Екі күннен бері...

Реніш, өкпе, бауыр, жүрек, асқазан, т.б. дене мүшелері болмаса, екі күн бойы не істегенімді жазайын деп едім, уа нигі жақсы жама'ат!

Ауылға бардым. Шұғыл шаруалар шыққасын, төрт аптадан бері есіктің алдында қаңтарулы тұрған мәшинені ерттеуге тура келді (Ай басталғалы бері күндіз де, түнде де жұмыс істеп, таңертең бас мең-зең боп тұрғандықтан, жұмысқа автобуспен-ақ барып-келіп жүрген болатынмын). Уайымым жол еді, бірақ бекер алаңдаған сияқтымын. Жол нәп-нәрмәлні: көктайғақ жоқ, тек сәбеттің заманынан бері күрделі жөндеу көрмеген тас жолдың ана жері бір, мына жері екі жарым ойылып-ойылып кеткені болмаса. Әйтеуір, іштей «бісмілләміз» бен білетін дұғаларымызды айтып, орташа 60 км/сағ жылдамдықпен ауылға тартып отырдық. Одан артық жылдамдықпен жүру мүмкін де емес еді: жүзбен ары кетсе 1-2 минут қана жүресің, өйткені елді мекендер жол бойында бір-біріне тым жақын орналасқан. Сонымен шопан, тойыс қойшы, әйтеуір ауылға да аман-есен жеттік.

***

Үйге барған соң, тамақ ішіп алып, қаладан апарған "Ғашық жүрек" фильмін көрдік. Жап-жақсы фильм екен. Опшым, ойнайтын актерлар телебизірден жиі көрініп жүрген адамдар болғандықтан, фильм бойы «Е, мынау әлгі кім ғой, анау анау емес па» деумен отырдық :))
Бірақ жақсы фильмнен жарты сағаттай ғана рахаттана алдық. Ары қарай диск қуалап кетті. Бес-он секунд көрсетеді де, қатып қалады. Оны шығарып алып, қайтадан саласың да, керекті кадрды іздеп тауып ары қарай ойнатуға бес минут кетеді. Дискіні ойнатқышқа әрбір салған сайын өздігінен шығатын қарақшылыққа қарсы ескерту де қанды ішті. Әйтеуір, бір жарым сағаттық фильмді сағат тоғыз шамасында бастап, он екіге он бес минут қалғанда әрең көріп бітірдік.
Патик фильмді Интернетке салмай тұрып, екі-үш күн бұрын дивидиін алып едім. Дивиди болғанда да, лицензиялысын (зиялыдан садаға кеткір :)). Қорабын аша салысымен үйдегі бала-шаға қағаздарын жыртып, ту-талақайын шығарып тастаған. Опшым, дискіні өзіме қалдырғаннан басқа шара (тостаған, табақ, аяқ, тегеш, леген, т.б.) қалмай отыр.
Бүйтіп лицензиялы дүниелер сатып алып нербіні құртқанша, бұдан былай жалғанды жалпағынан басып, шындықты бес сомдық радиоша шырқыратып, фильмдерді өзіміздің үйреншікті қарақшылық жолмен ала беруге көз… жоқ, көз емес (Құдай сақтасын)… бел байладым (типі, чорный пойыс) :)
Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Екі күннен бері...

***
Ауылдан келдім. Түнімен аз-аздап жауған қар кәдімгідей болып қалыпты. Үйге оны-мұны керек болғасын Шелекке барып қайтып, түстен кейін қалаға шықтық. Жолды қар басып, оны өткен машинаның бәрі таптап тастағандықтан, түске дейін жол тайғақ болды. Түстен кейін жолдағы қар еріп, былжырап жатыр. Көлеңкелі жерлерде — көктайғақ (какой-то бір түнде!).
Қалаға келген соң, мәшиненің есіктеріне қатып қалған мұзға қарап бір тітіркеніп алдым. Мұз қаптап шығып кеткен сүйел сияқты болып түзілген екен. Түріне қарасаң, еркіңнен тыс қытайша yibai shisheng деп айтқызатындай :)
Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс): Екі күннен бері...
Үлкен суретін мына жерден қараса болады.

Біткен істер: нақты барған шаруам біткен сияқты болды. Жазғандарым — жай ғана қосалқы істер. Бұл жазбаға кірмей қалғандары да бар :)
Бітпеген істер: келесі сенбі-жексенбіге қалды. Оларды уақытында жаза жатармын.
Бөлісу:

18 пікір

kuat
қытайша yibai shisheng

ық ық ))))
Nurgisa
Пікірист қана емесіңді біліп ем, Омеке, сезім ем…
Abilakim
Біздің көршінің Дивидиі тоқтап қала беретін. кімнің дивидиі тоқтамайды дейсің.көбіне дискіге байланысты ғой. Очм, әлгі көршімнің дивидиінің үстіңгі жағы ашық.Диск тоқтап қалса баласы түртіп, қолмен дискіні айналдырып-айналдырып жібереді.
Zere
Қаншама көшіріп алған сериалдарымды өшіргім келмей, бір қорап екі жағы да бос дискілер сатып алып, бәрін жазып қоям ба деп ойлағам. Сөйтіп, сол дискілердің не бір жағы, не бір жағы бүлінген болып шықты. Кеше компьютерден бір фильмді жазып алдым да дискіге (ДВД-дидан көрем деген мақсатпен, интернетке — өшірід), ал кеп қоссам, ашылмайды, екінші рет жазып алдым, ашылмайды, үшінші рет жазып алдым, тағы қатып қалад диск. Ығырым шығып, құрысынш деп телик қарауға тура келді.
Nurgisa
Бұдан «Көретін түк жоқ!» деген қорытынды жасасақ орынды бола ма?
sammita
:))) «зиялыны» қайтесің, Патик аман болсын:)
asaubota
мен флешкамен қарап жүрм деп мақтанып қояйыншы артында USB салатын жаңа телевизор алғанымды айтып :)))

«Дивиди енді қалады» деді мұны көрген Е.Оспан
omarbirat
Көксәуле (Blu-ray) арзандаса, DVD өзі де енді бір 5-6 жылдан кейін «Біздің кезімізде мынандай бар еді» деген сияқты ретро-ностальгия тақырыптардың арқауы болып қалатын шығар.
Торренттен кино алғанда, көксәуледен тоналғандарын (BDRip) алуға тырысамын өзім. Сапасы дивидиден алынғаннан анағұрлым жоғары.
Zere
Мынауың жақсы телик екен. Болашақта өз үйіме сондай телик алмасам, инш! ))))
asaubota
айтпақшы, тілін қазақша қылып қойдым. жақсы аударған екен Эльджидің жігіттері. енді күнде жұмыстан мультик тасимын, ұл ноутбуктан қарағысы келмейді. ноутбукты қайтсын үлкен экран тұрғанда. біз жүрміз телевизор көре алмай.
Nurgisa
:))))) Әминнің қас-қабағына қарап отырасыңдар енді :)
Чемпиондар лигасы түнгі екіге он бес қала басталатыны қандай жақсы еді дейсің осындайда…
omarbirat
ТВ-тюнер алып, ноутбуктан телебизір көресіңдер енді :)
Nurgisa
Ендігі қалғаны, телеуізірге сотыбиді жалғау еді. Негізі, ондай функция бар екен, бір рет вахтада жүргенде қызметтестер қалтафондарын телевизор арқылы қосып, солай сөйлесіп едіү
omarbirat
Осылай дискінің де қажеттігі қалмайтын сияқты. Қазір USB флешкілерінен орнатылатын Windows туралы әңгіменің шеті шығып жүр.
Nurgisa
Гиперзаманауи болашақта роботтанған адамдар туа сала бірден жүріп, тіл бітіп, данышпансиды-ау деп жорамал жасап көрейік (Демалыста «Терминаторды» көргеннен кейінгі кесім).
Gastarbaiter
Туа сала, желкеңе USB — ге арналған тесік жасап беретін шығар ол күнде.)
Nurgisa
Кеше Бәкеңнен естіп ем осы инновациялық теледидарың жайында :) Ұзағынан сүйіндірсін! Көрер (хоррор емес) көбейсін :)
omarbirat
*Кешке қалаға келе салысымен, үйге азық-түліктер алып, ерініп тұрсам да запрапкіге барып, мәшинеге бензин құйғанымды жазуды ұмытып кетіппін ғой, айтпақшы.
300 шақты километр жолға 30 литрдей бензин кетіпті.