ОТТАЙ БЕРЕДІ ОСЫРАҚ ШАЛДАР...
Қаланың атауын өзгерту туралы хабарды естігенде, «сандырағы» шығар деп сақалдылардың, тіпті де елемеген едім. NEWS деген тіркесі бар ақпарат таратушылардың тілшілері тыпырлап жаза бастағанда, кәдімгідей ойланып қалдым. Твиттердегі парақшама түртіп қойып ем, бірлі-жарым саясаттан хабары бар жандар және сол «біздің» өңірдің тумалары ғана әңгімеге араласты.
Амиржан Косанов @akossanovkz Қара алтыным жеті қаттан қазылған, Билік басы көп бәлеге шатылған.Мұнаймен де, қанменен де жазылған Өзенім-ау, айналайын атыңнан!
@Aidos_Sarym: Атыңнан айналайын Бекет Ата, Атыңды қоймау керек десем болма қапа...
Қалқаман САРИН @AkynSarin Мәселенің мән-жайын ұқпадым.Жаңаөзен атын өзгерту қаншалықты қажетті дүние, кім үшін?
Тимур Бектұр @timusha Ақсақал атын иемденген шалдар жер атын өзгертіп атын шығармақшы.
Данияр Жұмаділов @DaniarKaz саясат...(( Жанаозеннин атауын озгертсе де ондагы канды кыргын естен кете коймас…
Асет Рахманбердиев @Rahmanberdy әулиелерге табынып Бекет-атаны Алладан аузына көп ауызга алады деп естігем, енді қаланың атына шыққан ба? еріккен…
Bakha Kushkandir @Kushkandir Вот и я о том же!!! То работа их не устраивала, бунтовали!!! Сейчас если не переименуете в Бекет Ата, тоже выйдут бунтовать!
Анау АСЫЛБЕК АЙДАРОВ бастаған ақсақалдарды «ақылға шақыратын» адамның болмағаны ма?.. Бұл не сандырақ??? Ғасырдан астам тарихы бар Түркістан тып-тыныш тұр. Әйтпесе, біздің байтақ жерімізде қасиеті асқан, халық қиналғанда жан-дауа іздеп барар киелі орындар аз ба еді?.. Йассауи тұр, Айша-Бибі… ИСЛАМды ұстанатындар, түптеп келгенде, бір Алладан басқаға табынбайды да. Жарайды… дін тақырыбы үлкен шеті жоқ дауға айналып кетуі мүмкін. Басқа жағынан көрейік саралап… нақ өзгеріс керек болса, Павлодар, Петропавл қалалары туралы ойланбай ма шалдар мен шалдарды тыңдаған шенеуніктер?.. Тіпті Астананың өзінде «Московская» сынды ескі көше атаулары өзгертусіз тұр. Есесіне, жетпей жатқандай «Керей мен Жәнібек көшесі» деп, екі тұлғаның есімін қыстырып қойыпты. Қазақ хандығының негізін қалаған нар тұлғалы азаматтарға бір-бір көшенің атауын берсе – Астананың сәнін бұза ма?.. ал, Өзенге қатысты болса, онсыз да «жаңа атауы» қаланың бұл – «Жаңаөзен». Бұрын «Новый Узень» делініп келген. Аударды қазақшаға. Енді не керек?.. мына шалдар қайдан шығарды шуды?..
Есен Елеукен @eseneleuken, шалдардың кінәсі жоқ…
… деп жазды ағасы. Расында, саясаттың сасық сорпасы тағы да… осырақ шалдардың кінәсі жоқ сияқты. Қайткенде де, жағымсыз иіс алып бара жатыр… «Жастардың рухани құндылықтарға бет бұруын...» қамтамасыз етеміз деген шалдарға біреу дайындап берді ғой материалды. Бір сценарист, бір режиссер отыр реттеп барлығын… ал, жарайды! Географиялық картадан Жаңаөзенді мүлдем «жоқ қылу» керек болды делік. Оны да «әдемілеп» істеуге болар еді ғой. Айдың аманында апыр-топыр: «ат өзгертеміз!» — деп атой салғаннан кім де болса күдіктеніп қалды. Сөз арасында мына мақалаға да көз жүгірте салыңыздар: ult.kz/kz/article/view?id=699
Бұл мәселе де ойландырды:
Dilmukhammed @DimaTulevov каласы атын озгертуге канша каражат кететинин есептемеген болар((
Есептеді! Есебі мықты олардың… эх… қайда кетпей жатыр мұнайдан түскен миллиондар?.. Астананың сол жағалауына көз жүгіртсең, шіркін, шөлмектен тұрғызылған зәулім үйлер қаншама қаусап бос тұрған… Маңғыстаудан қыдырып келгендер аузын ашып қарайды: «Е, біздің ақша осыған кеткен екен ғой...» — деп…
Кіп-кішкентай боп ҮЛКЕЕЕЕН саясатқа араласқым жоқ. Бірақ, қарным ашады көргенде… мысалы, қаражаттың жоқтығынан кей кездері Алматы мен Астанаға жете алмай қалатын жасампаз жастарды көргенде. Ақтау мен Жаңаөзеннен қазір «Мұнай тамшылары», «Барыстар» КВН командалары өнер көрсетіп жүр. Өз басым, ойындарын көріп қатты қуандым. Тек, дайындыққа жұмсайтын уақыттары уайыммен кетеді екен көбіне: демеуші жоқ. Қазіргі бары да – ертең айнып қалуы мүмкін. Соны ойлайды балалар, алаңдайды. Өзеннің тумасымын, сонда бітірдім орта мектепті, ол қаладағы хал-ахуалды жақсы білем. Кезінде Бабахановтың кабинетіне кіре алмай кеткен едім 2006 жылы. Кіжініп кеткенмін: «Алматыға кетіп барам. Жарып шығам бір жерден. Сол кезде Жаңаөзеннің тумасымын деп айтпаспын!..» Көпке дейін айтпай да жүрдім… ренжіп ағаларға… бұнымен жеткізгім келгені: жастарды рухани азықтандыру үшін қаланың атын өзгерту емес, басқаша қолдау көрсету керек: КВНге қатыссын, жолдарын бөгемей қалталарына тиын-тебенін салып беріңдер, ақсақалдар! Бос уақыттарында спортпен айналыссын: ашып беріңдер «қымбат емес» спортзалдарын! Жаңаөзеннің төрінен әдемі етіп ТЕАТР ашыңдар: ойнайтын актер да табылады жастардың арасынан, көрерменсіз де қалмайды. Мәдениеттілікке баулыңдар, ақсақалдар! Әйтпесе, Астананың театрынан көрдім жас жігітті тура бірінші қатарға кеп отырды… қызылды-жасылды шортымен!!! Ең құрығанда, театрға қандай киіммен баруды білетін болады… міне, мәдениет!!! Қаланың атын өзгертуге жұмсайтын қаражатты осындай игі шараларға аударған дұрыс болар?.. Әйтпесе, қазір Жаңаөзенде не бар?.. Кинотеатрдың қаңқасын көргенмін: жұмыс істеп тұр ма, жоқ па… есесіне, тойханалар мен клубтар көп. Айтпаса да түсінікті…
Құрметті МАҢҒЫСТАУЛЫҚ қариялар! Артық кетсем, кешірерсіздер тентек қыздарыңызды, бірақ… Пір Бекеттің атын анда да, мұнда да жөн-жосықсыз қолдана бермеген абзал еді. Қастерлеп келген құнды дүниелерімізді біздегі сұйықтау саясаттың лас көжесіне араластырып жібергендеріңіз – қай сасқандарыңыз?.. Бекет-Атамызға ПИАРдың қажеті жоқ еді ғой, онсыз да ағылады халық елдің түкпір-түкпірінен, біледі қасиеті барын…
Бұл, әрине, менің жеке субъективті пікірім!
P.S. егер өнерлі жастарға қолдау көрсетпейтін әкімшілік еріккен қариялардың ұсынысын жөн деп тапса: «Жастар – біздің болашағымыз!» — деп ұрандатқанын қысқартатын болар...
сурет: qogam.kz
жалпы тақырып туралы айтатын болсақ қала атын өзгергенмен тарихын, сонда болған оқиғаларды өзгерте алмайды ғой. мұндай әрекеттері шынымен күлкілі.
Медетбек АБДУЛЛАЕВ
Баняға да бармай-ақ қой!Қайта біліп жүретін болдық жазылмаған саусақтыларды…Асылбек Айдаров деген «ақсақал» мына кісі екен:
Бөркін көзін бастырта киіпті,ә?..
тапсырыспен «пікір» айту ол да бизнес.
қаланың атын өзгерткенмен жазылатын тарихты ешкім өзгерте алмайды.
әуелі қанды қырғынға саяси баға берілуі керек!
"қарапайым еңбек дауы" неге қырғынға ұласты? жауапсыз қалмауы керек?
Қиыны да осы ғой. Ұмыттырғысы келеді. Қазақтың ғасырлар бойғы салт-дәстүрін жоққа шығарып, біреуі орыс, біреуі араб, енді біреуі түрік жасағысы келіп жүрген бүгінгі белсенділер, ертең Өзенде ештеңе болған жоқ демесіне кепілдік те бере алмаймын.
Биліктің қолынан жемденіп жүрген «асыранды ақсақалдар» ғой бұларың.
Көп сөз — боқ сөз. Мәселенің мәнісі — «Жанаөзен оқиғасын» еске түсіретін қаланың атынан құтылу. Бұл билікке керек, ал билік өз кезегінде «ақсақалдарын» жұмсап айттырып отыр.
НЕ ТӘРБИЕ МЫНАУ? жастық
Маржан менің танысым да, ешкімім де емес, тіпті сүйікті жүргізушім де емес. Демек, ол туралы ойларымды жария қылу әбестік деп есептеймін. Ойың бар ма, ойың ішіңде болсын. Растығына көз жетпейінше… Алдағы уақытта клаваны тықылдатардан бұрын ойланып алуды рекомендеймін.
«Аспандағы жұлдыздан, Алматыдағы жұлдыз көп» депті біреу. Кішкене аз-мұз ауыра ма деймін.Мынауың енді артық, Арман. Керекте жұлдыз жоқ! Болған кезінде… СААТ дегенді естіп пе едіңіз… Маржан жәй пікірі озық замандас… Мұрат Әбенов те оқиды керекті, жақында тіркелем дегенді де айтып қалды… Қолдан жұлдыз жасай берудің қажеті шамалы…Жұлдыз болмасаңыз да, публишний (аты ақ жаман екен) адамсыз ғо, атыңыздың пікіріңіздің қабылдануына әсер етпеуін қаласаңыз.
Тақырып жеке мен үшін өзексіз. Приоритеттерім бөлек, адам аман болсын, ал ырым дегенге сенбеймін. Айтпақшы, орындалуы жаңа қолданушылардың біразынан жақсы!
Қош келдіңіз.
«Жаным ау, ауылым шалғай, сол пікірді айтуға бола Атыраудан ат терлетіп Астана барғым жоқ» дедім сосын
Әйтпесе, іздеген Асаудың Аршат екенін, Гастарбайтердің Асқар, ал Маржанның Маржан екеніңізді екі кликпен табады.
қала атын емес ақсақалдар кеңесі құрамын өзгерту керек сияқты Жаңаөзенде!