1994 жылғы той

Кеше түнде тойдың дисктерін қарап отырып, 1994 жылғы жеңгем бен көкемнің тойларына көзім түсті.Сол тойдағы гулянка Оңтүстік Қазақстанда облысында орналасқан «Біркөлік» демалыс орнында өткізілген.
Әрі қарай

Үйлену - бір күндік қуаныш, мәңгілік өкініш

Осы қазақтарды түсінбей-ақ қойдым. Өзіне-өзі проблема жасағаннан басқа түк білмейді. Абай атам босқа қайғырмаған екен. Сол кезде білген қазақ елінің көптеген -измдермен ауыратынын. Сондай бір -ебизмдердің бір — үйлену тойы. Қазіргі уақытта, отбасының тұрмысы орташа, табысы да орташа жігіттерге үйлену — үлкен машақат. Ауылдағы тойдың өзіне кемінде лимон кетеді. Бишара жұрт кредит алады, сатады — әйтеуір, жұрттан қалмау керек. Баласы 18де болсын, 38де болсын — жыртылып той жасау керек. Бір-бірінен асып түсу керек. Сүйген қызыңмен бірге болу үшін сонша шашылып не керек? Маған салса — по бәрібір. Не керек маған, үйленіп алып, артынан қанша жыл қарызданып жүрген? Жоқ, қазаққа баласының бақытынан жұрттың не дейтіні артығырақ. Не деген сорлы едіңдер? Маған бақ тілеп келгендерге бір үзім нан қойсаңда разы болады. Жігіттерге айтарым, үйленсең өзің үйлен, ешкімге салмақ салмай. Барымен базар. Өзгенің не дейтініне бас қатыру — қатынның ісі. Стериотип сындыру керек.
Әрі қарай

Қазақ тойдан қашқан ба?

Жас отбасылар отау құру тойына қанша ақша шашады екен? Осыны білуге қатты құмартқан «Хоум Кредит» тобы(Группа «Хоум Кредит») 7 елде өз зерттеулерін жүргізіпті. 7 ел деп отырғанымыз сол: Ресей, Белоруссия, Чехия, Словакия, Қытай, Вьетнам және өзіміздің ҚАЗАҚ елі. Сонымен, зерттеулер не дейді екен, нені анықтапты, солар жайлы айтайық:
Әрі қарай

Тойдың көркі - көкпар

Кезінде қазақтың бірде бір тойы көкпар, күрессіз өтпеген. Еліміздің белгілі азаматы Бекболат Тілеухан өзінің отбасындағы қуаныш және Астана күніне орайластырып Астана маңындағы Балқарағай жерінде үлкен той өткізді. еліміздің үздік көкпаршылары қомақты жүлдені сарапқа салған сайыстан видеоблог.

Әрі қарай

Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік

Алған әсерлер шексіз десем артық айтпаған болармын. Мүлдем басқа мәдениет, мүлдем басқа менталитет… Амман деген астаналарына келдім, 4-5 қаласында болдым.
Блог - Tyulpan: Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік
Танысу
Үйге кірсем, бәрі қаздай тізіліп, орындарынан тұрып қарсы алды. Баттасып боянған және ірі денелі болғандықтан ба, қара хиджабта кексе тартқан 3-4 әйел-ау деп ойлағаным жас қыздар болып шықты. Мамасын солардың ең үлкен әпкесі деп ойлаппын. Сонымен, аттарын айтып, біздегі Шымкенттің қыз-әйелдерінің амандасуы сияқты қолдарын беріп амандасып, танысып болдық. «Жасмин» дегеннің «Ясмин» деп өзгертілгені болғандықтан содан басқа бірде-бір ат есімде қалсашы. ))) Сол және тағы басқа қосылған аттарды бірнеше күн бойы «анандай киген қыз, мынандай істеген ұл» деп, шартты бірдеңелермен ұқсастырып айтып жүріп, жаттап, үйрендім-ау, әйтеуір. Қыз-келіншектердің аттары: Абрар, Тамадор (біразға дейін «Тамагор» деп жүрдім)))), Мәляк (оны «Мелек» деп), Ду'әa, Баә'на, Эфнәа'қ, Зеена, Ясмин, Әридж, Сузанна, Ханейн… Ер адамдардың аттары: Омар, Махер, Әнас, Шәди, Тарик…
Иорданияда монғолоидтық түрлер сирек кездеседі, яғни, келушілер аз. Содан көшеде бәәәәрі саған тесіліп қарайды және «Хай!», «Халло!», «Уэлкам ту Джордан!», «Ар ю Кореан?», «Ар ю Малейжан?» деген сияқтыларды айтып ер адамдары айқайлайды. Бұл өзі бір қызық сезім болды: біздің елде жүрген африка, афро-американдықтардың күйін бір жақсылап түсінгендей болдым...))
Әрі қарай

Мөлдір Әуелбекова: "Бір халықты шоу-бизнес және той-бизнес тыңдарманы деп екіге бөлуге болмайды"

Әнші Мөлдір Әуелбекованың «Жұлдыздар құпиясы» журналына берген сұхбаты.

— Өмірдегі Мөлдір мен өнердегі Мөлдірдің айырмашылығы мен ұқсастығы бар ма? Өнер иелері үнемі маскамен жүреді дегенге келісесіз бе?
Біріншіден, кез келген өнерпаз үшін өнер – өмір, өмір – өнер. Сондықтан екі жерде екі түрлі болу – екіжүзділік. Өзгелер үшін жауап бере алмаймын, ал менің шығармашылығым – менің өмірімнің көрінісі. Мен шырқайтын әндер менің жан толқынысымның, менің ой-пікірімнің, менің қоршаған ортаны қабылдауымның, менің дүниені түйсініп-сезінуімнен туады. Өмірде басқаша ойлап, өнерде басқаша сайрасам кімге пайда, кімге зиян? Өзіңді жоғалту, мақсаттан таю, тірлікте адасу осындайдан басталады. Екіншіден, өнер иелері үнемі бетперде киіп жүреді деу – стереотип. Шекспир мырза «Өмір – театр, ал адамдар — актерлер» деген екен. Өмір сахнасында бәрінің бір немесе бірнеше бетпердесі бар. Ол әнші, ол мұғалім, ол депутат, ол құрылысшы. Сондықтан белгілі бір топқа ғана теліп қоюға болмайды. Бір білетінім – өнер адамы бетперде киетін бір жағдай бар. Өнерпаз да ет пен сүйектен жаралған адам, оның да өмірінде отбасы, қызметінде қиындықтар туып жатады. Бірақ тыңдаушысын сыйлайтын әнші сахнаға сол жан күйзелістерін бірге алып шықпайды. Іштегі түтінге қалың көпшілікті куә қылмай, сахнада жайнап, халыққа қуаныш сыйлаған жанды не үшін сөге аламыз?
Әрі қарай

Қызмет ету статустары

… Мәселеңки Шымкентке тойға бардыңыз делік. Қақпа ашылды. Сіздерді әлі ешкім де байқаған жоқ. Көзіңіз бірден адамдарға түсті. Кімнің-кім екеніне назар аудара бастадыңыз…

Әрі қарай

"Құрметтi тойшы қaуым!" немесе Той жaсaғaншa Еуротур жaсaп қыдырғaным aртық!


«Тойсыз оты түзу жaнбaғaн» қaзaқты тойдaн aжырaту мүмкiн емес көрiнетiн. Бiрaқ соңғы кезде бaсқaшa үрдiстiң орын aлып жaтқaнын бaқылaудaмын. Қaзiр жaстaрдa модaғa aйнaлғaн «Той жaсaмaйм, одaн дa сол aқшaғa курортқa бaрып демaлмaймын бa?!» деген сөздi естуден құлaғым тұнып қaлды. Осы тaқырыпты шaғын тaлдaп өтсек
Әрі қарай

Тойда талай қызық бар...

Өткенде бір тойда болдым. Бір ерекшелігі тойға келген қыздың бәрі құлпырып, көздің жауын алып тұрады ғой. Сондай бір сұлумен танысудың сәті түсті.
Әрі қарай

"Қыз көру"

Егер сіз 31-ші наурыз бен 1-ші сәуір аралығында Қарағанды шаһарында бола қалсаңыз «ASIA» сауда орталығына соға салыңыз. Бұл жерде осы күндер аралығында "Қыз көру" атты көрме өтеді. Негізінен бұл көрменің пайдасы жақын арада қандай да бір той, мерекені атап өтейін деп жатқан қарағандылықтарға таңдау мүмкіндігін беретіндігі байқалады. Себебі, бұл көрмеде тойға қажетті барлық қызмет түрлері топтастырылады.Атап айтсақ, кондитерлік өнімдермен айналысатындар, шаш, сұлулық салондарының өкілдері, фото-видео қызметтері, зергерлік бұйымдармен айналысатындар өз қызметтерін ұсынады.

"Қыз көру"-қазақ халқының салттарының бірі.Бұрындары ата-бабаларымыз атастырылу арқылы отбасын құрғанымен, кейбір ықпалды адамның балалары, сал-серілікпен айналысатын бірен саран жігіттер өзіне қалыңдық таңдап, ауылдарды аралайтын болған.Міне, осы салтты "Қыз көру" деп атаған.

Көрме жайлы мәліметтің түпнұсқасы
Әрі қарай

Шалақазақ немесе өз-өзімізді кемсітіп жүрген жоқпыз ба?

Тойда болдым. Қазақпыз ғой, ойын тойымыз ешқашан таусылмайды. Артымыз жалтырап жатса да бетіміз жылтырап той жасаймыз… Бірақ бұл той басқа тойдан ерекше болды. Иесінің байлығын айтып мақтайын немесе өзімнің бір шала тойғанымды айтайын деп отырған жоқпын. Басы да басқаларынан ерекшелігі жоқ, кәдімгі дүбәрә мақтаншақтықпен басталып, галстуктарын карындарына мәпелеп қойған еркектер мен бойына шақ келмесе де ең қымбат көйлектерін иықтарына ілген әйелдер мәртебесіне байланысты кезек-кезек шығып, етектей-етектей сөз сөйледі… Бір кезде басқаларынан еш ерекшелігі жоқ бір қайыстай қара келіншек шықты. Көптің арасында ерекше көрінгісі келді ме, кім білсін сөзінің басында «Здесь что интересно все говорят на казахском, но я буду говорить на русском, так как я себя причисляю к шалаказахам!» деп мақтанышпен қойып қалғаны. Басқалары ду күлді, тіпті қол шапалақтап жіберді! Айтқан сөзін көпшілік қолдағанына мастанған келіншек айналасына нұрлана бір қарап алып, ұзақ сонар сөзін бастап кетті… Ары қарай менің көзім қарауытып, құлағым тұнып жүре берді…

Көшеде жүремін. Адамбыз ғой, көшеде жүргеннің не сөкеттігі бар? Ия, білемін, біздер көшеге тек бір шаруамен шығамыз. Баратын жерімізге жылдам барамыз да, жұмысымыз біткен соң екі аяқты жерге тигізбей үйге қарай құйғытамыз. Тіпті еш шаруамыз жоқ болса қарынды сыйпап қойып ұйықтаймыз. Өзгелер сияқты серуендеу жоқ қой бізде… Міне ана тіліміздің ақсап жатуының басты себебі осында жатыр!.. Қалай? Былай! Егер атасы көрмегенді ботасы көріп жүрген атқамінер қазақ күнде кешке жақын көше бойлап серуендеуді әдетке айналдырса көрер еді… Қателерді… Тұнып тұрған қателерді… Қазақ тілінің қаңсып қалғанын… Дүбәрә аудармаларды… Әттең… Білетіндер билікке жақын жүретіндер мінетін көліктің терезесіне орнатылған қара үлдір сырттағы әлемді нұрлы қылып көрсетеді дейді… Шын шығар…

Көршім бар. Жалғызбасты. Жақында көшіп келген. Үкімет тегін үй таратқанда тайыншадай итінің құжаттарын өткізген бе, екі бөлмелі пәтер алыпты. Көрші қақысы – Тәңір қақысы, есік алдында итіне бой жаздырып жүрген көршіммен тілдескім келді. Жай, есігімізге есігіміз тиіп тұрған соң таныс болайық деп… Әңгіме жараспады… Көршім де… О, Тоба, шапқылап жүретін тайынша төбет те… бір ауыз қазақша түсінбейді екен… Арсалаңдап жетіп келген ит «Кет!» дегеніңе пысқырып та қарамайды, «Пошелды» күтеді… Қайта итінің ниеті нұрлы екен, түсінбесе де ыржалаңдай береді, иесі менің «Ассалауыма» мұрнын шүйіріп өте берді…

Осындайды көргенде менің ауылға көшіп кеткім келеді… Қазағы да қазақ, басқасы да қазақ… Негізі кімнің түп-тұқияны қайдан шықса одан шықсын, бірақ барлығы бір тілде сөйлесе ынтымағы да мызғымас болады екен… Міне Ел Бірлігі қайда жатыр… Қазақпыз ғой…
Әрі қарай

Тойды құртатын Тілек!

Тағы да сол баяғы той. Жалығып кеттім тіпті. Қаншама тойға шықсам да, үйлену тойын жасаудың түпкі мәнін ұғар емеспін. Кімге? Не үшін керек? сол той. Дастархан басында дамылсыз тұрып-отыратын екі жас үшін бе? Тойға барған сайын соларға жаным ашиды. Бірде күйеу жолдас болам деп белден-бел қалмаған ед те. Содан бері ондай предложениеден қашатын болдым. Одан да от души қыдырып алғаным артық.
Жалпы осы той екі жастың бақыты үшін жасалады дегенге өз басым сенбеймін. Массовкаға топырақ шашып отырғам жоқ. ендіболады ғой циркачтармен, жұлдыздармен, жұртпен бірге екі жастың да ауызы ашылып отыратын нағыз шик тойлар. Ал қарапайым өтетін тойда қарайтын ештеңе де жоқ. Стандартный сценарий мынадай:
Адамдарды айнала тұрғызады;
Екі жасты шақырады(тойжыры немесе жар-жар әнімен);
бет ашылады(қызықтылығы беташаристтің шама шарқына қарай);
шашу, құттықтау, топырлау;
Содан кейін екі жасты махаббат тренажорына қондырады)))

сурет мында
Әрі қарай тойдың жақсы өтуі тамаданың талантына байланысты. Бірақ қандай тамада болмасын, ТОЙДЫ ҚҰРТАТЫН — ТІЛЕК екенін мойындайды деп ойлаймын. Бір айтқанды қайталау, тарихқа кетіп қалу… бір қызықты оригинальный тілек айтылмайды. Меніңше екі жасқа «бақыт тілеу, аспандары ашық болуын тілеу, балаларының көп болуын тілеу» ақымақтық сияқты. Ертең бірін-бірі сыйлап, жұмысқа тұрып, баспаналы боп жатса бақытты болат та. Егер рас бақытты болуын қаласа осыны істеп берсін, немесе көмектессін, қолынан келеді ғо. Әйтпесе оның бәрі екі жастың жеке басына қатысты шаруа. Әйеліне көп баланы тапқызу сияқты. Тілектің орнына үлкендер өсиет айтса, "құлыным менотбасын құрғанда осындай қиындықтар болды, сен де соған кезігесің сол кезде мынаны мынаны істеме, мыналар есіңде болсын" деген сияқты. Барлық туыстары бір жерге жиналып қалған кезде бұл екі жас үшін ақыл-кеңестерін алып қалу үшін тамаша мүмкіндік. Егер ондай болмай жатса, аққұлақтар сияқты қызықты өлең шығарсын. Мысалы:
«Мойныңа қамыт киілді,
Алдыңа палзунки үйілді.
Екеу боп басың біз үшін,
айдаһырға айналдың
Ұмытатын болдық үйіңді»
деген сияқты. Интернетт пайдаланып, осы тектес қызықты тілектер тауып алып, орысшасы болса аудары, жаттап, дайындалып барса той оданда қызықты өтер еді деп ойлаймын. Өйткені екі жас тамаданың әзілінен гөрі, туған туыстары, достарының қалжыңдарына жыртыла күледі.
Егер айтатын тілегің қызықты болмаса, үндемей ғана іштен ниет қыла сал. Егер тілекті қандайда бір сыйқырға балайтын адамдар болса, айтарым тілек тек стақандағыны алып қою үшін ғана айтылады.
Тілекке адамды топтап-топтап шақырып алып, айтып болғанша боқтап-боқтап тұратын тамадаларды да көзім көрді. Адам көп шақыртылған тойдың көп бөлігі тілекпен өтеді. Бірақ соның көбі екі жасқа еш қатысы жоқ адамдар. Әкесінің әріптестері-достары, шешесінің әріптестері мен достары, көршілері — тойдан қалдырмай әбден жаман үйретіп алғамыз. Егер олардан сондай ұят болатын болса, «ауылы бөлек» аталар мен әжелерге қосып кейін бөлек жасаған дұрыс сияқты. Ал тойда тек екі жасқа ғана қатысы бар адамдар келуі керек.
***************
үйленіп жатқан жігіт анау шеттегі столға жиі қарайды. Ол столдағы достары да бұны көріп, көздерін қысып, қолдарын көтеріп, ысқырып-пышқырып қояды. Мынаның оларға барғысы келеді. Ал аналар жолдасының араларында болғанын қалайды. Үйленіп жатқан жігіт тұрып-отырып шаршады. Ертең біреу «бауырым мен де үйленейін деп жатырмын, тойың қалай өтті» десе, «онда жалғыз ақылым, барный скамеке алып бар, әйтпесе басқа қызықты қоя тұрып, жаның көзіңе көрінеді» дейтін шығармын деп ойланып тұр. Тілек айтқандарға өтірік жимиамын деп екі езуінің де еті қажып кетті. Әйелін қолынан ұстап бұл азаптан алысқа кетіп қалғысы келеді. Бірақ амал жоқ… «Той біткенше шыдау керек»
********
БОЙДАҚТЫҢ ОЙЫ ОСЫНДАЙ)))
Әрі қарай