Таныс болыңыздар: talgatjez

Талғат Байназаров — talgatjez
Студенттік өмірін Жезқазған қаласында өткізген бұл жігіттің туып өскен жері – Қостанай. 1995 жылы қаладағы енді ашылған 2 қазақ мектептің біреуіне ата-анасы туған тілін үйренсін, оқысын деп берген. Кейін университеттегі оқуын бітіріп, өзінің оқыған С. Мәуленов атындағы гимназиясына математика мұғалімі болып оралады. Қазір Назарбаев Университетінде мұғалімдердің біліктілін арттыру курстарында оқып жүр.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Менің де КерекИнфоға келуіме Блогқұрылтай себепкер болды. Бірақ менің мақсатым — Назгүл сияқты репортаж жасау емес, бәйгеге қатысып жүлде алу деген «арам» ойым болған :). Ал Блогқұрылтай туралы Уордпрессте енді блог ашқанда, кк.уордпресстің басты бетіндегі ең қызықты блогтардың біреуіндегі (қайсында қазір есімде жоқ) баннерден білдім. Сөйтіп, Блогқұрылтайдың жаңалықтарынан хабардар болу үшін Керекке де тіркелдім.
Әрі қарай

GeoGebra аударылды


GeoGebra – мемлекеттік тілімізге аударылды. Екі ай бойы күнде кейде 1-2 сөздің, кейде 10-15 сөздің қазақша баламаларын іздеп отырып, бағдарламаның файлдарын аударып отырдым. Аударма барысында техникалық терминдерді аудару үшін wordpress,
Әрі қарай

Блогкемптен кейінгі «айтыс»

Алматы абыз алқап Алатаулы,
Нысанаға алды жұрт ол отауды.
Ұлы күн қарсаңында дүбірлетті
Блогты тұмар қылған бала атаулы.

Ағылдық шартараптан лек-лек болып,
Құрылтай – өзгесінен бөлек жорық.
Бөз үйде ҚазНеттің жанұясы
Түтінін түтетті үш күн, «шелек» болып.

Үстем болмай жаманның қыңырлығы,
Блоггерлердің болды бұл бір ірілігі.
Презентация түр-түрі сап түзеді,
Стартаптардың түріліп шымылдығы.

ҚазНеттің кең екен-ау жағрапиясы,
Әрі қарай

Geogebra


Жаңа заманның математиканы оқытудың жаңа технологиясы ретінде әлем бойынша танылған бұл бағдарлама бізге енді келіп отыр. (әкеліп отырмыз:)) Қазақша нұсқасы болмағандықтан Қазақстанда бұл бағдарламаны қолдану тиімсіз болып отыр.Басқа елдерге қарасақ, олар өз тілдеріне аударып алып, математиканың қызығын көруде. Қазіргі таңда тегін таратылатын осы бағдарлма әлемнің 49 тіліне аударылған.Біз басқалардан кембіз бе? Біз де аударалық. Біз болмасақ, інілеріміз, бауырларымыз, балаларымыз ғылымдардың патшасы-математика екендігіне көздері жетсін!
Әрі қарай