Армандар орындалады...

Блог - AyaEnchieva: Армандар орындалады...Мен қазір 14 жастамын. Біз жақта қаладағыдай бірінші сыныпқа 7 жасынан емес, 6 жастан барады. Ал мен 5 жасымнан барыппын. Әкем мен анам жанымда, бір әпкем қуанышым болып, екі ағам қорғанышым болып, бір сіңлім жұбанышым болып жүрген шақтарым. Әкемнің ерке қызы болып өстім. Әкеме еркелеп жүріп алты жасымда әкемнен айырылып қалдым. Аллаға да жақсы адам керек қой… Не керек, ол кезде түсінбедім. Мамам мен бауырларым мұңіайып жүрді. Олардың есі бар ғой. Сіңлім екеуіміз бала боп жүрміз әлі. Мен әкемді сағынатынмын. Недегенмен әкенің махаббаты ерекше ғой! Әкем аман кезінде мені машинасына отырғызып ауруханаға апаратын. Сары аурумен ауырдым. Сол кездерді де, яғни, әкемнің қасында болған сәттерімді сағынатынмын. Солай, мен «дәрігер боламын» дедім. хех, ол кезде «дәрігер» емес, «доқтр» дейтінмін. Мен мамама «дәрігер боламын» деп айтатынмын. Мамам болса, ыстық құшағына алып, «жарығым, менің қызым ең мықты дәрігер болады» дейтін еді. Кейін, өсе келе, үшінші сыныбымнан «операция жасайтын дәрігер боламын» дейтін болдым. Келесі жылы, бір дәрігерлер туралы кино көріп «хирург» сөзін үйреніп, «хирург боламын» дедім. Бесінші сынып. Әкемнің жоқтығын анық сезінетін уақыт еді. Әкемнің жол апатынан аман қалмағанын біліп, алдыма мақсат қойдым. Мақсатым- әкем сияқты жол апатына ұшыраған адамдарға Алладан кейін көмек беру. Мен адамдарға көмектесуге құштар болдым. Адамдарға екінші өмір сыйлап, олардың алғысын алғым келді. Қазір тоғызыншы сыныппын, шүкір. Өзім аманмын, аман кезде басқаларды аман алып қалу үшін оқып жүрмін. Тоғыз жылдан бері бір рет те мамандығымды ауыстырған емеспін. Достарым мен өзімнен үлкен мектептегі достарымның әлі не мамандық таңдарын білмейтіні мені қызықтырады. Сонда, олардың өмірінде мамандық таңдауға себеп болмаған ба? Кейбіреулер айтады "Үйдегілер врач боласың дейді, бірақ мен болғым келмейді" деп. Түсінбейтінім, адам мамандығын сүймесе қалай жұмыс жасайды. Оның үстіне, дәрігерлік оңай мамандық емес. Кейбіреулері айтады «ақшасы көп мамандық таңдаймын ғой» деп. Ақша табу үшін де оқу керек қой. Менен барлығы қандай пән таңдайтынымды сұрағанда, бірден «биология» деп жауап беремін. Олар күледі "ұятсыз" деп. Кейбірі «ойвууу, отырып қаласың ғой» дейді. Оларға жауабым: «отырып қалсамда, оқуымды оқып, хирург боламын». Басқа не айтамын? Олар менің неліктен дәрігер болуды қалайтынымды білмейді де, мазақ қылады. Хех, мен оларға күлуім керек. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең». Армандау керек. Мамам да айтады «армандар орындалады» деп. Мен мамамның барлық айтқан сөзіне сеніп үйренгенмін, бұл жолы да сенемін «армандар орындалады». Қазіргі таңда мен Кореяға барып оқуды мақсат еттім. Жыл сайын «дәрігер боламын» деген арманыма бір мақсат қосып келемін. Құдай қаласа, мектепті үздік аяқтап, грантқа түсіп, бірінші курстан кейін Оңтүстік Кореяға тегін жолдамамен оқуға барамын. Білесіздер, қазір шет елдің студенттерімен алмасып, тәжірибе алмасып жүр. Мен де солай Оңтүстік Кореяға тәжірибе алмасуға барамын. Сосын, Қазақстанға қайта келемін. Қазақстанның «менмін» деген ауруханасынан тәжірибе жинап, ауылыма үлкен аурухана тұрғызамын. Сол кезде маған сенбегендер ұялатын болады. Мақсатыма жеткенде үлкендер маған батасын берері анық. «Батаменен ел көгерер» дейді ғой. Арғы дүниеде жүріп, әкем менімен мақтанатын болады! Әлі талай адам «Темірханның қызы ғой...» деп айтатын болады!
Қарап отырсаңыздар, тоғыз жылдан бері мақсат етіп келген бұл мамандыққа бір ғана себеп-Алланың әкемді алып кетуі. Армандай білу керек, сол арманға жету үшін мақсат қоя білу керек. Анам айтады АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ! Мен арманыма жетемін және жеткен кезде осында жазамын.
Әрі қарай

ҮЗДІК 10 "ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ". Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

Сыбайлас қамқорлық: ҮЗДІК 10 ЖЕГЕН ЖӘРДЕМ. Өліп болмайтын өтірік амалдар хит-парады

— Олар не істеуші еді маған? Көп болса укол салар… Әйтпесе, алып кетер...

«Тамақтан ұшындым» деп қысылып жатқан құрбымнан неге жедел жәрдемге хабарласпағанын сұрағанымда алған жауабымның сиқы осы еді.
Рас, еліміздің науқастарға жедел көмек көрсету жылдамдығы мен сапасы кейде сан соқтырып, бармағыңды шайнатады. Оған жақсылы-жаман сан себептер бар. Дегенмен, жеке өз жауапкершілігіміз қайда?!
Айталық, ол жай улану емес — «сальмонеллез» не бір вирустық жұқпалы ауру болса ше?! Алып кетсе, дәрігерлер аурудың себебін анықтауға тырысып, жазылғанша оқшаулар ма еді?!
Бірақ, жо-о-оқ. Біз дәрігерге сенбейміз. Одан да жағдайды әбден асқындырып, алтын уақытты өлтіріп, бәрібір сол «жәмән» дәрігердің алдына барғанды артық көреміз…
Ал оған дейін не істейміз?
Әрі қарай

Бұл жерде өлім өмірге қызмет етеді

Блог - Marco: Бұл жерде өлім өмірге қызмет етеді
Түнек, бар болғаны, жарықтың жоқтығы. Суық жылу жоғалғанда ғана пайда болады. Жамандық жақсылық түгесілген жерде туады. Бір болмыс туу үшін екіншісі өлу керек. Ал өлім болса — өмірдің жалғасы. Рух жаратушының әмірімен жер бетіне түскен кездегі пәктігінен жұрдай болып, қайта көкке көтеріледі. Оның әлі тазарудан үміті бар. Ал күнә біткеннің бәріне куә болған ет пен сүйек Жер Анасының қойнына оралып, шіріп кетуі керек. Бірақ, әрдайым олай бола бермейді. Мәйітке де жаңа миссия жүктелетін кездер бар. Оны білуге дайын болсаңыз, кеттік.
Әрі қарай

Сағат

Балалық шақта «неліктен» деп сұрақ қоя білмейсің, қолыңды созасың. Сондай заттың бірі сағат. Қоңырауы бар сағат. Қоңырауы соққанда шығаратын дыбысы қайдан шығады деп ойлайтынмын.
Блог - bake: Сағат
1 сурет. Қоңырауы бар сағат.

Қабырғада ілінетін маятникті сағатты да көрдік. Әр сағат сайын қоңырау соғады. Қоңырау дыбыстары жоғарғы ноталардағы әр тондағы дыбыстар.
Блог - bake: Сағат
2 сурет.Қабырғаға ілінетін маятникті сағат.

Қол шамасы сағат корпусындағы винтті бұрап ашқанға келгенде ішін аштым –ау!
Бірден олай-былай жұмыс істейді деуге болады.
Әрі қарай

Пойыздағы дәрігер

Купе. Купе болған соң пойыз. 4 адам. Бір жігіт ағасы, бір кемпір, бір жас жігіт және сол шамалас бойжеткен қыз. Кемпір жүн нәски тоқып отыр, жігіт ағасы журнал оқып отыр. Жігіт қызға бір жапырақ қағаз ұсынады. Сөйтіп екеуі логин алмасып, агент арқылы сөйлесуге көшеді. Мәселе махаббат, қарым-қатынасқа кеп тіреледі.
Қыз жігітке:
-Менің сенімен сүйіскім кеп тұр. Мен өтірік талып құлап қалайын, сен мені жасанды демалдыр-деп жазып жібереді.
содан қыз өтірік талықсып отырған орнында сылқ ете қалады. Жас жігіт купедегілерді " Мен Медакадемияның 5-ші курс студентімін, таза ауа керек, анау-мынау" деп шығарып жібереді. Шамалыдан соң екеуі шаруаларын тындырып болған соң жігіт купеден шығып:
-Алаңдамаңыздар, қыздың жағдайы жақсы, мен жасанды дем беріп укол салдым- дейді. сөйтсе, көршілес купедегілер де қыз талып қалды дегенді естіп жиналып тұр екен. Араларынан біреуі:
-Әй, доқтыр, шалбарыңның замогын тағып ал,әйтпесе шприціңді жоғалтып аларсың-депті.
Әрі қарай

Қай жерімді көрсетейін?

Қарағандыда Қайрат деген лирик ақын бар. Жүрісі де, тұрысы да періште. Сол Қайраттың келіншегі босанып перзентханаға түседі. Қайратта ес жоқ, жарты Қарағандыға жар салып қойған. Күнде артынып-тартынып презентханаға келеді. Қайраттың келіншегі де мәз. Жас ана нәрестесін емізіп отырса, палатаға дәрігер жігіт кіреді. “Сіз бе, бәленшекең”,-дейді ақ халатты абзал жан. “Йә, менмін”. Хал-жадайыңыз қалай деп сұрастырады дәрігер. Әдеттегі процедруа. Келіншек дәрігерге: “Төсімді көрсетейін бе?”-дейді. Жо-жоға деп азар да безер болады дәрігер. “Онда астымды көрсетейін бе?”-дейді ыңғайланып. “Мен Қайраттың жолдасымын, атым Жанат, осында практикаға келгем. Қайрат тапсырған соң кіргенім ғой”,-депті жас жігіт қызарақтап.
Әрі қарай

Дәрігер үзбеген үміт

Он бес жыл болды қала тұрғынымын. Әкем, шешем қалаға келгеніне үш-төрт жылға толды. Қала тұрғыны атандық. Осыдан екі жыл бұрын өзімді осылайша таныстырар едім.
Қазір бәрі басқаша. Соңғы кездері науқастанып қалатын күндерім көбейіп жүр. Жас десек, бар жоғы отыздың үшеуіндемін. Бүгін науқастанып қалдым, күн суық. Ертең барша күш-қайратымды жинап, учаскелік дәрігер алдынан барып өтпекшімін. Үш күн болды науқастанғаныма, қолымнан жасаған ем болмады.
Учаскелік дәрігер кабинетінің есік сыртында «Казаченко Н.В.» жазуы бар. Фамилиясы белгілі болған соң, толық аты-жөніне көңіл аудармайсың.
— Казаченкоға кім соңы, — деп кезектен кезек алып қабылдауына отыра бересің. Кабинетте бет жүзі қатал орыстың сары әйелі қабылдау жүргізеді. Дәрігерлік жеңіл емес кәсіпте көп жыл қызметте. Ұстанымы әскери дәрігерге бергісіз.
Былтырғы жыл біздің отбасымызға жеңіл тимеді. Қырсықтың басы күзде жеке өз отбасымның шайқалуынан бастады, себебі ажырасу. Сот, ұрыс-керіс, төленбеген қарыздар. Қатты қыстан жылқы, ірі — қара арасынан шығын болды. Жазды күні ата-бабаларымызға ас беріп, тілеу жасадық. Өткен жылғы күзде, ұрыс – керіспен ажырасып жүргенде әкемнің басына қан құйылып ауруханаға түседі. Шешем маған көп нәрсені айтпай жасыратын. Ауруханаға қалай түскені туралы хабарсыз болдым. Бір жыл өткен соң қайтадан ауруханаға жатқызды. Бұл жолы ауруханаға өзім барып жүрдім. Бұрынғы жылдардан қарағанда соңғы бір жыл ішінде әкем нашарлап кетті. Таяқпен тіреніп жүреді.
Әкемді ауруханадан екі жұмадан кейін шығарып тастады. Ем қонбады. Соңғы күндерін туған-туысқандар арасында өткізсін дегендей. Мазасыз түндер мен күндер кештік. Күндіз сыртты (пәтердің кіре беріс алды, үйдің ауласын) аңдитынмын. Жетім адамша қараусыз, отырған жерінде құлап қалмасын (көз жұмбасын) дегендей қарайлап жүретінмін.
Сырқаттанбаған кезінде кәрілігін мойындап «адам кішкене кезінде бір бала, кәрітейгенде бір бала», — дейтұғын. Келіннің қолында кеткен екі жастағы немересін сағынып, «немере ыстық, туған балаларымнан да» — деп жиі айтып қоятын. Өзінің кәрілігі, сырқаты қосылып бізге түсірген ауыртпалықты ойлап уайымдайтын. Өзіне де жеңіл тимеді. Күтімі ауыр болған жоқ. Өзі аяғымен жүрді. Қол икемі кетсе де, өз қолымен тамақтанды. Қозғалғанда тез шаршап қалатын. Сонда көмекке келетінбіз. Ауруханадан шыққанына бір ай толғанда хәлі күрт нашарлады. Ас ішкенге тәбеті төмендеді. Аяқ бастарынан жылу кетті. Қолымызды тигізіп көреміз, сұп-суық. Жылынбайды.
Пәтерімізге учаскелік дәрігерді шақырттық. Сәрсенбі күні сағат он мөлшерінде пәтердің кіре берісіндегі есіктің қоңырауы соғылды. Шақыртқан учаскелік дәрігер келіпті. Әкем екеуі бөлмеде қалды. Бір қарағанда әкем жаман тілімен (ойын жеткізе алмайтын бірден, әсіресе орысша) дәрігерге бір нәрсесін айтып жатыр, дәрігер басын шұлғып, қағазға жазуларын түсірді. Дәрігер қарауын аяқтап, менің қолыма «рецепт» жазылған екі жарты бетті ұстатты. Қағаздардағы жазуларды оқымақшы болып едім, түк түсінбедім, латынша жазылыпты. Осы кезде дәрігер жуынатын бөлмеге барып қолын шайып шықты да (диалог орыс тілінде):
— Міндетті түрде жұма күні мені шақыртыңыз, — деп барынша сыпайы күймен айтты. Әкемнің соңғы күндері тым мазасыз болып кеткендігін жеткізбекші болып:
— Атамыз соңғы күндері тым мазасыз болып барады — деп айта бергенімде дәрігер сөзімді үзіп:
— Олардың барлықтары сондай, — деді де пәтерден шығып кетті.
Бейсенбі күні. Шешем сәрсенбі күні берілген рецепт бойынша жазылған дәрілерді ала алмады. Жақын жердегі дәріханада жоқ. Сондықтан бүгін таңертеңнен дәріханалар ашылды – ау деген уақытта дәрілерді іздеп кетті. Пәтерде әкем екеуіміз қалдық. Сағат он мөлшерінде әкем қасына шақырып алды. Қолынан жетектеп дәретханаға апаруын сұрады. Дәретханадан шығып төсек орнына жетектеп келе жатқанымда, әкем:
— Кетіп барамын, — деп екі рет қайталады. Мен болсам әкемнің екі аяғымен жүріп келе жатқанын көзіммен көре тұра:
— Әке, қайдағыны айтпашы, — дедім. Түрі бұзыла бастады. Төсек орынға отырғызып, аяғын көтеріп, төсекке салып, бас жағына жастығын қойып, оң жаққа жантайта бердім. Нашарлап бара жатқанын байқап, дәрісін бермекші болдым. Қолымды шайып келмекші болып әкемнен бір минут қол үздім. Қасына келсем, алдында әкемді төсекке жатқызбақшы болып жантайтқан бойда басы жастыққа жетпей денесі құрысып қалыпты. Ауа жетпей тұншығып, дем ала алмаған күйде. Жанын тапсырып жатыр. Қолымды жүрегіне тостым, соқпайды. Беті қып-қызыл болып қызарған, барлық жиырылған бұлшық еттерден сығылған қан тамырларды толтырып ісіртті. Тұншығып жатқанда кең ашылған ауызы тарс жабылып, қатты тістенді. Қолымнан келері жоқ. Әкемнің мына жарық дүниедегі соңғы сәттері. Көзді ашып жұмғанша ақырғы демі шықты. Денесі тез босап сылқ ете түсті. Жедел жәрдемге телефон соқтым. Жедел жәрдем дәрігерлерін күтіп отырмын. Осы кезде шешемнің өз енесін қалай күтіп, өз қолынан аттандырғаны туралы айтқанын есіме түсірдім. Сонда енесі жас келініне көзін жұмып жанын тапсырған соң, денесі жансызданған сәтте басын байлауды сұрапты. Өйткені, дене босағанда ауыз қуысы ашылып қалуы мүмкін екен. Ондай болмау үшін басты байлау қажеттігін түсіндіріпті. Осы жайт есіме түсті.
Көп ұзамай жедел жәрдемнің екі дәрігері пәтерге енді. Олардың «ешқандай көмек көрсете алмаймыз» дегендеріне ешқандай мән бермедім. Дәрігердің біреуі қазақтың ер адамы екен, содан көмек сұрадым.
— Басын байлауға көмектесіп жіберіңізші, — дедім.
Дәрігер бинттен үзінді үзіп алды. Сосын әлгі үзіндімен иектің астынан төбесіне асыра түйіп байлағанға көмектесті. Ұзыннан жатқызып екі қолын кеудесіне салып қойдым. Бөлмені жинастырып жібердім. Қазір шешем келуі керек. Естірту үшін көрші апаны шақырдым. Үлкен адамдар қорқақ, бас тартты. Домофон бар. Күткенімдей үйдің кіріс — шыға берісінің есігін ашу үшін шешем домофонға соқты. Үндемей есікті аштым. Пәтер кіре берісінен қарсы алдым. Шешем бірден түсініп жоқтауын айта бергені. Шешем, әкемді жиналған бөлме ішінде ұйықтап жатқандай көрінсін деген ісім жөн болыпты.
Жұма күні. Әкемді соңғы сапарына шығарып салушылар ішінде бір туысымыздың әйелі келді. Мамандығы дәрігер болатын. Шешем әкеме соңғы рет жазылған рецептте неден емдеуге қажет дәрі жазылғанын білу үшін рецепт қағаздарын оқып көруге ұсыныпты. Оқып болған соң:
— Апай, рецептте асқа қосатын биологиялық белсенді затты жазыпты, дәрі емес, ешқандай емдік қасиеті жоқ — деді.
Әкем жан азабын жеңілдеткенге дәрі жазып бергенін сұраған көрінеді. Дәрі көмектеспейді дегенге дәрігер тілі бармаған. Үмітін үзбеу үшін рецепттерді жазып берген көрінеді. Бір жағынан әкемнің үмітін үзбеді, екінші жағынан шешеме әкемнің жан тапсырғандағы қиналғанын көрсеткен жоқ. Егер де шешем, таңертең дәріханаға кетпесе ше, не болар еді?! Шешем дәріні іздеп бірсыпыра уақыт жүрді. Тапқанға оңай болмаған. Сирек кездесетінін жазған. Осылайша үйге кешігіп келді. Шешем жас адам емес, мүмкін әкемнің көз жұмғандағы қиналғанын көріп дертке душар болар ма еді немесе жүрегі шыдамай жарылып кетсе, ойлау да қиын.
Дәрігердің өз ісіне жауапкершілігін де айта кетейін. Біздің арнайы шақыруымызды күтпей, өзі, әкемнің халін білуге келіп қалыпты. Қасыма келіп:
— Ата ғой, бәрін түсіндім, қайырын берсін — деді. Үнсіз кетпей, көңіл айта кетті.

2012 жылы, 11 мамаырда түзету енгізілді
Әрі қарай

"Неге ол өледі?"

«Біздің қателіктерді ең болмаса көмуге болады ғой»© — медиктің архитекторға прикол ұстауы.

Санитарка:
— Қалмырза ағай, өткенде сіз терапиядан келген бір зимагордан он бес мың алып, қалаға жіберіп едіңіз ғой.
-Ия…
-Сол пациент өліп қапты ғо.
-Өш?(мына тазалықшы қаншық не сандалап тұр ей?)
-Ия, прикиньте, ағай!
-Мен алған жоқпын ғой, өзі ғой қалтама салған.
-Ия, мен де солай айттым…
-Кімге?
-Жездекеме…

Айтып отырған жездекесі
Әрі қарай

Тырқ-тырқ, жырқ-жырқ

«Жүре берсең көре бересің» деген. Екі дәрігердің әңгімесіне куә болдым еріксіз.
-Күйеуімнің гамажын киіп кетіппін шатыстырып…
-Ауында тесігі бар ма? (Екеуі тырқ-тырқ күліп алды)
-Тесігін қойшы.Арт жағы салбырап кете береді.Ол менен үлкендеу ғой.(Шамасы менен сәл үлкен Алдекеннен сәл кіші жігіт болса керек)Жүргенің сол қайта-қайта көтеріп
-Сені қойшы, күйеуің байғұс не істеді екен? Жұмысқа сенің гамажыңды киіп кеткен болар(тырқ-тырқ, жырқ-жырқ)
Әрі қарай

Диагноз

Бір кісі ойнап-күліп жүріп, денсаулығына шағым айтпастан ана дүниеге кете барыпты. Көз шырымын алып алмақ болған, содан оянбай кете барған. Мәйітті дәрігер келіп тексеріпті. Марқұмның бала-шағасына мемлекеттен көмек көрсету үшін тексертпесе болмайды. Содан еш аурудың белгісін таба алмапты. Әйелінен " соңғы кезде денсаулығы бойынша шағым айтып жүр ме еді?" деп сұрапты. Анау «Жоқ» деген. Сондағы дәрігердің қойған диагнозы, заключениесі «Аңдамай сөйлеген, сондықтан да ауырмай өлген» болыпты
Әрі қарай

1,2,3,4,5 әшәуімді кес...

Мұсылмандықтың белгісі деп қазекем балаларын сүндеттеу жағына келгенде ықтиятты халық қой. Баланың жасы тақ санға толғанда сүндеттейді менің білуімше. 5-7-9 жастарда деп айтып жатады.Соңғысына келтіріп кескізгенді көрмеппін.Осының «айғырлығы» ерте оянып кетер деп қорықты ма мені 5-ке толған жылы сүндеттемек болды. Көктемнің соңыц ма, жаз ба күз бе есімде жоқ.Әйтеуір жұқа киіммен жүрген кезіміз. Мені бұл мерекелік іс-шараға ұзақ дайындады. "Әшәуіңнің басына одекалон жағады да уқалайды, еш ауырмайды" деді.«Саған белесебед алып береміз » деді. «Пионерді» мініп жүргенімді елестетіп, қалай келісіп қойғанымды да білмеймін. Әйтеуір айтулы күн де таяп қалды. Мен шыбықты ат қылып мініп «бір, екі,үш, төрт, бес, әшәуімнің басын кес!» деп шапқылап жүргенмін. ерігіп отырған көрші жігіт шақырып алды. «Шауып» жетіп бардым.
-Тақпағыңдв қайталаш
Мен қайталап бердім.
-Іммм, сені сүндеттегелі жатыр ма?
-Аха, ертең
-Қорықпайсың ба?
-Жоқ, басына одекалон жағады да уқалап жібере салады.
-Онда неге тақпағаыңда "әшәуімді кес " деп айтып жүрсің? ертең кесіп тастайды. сосын жүресің дәретке отыра алмай.Менікін де кеспекші болғанда қашып кеткенмін.Сен де сүндеттегізбе-деді.
Негізі біздің тұқымда дүлейлік болғанмен жуастау едік. Мен де қорқып кеттім. Бір саусағымды бүгіп үйге қайттым.
Ертесіне үйдің іші тақпағыңды айтшы деді. Айтпадым. оларда қатты мазалай қоймады. Бір кезде «Дәрігер келді» деген дауысты естіген мен ауылдың сыртындағы бейіттерге қарай тұра қаштым. соңымнан қуған соқталдай жігіттерге ұстатпай кеттім. Ақыры бейіттердің ішінен қаумалап жүріп ұстап алып келді.Қонақ бөлмеге кіргізді.Биік үстелдің үстіне ақ төсеп ыңғайлап қойыпты. Соның үстіне жатқызды. Ауылдың әлді деген екі қатыны (әжеммен жақсы араласатындықтан біздің үйдің қонақ-монақ күту шарасына кеп жүретін) қолымды басып тұр. Екі аяғымның бірін жасында көкпаршы болған көршіміз басып тұр. Елудің ортасында сол кезде. екінші аяғымды өз атам қос қолдап басуда. Мен шамам келгенше тулап жатырмын. Төртеуі төрт жақтап тырп еткізбеді ақыры. Бір кезде дәрігер «Ауыртпаймын, тек ұшын масаға шаққызымын» деді. Ерке өскен мен сол кезде боқауыздың түр-түрін білетінмін. Біразын жібердім. "Әкиңнің аузына сійейін, масаңа шаққызба біләт!", тағы білетіндерімді бұрқыраттым.Оған қоятын түрі жоқ әлгінің. Сол кезде «шешеден» боқтауды білмегеніме әлі күнге өкінемін.Оны да қосушы ем әйтпесе))) Не керек ақыры дегендеріне жетті. Әжем маған арнап юбка тігіпті. Оны кимеймін деп тағы жындандым. Қыз емеспін ғой. Ақыры бір дөкей көйлекті әкеп кигізіп қойды.Шамамен атамдікі секілді. Содан бас жағыма Лениннің қызылды-жасылды бастары толып кетті. Жастықты сыртынан сипап қоямын. Әйтеуір мені хандай күтіп жатыр. Әжем "қарбыз" десем тілінген қарбыз,"қауын" десем қауынын әкеп жанталасып жүр. Ақыры жазылған кезімде армандаған «пионер» белесебетін де міндім-ау…
Әрі қарай

Дәрігерге қараған күнің құрысын немесе мен бүгін не тындырдым?

Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Дәрігерге қараған күнің құрысын немесе мен бүгін не тындырдым?
Балабақшадағы медбике ұлыма жалпы қан сараптамасын жасату үшін жолдама жазып берген-ді. Өткен жұмада әкесімен бірге осы шаруаны тындырды. Біздің ықшамауданнан жақында ғана жап-жаңа типтік жобадағы емхана пайдалануға берілген еді. Бұрынғы емхана кісі санына шақталмаған, ол жерге ауруын емдетпекке барған науқас, керісінше сырқатына сырқат жамап қайтады. Ал қазіргісі кең, жайлы. Айыбы — зертхана жоқ. Сода жолдамалары қолында, сол баяғы емханаға тартып барыпты ұлым мен әкесі. Еншісін алып кеткен оларды о жерде ешкім құшақ жая қарсы алмағанымен, кішкене баламен сүйретіліп барып тұрған соң, төсінен итермепті. Ертесіне 3-тен кейін сараптама қорытындысы дайын болатынын, келіп алып кетулері керектігін айтқан екен. Бүгін сол есеппен үйдегі сіңлім барды сүйретіле… Жаңа бір әзірде қоңырау соқты, сараптама қорытындысы қолға берілмейді-мыс /башпайларын да ұсынып көріпті;)/. Әлгі жаңа емхананың медбибілері өздері әкетеді-мыс. Сонда бұл туралы о баста ескертетін болса, қайда қалыпты? Сіңлім де босқа ұрыс естіді, өмірі ештеңе тындырмайсың деп жатырмын жалма-жан. Қазір зертхана меңгерушісіне соғып, біраз шаңын қағып алдым. Біздің дәрігерлердің немқұрайлылығына қаным қайнайды. Бүгінгінің дәрігеріне қарап жол бойында ала таяғын айналдырып тұрған жол полицейі көз алдыма келеді. Күніміз түспесін сендерге!
Әрі қарай

Сынық саусақ



Бір күні біреу дәрігерге барыпты. Дәргерге өз мәселесін айта бастапты:

— Саусағыммен басымды ұстасам басым ауырады, жүрегімді ұстасам жүрегім ауырады, ішімді ұстасам ішім ауырады. Мен бұл ауруларға шыдай алар емеспін. Бұған қандай ем бар?

Дәрігер оның саусағын ұстаған кезде науқас адам аурудан шыдай алмай айқайлай бастапты. Сол кезде дәрігер:

— Сенің ауруың басыңда, жүрегіңде, ішіңде емес. Сенің саусағың сынған, сол жерің ауырып тұр.

— Ханым, біздің ұл мен келіннің саусақтарын да бір дәрігерге көрсетсек пе екен? Екеуі бір бірінің жүректерін ұрып қоймай жатыр.
Әрі қарай