Аза Хабарға хабар тасып жүр. Шенеунік Алдан да кешігіп келді. Жазғыра алмаймыз. Жұмыстың аты жұмыс.

Дегенмен, суырылып шығып (кейбірін мәжбүрледік шыны керек) шырқағандар көп болды. Осыған қуандық. Келесіде ән айтам деушілер бұдан да көп болатынына сеніп тарқастық.

Иә, айтпақшы, кеше Астанамен қатар Алматы, Қызылорда, Атырау, Жаңаөзенде де Party өтті, менің білуімше. Енді бір-екі аптадан соң барлық өңір бірігіп, бір мезетте өткізетін боламыз. Кең даланың барлық ірі қаласында домбыра үнін әуелетіп, бір әнді бірігіп шырқаймыз. Әне флешмоб! Қайда әлгі Гиннес?
Бөлісу:

13 пікір

Marco
Фото, видеоларды Жанасыл, Данияр, Абайлар жариялайды. Асықтырып қоймасаңдар, отыра беретін түрлері бар.)))
torgai
Видеосы қайда? ФБ-н бұрын осында салыңдар)))
asaubota
маған жіберулеріңе болады: asaubota@gmail.com
осы постқа қосып қоямын.
aza
Әсіресе, Жанасыл Ол асықпағаны өз алдына, суреттерді өңдейді, кетіріп тастайды өзі нащаар боп түскен жерлерін))) Очм, Жанасылдан алу қиын)))
asaubota
жалпы басы нашар басталды. соңы қызды керемет. күннің салқынына қарамастан аяқтау қиын болды. басында жұрт әлі дұрыс үйренісе алмай жатты және алғашқы ДП жиыны болса да сюжетқұмар ТВ жетіп келіп, жұрттың қатайып қалуына себеп болған сияқты. мойындау керек күйлер онша өтпеді, ашық далада микрофонсыз түк әсері болмады. бірақ ана студент балдардың эффектілі күйлері әдемі өтті. ТВ кеткеннен кейін қызған сияқты негізі.

ТВ-ге ренжірлік тағы бір нәрсе: түсіретін болса тек басын түсіріп, сосын сюжет жасауға кетіп қалмай бастан аяқ түсіру керек. шынымен бұл шараның олар үшін маңызды екенін көрсетулері керек. немесе арнайы бөлек репортаж жасасын. ал былай тек келіп өздеріне азық болатындай түсіріп кетіп қалу дұрыс емес. ДП-ға ешқандай жарнама да керек емес, «ооо сюжет жасалды» деп қуанатындай ондайға мұқтаж да емеспіз.
aza
Мұқтаж емеспіз! Мұқтаж емеспін Керісінше, барынша қарапайым-ақ болсақ, өзіміз отырып қана, әән айтып дегендей…
torgai
Артынан қонақ кәде сұрайтындар көбейіп кетіп, Марко аяқтай алмай әлек болды ғой.
asaubota
футболға келесің бе осы апта?
torgai
Осы апта келемін!!!
ushkin
Осы Астананың домбыра-Патилері біртүрлі ерекше болып көрінеді. Заманауи қалада домбыра тартылып жатқаны жүрекке жылы тиеді.
Argyn
Домбыраның даусы қатты шығу үшін калонка керек сияқты…
torgai
Қыздар дуеті Мында басыңыз
Соңғы түзету:
torgai
Ертеңгі Домбыра-Пати не болады екен? Ауа-райы осылай болса дегенім ғой.