Ауылдың айтқыштары

Есейген сайын, алыстағы ауыл жадымда бұлыңғыр тартып, көмескіленген сайын, әлі де есте қалғанды місе тұтып, соларды жаңғыртқанды ұнатып тұратын кездерім болады, қазіргі кезде нағашымның ауылында 11 үй ғана қалды, мен танитын, мені танитын ағайлардың басым көпшілігі бақилық болған, «Google Earth» бағдарламасынан сол ауылды қарап отырсам, кіп-кішкентай боп көрінеді екен, бала кезде маған үлкен болып бейнелетін, дегенмен, балалық шақ алдамапты, үлкен әлем екен.

Кеше, бір атайдың жазбаларын оқып отырып, есіме көп адамдар түсті, кейбір айтқыштардың айтқаны жадыма орала берді:

Ел жақта Ыбырай деген жігіт бар, бірде түні бойы ішіп, үйіне таң ата кеп ұйықтап жатса, әкесі келіп жекіпті:
-Әй, жетпегір, не жатыс, тұр, малды өріске шығар, су әкел.
-Әке, ауырып жатырмын, өзің істей салсаң,-деп басын қайтадан көрпемен бүркепті Ыбырай. Әкесі осы сөздеріне ренжіп:
-Қайдағы ауру? Сенікі сатып алған ауру!!! Жетесіз!
Сонда Ыбырай:
-Қателесесің, әке, ол кәмерсанттан қарызға алған ауру, ақшасын беру керек,-деген екен.

Ыбырайдың мақал-мәтлдерінен: Жылы-жылы сөйлесең кәмерсантта арақты қарызға береді.

Сабыр деген атай болатын, тілі ащы, бір көзі қисық(соқыр), бойы тәпелтек, қолының қыстырмасы жоқ емес-тін.
Бір көзі жоқ сол атай ауылдағы клубта пеш жағушы (кочегар) болып істеді, көмірді араққа сатып, пешті дұрыс жақпаса керек, зав клуб Күләш (екі көзі екі жаққа қарап тұратын қитар болатын) сельсоветтің бастығына (қазіргі ауыл әкімі) шағымданыпты, сонда Сабекең:
-Бұл мәселеге забклуб екеуміздің көз қарасымыз екі түрлі деген,- екен.

Жайылымнан соғымға жылқы әкелген жылқышыға(Пфайфер деген неміс) арақ пен төлемекші болған ұлы Сабырдан «бір бөтелке берейін бе?»,-деп сұраса, Атай:
-Не, екі қолын екі бөлке ұстатайын деп пе едің,- депті.

Үйінде құдалық болып, той-томалақ кезінде бір жеңгейі ән шырқай беріпті (даусы керемееет жәмән еді, маймылдың шарылдағанындай), содан әбден шаршаған Сабыр есік жаққа қарай кетіп бара жатқан әйеліне айғай сапты:
-Әй, Жібек, есікті аш! Есікке мысық қысылып, өлейін деп шарыладап жатыр!!!
Әрі қарай

Ауылым менің жүрегім және бесігім

Төлеби ауданында «Ауылым қазынам» бағдарламасы аясында өз қолымен жасалған өнерпаздық байқауы өз мәресіне жетуде. Төрт ауыл округы өзінің өнерпаздық шығармашылығын әділ қазылар алқасына бағалауға ұсынған болатын, әр байқаудың соңы жергілікті халықтар үшін мейраммен бітетін болды. «Ауылым — қазнам» бағдарламасы бұл тек қана таланттарды тауып қана қоймай, тұрғындардың басын салт дәстүрлерді қайта жаңғарту арқылы басын қосу болып табылады. Төлебиліктер мұндай жаналықты қуана қарсы алды, бұрын соңды ауыл клубы атанып жүрген ғиамараттарымызға жаппай жөндеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар, байқауға қатысатындар арасында тек қана жастарды немесе студенттерді ғана емес зейнеткерлерді, үй шаруасындағы әйелдерді де көруге болады. Ақпарат көзі: Южный Казахстан
Әрі қарай

МЕНІҢ АУЫЛЫМ

Авторы: Мадина Омарова
Тоқал тамның алдында тұрған кейуана әжім көмкеріп, тілім-тілімі шыққан алақанымен күннен көзін қалқалады. Саусақтары жуан, икемге көнбейтін тарамыс. Өмір бойы қара жұмыс істегені, аянбай істегені көрініп тұр. Суалған жанарымен қара жолға демін ішіне тартып телміреді. Бір нәрсе қараятын тәрізді. Мал ма, адам ба? Ажырата алар емес. Ернін жалады. Кезеріп тұр жарымағыр. Таң атқалы шайдан өзге нәр сызбағаны түсті есіне. Аяғы қақсап, орнынан тұра алмай қалды емес пе? Автобус келетін уақыт болғанда дәті шыдамады. Тұрды. Күн батып бара жатыр. Ол орамалын түзеп жол жаққа аяңдады. Қытайдың арзанқол орамалы құрғырда жылу да жоқ, сусылдап түсе де береді. Ол жолдың шетіне шығып көзін қайта көлегейледі.
Әрі қарай

Ауылдық жердегі өміріміз.

Айтыңдаршы керекшіл қауым — талқыға салайықшы, осындай пост керекпе бізге? (ашпақшы едім, атын тақырыптың атына сәйкестендіріп)
Осы сайтымызға көптеген(аллам көп көрмесін) блоггерлердің кіріп-шығып жүретінін байқадыққой бәріміз.
Енді бір сәт кіндік қанымыз тамған жерлер жайлы ойланайықшы. Ол жердегі ауылдастарымыздың тұрмыс-тіршілігінің қаншалықты оңалып, заман ағымына сай көркейіп келе жатқанына ерінбесек барып көз жүгіртіп, білсек білетінімізді жазып отырайықшы. Иә сайтқа кіріп ой пікір білдіре алатын, құрылтайға қатысып өзін өзі көрсете алатын әрбір жанның, қандайда болмасын бір саланың маманы екеніне, айтары бар екеніне сенімім мол. Бұл постта мына нәрселер жайлы айғақты да тұжырымды тек қана позитив емес(бәріміз ауылымзды сүйеміз) негативтер жайлы мақалалар қойсақ деген ұсыныс бар.
1. Ғылым ауылға жете алама жоқ қашықтап барама?(Жаңа технологияларды алып барайық)
2. Ақпараттық технологияның ауылдағы күйі(Барлық ауылға дерлік телефон және интернет жеттіме, не кедергі?)
3. Мемелекет тарапынан ауылдарға бөлінген қаржылардың сиқы мен игерілген күйі.(Өсекке, өтірік ақпаратқа, мақтаншақтыққа сенбейік)
4. Ауыл жастарының армандары мен кейістері(кейс емес)
5. Ауыл ақсақалдарының үміті мен арызы(Кәрісі бардың ырысы бар)
6.
7.
8.
деп жалғасып кете берсін
Әрі қарай

"Сағындым сені"...

Менмұндалаған биік таулардың төскейінде туғандықтан ба, даланың сұлу табиғаты мені әлі күнге дейін өзіне
Менің ауылым (2009 жыл. жаз айы)
Менің ауылым (2009 жыл. жаз айы)


елітіп әкетеді де тұрады, шіркін. Маңайына жақындаған сайын тылсым дүние тынысымды ашып, көкірегімді керемет бір сезімге толтырып жібереді… Ондайда табиғат ананың құшағында қала бергің, қала бергің келеді ғой, тәйірі… Мейлі қыстың қақаған аязында барсам да, туған жердің топырағы қашан да мені ыстық ықыласымен құшағын жая қарсы алады. Алла мен ата-анамнан кейін, мені мейіріміне бөлеген де осы – туған жерім!
Әрі қарай

Көтеріңкі көңіл-күй

Ауылда бір қалжыңбас ақсақал болыпты бәрін бір қағытып тастайтын. Бір күні сол ақсақалдың Ақтөс деген иті өліп қалады. Ақсақалды сөзбен қағыта алмай жүргендер жиналып, «Ақсақалға барып, иті өлгені үшін көңіл айтып прикол ұстайық» депті. Жігіттер жиналып «Ата итіңіздің арты қайырлы болсын» деп ақсақалға көңіл айтып, көрісіпті. Сөйтсе ақсақал: "Әй кемпір, дастарханыңды дайында, Ақтөстің достары келіп қалды"- деген екен.
Әрі қарай

Вешірге дайындық...вешір...

Мереке қарсаңында әр жылғылар әр үйде жиналып вешір жасайды. Сондай оқиғалар біздің ауылда былай өрбитін. Әуелі, ептеп тиын-тебеннің басын құраймыз. Содан кейін барып жаңағы ақшаға не келетінін есептейміз. Тәтті-пәттілерді үлкендер жағы арқылы ауданнан алдыртамыз. Ал ішімдік жағын ауылдағы төшкілерден аламыз.Қыс болса ақшаға, жаз аяғы болса екі қап бидайға бір вино (нағыз қанаушылық екен ғой) аламыз.Ақ арақты да ұмытпаймыз. Өзімізден он жас үлкендерден бастап бізге кіріп шығатындарға бір-бір шөлмек дайындап қоямыз.
Вешір басталады. БІреу жүгіріп келеді.
-74-тер келді, кіруге ұялып тұр қыздардан…
Бір шөлмекті құшақтап қораның артына немесе дәлізде ағалардан ақ тілек тыңдаймыз. Осылай кете береді. 78-79дан бастап столға отырып кетеді. Арамыз 5-6 жас қой енді,ұят емес тә…
Арт жағында кластың қыздары үлкендермен кетіп қалады. Қыздарға жынданғаннан не пайда… Жылдар өтеді вешірлерге жастау қыздарды тарта бастайсың. Кластың қыздары бұнымызды жақтырмайды мұндайда. Оларды ешкім вешірге әкетпейтін болғанда бұл күндері…
Әрі қарай

Ильич ата ізімен



Шіркін, субботник асарға аз да болса келеді. Ленин де кезінде капиталисттердің көтіне тұз сеуіп, өзі сенбілікті бастаған еді. Қалай болғанда да сондай сеніммен өскенбіз.
Кейін ғой, қазекемнің мұрты майланып, шеге қағып, лампочкі бұрауға гастарбайтер жалдауды әдет қылғаны.

Бүгін бәріміз үй ішімізбен көктемгі сенбілікке шықтық. Ауланы тырмалап, ескі құсқыны өртеп, өртейтінді өртеп, ауылдың даласы осы күнде тезек пен түтін сасиды. Күн майдың айындай жадырап тұр.
Рахат)
Әрі қарай

ЮПИ мен сідік


ЮПИ естеріңізде ме? біздің балалық шағымызда авторитет сок болып еді ғой :) Литрлік, литр жарымдық, екі литр неше түрлі дәмдісі неше түрлі түстісі болушы еді ғой. Банкіге су құясыңда юпиден салып жібересін бітті сок дайын. :) Телебезірден де осылардың жарнамасы ұратында тұратын. Сол осы юпидің гүрілдеп тұрған кезі болатын. Қаладан студент апам келіп базарлыққа юпи алып келді. Соны дайындап жіберіп енді ішейін деп отырғанымызда көрші бала кіріп келді. Содан сұрап жатыр мә мынаны қайдан алдыңыздар деп. Мен ойнап айта салғанмын медпунктте беріп жатыр бір литр сідік тапсырсаң литрін, екі литрін тапсырсаң екі литрін беред деп, сүйтсем анау жүгіріп бара жатыр қой мен үйге барып сідік жинайын деп қояды. Мен оған онда тек әйелдердікін апаруың керек тек әйелдердікіне береді юпиді деп жібердім. Содан үйіне жүгіріп барып мамасымен 71-жылғы апасы болатын екеуіне туалетке банк апарып қоям соған сиіңдерш дейтін көрінед :) 72-жылғы ағасы бар еді сол не айтып тұрсың?-десе, әйелдің сідігіне юпи беред медпунктте деп, сөйтіп көрші баланың ағасынан оңбай таяқ жегені бар )))) Ағасы ұрсыпты қай қатынның банкілеп сідік тапсырып юпи алып жүргенін көрдің ақымақ деп )))))
Әрі қарай

Екі күннен бері...

Реніш, өкпе, бауыр, жүрек, асқазан, т.б. дене мүшелері болмаса, екі күн бойы не істегенімді жазайын деп едім, уа нигі жақсы жама'ат!

Ауылға бардым. Шұғыл шаруалар шыққасын, төрт аптадан бері есіктің алдында қаңтарулы тұрған мәшинені ерттеуге тура келді (Ай басталғалы бері күндіз де, түнде де жұмыс істеп, таңертең бас мең-зең боп тұрғандықтан, жұмысқа автобуспен-ақ барып-келіп жүрген болатынмын). Уайымым жол еді, бірақ бекер алаңдаған сияқтымын. Жол нәп-нәрмәлні: көктайғақ жоқ, тек сәбеттің заманынан бері күрделі жөндеу көрмеген тас жолдың ана жері бір, мына жері екі жарым ойылып-ойылып кеткені болмаса. Әйтеуір, іштей «бісмілләміз» бен білетін дұғаларымызды айтып, орташа 60 км/сағ жылдамдықпен ауылға тартып отырдық.
Әрі қарай

Ауыл. Алпыс жыл бұрын айтылған ән


Ауыл
Жүріс-тұрысымыз ауырлап, бар болғаны 70 шақырым қашықтық болса да, көптен бері ауылға ат ізін салмай кетіп едік, осы демалыс “ бісміллә” деп барып қайттық. Атасы туылғалы немересін көрмей, бізге қолы жетпей, боқтап жүрген болатын, кеше түрі де, мінезі де бір-бірінен аумай қалған, бір жарым айлық біздің қыз бен жетпістің төртеуіне келген ақсақал табысып, қауышты:)
Әрі қарай

Ауылға бардым

Блог - asaubota: Ауылға бардым
Кеше кешкісін бір жұмыстас жігіт аулына қонаққа шақырып, бала-шағамызбен барып қайттық. Қаланың тұрмысынан шаршағандар анда-санда барып тұру керек екен ауылға, кәдімгідей демалып қайтасың. Барған аулымыз — Қарағанды облысы, Нұра ауданындағы Ахмет деген ауыл. Астанадан 60 шақырым жер.
Осы біз диалектімізге, дәстүрлерімізге күлеміз, өзімізше бөлінеміз. Негізі солай болғаны да дұрыс және қызық сияқты. Бәрі бірдей болса ішіміз пысып кетер еді ғой :)
Ахмет аулы да былай қызық екен. Үй салысы, қора салысы, ет салысы бізге қарағанда басқашалау. Бірақ бәрібір қазақпыз ғой, ештеңені жатсынған жоқпыз. Ауылдың аты ауыл. Малдың иісі, фуфайка киіп қар күреп жүрген әкей, байланып тұрған ит, аулада тұрған арба, ауылский туалет, темекіні лақтыра салмай дұрыстап сөндіру, біз барған жігіттің бізді көріп сәлемдесіп, қал жағдай сұрап, не ішкіміз келетінін сұрап кеткен ауылдағы бір «братишкасы»… Обшым, барлық ауылдардағыдай :)
Әрі қарай