Нептептегі өмірім және қызықтарым!
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі селолық округіне қарасты (Сол кезде Бахтияр Артаев әкім ед) 140-150 шақты үйі бар, Қаратау бөлімшесі «Тұрар Рысқұлов» орта мектебінде білім алдым. Бастауыш сыныптағы кезім онша есімде жоқ. Әйтеуір Жәриякүл әпкидің (класс жетекші) қолындағы дәу (нән, үлкен) сақинасы бәріміздің есімізде. Тағы, үйдегілердің айтуы бойынша «Кән, біздің Жәпөк өлең айтат» десе, атып тұрып сайрай берген екем. Ишо индиский киіндіріп билетіп қоятын болған. (Кейін соны есейген сайын бетіме басып) Содан 4 жыл оқып бастауышпен қоштастым. Солай 5,6,7-ші сынып өте берді.
Аудандық жарыстардың бәріне қатысатын, мектепте 3-4 әқ бала болды. Сол тізімде мен де бар едім. Менікі енді ән жағынан. "Әнші балапан", «Боз торғай», «Абай оқулары» сияқты байқаулардың табалдырығын тоздырдым. Бірде 8-сынып оқып жүргенiмде Аудандық «Абай оқулары» байқауында, Абай атамыздың «Сегiз аяқ» әнiн домбырамен орындап «1-орын» алдым! Айтпақшы, өткенде Домбыра Partyде Marco мырза сол «Сегіз аяқты» айтып берші дегенде, сөзі мен әнін ұмытыңқырап айта алмай ұйялғаным бар ет.) Ал жаңағы «Бас жүлденi» бip мектеп директорының баласы алды. Жыладым сол кезде. Менi бip дипломмен қуантты, оған диплом мен DVD және Облыстық «Абай оқулары» байқауына жолдама бердi. Сол бала кайда екен казip?! Әлде сол атақты көтере алмай iшiп кеттi ме екен, а! Проста iшiң ашит та е!…
Марко ұялтқан кез
Әрі қарай