Көтеріңкі көңіл-күй

Ауылда бір қалжыңбас ақсақал болыпты бәрін бір қағытып тастайтын. Бір күні сол ақсақалдың Ақтөс деген иті өліп қалады. Ақсақалды сөзбен қағыта алмай жүргендер жиналып, «Ақсақалға барып, иті өлгені үшін көңіл айтып прикол ұстайық» депті. Жігіттер жиналып «Ата итіңіздің арты қайырлы болсын» деп ақсақалға көңіл айтып, көрісіпті. Сөйтсе ақсақал: "Әй кемпір, дастарханыңды дайында, Ақтөстің достары келіп қалды"- деген екен.
Бөлісу:

4 пікір

KILYZAMAN
Тұлпары сүрінгенде(көре алмайтындарға ) шоқ, шоқ дейтін ауылдықтарға ҚЫЗЫП ТҰРҒАН ШОҚ ЕКЕН. Ақтөс деген атына сай жетіқазынаның ақ жүректі жаратылысын қара пайым(көре алмас)дылғын байқамай/Иесі жайлы ойланыңыздар/ келемеж қылған ауылдастарына…