Тойды құртатын Тілек!

Тағы да сол баяғы той. Жалығып кеттім тіпті. Қаншама тойға шықсам да, үйлену тойын жасаудың түпкі мәнін ұғар емеспін. Кімге? Не үшін керек? сол той. Дастархан басында дамылсыз тұрып-отыратын екі жас үшін бе? Тойға барған сайын соларға жаным ашиды. Бірде күйеу жолдас болам деп белден-бел қалмаған ед те. Содан бері ондай предложениеден қашатын болдым. Одан да от души қыдырып алғаным артық.
Жалпы осы той екі жастың бақыты үшін жасалады дегенге өз басым сенбеймін. Массовкаға топырақ шашып отырғам жоқ. ендіболады ғой циркачтармен, жұлдыздармен, жұртпен бірге екі жастың да ауызы ашылып отыратын нағыз шик тойлар. Ал қарапайым өтетін тойда қарайтын ештеңе де жоқ. Стандартный сценарий мынадай:
Адамдарды айнала тұрғызады;
Екі жасты шақырады(тойжыры немесе жар-жар әнімен);
бет ашылады(қызықтылығы беташаристтің шама шарқына қарай);
шашу, құттықтау, топырлау;
Содан кейін екі жасты махаббат тренажорына қондырады)))

сурет мында
Әрі қарай тойдың жақсы өтуі тамаданың талантына байланысты. Бірақ қандай тамада болмасын, ТОЙДЫ ҚҰРТАТЫН — ТІЛЕК екенін мойындайды деп ойлаймын. Бір айтқанды қайталау, тарихқа кетіп қалу… бір қызықты оригинальный тілек айтылмайды. Меніңше екі жасқа «бақыт тілеу, аспандары ашық болуын тілеу, балаларының көп болуын тілеу» ақымақтық сияқты. Ертең бірін-бірі сыйлап, жұмысқа тұрып, баспаналы боп жатса бақытты болат та. Егер рас бақытты болуын қаласа осыны істеп берсін, немесе көмектессін, қолынан келеді ғо. Әйтпесе оның бәрі екі жастың жеке басына қатысты шаруа. Әйеліне көп баланы тапқызу сияқты. Тілектің орнына үлкендер өсиет айтса, "құлыным менотбасын құрғанда осындай қиындықтар болды, сен де соған кезігесің сол кезде мынаны мынаны істеме, мыналар есіңде болсын" деген сияқты. Барлық туыстары бір жерге жиналып қалған кезде бұл екі жас үшін ақыл-кеңестерін алып қалу үшін тамаша мүмкіндік. Егер ондай болмай жатса, аққұлақтар сияқты қызықты өлең шығарсын. Мысалы:
«Мойныңа қамыт киілді,
Алдыңа палзунки үйілді.
Екеу боп басың біз үшін,
айдаһырға айналдың
Ұмытатын болдық үйіңді»
деген сияқты. Интернетт пайдаланып, осы тектес қызықты тілектер тауып алып, орысшасы болса аудары, жаттап, дайындалып барса той оданда қызықты өтер еді деп ойлаймын. Өйткені екі жас тамаданың әзілінен гөрі, туған туыстары, достарының қалжыңдарына жыртыла күледі.
Егер айтатын тілегің қызықты болмаса, үндемей ғана іштен ниет қыла сал. Егер тілекті қандайда бір сыйқырға балайтын адамдар болса, айтарым тілек тек стақандағыны алып қою үшін ғана айтылады.
Тілекке адамды топтап-топтап шақырып алып, айтып болғанша боқтап-боқтап тұратын тамадаларды да көзім көрді. Адам көп шақыртылған тойдың көп бөлігі тілекпен өтеді. Бірақ соның көбі екі жасқа еш қатысы жоқ адамдар. Әкесінің әріптестері-достары, шешесінің әріптестері мен достары, көршілері — тойдан қалдырмай әбден жаман үйретіп алғамыз. Егер олардан сондай ұят болатын болса, «ауылы бөлек» аталар мен әжелерге қосып кейін бөлек жасаған дұрыс сияқты. Ал тойда тек екі жасқа ғана қатысы бар адамдар келуі керек.
***************
үйленіп жатқан жігіт анау шеттегі столға жиі қарайды. Ол столдағы достары да бұны көріп, көздерін қысып, қолдарын көтеріп, ысқырып-пышқырып қояды. Мынаның оларға барғысы келеді. Ал аналар жолдасының араларында болғанын қалайды. Үйленіп жатқан жігіт тұрып-отырып шаршады. Ертең біреу «бауырым мен де үйленейін деп жатырмын, тойың қалай өтті» десе, «онда жалғыз ақылым, барный скамеке алып бар, әйтпесе басқа қызықты қоя тұрып, жаның көзіңе көрінеді» дейтін шығармын деп ойланып тұр. Тілек айтқандарға өтірік жимиамын деп екі езуінің де еті қажып кетті. Әйелін қолынан ұстап бұл азаптан алысқа кетіп қалғысы келеді. Бірақ амал жоқ… «Той біткенше шыдау керек»
********
БОЙДАҚТЫҢ ОЙЫ ОСЫНДАЙ)))
Бөлісу:

24 пікір

a63a1
Тойдың болғанынан боладысы қызық алдын-ала қАм жей берме бойдақ бауыреем
a63a1
«Мойныңа қамыт киілді,
Алдыңа палзунки үйілді.
Екеу боп басың біз үшін,
айдаһырға айналдың
Ұмытатын болдық үйіңді»
мынадан кейін жерден алып жерге салып, — ой масқара деген қатын-қалаштың сөздерін есту мүмкіндігі 100 пайыз
FaraOn1
пессемисттер болады ғо.
FaraOn1
алайда бүйіріңнен түртіп, тілімен қыршып алғысы кеп жүретін «шаншар» жеңгелерге жағады деп ойлаймын
Ministry
екі жасты махаббат тренажорына қондырады
Өртейсің-ей!
19852407
Шаманизмді Қазақ мәдениетінің бір бөлігі дегендеріңіздей, той да қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетінен алыс кеткен жоқ. Қазақ бар жақсысын қашанда «тойыма» деп жиған.
Түйін:Той болған, болып жатыр, бола береді.

Ал, енді мен тойды және ондағы атқарылатын жөн-жоралғы, ереже-заңдылықтарды өзіме ыңғайлап, өзгерістер енгізіп алар едім  Қысқасы, үйленетін болсаңыз н/е тұрмыс құрам десеңіз хабарласыңыз, сценарий жазып беруге бек дайынбыз
Ставкам Тұрсынбектікіндей)
serjan
Үйлену тойы ол екі жас үшін өте ауыр күн, (физикалық тұрғыдан) күні бойы шаршайсың отырып тұрып, ал түнде достарыңмен бірге сілтеуің керек 100 грамнан.
asaubota
тойдан кейін асығыс кетіп қалған жас жұбайларды да білемін
asaubota
үйленіп жатқан жігіт анау шеттегі столға жиі қарайды. Ол столдағы достары да бұны көріп, көздерін қысып, қолдарын көтеріп, ысқырып-пышқырып қояды. Мынаның оларға барғысы келеді. Ал аналар жолдасының араларында болғанын қалайды.

керемет сәттер!  сосын үзіліс болған кезде ана жігітті шақырамыз «е зайып ал, келшиш алжівер» деп. ол жүреді ішкісі келіп, «е шыққасын үйде отырамыз ғо өзіміз» деп
Gulistan
Бірақ соңында бәрі ығып кете ме, әлде сөз бергендей жинала қоя ма?
Әдетте тойдан кейін қалыңдық шаршаған, күйеуіне бірдеңе айтады. Құдаша көйлегін ұстасып, қосшы жолдаспен 4уі «технично» кетіп қалады. Жолдастары телефон соқса, «вне зоны». Күйіктен өздері басқа жерге барып отырып, отырысты жвлғастырады.
Арты төбелес, «разборка», «сен мені, мен сені» дегендей.
asaubota
мен барған достарымның тойларының 90 пайызында тойдан кейін таңға дейін жалғастырдық.
Gastarbaiter
Тойдан көрі, қалыңдықты үйге таныстыру мезеті интригаға толы, қызығырақ
VKM
Той деген тамаша ғой: көптен көрмеген туысқандар кездеседі, билейді,ән айтады, позитив!
Erke
Дұрыс айттыңыз Қосшы қыз!
VKM
Енді "Қосшы" десең бар ғой......
FaraOn1
бізде-сіздені қосайын))) негізі оңтүстікте әр тілектен кейін кемі 3-4 әнге билеп тастайт деп естігем. ол жақсы ғо. ал бізде әр тілектен кейін 1 ән айтылады. оның өзінде кейде ән билеуге келмейтін болады, кейде халық түк билемейді
aza
Тілек дегенде)))
Братан бар еді Ақтауда, көршім, облыстық қаржы басқармасының екіншісі))) аты Тілек! Сол есіме түсіп кетті ғой. Керемет жігіт, ортаның гүлі, тойдың сәні Ол!
Ал былай бата тілек деген… Жақсы ғой бата тілек, не болды саған Перғауын тулап. Айта берсін, тілек артық болмайды. Бірте бірте жөнделеді ғой, қазір арақ ішу азайып келеді, сәйкесінше ертеңдер тілек айту азаяды, оның орнын басар тағы бір нәсте келеді.
FaraOn1
«эволюцияңдыыыыы. бізде де тақпақтар шығарып, немесе жаттап оқыса, басқаларға ұнап жаттап, кейін мықты өлеңдер шығарып апаратын болады деп ойлаймын. әйтпесе қазыр поэзияны мүшәйрада ғана еститін болдық қо. осындай көпшілік жерде қызықты тақпақтар оқыса бірінен бірі жаттап ертең модаға айналады. сөйтіп поэзияны сүйіп оқитындар көбейе түседі.
„өмір қозғалыстан тұрады“ деген екен. мысалы қазақ күресін шығарды ғооо. қазақ күресі қазір бұрынғыдай емес, жаңа ережелері тағы бірдеңкелері ойлап табылды. тойды да сүйтсін.
менің айтпағым — бір орында тұрмасы. логиксын іске қоссын, қялдансын. „өтсе болды“ дәрежесіндегі той болмасын деген мағынада.»
концерттерден гөрі халықты тоймен тәрбиелеу әлде қайда пайда береді. сондықтан халықтың қатып қалған болмысын өзгерту тамадалардың қолында деп ойлаймын.
FaraOn1
асабаларымыз қайда кеткен)))
satibaldi
Ай бір жүрмей қойды-ау ә осы жазбаң? Ана солтүстік сайты деп пе едіңдер, Шеньфень бе еді — о жақта да жама'ат болмай жатыр ма?
FaraOn1
сіз сияқты смайликбастар табылмай жатыр
satibaldi
Контентіңмен осы сайтқа көшіп келсейш, неғыласың төрт адаммен жалғыз?
FaraOn1
күлме досқа, келер тасқа)))