Қызмет ету статустары

… Мәселеңки Шымкентке тойға бардыңыз делік. Қақпа ашылды. Сіздерді әлі ешкім де байқаған жоқ. Көзіңіз бірден адамдарға түсті. Кімнің-кім екеніне назар аудара бастадыңыз…



Су құюшылар
15-20 жас аралығындағы мұрты тебіндеп келе жатқан 5-6 жігіт зыр жүгіріп жүр. Біреуінің қолында табақ, біреуінің қолында самаурын, біреуінде кесе… Ия, ия қателеспедіңіз. Бұлар жиын-той мен осындай шаралардың негізгі "қара жұмысшылары". Бұлардың міндетіне отын жару, столдар алып келу мен оларды орнату, қазан-ошақтарды алып келіп, оларды отынмен қамтамасыз ету, құманды жылы сумен толтырып отыру, тойға келген ақсақал-қарасақалдардың қолына су құю, шашықтарын ұсыну, дастархан жасаудың негізгі басым бөлігі, қонақтар мен қонақ еместердің негізгі сұраныстарын алып келу (мысалы, дүкенге жүгіріп барып темекі алып келу т.с.с.) және де толып жатқан басқа да бір қарағанда көзге көрінбейтін толып жатқан жұмыстар атқарады. Сәйкесінше ақсақалдардан жақсы сөз есту мен батаның да түр-түрін осы жігіттер алады. Осындай шараларда кімнің пысық, кімнің сөзуар, кімнің қуақы, кімнің кәззәп екендігі айқын көрінеді де, мақтаулылары жеңгелерінің ғана емес, жалпы жамағаттың ерекше құрметіне ие болады.

Күйеу балдар

Самаурын мен қазан ошақ жақта біреуі ағаш жарған, біреуі самаурын жаққан, біреуі жай шылым тартып тұрған жас шамасы әр-түрлі бір топ бар. Бұлар осы елден қыз алып, «кінәлі» болғандар және осы «кінәсін» кемінде 35-жасқа дейін жиындарда самаурын басында тұрып жуушылар тобы. Бұл жігіттердің міндеттеріне: таңғы бес жарымда тұрып жетіде тұратын ақсақалдар мен әжелерге шәй қайнатып беру, біздің елде «гүп, титан» т.б. атаулармен аталатын самаурынның үлкен түріне су толтырып оны қайнату, отын жару, балдыздарының ішін пыстырмау, балдыздарының тәлпіштігін көтеру, балдыздарына «морожныйға» деп тиын беру, қайынінілерінің сәтті, сәтсіз әзілдерін күле қарсы алу, шылым тарту, кейде осындай жиындарда көп қолданылатын тамақ түрі — палаудың сәбізін турап беру, кеш жату, шылым тарту, қайынағаларына ешкімге білдірмей кешке (кейде азанда) арақ алып шығып беру, той біткенше шыдап әйелімен жақындаспау, ұрыспау, ұрмау және де басқа толып жатқан қызмет түрлері. Байқағандарыңыздай бұлардың негізгі қызмет ететін адамдары қыздың (әйелінің) туыстары.

Қасапшылар

Енді көзіңізді бақтың түбіне алып барыңыз. Ол жерде 20-25 жас аралығындағы кейбіреуі бойдақ, кейбіреуі үйленген, бірақ бойдақшылықтан аса кете қоймаған, сәйкесінше сөздері де ел қамы мен жер қамынан бұрын қымбат көліктер мен үлкен төстер айналасында болатын жігіттерге түседі. Бұлар «су құюшылар» статусынан өткен, қолдары жылдам, мал союдың кәнігі мәстірлері. Міндеттері негізінен: тойға сойылатын малды бауыздау, сою және де арагідік «су құюшыларды» шылым мен суға жұмсап тұру. Ақсақалдардың батасын 5-жыл бойына алып келе жатқандықтан бұлар оларға мұқтаж емес. Жиынға ағайындары «менің тойымда келіп қызмет атқарған жоқ, әкең (шешеңң, әнәң, ептібайымайды деген боқтық сөздерді алмастыра отырып)»,-деген сөзге қалмауы үшін, және де жамағтпен әңгімелесудің тамаша мүмкіндігі туып тұрғандықтан ғана келеді.

Айқайшылар

25 пен 30-дың арасындағы кейбіреулері мұрт қойған, кейбіреуі қоймаған, үйленгендері (кейбірі) жанына тұңғыштарын ертіп, үйленбегендері жеңгелері мен құрдастарының арасында «сүр бойдақ» аталып, біраз мазаққа қалып жүрген топ. Бұлардың негізгі функционалдық міндеттері: кіріп келген қонақты күтіп алып «су құюшыларға» орнын көрсету үшін табыстап жіберу, анда-санда дастархан басын бір шолып шығып не жетпейтінін көрген соң «су құюшыларға» құлаққағыс ету, шылым тарту, табақ тартқанда «су құюшыларға» көмектесу секілді біршама міндеттер. Жалпы шараның ыңғайлылық жағынан мінсіз өтуіне осы жігіттер жауапты.

Қарасақалдар

Бұл статус еңбегіне қарамайды. Тек жаспен келеді. Қонақтарға шайды ұзату, таусылып қалса "ішіңіз" деп сыпайылық білдіру, осы елдің жақсы жаңалықтарын айту, саясат туралы айту, соңғы үлгідегі машиналар мен техниканың дамып кеткені туралы өз заманымен салыстырмалы түрде анализ жасау, қазіргі жастар мен өздерінің жас кездерін салыстыру, өз заманында мынадай мүмкіншіліктердің болмағанын, әйтпесе тауды қопарып тастайтындықтарын айта отырып, сөз соңында шүкіршілік ету, арақ құю, тост айту, «айқайшыларға» ұрсу, анда-санда «күйеу балдар»-дың жанына барып өтірік әңгіме айтып тұрып, тірліктерін ішінен сынап кету, шылым тарту, насыбай ату, осы ел қыздарының маңдайларынан сүю, әйелдерінің үйіне 1-2 леген палау алып барып тастауын қадағалау т.б. тірліктер бұл кісілердің негізгі міндеттеріне кіреді.

Ақсақалдар

Жасы 65-тен асқан әрбір ер жынысты адам қауымдық, рулық, елдік дәрежедегі осы статусқа ие бола алады. Бұл кісілердің функционалдық міндеттеріне: қол шаю, дәрет алу, күніне ең болмаса бір рет намаз оқу, мүмкіндігінше арақ ішпеу, билемеу, "қарасақалдардың" саясат һәм билік, оппозиция, ел-жұрт, ауылға шабатын қасқыр тағы да басқа толып жатқан тақырыптардағы әңгімелеріне бас-көз болу, бата беру, немерелерін шақырып алып құлақ беру, тойдың тек официалды бөлігіне қатысып 1-2 сағаттан соң қайтып кету, қолдарына таяқ ұстау, тойдан шапан киіп кету тағы да басқа толып жатқан құрметті "қызметтерді" атқару.

Ескерту: Постта той, іс-шара, жиын, астарда қызмет көрсететін негізгі құрам туралы айтылды. Әйелдер функциялары туралы мүмкін алда тағы бір шолып шығармыз… Ал қалғандары той қызығын көрушілер
Бөлісу:

59 пікір

Daniar-Alan
ішім пысып кетті просты…
Ainura
ішіңіз пысқаны соншалық біраз нәрселерді жазып-жазып тастапсыз ғой. Жарайсыз!))
Hetrou
қайыніні емес, балдыз дұрысы.
Daniar-Alan
біздегі әпшені Алматыда тәте деп айтады деп естідім
asaubota
әйелдер сонда тамақ жағына араласпай не жұмыс істейді?
Daniar-Alan
тамақты негізінен әйелдер ғой іститін, тек ауырларына ғана еркектер көмектеседі. Еркектердің тамаққа араласатыны тек шәй, палауға сәбіз турау, мал сою. Тамақ пен шәй тасу, дастарханға жеңгелеріне көмектесіп апарып беру.
asaubota
Батыстан ал, Батыстан! король болып жүресің. ең ауыр жұмысың төс жеу мен әрәқ құю болады.
Daniar-Alan
рәхәт сіздерге, алдын-ала ойланбаппын…
MeihuaZheng
Айзат батыс жақтыкі осы, ия? ))))))
omarbirat
Ет асатын қазанды жағалап, сорпа ішіп отыру бар ма?
omarbirat
Ыдыс-аяқ, ішек-қарын, дастархан жасау
bake
бір жимыйып алдық, дәл тиген жерлері болды
Erkekyz
)))) Ауылдағы кез еске түсіп кетті ғой, шіркін.
Сонда да дим да, анау күйеубала қайың жұртына барып, от жарып, шәй қайнатып жүргенін түсінбим, біз ондайды(менің отбасымдағылар) көтере алмайды екенбіз
Olzhass
енді біз жақта куйеубалалар жиындарда осылай қызмет атқарса, бір жері түсіп қалмайды))) бәрібір одан ыңғайлы жұмыс жоқтың қасы ондай жерлерде...)
Соңғы түзету:
bizbike
келіндер отымен кіріп, күлімен шығып жатқанда, күйеу балалардың бір жылда бір рет отын жарғаны әңгіме болыпты ма
Erkekyz
Ой білмеймін. Былай оңтүстіктің қызымын ғой, бірақ күйеу бала жұмыс істеу керек деген ұғым болмаған бізде. Біздің отбасымызда. Мысалы папамның қарындастарының күйеулері үйде той-пойда самауырын қайнатып, шәй тасып жүргенін көрмегенмін. Мысалы, сонау Қордайдан жездем келіп отса қыдырып, оған шәй тасытқызып қоямыз ба? Ондай отын жарып, шәй қайнататын біздің ауылдың жас жігіттері, көршілер. Біздің бұрынғы ауылдағы көршілеріміз өтееее керемет еді. Ауылдағы ынтымақтығымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Сондайды көріп өскендіктен шығар, күйеу бала жұмыс істеуді біртүрлі санаймын.
Келін отымен кіріп, күлімен шығып дегеніңіз біртүрлі санасу сияқты ма… Сол үшін де келін де. Ата-енесі, күйеуі жайлы болса, санасу орынды емес сияқты. «Мен сенің отбасың үшін өліп-талып жатырмын, ал сен түк те істемедің» деген сияқты)).
Мұның бәрі ИМХО ғой. Туылғаннан бері патриархат басым отбасында өскендіктен, осындай пікір қалып тасып кеткен болар
Daniar-Alan
түһ, қатты ашуландың ғой  әр жердің салты басқа ғой, бізде ол еш сөлекеттік емес, байқағаным Қазақстанның әр-жерлерінде де бар екен мұндай. Жалпы той-жиындарды әйелдер ғана атқару керек емес қой, ауырын көтерісіп, сәл-пәл көмектесіп жіберуге болады осындай жерлерде. Патриархаттыққа да ойымша еш қатысы жоқ. Шымкенттік келін туралы «аңызды» бәріңіз білесіздер, ал сондай "қатал" жерде әйелдеріне көмектессе, жақсы ма жаман ба?!
bizbike
Жақсы, әрине жақсы, қос қолдап / қос аяқтап қолдаймын ондай көмекті. Сосын бір байқағаным ер адам сауда жасаса, батыстық типа еркектер өзінше ар санайды соны, бірақ өзі үйде отырып, әйелі базарда ақша тапса, оны ар санамайды, беті қап-қалың болып отыра береді. Уоот «есектің артын жу да, мал тап» деген
Erkekyz
Ашуланғаным жоқ қой)))))
Ұзааақ қып жазған соң, солай боп кеткен шығар. Короче, әркім өзі біледі ғой. Бастысы той көп болсыншы.
bizbike
қызық екен, бала-келіні қонаққа келгенден, мен қонақпын деп келін қарап отырмайды ғой, көмектесіп кете береді. Не күйеу бала да көмектессін, не оның қай жері артық екен
neoaskar
Тамаша жазылған, негізі біздің ауылда да тойлар осылай өтетін (ас беру, қырқы, жүзі, т.б. қосқанда), келін түсіру, сүндет той, беташар той дегендер осылай өтуі тиіс қой негізінен. қазір ғой бір мейрамхананы жалдай салады да, барлығы барып, орындықтарға отырып тойды өткізе салатын. «Ағайынның тойында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?» депті ғой баяғыда бір сараң атын бәйгеге қоспай қиналып тұрғанда, қасындағылар. сол сияқты ағайынның тойында жұмыс істемегенде, атаңның басында жұмыс істейсің бе? той болады-сымен қызық қой. Той көп болсын ағайын!!!
bizbike
біздегі күйеу балалар түгілі келіндер қызмет істемейді ғой тойда, мен таң қалдым. Әлде біздің отбасы сондай шығар. Тайпақ жақта тойда болдым, бәрі де қызмет жасап жүрді (қызын ұзатқан той иесі адай), бірақ күйеу балаларды аңғармадым (мүмкін танымағандықтан болар).
Daniar-Alan
батыста басқаша ғой  таң қалғаным, солтүстік пен оңтүстіктің салттары ұқсас екен, былай қарасаң қазақстанның екі бұрышы, бірақ көп салттары келеді…
bizbike
Оралда тіпті қайын ағасының, абысынының атын атап қарааап тұрады ғой келіндер… туу тіпті бар ғой сөзім жоқ, оның қасында Ақтөбе әлхам шүкір
Marco
Титан қайнату жағында жүреді біздің ауылдың күйеу балалары. )))
Daniar-Alan
Ануарбекқызы да Ақтөбеден, сонда бір облыстың өзі салттары бөлектеу болып тұр ғой…
bizbike
жоқ, жоқ, менің төркінім Ақтөбе ғой, бірақ Оралдың келінімін. Мен сол Оралды айтып отырмын, Ақтөбе Оралдың қасында әлхам шүкір қазақылығы қалған екен деп
asaubota
Ақтөбе үлкен облыс қой, аудандардағы салт-дәстүр әр түрлі. батыс ауданы Ойылда мысалы тамаққа араласу западлолау нәрсе. жігіттер су әкелу, отын жару, қуырдақ турап беруден әрі аспайды. табақ тасу, табақ алып кету, картоп-сәбіз аршу дегендер шынымен ұят нәрселер.
bizbike
Ембі жақтыкілер анық әкеледі табақ, бірақ картоп-сәбіз аршымайды енді. Табақты келіндер алып кетеді. Абай жолында жазған "Қолдарына қос табақ алған жігіттер тізгіндерін ауыздарына тістеп алыпты. Арттарында егде тартқан жай шапқыншы сияқты үлкен күтушілер бар. Олар табақшылардың атын қамшылап айдап, қуып отырады. Ыңғайлы, шапшаң табақшылар ат үстінен көсілтіп кеп, табақтарының сорпа-тұздығын төкпестен ұсынып, қонақ үйлердің алы-алдына тұра-тұра қалысады. Үй алдында тұрған нағыз күтуші ақсақал, қарасақалдар сол табақтарды шапшаң алып, үй ішіне сүңгітіп жатыр. Сөйтіп қазаннан жаңа түскен ет, бір қолдан бір қолға лып-лып етіп, салқындамай, тоңазымай лезде жетіп тұр". Сонда кәдімгі ат үстінде екі табақтан төкпей-шашпай қалай апарған, крсвчктр!
Соңғы түзету:
Marco
Үлкен жиын-тойда табақ тарату жігіттердің міндеті. Тамақ толы табақтың ауырлығынан шығар мүмкін. Ал алып кету келіндердің привелегиясы. Бізде осылай әйтеуір.
AKY
бізде де даладағы ошақты бір еркек жағып, қадағалап жүреді сосын
bizbike
Абай жолында Абай Ділдәға ұрын барғанда күйеуге бөлек отау тігіліп, шымылдық түріліп, күйеу жақ кәдімгідей сызылып сәлем береді қайын жұртына. Қандай сыпайылық десеңші, қандай дәстүр а. Бұрын сонда күйеу бала деген қайын жұртында кәдімгідей келін сияқты болған ғой
Marco
Қазір олай емес пе не? Қазір де солай!
bizbike
Мен әлі көрген емеспін ондайды, кәдімгідей қолын алып сәлем береді ғой, иілмейді ешкім келін құсап
Marco
Сонымен, иілу керек пе әлде сызылу керек пе? Иілу дәстүрін жұрттың бәріне тең құқық берген Кеңес үкіметі жоқ қылды. Бұл үкіметті айыптағаным емес, мақсаты игі-ақ болатын. Бірақ халық иілуі мен қатар жалпы сыпайылықты жоғалтып алды. Дегенмен, күйеу баланың қайын жұртқа сәлем беруі, оны-мұны жұмыстарына көмек көрсетуі қазір бар! Ал оны сіз көрмесеңіз, ортаңыз сондай шығар. Мен өз ортамда ондай ибалықты күнде көремін.
Соңғы түзету:
bizbike
Сонымен күйеу балаға шымылдық түріліп, жеңгелер көрімдік алып, иіліп сәлем бергенді мен көрмедім. А былай сыпайы қолын алып, сәлем бергенді мен де күнде көремін.
Armanjan
Айтыңдаршы осы, естуімше оңтүстіктің қызын алған жігіт мысалы келіншегімен қайын жұртына қонаққа барған кезде (1 апта ма, 1 ай ма, енді қанша уақты боса сонша) екеуі бөлек жатады дейді, яғни қыз өз жұртына күйеуімен келіп жатып бірге жатқаны ерсі болатын көрінеді, осы қаншалықты рас. (рас боса қиындау екен, 1-2 күн қонып ғана зытпаса)
Daniar-Alan
рас рас
Armanjan
бір ай қонақ боса ужыс, ужыс
Daniar-Alan
түнгі 3-тегі смс пен алдын-ала дайындалған оңаша жер шешеді бұл мәселені  
ал егер қала болса, дап-дайын ванна бар
temir1986
Жалғыз қыз алыңдар бір үйдегі ерке күйну болып жүресіңдер шалқып мен сияқты. Ал енді ауылда айқайшының роліндеміз шыны керек.
AKY
қонақ шақырғанда жездем шапқылап жүреді әйтеуір тірліктің бәріне, табақ та тасып, әрәқ та құйып. Маған әзілдейді "қашанғы өзім жүгіре берем, жасым болса қырыққа таяп қалды" деп
Соңғы түзету:
Daniar-Alan
жаңа күйеу баланы үйреткенше де біршама уақыт өтеді ғой  незавидую жездеңе, шал болғанша жүгіртіп сенде
AKY
Ал мен уайымдаймын, қақшиған біреу тап болып, жалғыз жездем мен жалғыз ағама по понятиям келіспей жатса (олар өзара күшті келіседі, жалпы бәріміз аға-жеңгем, апа-жездем және мен күшті келісеміз, әңгімеміз де жарасады), сосын олар маған біртүрлі бов қалса, фуу Айгерім, не істегенің деп  И асықпаймын, идиллиямыз бұзылып кетпесін деп
Armanjan
Дәке мына жерге жазғаныма кешірім сұраймын (басқа жазар жер қалмады) анау Bek-zhylkybaev деген ақынның бір уыс өлеңін жоғалтып алып, аузым маңқиып қалды, бәрін оқып үлгермей қапыда қалдым, ешкім байқаған жоқ па, ізім-ғайым жоғалды, әлде Сатекең зынданға тоғытып жіберді ма?
Daniar-Alan
азанда достық жібергенде + ке шығарғам, қазір -12 ден асып кетіпті. Өзі өшіріп тастаған ау
Сатекеңнің керекке уақыты қалмады ғой… АКҮ айтқандай: «тігіліп жүр»..
AKY
енді сұрақ: кім оны тігіп жүрген?
Daniar-Alan
иғайдан білин? өзің ғо тігіліп жүр деген…
AKY
мен соған қарағанда, яғни «кажется» дедім. нақтысын білмейді екем.
asaubota
маған звондады, кеттім деді. кілең местныйлар жиналып алыппыз обшым.
Daniar-Alan
менен нөмірімді сұрады, бергем. звондамады
VKM
Бұл ұлдар туралы жазылған,қыздарда да осындай типтес топтар бар. Мен әйтеуір ыдыс жуатындардың, сосын бәрі біткесін пол жуатын топтамын.Қол босаған кезде,ұялы телефон қарап,әдемі музыка тыңдап, кімнің жігіті бар, кімде жоқ ,қандай брендтер модада сол туралы әңгіме айтамыз)))Былай қызық «обслужка» болған
Daniar-Alan
толығырақ  пост күтем
bizbike
мен салат жасаймын, сервировка, ыдыс жуамын, үй жинаймын
ет асуға, бауырсақ пісіруге, нан ысуға жоқпын мүлдем
очм пісіретіндер қонақ келетін кезде дұрыс шықпайды
Соңғы түзету:
007
қонақ келмитін кезде дұрыс шығама
MamaAya
:):):) Д'ананди болған екенсің ғой…
Менікі төркінге барғанда өзін кінәлі адамдай емес, керісінше «одолжение» жасап, қыздарын алғанын міндет қылғандай төрде «Нұреке» боп отырады ғой.:) бажалары да жоқ. Жұмсамайды оны ешкім. Жұмсап көрсін)
Daniar-Alan
Сені алу керегед ))