Армандар орындалады...
Мен қазір 14 жастамын. Біз жақта қаладағыдай бірінші сыныпқа 7 жасынан емес, 6 жастан барады. Ал мен 5 жасымнан барыппын. Әкем мен анам жанымда, бір әпкем қуанышым болып, екі ағам қорғанышым болып, бір сіңлім жұбанышым болып жүрген шақтарым. Әкемнің ерке қызы болып өстім. Әкеме еркелеп жүріп алты жасымда әкемнен айырылып қалдым. Аллаға да жақсы адам керек қой… Не керек, ол кезде түсінбедім. Мамам мен бауырларым мұңіайып жүрді. Олардың есі бар ғой. Сіңлім екеуіміз бала боп жүрміз әлі. Мен әкемді сағынатынмын. Недегенмен әкенің махаббаты ерекше ғой! Әкем аман кезінде мені машинасына отырғызып ауруханаға апаратын. Сары аурумен ауырдым. Сол кездерді де, яғни, әкемнің қасында болған сәттерімді сағынатынмын. Солай, мен «дәрігер боламын» дедім. хех, ол кезде «дәрігер» емес, «доқтр» дейтінмін. Мен мамама «дәрігер боламын» деп айтатынмын. Мамам болса, ыстық құшағына алып, «жарығым, менің қызым ең мықты дәрігер болады» дейтін еді. Кейін, өсе келе, үшінші сыныбымнан «операция жасайтын дәрігер боламын» дейтін болдым. Келесі жылы, бір дәрігерлер туралы кино көріп «хирург» сөзін үйреніп, «хирург боламын» дедім. Бесінші сынып. Әкемнің жоқтығын анық сезінетін уақыт еді. Әкемнің жол апатынан аман қалмағанын біліп, алдыма мақсат қойдым. Мақсатым- әкем сияқты жол апатына ұшыраған адамдарға Алладан кейін көмек беру. Мен адамдарға көмектесуге құштар болдым. Адамдарға екінші өмір сыйлап, олардың алғысын алғым келді. Қазір тоғызыншы сыныппын, шүкір. Өзім аманмын, аман кезде басқаларды аман алып қалу үшін оқып жүрмін. Тоғыз жылдан бері бір рет те мамандығымды ауыстырған емеспін. Достарым мен өзімнен үлкен мектептегі достарымның әлі не мамандық таңдарын білмейтіні мені қызықтырады. Сонда, олардың өмірінде мамандық таңдауға себеп болмаған ба? Кейбіреулер айтады "Үйдегілер врач боласың дейді, бірақ мен болғым келмейді" деп. Түсінбейтінім, адам мамандығын сүймесе қалай жұмыс жасайды. Оның үстіне, дәрігерлік оңай мамандық емес. Кейбіреулері айтады «ақшасы көп мамандық таңдаймын ғой» деп. Ақша табу үшін де оқу керек қой. Менен барлығы қандай пән таңдайтынымды сұрағанда, бірден «биология» деп жауап беремін. Олар күледі "ұятсыз" деп. Кейбірі «ойвууу, отырып қаласың ғой» дейді. Оларға жауабым: «отырып қалсамда, оқуымды оқып, хирург боламын». Басқа не айтамын? Олар менің неліктен дәрігер болуды қалайтынымды білмейді де, мазақ қылады. Хех, мен оларға күлуім керек. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең». Армандау керек. Мамам да айтады «армандар орындалады» деп. Мен мамамның барлық айтқан сөзіне сеніп үйренгенмін, бұл жолы да сенемін «армандар орындалады». Қазіргі таңда мен Кореяға барып оқуды мақсат еттім. Жыл сайын «дәрігер боламын» деген арманыма бір мақсат қосып келемін. Құдай қаласа, мектепті үздік аяқтап, грантқа түсіп, бірінші курстан кейін Оңтүстік Кореяға тегін жолдамамен оқуға барамын. Білесіздер, қазір шет елдің студенттерімен алмасып, тәжірибе алмасып жүр. Мен де солай Оңтүстік Кореяға тәжірибе алмасуға барамын. Сосын, Қазақстанға қайта келемін. Қазақстанның «менмін» деген ауруханасынан тәжірибе жинап, ауылыма үлкен аурухана тұрғызамын. Сол кезде маған сенбегендер ұялатын болады. Мақсатыма жеткенде үлкендер маған батасын берері анық. «Батаменен ел көгерер» дейді ғой. Арғы дүниеде жүріп, әкем менімен мақтанатын болады! Әлі талай адам «Темірханның қызы ғой...» деп айтатын болады!
Қарап отырсаңыздар, тоғыз жылдан бері мақсат етіп келген бұл мамандыққа бір ғана себеп-Алланың әкемді алып кетуі. Армандай білу керек, сол арманға жету үшін мақсат қоя білу керек. Анам айтады АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ! Мен арманыма жетемін және жеткен кезде осында жазамын.
Қарап отырсаңыздар, тоғыз жылдан бері мақсат етіп келген бұл мамандыққа бір ғана себеп-Алланың әкемді алып кетуі. Армандай білу керек, сол арманға жету үшін мақсат қоя білу керек. Анам айтады АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ! Мен арманыма жетемін және жеткен кезде осында жазамын.
Мен де мектепте дәрігер болғым келетін, химия-биология пәнін тереңдетіп оқытатын сыныпта оқыдым. Қасымдағы достарыммен хирург болуды армандайтынбыз. кейін мен басқа мектепке ауысып кеттім де басқа салаға кеттім. Ал ана достарым шынымен хирург болып шықты
Бәрекелді, осылай жаза бер, қаламың ұштала берсін!!!