Шалақазақ немесе өз-өзімізді кемсітіп жүрген жоқпыз ба?

Тойда болдым. Қазақпыз ғой, ойын тойымыз ешқашан таусылмайды. Артымыз жалтырап жатса да бетіміз жылтырап той жасаймыз… Бірақ бұл той басқа тойдан ерекше болды. Иесінің байлығын айтып мақтайын немесе өзімнің бір шала тойғанымды айтайын деп отырған жоқпын. Басы да басқаларынан ерекшелігі жоқ, кәдімгі дүбәрә мақтаншақтықпен басталып, галстуктарын карындарына мәпелеп қойған еркектер мен бойына шақ келмесе де ең қымбат көйлектерін иықтарына ілген әйелдер мәртебесіне байланысты кезек-кезек шығып, етектей-етектей сөз сөйледі… Бір кезде басқаларынан еш ерекшелігі жоқ бір қайыстай қара келіншек шықты. Көптің арасында ерекше көрінгісі келді ме, кім білсін сөзінің басында «Здесь что интересно все говорят на казахском, но я буду говорить на русском, так как я себя причисляю к шалаказахам!» деп мақтанышпен қойып қалғаны. Басқалары ду күлді, тіпті қол шапалақтап жіберді! Айтқан сөзін көпшілік қолдағанына мастанған келіншек айналасына нұрлана бір қарап алып, ұзақ сонар сөзін бастап кетті… Ары қарай менің көзім қарауытып, құлағым тұнып жүре берді…

Көшеде жүремін. Адамбыз ғой, көшеде жүргеннің не сөкеттігі бар? Ия, білемін, біздер көшеге тек бір шаруамен шығамыз. Баратын жерімізге жылдам барамыз да, жұмысымыз біткен соң екі аяқты жерге тигізбей үйге қарай құйғытамыз. Тіпті еш шаруамыз жоқ болса қарынды сыйпап қойып ұйықтаймыз. Өзгелер сияқты серуендеу жоқ қой бізде… Міне ана тіліміздің ақсап жатуының басты себебі осында жатыр!.. Қалай? Былай! Егер атасы көрмегенді ботасы көріп жүрген атқамінер қазақ күнде кешке жақын көше бойлап серуендеуді әдетке айналдырса көрер еді… Қателерді… Тұнып тұрған қателерді… Қазақ тілінің қаңсып қалғанын… Дүбәрә аудармаларды… Әттең… Білетіндер билікке жақын жүретіндер мінетін көліктің терезесіне орнатылған қара үлдір сырттағы әлемді нұрлы қылып көрсетеді дейді… Шын шығар…

Көршім бар. Жалғызбасты. Жақында көшіп келген. Үкімет тегін үй таратқанда тайыншадай итінің құжаттарын өткізген бе, екі бөлмелі пәтер алыпты. Көрші қақысы – Тәңір қақысы, есік алдында итіне бой жаздырып жүрген көршіммен тілдескім келді. Жай, есігімізге есігіміз тиіп тұрған соң таныс болайық деп… Әңгіме жараспады… Көршім де… О, Тоба, шапқылап жүретін тайынша төбет те… бір ауыз қазақша түсінбейді екен… Арсалаңдап жетіп келген ит «Кет!» дегеніңе пысқырып та қарамайды, «Пошелды» күтеді… Қайта итінің ниеті нұрлы екен, түсінбесе де ыржалаңдай береді, иесі менің «Ассалауыма» мұрнын шүйіріп өте берді…

Осындайды көргенде менің ауылға көшіп кеткім келеді… Қазағы да қазақ, басқасы да қазақ… Негізі кімнің түп-тұқияны қайдан шықса одан шықсын, бірақ барлығы бір тілде сөйлесе ынтымағы да мызғымас болады екен… Міне Ел Бірлігі қайда жатыр… Қазақпыз ғой…
Бөлісу:

77 пікір

kozildirik
ренжімеңіздері, cut деген нәрсені түсінбей ақ қойдым
Ottegin
Мәтіннің бастапқы жағында, иә бірінші абзацтан соң үш бұрышты жақша ішінде cut дегенді жазсаңыз, посттың сол жерге дейінгі бөлігі посттар тізімінде көрсетіледі.
kozildirik
Очм бір коньяк алып, Aldeken не мастер класс алуға бару керек болды)))
Ottegin
Алдекеңнің жұлдызы жанатын болды
sammita
коньяктың жұлдызымен бе
sammita
әдемі жазып қояд екенсіз
aikarakoz
kozildirik
Сырахана аралап шеміз бе бырат?
aikarakoz
не до гон болд чет  сосын осында келдім. Бар ма, құйш!
kozildirik
Ақтан жіберейік те сразу а? шейік бүгін мал болып
Ottegin
Ана коньягіңді ішіп қойма, Алдекенге апарасың
aikarakoz
үйгеапарвстасаңыз болды ғо
kozildirik
Бопт ғой. тартжеріңіз!  ерш қой)))
aikarakoz
тағдырым-ай  тағдырым есіме түсіп, жляватырм
kozildirik
Қойш басыңды иығыма… Жылаш, ішің босап қалад… Шейкшшсссс!
aikarakoz
Пыросты обидно да е… Түсінбейсіңдер, бар ғо
sammita
правильно, өстіп тақырыпқа сай жазу керек. Көзілдірік бәрін құртып отыр қассақша нетіп
Marationok
алқаштар...
kozildirik
Тіл тағдыры — ұлт тағдыры, ұлт тағдыры — менің тағдырым.
деп қайталай шпатрық шшссс. Собраз бар ма?
Marationok
орыстың суы бар ма?
kozildirik
Дүкен жақын есче)))
Marationok
бір аяқ анда, бір аяқ мұнда, тез кел, жүгірмек Бол бол бол-ей!
aikarakoz
қалай қосыларыңды білмей отсың ба?
kozildirik
Собраз болмай қоспаймыз))))
Baisaldy
Тіл тағдыры — ұлт тағдыры, ұлт тағдыры — менің тағдырым. Тағдырыма ризамын осылай. Осы «тағдыр» деген сөзді 30-50 шақты рет қайталап көріңдерш тоқтаусыз, мағынасыз болып қалады, тіпті бірінші рет естіген тәрізді күйде боласың
aikarakoz
не ғо… сіз де ішвағас-ау?
Baisaldy
жоқ, тағдыр сөзін қайталап отырм әлі
aikarakoz
Көзілгіш бырат! Әңгімені соядкес
kozildirik
а так та өзіміз ғой)))
aikarakoz
ойнап айтами… өзінше боқалдыңз ғо
kozildirik
Ииии, мас болып қалдың ба уже?
aikarakoz
ұшқым кеп тұр… келші, досым, қосылып ән шырқайықшы
kozildirik
кеттік қораның артында жігіттер күтіп қалд. ауылдағы быраттар ғой. Пошан, Мыртық, сосын Тәйпөк бар
aikarakoz
Мейрамыңмен көзілгішбыфат!
FaraOn1
Не ғо. Питердегі шалақазақтарды ап кетіңдерч, орыстардың арасында жүрейін, заеб болды әйтпесе
kozildirik
Пробелмадан оңай құтылайын деген екенсің. Өзің үлгі болып тәрбиелеп көршиш, «Жарайды Әлеке!» деп сызып кетпей)))
FaraOn1
үлгі болып тәрбиелеп көршиш
үлгі болам деп күлкі болам ғой. онсызда тоқпырақтардың қасында жер болғым келмейді. енді тек Жарамайды Асеке деп қана айтатын боламын)))
Abilakim
тойдағы орысша сөйлейтіндер менің де жынымды келтіреді. Әке-шешсі тап-таза қазақша сөйлеген соң,қасындағы жеткіншек ұл-қыздары микрафонды алып «дядя Канат, тетя Айгуль» деп бастағанда іштен ыңқ еткізіп теуіп жібергім келеді
FaraOn1
штен ыңқ еткізіп теуіп жібергім келеді
қазақша сөйлетудің амалы.
ату, асу ғана құтқарады қазақты@ Сатке
Marationok
Мынауын тым қатаң шаралар ғой, ең болмаса мейірімді болу керек қой, мысалға батареяға кісенмен байлап қоясын да, сосын, 12 сағат бойы жұмыс істейсін, яғни сабақ үйретесін
kozildirik
Осы кезде батарея ып ыстық, кісен қолын күйдіре бастайды…
FaraOn1
думаеш үйретуге стоит па?
kozildirik
Думаю стоит.
Marationok
стоет деп жазылатын еді ма?
kozildirik
стоит дұрысы. не болғанда да үйреткен жөн ғой
Marationok
Менің ойымша дұрыс емес, стоет дұрыс.
Мәселе үйретуде емес, өздеріңде, өздері үйренер-ау деген жағдай жасау керек.
FaraOn1
сіздікі стоит па, әлде сто ет па? содан ақ қалай жазылатынын айырып ала салмайсыз ба?)))
Marationok
стоет болсын, әлде сто ет, не айырмашылығы бар? бастысы үйренемін деген адамға жағдай жасау
kozildirik
Ещо орысшасы жетісіп тұрса ғой. таза акцентепн. мақтан көретін шығар өздерін)))
Marationok
Қанша дегенмен, акцент бәрібір болады, егерде орыс ортада өсірілмесе өспесе
asaubota
менде параноик ойлар бастала бастады. 20 жылда бәрі қазақшаланып, әлі тіл мәселесі болмауы керек еді. әдейі істелініп отырған бір бағдарлама бар деп ойлаймын. қазақ тілін құрту туралы. алжыған қазақша терминдер, қате аудармалар, жиналыстарда әлі орысша сөйлеу, мемлекеттік сатып алу да орысша болуы т.б бәрі әдейі жасалынып отырған сияқты.
Abilakim
сияқты емес, солай.Оны соңғы жолдаудан да байқауға болады.
kozildirik
Мұның барлығына кінәлі масондар! Аттан Қазақ! деп Алматы қаласының Дзержинский және Шевченко көшелрінің қиылысына жолдама беріледі!
Baisaldy
Масондардың елге пайдасы тимесе зияны жоқ, олар тек еркін құрылысшылар емеспе
ademi_alem
Елге пайдасы тимесе зияны жоқ деп ойламаймын. (( Зияны жоқ болса ғой!'Во все времена, а сейчас тем более чем когда-либо, миром правят в первую очередь тайные общества. В политике ничего не происходит случайно. Если что-то случилось6 то так было задумано'. Президент Рузвельт
Marationok
Әй, осы ғаламтор болмаса, осындай сөздерді көрмеуші едім ғой, қазақтар ізденбейді, ізденбейді, еріншек қой, еріншек, тіл мәселесі де сол жерде.
saken
Алматы қаласының Дзержинский және Шевченко көшелрінің қиылысы
Дзержинский Наурызбай батыр көшесі десек қазақшылығымыз арта түсер еді…
ademi_alem
Өткенде бір досым әлдебір сайттың сілтемесін жіберді. Қарап шықтым. Өзін Инсайдер деп атайтын әлдекім адамдардың әр түрлі сұрақтарына жауап жазыпты. Содан үзінді келтірейін, бірақ қаншалықты ақиқат, қаншалықты бос сандырақ екенін білмеймін, дегенмен оның көптеген жауаптары көңіліме қорқыныш ұялатты. «Процесс создания нового государства уже начался. Это государство сделает ненужным функционирование всех остальных государств — они начнут сливаться в единую серую массу. Новое государство изначально начнёт формирование при официальной поддержке США и России, его территориальное размещение — периметр, состоящий из азорских, канарских островов и береговой линии Марокко, его центром станет остров Мадейра. В Марокко создадут особый диктаторский режим для охраны восточных границ».
Marationok
Сандырақ сөздер, ол әзірше, мүмкін 50 немесе 200 жылдан кейін болмаса, қазір ондай жасау мүмкін емес.
ademi_alem
шын айтасыз бааа?!)))) елу деген тым жақын ғой, тірі болсақ елу жылдан кейін жетпістің ар жақ, бер жағында болады екем. мяяя, ондай сұмдыққа куә болмай өлуге жазсын мені!
Marationok
қой жаман сөздерді айтпаңыз, әрине жеткізбесін сол күндерге, егерде болып жатса, хырық тпу, Алтын ордамыз оралсын деп тілейік.
satvaldo
біздің «деринджилер» осылай афтенан патиге дайындалып жатыр. мал боп кеткен балаларының қамы үшін, солар билікке келсін деп. 2-3-еуін тікелей танимын. солар билікке келгенде ергенекон.кз басталады да кетеді. кім-кімді жұтатынын бір һүдә біледу…
ademi_alem
Әлихан Бөкейханның «Ұят-ай» деген бір сөзі бар, сонда мынаны айтады: «Шырағым, Ахмет… Шырағым, Міржақып! Сендердің таңдаған жолдарың — абақты жолы… азапты жол… Бірақ бір нәрсені түсініңдер: баяғыда доңыз бен аққу дос болыпты. Сонда бір күні доңыз аққуды балтырдан алып «Әй, аққу! Сен «күн бар дейсің, кун бар!» дейсің. Сол күнді мен неғып көрмеймін?» дейді. Сонда аққу «Әй, доңыз! Сені Алла төмен қаратып жаратқан. Сондықтан сен аспандағы күнді көре алмайсың!» депті. Осы ойды айта келіп Әлекең мынадай тұжырым жасайды: Алда әлі күнді көре білетін ұрпақ келеді! Сол күнді көретін ұрпақ сендерді еске алатын болады. Бізді ризашылықпен, үлкен құрметпен еске алатын болады! Өкінбеңдер! Күрес жолына түскендеріңе өкінбеңдер!» дейді. Сол күнді көре алатын ұрпақ біз болармыз, иә, аға? Табақа жүріспен болса да қазіргі қазақ қоғамында мемлекеттік тілге қатысты оңды өзгерістер жоқ емес, бар ғой. ҮМІТ ҮЗГІМ КЕЛМЕЙДІ!..
ademi_alem
тасбақа жүріс
Marationok
табақпен жүріс деп оқыдым
abzalsariyev
жазба керемет! терең ой бар! нағыз қазақи бір иіс шығады
satibaldi
қазақи бір иіс шығады
Зайсан Кеден Бекетінің иісшіл иттері қызғаныштан тұмсықтары дірілдеп, бұрышта Chappi жеп тұр…
Ddoyen
Я — так называемый «шалаказах» и не стыжусь этого! что на это скажете?
kozildirik
Осындайларды қол аяғын матап апарып, исматулланың қасында қырық күн зікір салдырса қазақ болады ма екен?
FaraOn1
діндде онсыз да проблема көп, басқа жолын іздеу керек)))
kozildirik
Сенің жерлесің емес пе екен?
FaraOn1
ең басты өкініш отандасымыз болы тұр ғой. қайғы бәрімізге ортақ
meirzhan
Қол аяғын матап, Абай жолын оқытса  Сізге таныс жаза. ))
Gastarbaiter
А что хочешь услышать, толстожопый трололошка?
VKM
Күшті әңгіме болыпты ғой.Қандай әзіл болса да,қинайтын тақырып.70 жылда орыс болдық,20 жыл өтті,қазақ бола алмай жүрміз.
Кеше дәрі алдым.Қазақша аудармасын оқып,қолымды сілтедім.Неге біз осы?...©
Бір он жылдан кейін көрерміз, не болатынын....