Батысқа еліктеу "трендке" айналуда

«Мейнстрим», «Хайп», «Жиза», «Лойс»…
Бұл не деп ойлап отырған шығарсыздар?!
Біле білсеңіздер, бұл қазіргі жастар қоғамында кеңінен таралған түсініктердің атауы. Сіз бен біздің балаларымызды, іні-қарындастарымызды, еліміздің ертеңін елеңдетіп жүрген «трендтегі» сөздер.
Тамыры тереңде жатқан тарихымызға бір сәт көз жүгіртіп қарасақ, кешегі хан-батырларымыздың ерлігі, тіпті бертін келе «Алаш» азаматтарының да аңсағаны еліміздің егемендігі еді. Ал енді, ел болып өз еліміз бен дініміздің тізгіні өз қолымызға берілген уақытта мәдениетіміздегі жабайы көріністердің себебі неде?
Осы сұрақтың жауабын іздеп көруге тырыссаңыз «ХХІ ғасыр», «Заман талабы», «Дамып жатырмыз» деген ақталушылық жауаптарды естисіз. Бірақ, бәрінің түпнегізінде «еліктеушіліктің» жатқаны бәрімізге мәлім.
Сан ғасырлар көлемінде қалыптасып, ақын-жазушылардың шығармаларынан оқитын мәдениетіміз, салт-дәстүріміз басқа халықтардан жоғары десек те, өресі күннен-күнге тарыла түсуде. Қоғамымыздың бір бөлігі қазақ тілін, мәдениетін ұрандатып жүрсе, енді бір бөлігі жат елдің мәдениетін жарыса кіргізіп жатыр. Батыс басын айналдырған жастар үшін қазақ мәдениеті ескінің қалдығы ретінде қабылданатыны жаныңды қынжылтады. Бірақ, бұл да тарихи оқиғалардың екпіні болу керек. Қазір де, бірнеше жыл бұрынғыдай, орыс не ағылшын тілінде сөйлеу мықтылыққа теңестіріліп, қоғамдағы беділіңді асырады. Біз де қалмайық деп шет тілдерге тілімізді сындырып жатамыз. Жо-жоқ, тіл білуді жаман демеймін. Керісінше. Тек, қазақ тілінің солардың көлеңкесінде қалып қоятынына қарным ашиды.
Жастардың арасында қарапайым қазақ баласына гөрі, орысша сөйлеп, жұлмаланған жыртық шалбар кигендердің беделі бір елі жоғары тұрады. Заманауи тілмен айтқанда, екіншісі «крутой». Артынан ергендер сол «крутойдың» орнына ұмтылып, шала-пұла орысшаларын шүлдірлетіп, қазақтың тілі мен мәдениетіне менсінбеушілікпен қарай бастайды. Ал туған тіліңе, дініңе, мәдениетіңе деген бұндай қарым-қатынастың нәтижесі неге алып келетіні жайлы айтып та қажеті жоқ шығар.
«Батыс, батыс» дегенге олардағының бәрі жаман деп ойлап қалмаңыздар. Керісінше, білім де, ғылым да, мәдениет те, даму да соларда. Мәселе, біздің «мәдениетін аламыз» деп, мәдениетсіздігіне ұмтылып жатқанымызда. Мұхтар Шаханов атамыз айтқандай: «Цивилизация каналына қосыламыз деп, канализация каналына қосылып кеттік.» Әйтпесе, бағандан бері сөз болған «Батыстан» үйренеріміз де көп. Бастысы, жақсы мен жаманын саралай білсек болғаны. Еліктеудің де естісі бар, есері бар…
Жоғарыда айтылған сөздер жастарға қатыста болса да, түзетудің төркінін жоғарыдан бастау керек. Қазақша екі сөздің басын дұрыс қоса алмайтын билік өкілдері мен «Эщкере» деп ән салған «мәдениет өкілдерін» дұрыс жолға сала алмай, керісінше қошеметке бөлеп отырсақ, жастардан не сұрай аламыз?!

Авторы: Советқан Гүлім
«Тұран» университеті «Журналистика» мамандығының 3 курс студенті

Адайлар



Бобурым Азаға арналады

… Өткенде alashaman -мен сөйлестім… Тарих туралы…
… Абылай заманында адай тайпасы шөбі шүйгін, малға жайлы оңтүстікті жайлайды екен. Бірақ, Абылай мықты стратег қой. Мүмкін адай ақсақалдарына құпия тапсырма берілген болуы керек… Бір түнде елдің батысына бүкіл адай көшіп кетіпті. Логикаға салып қарасаң, шөбі шүйгін таулы өлкеден тақыр жер жазық далаға бекерден-бекер көшпейді… Қалың орман орыстан, қызуқанды түркіменнен елді, жерді қорғау үшін солай жасалынған болуы керек… Оны тарихшылар өздері анықтап алар…
Әрі қарай

ОТТАЙ БЕРЕДІ ОСЫРАҚ ШАЛДАР...



Қаланың атауын өзгерту туралы хабарды естігенде, «сандырағы» шығар деп сақалдылардың, тіпті де елемеген едім. NEWS деген тіркесі бар ақпарат таратушылардың тілшілері тыпырлап жаза бастағанда, кәдімгідей ойланып қалдым. Твиттердегі парақшама түртіп қойып ем, бірлі-жарым саясаттан хабары бар жандар және сол «біздің» өңірдің тумалары ғана әңгімеге араласты.

Амиржан Косанов‏ @akossanovkz Қара алтыным жеті қаттан қазылған, Билік басы көп бәлеге шатылған.Мұнаймен де, қанменен де жазылған Өзенім-ау, айналайын атыңнан!

@Aidos_Sarym: Атыңнан айналайын Бекет Ата, Атыңды қоймау керек десем болма қапа...
Әрі қарай

"Көксау" Ғалымжан

Назарларыңызға Ғалымжан Жолдасбай атты жас әншінің халық әні«Көкжөтелге» түсірген тамаша клибін ұсынамын. Клип өзіміздің елімізде түсірілген. Мен 5 деген баға берер едім, міне қазақтың жылқысы, міне, қазақ қыздары, міне қазақ жігіті деп көрсетуге тұрарлық. Міне, Батыс ән мектебінің өкілі!
Әрі қарай

Қазақстанға батыстық көзқарас: қазақтар болмашы нәрсені «жуғанды» жақсы көреді

Жақында уордпрестің блогтарын ақтара отырып қызық бір мақалаға кез болдым. Блог иесі – Кристина Грей есімді АҚШ азаматшасы. Крис-тина 2007 жылы Қазақстанға келген. Алғаш КИМЭП-те екі жыл дәріс оқыған. Содан кейін Назарбаев университетінде оқытушы
Әрі қарай