Вешірге дайындық...вешір...

Мереке қарсаңында әр жылғылар әр үйде жиналып вешір жасайды. Сондай оқиғалар біздің ауылда былай өрбитін. Әуелі, ептеп тиын-тебеннің басын құраймыз. Содан кейін барып жаңағы ақшаға не келетінін есептейміз. Тәтті-пәттілерді үлкендер жағы арқылы ауданнан алдыртамыз. Ал ішімдік жағын ауылдағы төшкілерден аламыз.Қыс болса ақшаға, жаз аяғы болса екі қап бидайға бір вино (нағыз қанаушылық екен ғой) аламыз.Ақ арақты да ұмытпаймыз. Өзімізден он жас үлкендерден бастап бізге кіріп шығатындарға бір-бір шөлмек дайындап қоямыз.
Вешір басталады. БІреу жүгіріп келеді.
-74-тер келді, кіруге ұялып тұр қыздардан…
Бір шөлмекті құшақтап қораның артына немесе дәлізде ағалардан ақ тілек тыңдаймыз. Осылай кете береді. 78-79дан бастап столға отырып кетеді. Арамыз 5-6 жас қой енді,ұят емес тә…
Арт жағында кластың қыздары үлкендермен кетіп қалады. Қыздарға жынданғаннан не пайда… Жылдар өтеді вешірлерге жастау қыздарды тарта бастайсың. Кластың қыздары бұнымызды жақтырмайды мұндайда. Оларды ешкім вешірге әкетпейтін болғанда бұл күндері…
Бөлісу:

126 пікір

omarbirat
Вешір жасаған үйдегілер ертесі күні стакан, табақ, қасық-шанышқыларды ағарот, қора жақтан жинап жүретіні бар еді, тағы :))
Nurgisa
Свет өшіріліп, валіс биленетін бе еді? :)
omarbirat
Ол вечірдің міндетті бөлігі еді. Онсыз өткен вечір жай ғана қонаққа барып, тамақ ішіп қайтқанмен тең болатын :))
Gastarbaiter
свет жаққандарды «кайфоломщик» деп қыздар да жігіттер де жақтырмайтын. Әдетте кайфоломщиктер қызсыз қалған мүсәпір жігіттер мен, жігіт қарамайтын отличницалар болатын
monti
жігіт қарамайтын отличницалар болатын
ужас на)))
satibaldi
Двоечница ғой біздің монти, әкелш бетті!!!
monti
мен ударница боғам ;)
Nurgisa
Барабанды аяусыз соққыға алып жатқан озбыр Аида елестеп кетті. КеЧрп қойың! :)))
monti
Нұрғиса барабаны несі? меңгере алмадым)))
проста Гастенің психолог. түсіне алмадым. мысалы: бізде қайта жақсы оқыған қыздардарға жігіттер құштар етін. кім білед бірақ, сіздердің заманда басқа болған шығар)))
Nurgisa
біздің заманда қыздар Ксюша Собчакты пір тұтпайтын және әуретті жерлерін «жасырып» жүретін :) Жалпы айтқаным ғой. Жақсы оқитын қыздарға сыйластық ерекше еді ғой. Әсіресе оқуы нашарлау жігіттер қастерлейтін, ақысына үй тапсырмасын көшіру үшін :) Бірақ диктант жазғанда «Көшірмеші!» деп қиқарлық танытатындарға көзқарас мүлдем басқа еді. Қанша дегенмен, ол кездері әділет бар екен ғой :)))))
AKY
А бізде… а бізде…
monti
онда да ана «сат» кәкәй(((( мені екілік* деп кетті((((((
моралдық шығынымд қайтап ала/алам? :)
AKY
припадок))) есіме түсіп кетті)))
Gastarbaiter
Ой біләәәәәә… Нұрғиса әдетінше ешқашане жасөспірімдік гиперсексуализм көрмеген он сегізінші ғасырда сүрген өмірін суреттепті.
Nurgisa
Қай ғасыр екенін жылнамалап қайтесің, әккуіңнің бала күнгі гиперсыздауықшылығын айтып масайрай бергенше бар анау үзеңгілес тақырыпқа, Аршат саған бір таяқша тастады. Жалғастырсайш.
Gastarbaiter
Біздің заманда "Әй осы қыз беріп қалады-ау" деген қыздарға спрос көп болатын.
Gastarbaiter
Менің психологиям емес, статистикам ғой:)
sammita
ударницамын дегеніңе қарап барабан деп жатыр да.
konvict
Жақсы оқыған қыздар ешқашан өзіне дұрыс қарамайды. одан кейін жігіт көрсе төбе шашы тік тұрады. Гаста соны айтып жатыр
Gastarbaiter
Жақсы оқыған қыздар ешқашан өзіне дұрыс қарамайды.
Коньюктивит менің ойымды да «оқып отырмын» деп айтуы мүмкін. Бірақ мынадай сандырақты айтуым мүмкін емес. БІреу логикадан екі алған сияқты.
konvict
КетчНақ. Тоттенхем ұтылып нәстрением блмай отыр
qisyq
Реаааааааал!!! Тігин, Тоттенхэм шпорларына көтенмен отырды.
edige
Ауылда «7 жастан 70 жасқа дейін дегендей» бара беретін. Уялып отыр сосын ағаларыңнан. Әпкең үйге келгенде «Ала қыздың қасында отырды» десе басталды мазақ сосын.
asaubota
тамақ, мафон дегендер ұсақ проблемалар еді. басты мәселелер қай қыздар келетінінде еді. вечірдің ең маңызды сәттерінің бірі медляк билеу. сосын әр вечірде болады сондай адамдар: дым билемейді, тек просто отырады диванда, оны тартқылайды билегіштер, бірақ анау тұрмайды.
edige
Тамақ дегенің казіргідей көп салат емес, бақшадағы натурал өнімдер болатын /қарбыз қауын кесіп қойсаң дастархан толып, жайнап тұратын/. Ауылдан 1-2 жігітті сайлап ауданға жіберетінбіз. Олар барлық списокты алып, қалалық месный типа жігіттерге ұсталып, таланып қалмай келуі керек. Литрлеп сататын «Сухой вино» болатын. Матасекл акумляторы запаста тұрады. «Ой мен билемейм, билей алмаймын» деп сызылатын қыздар. Отырыс ортасында сыртқа барып келейік деп қалса бітті сосын. Ауылдың ДОН ЖУАНЫ боласын типі /бір беттен сүйсең сүйдің немесе ол да жоқ/. Түріне қарамай өзінше "Құдаша маған қараған еді" сен алып кеттің деп қырылатындар да бірен саран табылады.
Abilakim
Баяғыда бір бешірде ауылға қонақ қыз келді. Біреу жөнінде дауласып қалдық әлгімен. «Сенің неге ол үшін қолтығың сасып отыр?»-дедім мен оған. Кейін әлгі қызбен басқа жақта жиі жолығып жүрдік. Менің қалжыңбас екеніме көзі жеткен ол «сол вешірде шынымен қолтығым сасып отыр ма деп ойлап, дәретке барғанда иіскеп көрдім» деп салды ғой)))
Nurgisa
:))))))))))))))))))) қатырады екенсіңдер… дәлірегі, жұмсартады екенсіңдер :))))
sammita
:)) ЖЖ мейрамына үй табу оңай емес. Ол күні кім үйін бере қойсын. Ағам шалдың қолында өскен, бетінен ешкім қақпайды. Үйдегі ата мен 2 әжені көндіріп (+ атаның қарындасы қонаққа келген 70-тер шамасында) залды сұратып алды ақыры. У да шу басталды. Шал-кемпірді ертерек жатқызды қоярда қоймай. Залымыз үлкеееен болатын. Ұзын үстелді жайып, қонақтар келіп болды. Аяқтарында ақ нәски дегендей әдемі шетінен:) Қыздар боянып сыланып, айнаға келгіштеп жүр. Біз афи роліндеміз ғой, юпи-супилерін езіп дегендей. Аналар 77-78-дер ғой. Сағат 12 болды, «есікті ашыңдар ЖЖ кірсін» деген бұйрық келді. Аштық. Ары қарай би, ойын кетті. 1-ге жақындап қалды, кухняда отырып жаурай бастадық. Залға кіріп сұрадым «есікті жаба берейік пе? „деп. Ырымдарын қайда білейік ондай(((( Содан топырлап әр жылғылар кіре бастады “құтты болсын» айтып:))) Отырыс соңында спальнидің терезесін сындырып кетті ғой оңғырлар.
edige
таптыңдар ма кім сындырғанын: Қай қыз айтты? кім сындырды деді?
sammita
:))) есімде жоқ. Атам айқайлап қуды бәрін.
Nurgisa
терезесін сындырып кетті ғой
не деген қатыгездік…
patick
Оларды ешкім вешірге әкетпейтін болғанда бұл күндері…

Үлкен жігіттер керіп тастаған кімге керек олар :)
madlen
mamaaaa :)
no comments
Nurgisa
Қазақта «Ине өткен жерден жіп те өтер» деген тереңнен сыр шертетін мысқалы бар. Халық даналығының сыр-құпиясын қашанда ойға түйе жүру құп қой.
patick
Бұрынғы сұлулықтарынан да айырылады. Сұлулығын қойшы, 75-тер мәселелерін қарап жіберген соң, сынбайтын кербездер де сондай қол жетімді болып қалады. Бірдеңе деп, көз қыссаң, майысып тұрмайды уже бұрынғыдай: «Хавчик алып кел, сосын кеттік» дейді :))))))))))
Nurgisa
қыз қыссаң
не деген озбырлық…
patick
түзеттім
Nurgisa
Әй қайдам, асарыңды асап, жасарыңды жасап болғасын, «бір шертім жасау арқылы» © түзеттім дей салу…
Gastarbaiter
Вешірде үйдің тамадасы мен даланың тамадасы болатын.
Даланың тамадасының маңызы үй тамадасынан мықты болатын. Ол сырттан келген старшактарды кіргізбей, сырттан арақ-парағын беріп, вешірдің шырқын сақтаушы метластый жігіт болатын.
Кез келген вешірде үндемей, сыпайы болып, бірақ әркіммен билей беретін жігіттер бір бір қызды алып төргі бөлмеге кететін.
Ал ұшып-қонып Әбіләкім сияқты әнекдот айтып, әңгіме айтып, секс туралы көп білетін сияқты боп көрінгісі келетіндер керісінше сол клоун болған күйі, гитарасын арқалап үйіне қайтатын.
Nurgisa
Енді жауабын тосалық Әбілдің. Қарап қалмас. Қандай соққы жасар екен…
Gastarbaiter
Рефериінс, айтпақшы Әбіләкімге тек әнек айту жағы ғана қатысты.
Nurgisa
Өріккен әнегін уқалайды деуші ме еді…
Abilakim
Айтпақшы, ана жауаптың Гастаға қатысы болмауы да мүмкін.
Abilakim
Гитара мен домбыраны жарытып тарта алмайтынымды Сіздің назарыңызға ұсына кетейін.алдағы уақытта керек болар. Бос қайту жағына келсек… ауылдың вешірінде ауыздандым деп сен де мен де өтірік айтпай-ақ қояйық. Ол кездерде өз ауылымыздың қыздарын шамалы болса да сыйлайтынбыз.
Басқа жылғылардың арасында да өз тұстастарымыздың арасында да тамада болып кете беретінмін. Өзімнен үлкен жігіттердің вешірінің қыздарына қырындап қайтуды ар санамайтынмын.
Әр кіммен емес, бір ақ қызбен би билеп те әр қызбен төргі бөлмелетіп қайтуға болады
Gastarbaiter
Бұл жерде жіберіп алған мүмкіндік талқыланып жатқан жоқ, тек есімізде қалғанын айтып жатқан жайымыз бар.
Nurkoke
Жақында қалада тұратын сіңілім, аудан орталығына яғни ауылға оқу оқуға келді, баяқы тест үшін, жоғары балл алу мүмкіндігі көп деп.Енді ол қыздың тестке дайындалуы мұң боп барады.Сабаққа кіргеннен 4 қыз тыржиып қарсы алып,„қораға кіргендей кірді„ деп өшігіп алады.„Мен кәдімгідей кірдім, енді бүрісіп өшіп жүрмеймін ғой„-дейді ол.Кеше тіпті „төбелесеміз„ деп қоқан лоқы жасапты.Заман қатты өзгерген екен,өзі сұлу,әрі білімді болса, ондай қызды кешірмейді екен, тура сондай болғандығы үшін.Бұрын қыздар үшін жігіттер төбелессе, енді жігіттерін қызғанып қыздар төбелесетін көрінеді.Сіңілімнің тіпті арам ойы жоқ, олардың жігіттері де керек емес,өзінікі бар.Төбелеске шақырып жүр деп арыз түсірсем, арызқой,әрі сіңілім қорқақ болып көрінуі мүмкін, төбелессе жоғары балл алмақ тұр ғой, жаман мінездеме алуы мүмкін.Ол төрт қыз сыныбында авторитет көрінеді, байдың қыздары екен, жігіттер алақанына сап ұстайды екен.Преступный мирда крышалары бар көрінеді.Менің сіңілім де өжет, ол да үш қыз жанына жинап үлгерді.Ал ұлдар жағы сөйлесе алмайды дейді, сөйлессе тұтығады ,қақпайды ғой деймін өздері дейді.Бір пацанчик ұнады деп қояды.Сонымен бұл ситуацияда не істеу керек екенін ұқпадым, жігіттерін де қосып ал дедім,әзірге үш қызға лидер болып жүр.
asaubota
американский кинолардағыдай ғой мынау :)
monti
сіңіліңіз тестке бола ауылға кеткен бе? түсінбедім…
кезінде, мен ауылға барғанымда бір келіншек солай деп ақыл айтып еді, қаладағы мектебіңді тастап соңғы тоқсанды осында оқысаңшы деп))) ауылдық квотаға бола…
edige
УБТ балы үшін не істемейді бұл қазақ
Менде де болған бір ағайынының уйіне келіп бізге 3 ай бітуіне қалғанда. Алмауға әбден тырыстым оны мектепке. Директор араға түсіп қайта-қайта қалды ғой сонымен.
— Ағай, менен 3 айдан кейін құтыласыз! мен де тыныш жүрейін, сіз де — дегенде зығырданым қайнады. Соңында ҰБТ дан да адам тауып грантты алды.
Қазірде жергілікті ІІБнің бастығының орынбасары боп отыр дейт. мен көрмедім бірақ оны бітіріп кеткен соң.
Банкетте маған сотовый телефон силағаны есімде. Жап жаңа ашылмаған құтыда /ол кезде көпшілікте телефон болмаған/
Abilakim
Сименс А65 пе?
edige
Сименс еді, орысша переводы жоқ. Белге тағып жүргем
Nurkoke
Сонымен не істесем, не болса да төбелестіріп сыртынан бақылаймын ба, бізде де мықты крыша бар, бірақ олар боқмұрын қыздар мәселесін қайтсін.Сол ҰБТ-дан жоғары балл үшін келді, Бізде бір мектепте жыл сайын бір сынып тұтас грантқа түсетін кездер болған.олар өз әдістерін ешкімге айтпайды.Сол үшін келіп еді қызғаншақ қыздар пәле болды,қалаға үш айдан соң барады, мен ол төртеуін жеке жеке айырамын деп біздікі де кіжініп отыр.Математикаға бейім лицейде оқыған, мұнда бар сабақтан түгел оқуға тура келіп отыр.Оқуы жақсы,өзі жанып тұрған қыз,өз бетімен ешкімге ұрынбайды.
Abilakim
Біздің крышалар животный мирдан десеңізші))))
Nurkoke
Олардан ешуақытта көмек сұраған емеспін, біздің ауылдың жігіттері, жалпы ондай жігіттер әр облыста бар және бір бірімен тығыз байланыста.Ауылға қатты көмектеседі, спорт мектебіне дейін салып берді, ауылды көгалдандыру тазалық жұмысына белсене қатысады,өздері Алматыда тұрады, бірақ жиі келіп жағдайды біліп тұрады, мешітке дейін салып берді.Животный деп айта алмаймын.сыпайы жалпылдап тұрады.
Abilakim
Мен малың көп болса ақшаң да крышаң да болады дегенді келтіріп ем…
Nurkoke
Әрине малыңды қорғау керек қой.Жақында бір байдың жылқысы жоғалып кетіпті, ол айқайға басқан кезде, сол күні табылды малы,ұрылар оның малын ұрлауға болмайтынын білмей қалыпты.Ал менің малым, жеп отырған наным, ол жұмысым, маған крыша қажет емес, бірақ сол пысық жігіттер менің ауылымның тұрғындарының бір тал шашы жерге түспесін депті.Менің туған ауылым орталықтан 12 шақырым ,өзім апта сайын барып тұрамын.
Gastarbaiter
Бала күнімде, әке-шешеміз коллективпен не достарымен отырыс болып жатқанда көрші бөлмеде отырып, жарқын жарқын хор дауысын естуші едік.
Одан бері жиырма жылдай өтті.
Қазір сол "үстел басы" өлеңдер кеңес өкіметімен бірге құрдымға кетті ме екен? Неге жалғасы жоқ осы дәстүрдің?
Неге отырыстың аяғында застольный өлеңдерді айтпаймыз? Айтуға тырыссақ та ешкім сөздерін жатқа біле бермейтін шығар.
Gastarbaiter
Пәтердегі отырыстар да ішпыстырарлық. Бұрындары үстелді жинап тастап, әйда биге салушы еді әке-шешелеріміз. Біздікілер билеу үшін дискотека бар емес па деп галстук киіп қатайып қала ма екен?
Комплекс деген бәлелер көбейіп кеткен бе, әлде не көрінген біздің буынға?
Оның есесіне кеше бірінші каналдан 11-12 жасар бүлдіршіндер «Көпірген вешір» жасағанын талқылап жатыр.
patick
Бәрі басурман болып кетті ғо қазір. Ешкім ішпейді, ішпеген соң көңіл көтерудің басқа да түрлері жойылады.
Gastarbaiter
Әй, ақкөңіл, арқа-жарқа замандар ай
meirzhan
Сол кезде Шәмшінің әндерін айтты ғой көбінесе, Шахановтың да әндерін айтып еді. Көбінесе қазақша әндер айтты. Ал қазір қазақша музыкалар мелодичный, құлаққа жағымды емес. Радио, ТД-дан ротациялар арқылы құлаққа зорлықпен тықпалаған әндер.
Және де сол кезден бері батыстың әндерін көп тыңдайтын болдық қой. Жанрларда таңдау пайда болды. ӘРкім әр түрлі ән тыңдайды. Шетелский әндерді айту да қиын. Мысалы, үстел үстінде Линкин Паркты айту көп адам үшін қиын. Сөздерін білу керек, ритмдары да тез, аспаппен де сүйемелдеу керек. Ал сол кездегі әндерді айту оңайырақ.
Gastarbaiter
Шетелдік жанрлардың көптігі сол кезде де болған, бауырым. Ерегескім келмейді, бірақ не десең де, мәдениет пен музыка жағынан Кеңес өкіметінің соңғы он жылдықтарында 70-80жж. сен айтқан мәселелер болған жоқ тіпті де.
Си-Си Кейч, Абба, БониЭм, Модерн Токинг, Тото Кутуньо, Адриано Челентано, Патрисия Каас, Битлз бұл тек попсасы ғана. Хеви Метал жанрының да шарықтаған замандары.
Дастархан басы өлеңдері бөлек жанр деп айтуға да болады. Жұрттар ән жинақтарын алып жаттайтын, сондай отырыста өтірік аузымды ашып отырмайын деп.
meirzhan
Челлентано замандары туралы оқып, суреттерін қарағаным болмаса, білмейді екенмін расында. менің ол туралы айтуға құқығым да жоқ шығар. әйтеуір өз ойымды тықпалағаным ғой.
Gastarbaiter
Ақпарат көбейгенімен, адам бір мезетте тек белгілі бір мөлшерді ғана игере алады. Сондықтан әлденені білмей қалдым деп көңіліңіз түспесін. Бәрін білу мүмкін емес.
meirzhan
Джони Мнемониктердің заманы келер әлі. Бірақ онда басқа мәселелер туындауы мүмкін.
Gastarbaiter
Тіпті сол кезде де адамдар өзіне берілген петабайттарды немен толтыру керектігін таңдауға мәжбүр болады.
AKY
Былтырлары жатақханада тұрғанда отырыс болса, домбыраға қосылып хормен ән шырқайтынбыз. Осындағы линза туралы жазған Lyailya — бешірдің гүлі еді Сол кездерді сағынам қазір.
direct
хдомбыраға қосылып хормен ән шырқайтынбыз
елестетіп көрдім, былай ау шамасы: — Хайоооот ааайт, тағдыыыыр ааайт… и тогда ли))
AKY
Неа. Кәнігі қазақша әндер Музарттын, Қайрат Нұртастын, Жігіттер кварететінің т.б. қазіргі әндері.
з ы: Шахзоданың әндерін студент кезде тындағанбыз, содан есте қап кеткен ғо
Gastarbaiter
Караоке де жоқ болатын.
AKY
 Бар еді компта. Бірақ, вот именно, домбырамен айтқан қызық еді бізге.
Gastarbaiter
Әңгіменің ауанына қарай, мен 80-жж вешірлерді айтып отырғанымды түсінуіңізге болады.
AKY
А мен 80 жж айтқам жоқ.
balzaminka
he-he, men vewirge baryp alyp uiktaitn edim  ne azap desenizwi. Uidegi sayasat kollektivten bolinbeu edi, dastarhanga otyrgannan uiktaitn oryn sailap otyratnmyn, tez-tez vals bastalsa eken deepp. Vewirge baru uwin kzdar degen oi 1 apta buryn uide avtoritet jinap juretin edi, ana kzdn uine konam, myna kzben barsan gana jiberemin dep ata-analar wygady. Vewir aldnda kzdar arasnda slet bolatn kiim sailap, kazr oilap otyrsan kulkili, ol kezde kzdar 1dei kiinp baruga tyrysatn edi  odan kaldy kimnin sestrasy bar, sonyn kiimderine kuda tusip degendein. Agalarymnyn arkasynda ewkim magan, menin kasymdagy kzdarga tiispeitn, sony biletn ata-analar Gulshat barsa gana barasn dep wart koyady kzdarga, sodan jurgenin 1eudn mahabbaty uwin vewirletp. En kulkilisi, uide tosek salp koyady men kelgende uiktaidy dep, a men uikym kanyp norma bolp keletinmin.

Oilap otyrgan bolarsz ata-anasy kzk eken dep  mama bizdi erkin kylyp osirdi, agalarym uide otyrsn, ewkaida barmasn degenge kysylmai, erkin, katarynan kalmai oskenderi jax on men solyn bilip, senim korsetilgen jerde adam adaspaidy deitn. Bostandygym bola tura oz basym vewir, discotekaga kyzykpappyn, kaita ata-anasy katal kurbylarym, bolelerim janp turatyn edi
meirzhan
кітап оқығандай болдым ғой. мемуарды.
Gastarbaiter
Латын әріптерін ағылшынша қабылдайтындарға жүк түсіреді екен жазбаңыз.
balzaminka
kelisemin, ozime de auyr. Jazbauga iwte kelip kalgan, jazyluga yntyk pikirler maza bermei, sodan jazam okygan kisi kewireee gor dep
meirzhan
Уже үйреніп алдық қо. Шәугім үйретіп жіберді ғо  Маған да пікірлер маза бермейді.
balzaminka
1 parakka da jetpeitn memuar ma
meirzhan
Аз сөзбен де көп нәрсе айтуға болады ғой, немесе болашақ кітапқа дайындық.
satibaldi
Әуелі, ептеп тиын-тебеннің басын құраймыз. Содан кейін барып жаңағы ақшаға не келетінін есептейміз.
Меніңше, Шива о бастан берген қисын бойынша, алдымен не керек екенін есептеп, сосын ақша жинаған қолайлырақ сияқты…
Zilola
не керек деген тiзiммен акша омiрi жиналмас, жиналган акшага унемдеп алынганы дурыс
satibaldi
Ааа, лимонад-Буратино мен екі тонна винегреттен жасалатын вешірді айтып тұрсаңыз — иә, солай.
saken
екі тонна винегреттен жасалатын вешір
екі тонна винегретпен миллениум пати жасап жіберуге болатын шығар негізі )
Gastarbaiter
бізге 80-жж Олимпиада қалай естілсе, Миллениум Пати деген Малика, Эстетикаларға да солай естілетін шығар.
Zilola
он ботелке агдам, бiр баклашкi спирт, азмаз тiскебасарга жежетiн айтеу )))
saken
он ботелке агдам
бұл қай жылғы вешір өзі? 96-98-дің маңында Таласқа таласып жүретін, одан кейінгі жылдары более-менее баршылық сияқты етін ))
Zilola
Еее тетрапакеттегi Омар, ботелкедегi Агдам, Кайсар, Саяхат дегендер шараптын торесi едi го 1999-2001 де )))
Gastarbaiter
Братья Махмадовы есіңде жоқ шығар
Zilola
арак винодан кымбатырак етiн, айтпесе озiмiздiн БМ дi танымай не корiнiптi )
Gastarbaiter
Кетшна, Мақпал
1998 жыл, Сомали көшесі, Африка ұжымшары, гараждың арты.
Жүресінен айнала отырып, ортаны түкіріп-түкіріп көл қылған жігіттердің арасында, бір қолында кесе (кесемен арақ ішкенді жек көреді, бірақ басқа ыдыс жоқ), бір қолында уксусқа өлтірілген пияз бен нанды, ортада 50-50 араластырылған спирт пен су:
«не дейміз енді сөзге кедейміз, осындай кең дастарханның басында кездесе берейік, Мас болу мақсат емес, арақ ішу арман емес деген сияқты ғой, главное сыйластық қо»
-деп талай кештер өткізген Зилоланы елестеттім.
saken
50-50 араластырылған спирт пен су
пропорциясы дұрыс сақталмапты ғой.
а так ауылдағы төшкіден 200 грамдық стаканмен 1 стакан спирт алып, оны бұлақ жаққа барып ащы (тұзды) сумен араластырып арақ жасаған замандар-ай десеңші. Бұлақтың басында тығып қойғған кесені іздеп жүргенің содан.
Gastarbaiter
ЕНді пропорция сақтап отыратын жай жоқ, бірге бір ұра беретін еді ой шайқап шайқап.
Zilola
ол арақ шараптарды ішпейтіндер де біледі ғо, оны неге жаңалық етіп оцың ))
а так главное сыйластық деп отырмадым
бізде үйде болды түр түрі, дүкеніміз болған деп айтамын ғо үнемі, әлі де бар, бірақ уже недействующий. Содан арағымен қоса, закускіні де изучать еттім
saken
Кайсар
оОО, Қайсар есімде-есімде (деп жұтынып қойған дейсің ғой) )))
Zilola
кетЧ ))) 60 тенге мед багасы?
saken
бағасын білмедім. Әйтеуір тапқан-таянғанымызды аямайтынбыз собраз кезінде.
Zilola
барiнiн басынан отiптi го ия )))
balzaminka
Agdam, Talastar 45 tg, BMder 110-120 tg edi go
Zilola
өләәә, тегіншілік ғо сендер жақта
satibaldi
«Жасоратты», «777-Сермиречье-ні» атап өтпегеніңіз үшін Аспан Әміршілері ашуланып, бұтақты жеватыр.
saken
тетрапакеттегi Омар, ботелкедегi Агдам, Кайсар, Саяхат
«Жасоратты», «777-Сермиречье
небірлері болыпты ғой. ))
менің есімде қалғаны сол Талас пен, Роял спирті етін. 1 литрінен 6 жарты таза сапалы арақ дайындауға болатын
Таласты балдар өздері-ақ шөлмекке құйып, зауыттан ыстық күйінде әкеле беретін. )))
Zilola
Саяхат 2001 жылы 110 тенге болатын, сыртында мойны кайрылган туйенiн суретi бар )
Zilola
А зато cухое Бибiгул, красное Максим мен Рубиндi аттай алмадым )))
Zilola
бренди деген сүйкімді шыныға құйылған сусын бар етін еще, соның самопалын шоколадтан жасайтын.
Мен сендерге қолдан арақ жасағаным туралы, тойыс сондай жұмыстарда ерінбей ат салысқанымды айтып па едім?
AKY
Бір тойда женгелеріміз жасаған, 96 жылы ғой дим. Спирт пен су пропорциясы есімде жоқ, мен тек этикетка желімдеуге қатыстым.
Zilola
міне, өстіп, өстіп Сатыбалдының ізін қуғандар шыға береді )))
Gastarbaiter
Сатыбалды да бодяжник болып па еді?
Aqiqat
Мынау сипаттағаның отырыңқы, отырмақ қой. Яғни, біреу хаты шығарады, біреу мафон, біреу кәссет, біреу юпи, біреу су, біреу галан деген сияқты.

Бізде вешірлер более престижный болды. Ол белгілі бір поводқа байланысты (коллеж бітіру, армияға кету, аудандық жарыстардан орын алу) бір адамның өз қалтасынан қонақ шақыру еді. Ондай жағдайда үйіндегілер заранее жинақталып, мал сояды дегендей. Сосын аптаритет ағалары сырт жақты қарап ішке «күтілмеген» қонақтардың кірілмеуін қадағалап жүреді мұндайда. Сонда да, через кого-то толковый деген балдарға старшактардан «шығып кетуін» өтінген шақыртулар түсіп жатады.
saken
жиналган акшага унемдеп алынганы дурыс
жетпеген заттарды әркімнің үйінен жинапта вешір жасайтын кездер болған.
Біреудің үйінен күріш, біреудің үйінен сәбіз, тағы біреудің үйінен шімішкі май дегендей )
Aqiqat
Палау пати ма сонда жасайын деп жүргендерің? «Ақмаржан» палау патиіне қош келдіңіздер!
saken
просты, әркім өз үйінен алып шыға алатын заттардың тізімі ғой. Қалғандарын амал жоқ жиған-тергенімізге сатып алатынбыз.
Zilola
Кызылорда болган сон курiш та, курiштi мен акелемiн деп таласып калатын кездер болып па едi ))
saken
кейбіреулер салы күйінде беретін. Сосын оны электрокелісі бар үйге барып, жалынып-жалпайып жүріп түйдіретін.
Aqiqat
Үш ай жаз Өскеменде практикада болып ауылға, балдарға 1 роялімді алып барып тұрсам, олар күлет те, разведенканың уақыты өтті ғой деп. Бәрі жапырылған баклашкаға құйылған езілген спиртті менсінбейді.  Аяжан, Вимпекстердің Қазақстан экономикасына мықтап енген тұсы ғо дим.
saken
баклашкаға құйылған езілген спирт
айтпақшы пластик шөлмектегі қытай арағы бар еді ғой. Кімнің есінде?
Gastarbaiter
Қаңылтыр шөлмектегі: Черная смерть — есімде.
Aqiqat
Қытайлық арақтан тек анау ішіне жылан мен кесіртке салынған сасық суды көру құрметі ғана бұйырған екен, и то ішу құрметіне ие бола алмай кеттім. Денең түршігеді екен.

Ауылдарыңда Қытаймен сыртқы экономикалық қатынасты тығыз ұстайтын қара кемпір болғаны ғой
Gastarbaiter
Батыс жаққа қытай арағының жетуі қиын еді ғой.
Aqiqat
Мына тақырыпты қызылордалықтардың рахаттана талқылағанын көріп өзім де сондай қорытындыға келдім. Канечная астанопка сендер болып тұрсыңдар ғо
Gastarbaiter
Қу ақаңнан қорлық көргендей, Қызылордаға қызығып, аузыңызды қу шөппен сүртуге еш себеп көрмей тұрмын.
Қытайдан бұрын ақаңның ақ ордасы Ресей елі сіздерден сідік шаптырым жерде емес пе еді?