Қазақ тойдан қашқан ба?

Жас отбасылар отау құру тойына қанша ақша шашады екен? Осыны білуге қатты құмартқан «Хоум Кредит» тобы(Группа «Хоум Кредит») 7 елде өз зерттеулерін жүргізіпті. 7 ел деп отырғанымыз сол: Ресей, Белоруссия, Чехия, Словакия, Қытай, Вьетнам және өзіміздің ҚАЗАҚ елі. Сонымен, зерттеулер не дейді екен, нені анықтапты, солар жайлы айтайық:
1. Ең көп кететін шығын- той өтетін жердің арендасы. Бұл жерде рекорд көрші Ресей еліне тиесілі. Олар аренда(жалға алу) үшін орташа есеппен 10 мың $ дейін төлейді екен. Вьетнамдықтар орташа 2 мың $ дейін төлесе, Қытай заңы арендаға 500 $ артық төлеуге тиым салады екен.(Бізгеде әкелсе осы заңды)
2. Келесі кезектегі шығын-жас жұбайлардың киінуі. Көптеген қыздар күйеуге әдемі ақ той көйлегімен шыққысы келетіні белгілі жәйт. Осы жерде айтарымыз, Қытай арулары әдемі көйлек киюден рекорд иесі(2500$ дейін жұмсайды той көйлегі үшін). Екінші орынды, Белорустық қалыңдықтар алып отыр(1500$ дейін), біздің Қазақстан мен Ресей 1000$ жұмсаса, Словакия мен Вьетнам қыздары бұл жағынан ақшасын үнемдепті(бар жоғы 300$ дейін). Қытайлық күйеу жігіттерде қалыңдықтарынан қалысар емес, олар той костюмі үшін 2000$ дейін береді. Вьетнам күйеу жігітіне сәнді костюм үшін 200$ жеткілікт екен.
3. Ендігі кезекте қымбат ұсақ-түйектер, яғни той мәшинесі, музыкалық топ, қалыңдық гүлі т.с.с. Бұл жағынан рекордсмен Қазақ елі саналады. Біздің жас жұбайлар керемет сәнді лимузин мен хаммерлер үшін 1000$ беруге дайын. Қытайлықтар-850$, Вьетнам, Чехия, Белоруссия-100$ дейін болса, Ресей мемлекеті бұл үшін 200$ жетеді дейді. Барлық елде тойда тамада(асаба) мен музыкалық топ болады. Олар үшін Белорустар 3000$ берсе, біздің қазақ 1000$ дейін береді екен. Қалған елдер 400$ артық бермейді.
4. Той қонақтарын жақсылап ішіп-жегізуде кезекті шығынның түрі. Ең аз кететін шығын Вьетнам елінде, орташа есеппен 1 қонақ басына тойдағы мерекелік тамағы үшін 5$, ішімдік сусын үшін 25$ қажет. Ал, біздің Қазақ қонақтарын шын көңілмен(от души) тойдырады, 1 қонақ үшін орташа есеппен тамағы мен ішім-сусынына 200$ көп жұмсайды(қазақтың көңілі қандай кең екен дейсің да осындай кезде). Белорустар мен Орыстар 100$ асырмаса, қытайлықтар 90$ шамасында екен. Чехия мен Словакия астары үшін 20-25$, ішім-суларына 30-40$ шамасында жұмсайды.
5. Кезекті шығын Бал айы. Әдетте, жас жұбайлар бал айын шетелде өткізгісі келеді. Тек Вьетнамда ғана Бал айын мемлекет ішінде өткізеді(заң солай). Саяхатқа қажет орташа шығын сомасы Қазақстан мен Вьетнамда бірдей екен(1000$-дан 2500$ дейін). Ресейліктер мен Словактар саяхат үшін 5000$ дейін төлеуге әзір. Ал, Қытайлық жас жұбайлардың жағдайы тым қиын екен, оларға той салтанаты үшін бар жоғы 10 күн беріледі. Содан соң жұмысыңа орылуың қажет.
6. Той-адам өміріндегі ең көп шығындалатын маңызды оқиға. Той шығынын кім көтеруі тиіс деген сұрақ әліде көптеген елде бар.Тек үйленетін жұптардың 29 пайызы ғана тойды өз ақшаларына жасай алады екен. Қалғандары, ата-анасының көмегңмен той жасайды. Той жасауға ең көп(керек десеңіз толығымен шығынды мойыына алатын) көмектесетін өзіміздің ҚАЗАҚтың ата-аналары екен. Қазақстан, Ресей, Вьетнам мен Белоруссияда банктен кредит(несие) алуға себепші де осы той болып саналады.

Не болса да, қанша шығын шығарсақ та елімізде той көп болсын ағайын
Бөлісу:

13 пікір

asaubota
күмәнді статистика
Aldeken
күмәнді статистика
келісем…
neoaskar
иә иә күмәнді, бірде-бір нақты дерек жоқ, өзім тойда сатып алған кастөмді кидім, бағасы 15 мың теңге. не ғой туфли 5 мың теңге.
temir1986
кастюмды 13 мыңға алдым, туфли 5 мың, арақ шарапқа 40 мыңдай кетті, бір сиыр, тамаққа 70 мыңдай, түрлі сыйлықтар алуға 50-60 мыңдай кетті жобамен. Той көйлек ауылда бір той көйлек бар біздің құрдастар барлығы соны киіп үйленді ғой, фата мен түрлі бөлек заттарын ғана сатып алдық. Сыйырды, тамаққа кеткен шығынды ата-анам шығарды қалғаны өзімнен шықты. Жалпы біздің ауылдағы менің қатарларымның тойы 2006-2009 жылдар осындай шығын кеткен болу керек. Бұдан көп емес.
Ispek92
Мен әлі үйленгем жоқ, тойдан соң жазармын шығынымды
Соңғы түзету:
Anar70
2013 жылы өтетін ініміздің үйлену тойына жұмсалатын қаражат: (қалың мал деген жоқ, кит*сит тағы жоқ).
1. сырға салуға барғанда: қазір корзина деген пәле шығыпты, оның ішіне 20 метр мата, 1 метрі 350 теңгеден, неше түрлі орамалдар, арақ, коньяк, вино деген пәлелер, алма-салмалары бар, ұсақ түйектер түкке тұрмайтын барлығына 50000 теңгеден аса кетті (корзинаны ойлап тапқандарды іштей боқтап кеттім).
2. қыз тойына барғанда 8 алтын, тағы да 20 метр матасы бар, орамал-сорамалдар, 2 қалта, 5 еркекке кәстөм шалбар, төрге ілер кілем-60000 мың тг.(бұл жерде мен аздап ашуландым арзандауын болмай ма деп), бәрі болмайды деп шулағасын, өздерің біліңдер дедім. Қыздың анасына ақ сүті деп конверт береді екен еще+корзина!
3. Ресторан 200 адам 10000 теңгеден, жылқы 200000 тг. (арзанға түсірдік деп біздікілер мәз боп жүр).
4. арақ-шарап, тамағына кететін ақша масқара!
5. Той бастар әрбір столға (сол тойбастар дегені жоқ еді бұрын), ол жағы ужссс.
5. қалыңдық көйлегі 100000 тг, фатасы, туфлиі бар олардың да оңып тұрған жоқ бағасы, лимузин, фотосессия.
6. Ең кереметі асаба, музыка, бет ашар барлығы: 290000 тг. (сонша неғылған супер асаба екенін әлі білмеймін).
7. тойдан кейін құдаларды күту, ол жеке әңгіме.
Қорытынды: ұлыма «немістің қызына үйлен» дедім.
Соңғы түзету:
satibaldi
Стандартты той. Жасауға қатысқандардың кейбіреулері "қызық болмайтын шығар" леп бармай қалатын той.
Anar70
бармай қалмайды ғой, еще кейбіреулері немерелерін ертіп келеді, той бастары нашарлау болды деп кетеді((((
Adiletshu
1. Қалың мал 150 000 — 200 000. Кейбіреулер бұған тағы 1 жылқы қосып береді.
2. Сүт ақы деген бәлені кім шығарған. Оған 50 000
3. Алтын. Жеңгелеріне
4. Құдасына тымақ па, дубленка ма бір нәрсе кигізеді. Құдағиға — «алтын комплект»
5. Құда күту. 100 000 мыңның дастарханымен қоса 40 мыңның семіз қойын сояды
6. Киіт дегенді соңғы кездері тоқтатып жүр. А так китайский дешевый костюмдердің өзіне 100 мың кетіп қалады.
7. Ресторан адам басына 5000
8. Тамада, музыка, видео 60 000.
Примерно осындай
Anar70
біздің жақта да сүт ақы-50000, бағасын көтеріп жібермесе жарар еді…
Abilakim
Тойдың нақты шығыны мынандай деп ешкім көрсете алмас. Себебі, әркім қалтасына қарай жасайды ғой. Тойдың ең үлкен шығындарының бірі жылқы малы, содан кейін ең керексіз шығын арақ-шарап. Қазір көп тойда сол пәлелер ішілмей қалады. Бір столдағы 10-12 адамның 2-3-і ғана ішеді көп болса. Менің ойымша солай әрине. Әйтеуір, бөтелкелердің босап, арақтың жетпей жатқанын көрмеппін. Столдардан жартылай ішілген, шамалы ғана құйылған бөтелкелерді жинап жатады даяшылар әйтеуір
omarbirat
Қазақ тойдан қашқан ба?

Қашады
toha9566
Той есе қу бас домалайды қазақта