Ауылға бардым

Блог - asaubota: Ауылға бардым
Кеше кешкісін бір жұмыстас жігіт аулына қонаққа шақырып, бала-шағамызбен барып қайттық. Қаланың тұрмысынан шаршағандар анда-санда барып тұру керек екен ауылға, кәдімгідей демалып қайтасың. Барған аулымыз — Қарағанды облысы, Нұра ауданындағы Ахмет деген ауыл. Астанадан 60 шақырым жер.
Осы біз диалектімізге, дәстүрлерімізге күлеміз, өзімізше бөлінеміз. Негізі солай болғаны да дұрыс және қызық сияқты. Бәрі бірдей болса ішіміз пысып кетер еді ғой :)
Ахмет аулы да былай қызық екен. Үй салысы, қора салысы, ет салысы бізге қарағанда басқашалау. Бірақ бәрібір қазақпыз ғой, ештеңені жатсынған жоқпыз. Ауылдың аты ауыл. Малдың иісі, фуфайка киіп қар күреп жүрген әкей, байланып тұрған ит, аулада тұрған арба, ауылский туалет, темекіні лақтыра салмай дұрыстап сөндіру, біз барған жігіттің бізді көріп сәлемдесіп, қал жағдай сұрап, не ішкіміз келетінін сұрап кеткен ауылдағы бір «братишкасы»… Обшым, барлық ауылдардағыдай :)
Бөлісу:

22 пікір

Abilakim
Ол аудан бізге қарағанда орыснамай деуші еді.Бірақ өзің айтпақшы ауылдың аты ауыл! Қазіргі ауыл мен бала кезіміздегі ауылды салыстырмау керек секілді.Өзгенің ауылы түгілі өз ауылыма барғанда өзгерістерді көріп үйренісе алмай қаламын.
Nurgisa
Бұрындары Кеңес өкіметі кезінде ауылда молшылық еді. Атам (әкемнің ағасы) механизатор, трақтыр айдап-ақ қара шаңырақтың берекесін қашырмаушы еді. Үш айлық каникулға барған күні-ақ шашымызды тақыр ғып ап тастайды ұстарамен. Кешке тапшанда жатасың, әлгі шашсыз тақыр басың жастыққа жабысып. Бауда алма, өрік, нәк (грушаны солай атайды біздің ауылда)… тағысын тағы өсіп тұрады. Өзіміздің баудағы емес, қоңсылас үйдің ауласына барып ұрлап жейтінбіз, сол тәттірек сияқты болатын :) Тезек «шәпектейсің». Қозы кезек келеді, оны атқарып тастайсың. Жеңешелер нан пісіргенде біздерге арнайы кіші көлемді «күлшетай» істеп беретін. Наннан кейін қалған күлдің астына бір-екі картоп сап жіберіп жейсің, сұмдық тәтті болатын :) Айтпақшы бауда шие өседі тағы. Оны «гләз» (гылаз) дейтінбіз. Лимонадтың бөтелкесіне сап, үстінен қайнаған су құйып, «компот» істейміз. Күніге таңертең жеңешелерсиырды ерте сауып, біздер тұрғанша бір қазан сүт пісіріп қояды. Сіміріп ішетінбіз. Маған қаспағын беруші еді, «жолыма» қарап :) Әйтеуір сол күндері береке де, тәртіп те, адамдар арасындағы өзара сыйластық, мейірбандық шынайы еді. Қазір әйтеуір сол аулымыз қаңырап қалды. Ауылдағы ағайын жұқарып қапты былтыр бір барғанымда. Бейнеті аз емес. Бір түрлі боп қалады екенсің.
Abilakim
менің атымнан +1
sammita
менің атымнан да атшы +1-ді.
Abilakim
Уали, Уали дегендей Нури, Нури аттым
TOTY
Иә, ауылдың тірлігі сәл бұрынғыдан өзгерген. Аулада, не қысты күні тау басында қаптаған бала көрмейсің ғой. Халық бір бірімен бәсеке ме, біртүрлі в обшым. Ал жалпы ауыл жақсы.Әсіресе, жаздағы қаланың қапырығында емес, ауылдың таза ауасында жүрген рахат.
TOTY
Көріністерді жақсы беріпсің, сраз көз алдыңа елестеп келе қалады…
Nurgisa
Үй салысы, қора салысы, ет салысы…
Күшті! :)
Nurgisa
Ауылдағы сол молшылық жылдар ғой. 88-89'шы жылдар шамасы болса керек. Әкем үнемі сондай тұрақты жағдай боп тұрады деп шешті ме екен, ауылда үй салатын болдық. Ағаларымыз, бауыр туыстарымыз асарлатып бір жазда көтеріп тастадық. Бірде түскілікте ағалар маған шайға анау-мынау әкелуді міндеттеді. Қыр жақтамыз. Үйе баруым керек, жаяу әжептеуір жер. Есек берді астыма. Логистика сөз боп па. Сөйтіп оған қуанған мен «хы, хы» деп көлігіммен ыспакойны келе жатқам. Бір уақытта астымдағы мерседес үдей бастады. Бұған не көрінді деп артыма қарасам, артымыздан басқа бір есек қуып келе жатыр. Мынау қашып әлек. Онысы ол ма, астымдағы «ер» сырғи бастады. Қымтап қоймаған екен сөйтсем ағаларым. Оң жаққа сырғып, топ ете қалдым. Тізем қан-қан. Мерседесім қашып кетті. Арттағы "іңгә" есек қуып барады. Жүйткіп. Сөйтіп, арып-ашып үйге бір нәрсе ғып жаяулатып жеттім. Дарбаза маңындағы картина бірақ қатты абдыратты мені. Қуғын мерседесіме мініп ап, мен үшін түсініксіз гимнастика жасап жатты. Сөйтсем менің мерседесім ұрғашы екен ғой. Анау сырттай ғашық боп жүрген жүгәрмектің бірі болса керек. Акт біткесін көршінің есегі өз жайымен кетті. Мен біздікін қорадағы орнына апардым. Көздерінде бір реніш бар еді…
Abilakim
«Сиыр мүйізін, Есек тұяғын төсейді» деуші еді үлкендер.Құлағанда қалай екен?
Nurgisa
Әйтеуір жақсы болмады ғой. Мен ол кезде қанжоса болған тіземді емес, қашып бара жатқан есегімді ойладым. Жоғалтып алсам, сазайымды тарттырады-ау ағаларым деп абыржыған шығармын. Екі ортада, ситуацияның рахатын көршінің есегі көріп кетті…
Abilakim
Асау тайдан қатты құлағаным есімде. Еще теуіп кетіп еді.сол жақ қабырғам әлі күнге қақсайды кейде))))
ErNur
))) Біздерде де болған есек оқиғасы. Балдар болып төрт есекпен екі-екіден мінгесіп келе жатқанбыз. Содан біреуі ұрғашы еді есектің, соған бір айғыр есек ақырып әй-шәйге қарамай үстіндегі балдарды лақтырып артылды.
Есектің жаны мықты ғо бәріміз жабылып сым темірмен, штакетникпен ұрғылап жатырмыз. Оған қарайтын айғыр есек жоқ.))) Содан алысырақта қойкезек бағып жүрген біреу алыстан біздерге қарай айқайлап жүгіріп келе жатыр. Сүйтсек Әміржан деген ағамыз екен, келе балдар тимеңдер деп бізге ұрсып ұруымызды тоқтатты. Есектеріміз тірлігін жалғастырып жатыр. Әбіләкім әңгімесінде айтқан аяққа ілетін ілмешегі бар тізесі шығып кеткен трикосы, тізесі шошайып онымен бірге бұтының арасыда шошайып тұрғанын сол балдар болып кей-кезде кездескенде әлі күлкіден жарылып еске аламыз Әміржан ағамызды)))))
Abilakim
Әміржан-қазақтан шыққан тұңғыш зоофил
Nurgisa
Әрірек үңілсең ше?
muza
Алыста тып-тыныш сабагын окып журген балага кай-кайдагы ауыл деп, ет деп, кар деп ауылымды сагындырып жибердиндергой :)
Кезинде 94-95 жылдары али 6-7 жастамын.Талдыкорганнын Кербулак ауданына карасты Карашокы деген ауылда турган едик.Кыскы каникулда ауылда 10 шакырым жерде кыстык коражай бар болатын.Ар жылы колхоз бастыгы мал байлаймыз деп мындаган рулон шопти кузде апарып жинап тастайды.Олар мал байлап жыргатпайды.Биздин ойынымызга жарайды кобинесе.Агам апкем ушеумиз танертен шыкканнан кешки аска мама-папалар айкайлап арен киргизетин еди.Сондагы бар истейтинимиз шоптердин арасына уя салып алганук--жапалактарды устауга тырысу.Жабайы мысыктарга тас лактырып ойнау.Кандай балалык десенши.Казир отырмыз мында мурнымызга ауылдын иси де келмей :(
sammita
№3қатыгез, озбыр жан;)
Nurgisa
Серігіңді тапқаныңа мәзсің бе? :)
sammita
Нұрғиса, байқасаң ше, дені дұрыс балалардың бәрінде болыпты бұндай озбырлық. Көбі құпия қып айтпай отыр. Демек, қалыпты дүние;)
Nurgisa
Бір жағынан, өзіңді жұбатуыңды да түсінем. Дарақылануда не бонус болсын. Өзіңді езгілей берме, сабаңа түс. Өткен-кеткен озбырлықтарың үшін мәңгі сондай ассоциация сенімен еріп жүреді деген гәп емес қой.
Nurkoke
Алтайдың қысы қатты ғой биыл қаңтар айында қырық градустен түспеді, кей жерлерде 57 градус.Қыс туралы шығарма жазып кел депті бауырыма.Сонда ол былай жазыпты:
Далада аяз қырық градус пәшти,
Аяғымды Арай тоқыған жүн нәски.
Аузымда көкем пісірген пирожки,
Маған не істейсің, ал аяз қақши.
Аудан орталығында тұрамын, бұрынғыдай ойын жоқ балаларда.Бәрі түнімен майл агентте отырады, одан қалса интернет, компьтерлік ойындар.