Ақын деген

Ақын елдің
Ардақтаған еркесі,
Халық мұңы жеткізе алса жырымен.
Ақын жаны таусылмайтын дария,
Шер толқытса шығар ойлар тереңнен.

Ақын деген,
Данышпан да, дана да,
Сырлы сөзін толғап айтса тереңнен.
Ақындарын қошеметтеп жатсада,
Адамдар аз жанын оның түсінген.

Сырын шертіп,
Мұңын шағып жүреді ол,
Асқар тауға, тыныш жатқан көлгеде.
Баладай боп
Еркелейді емеспе,
Бағалайтын адамдарға ол кейде.

Жағымпаздық,
Оған мүлдем жат қылық,
Бағынбас ол ешбір заман заңына.
Бірақта ол
Дайын тұрар әрдайым,
Жан қиюға әділдіктің жолында.

Шын ақынға,
Тұсау болмас еш нәрсе,
Қамықпастан қарсы тұрар дауылға.
Тамсандырып
Сырлы өлең терсе де,
Жағымпазды баламаймын ақынға.
Әрі қарай

Ғашық болу...


Батып бара жатқан күн, қимай сені әле тұр…

Ұзын қою қара шаш, тек өзіңе жарасқан,
Көркіңді сенің көруге ай мен жұлдыз таласқан.
Шашырайды жүзіңнен, жарты әлемге әппақ нұр,
Батып бара жатқан күн, қимай сені әле тұр.

сілтеме kiwi.kz/watch/k3ez7u86hgpd/
Әрі қарай

Біреудің әйелі

Сүйірі – сиректеу, бұрыштар – доғал тым.
Жорғалар шаңдатып өтеді топ алдын.
Амалсыз әзірге өлімді Өлтіріп,
Өмірмен тағы да Көңілдес боп алдым.
...құрлығым Көңілге шаттық боп себілдің,
О, менің көкзеңгір неліктен көгім – мұң?
Өмірім – Өмірден жалығып бір сәтке,
Қойнында жатыр ол – Көңілдес –
Өлімнің!..
Өмір ме, зулаған, тоқтатшы, әй, оны.
Манағы сөзімнің барлығы жай еді…
Өлікке айналып кетермін мен де ертең –
Себебі Өлімім – Біреудің әйелі!
Әрі қарай

Көнекөзім (Элегия)

Дүбіріменен өмірдің,
Керуен – пенде көшкен көп.
Сүйегі асыл бабалар,
Жүрегімізден көшкен жоқ.

Үйіміз ауыл шетінде,
Жер бетіндегі еншіміз.
Бықия ақсақал біздерден,
Бөлектенбейтін көршіміз.

Баптайтын-дағы сұр атын,
Батпандай ойға бататын.
Таң ата сала тұратын,
Күн батар шақта жататын.

Бір құшақ отын әкеліп,
Маздатып пешті алатын.
Алаумен бірге лаулатып,
Көзіме шырақ жағатын.

Бойыма тарап әз үні,
От болып маздағаным-ай!
Маңдайындағы әжімі –
Жалғанның жазбаларындай.

Содан соң, атқа бағыштай,
Арқан өретін кендірден.
Атамнан тағы қалыспай,
Ой өретінмін мен бірден.

Қалмайтын мүлде тұрақтап,
Айлар да өтті алмасып.
Желісі кетті жырақтап,
Келешектермен жалғасып.

Көңілдің гүлін теруші ед,
Атамыз бүгін жоқ қолда.
Шындықты жақсы көруші ед,
Шын дүниеге кетті ол да.

Ертеңгі күнге сайланып,
Ұйқыға ерте жатамыз.
Шайменен бірге жайланып,
Мұң ішуші еді атамыз.

Сол күні сырнай — санаңмен,
Жайлы бір сазды жырладың.
Шұғылалы күндей баттың да,
Таңменен неге тұрмадың?

Мұң дәмін татырғаның ба?
Жүректі кеттің жылатып.
Шәй ұрттап отырғаныңда,
Сені ұрттап қойды-ау уақыт!!!
Әрі қарай

Жақсы адамның әңгімесінен туған өлең


Геополитикалық сәби
Сальвадор Дали


Жылату оңай, жұбату қиын – мойындалмайтын заңдылық.
Таусылмайтын әңгіме айтамыз екеуміз таңды таңға ұрып.
Бүгін де, міне, бұйырмайтын бала сипатқа оралдық.
Отырып алып ой-қырдағы үйімізді сағындық…
Әрі қарай

"Немересі Қасымның"

Білмеймін қай күн, бәлкім ол оның есінде?!
Жұмыстан қайтқан, әдеткі күннің кешінде…
Онысын қойщ, айтқым бір келген бұл емес,
Әйтеуір… жаз мезгілі екені есімде…
Әрі қарай

М.Ю. Лермонтовқа арнау


Жастық шақта әркім де өлең шығарады дейді ғой, мен көбіне орысша өлең жазатынмын. Қазақшадан көрі, орысша сыр шерткен оңай еді мен үшін. Көбіне Лермонтов пен Есениннің әсерінде өлеңдер шығаратынмын.
Сондай әсерлердің бірінде, Лермонтовқа арнап
Әрі қарай

ҰБТ-ға арнадым!

Гүлжайнат құрбымыздың ҰБТ туралы өлеңін оқып, бір кездері өзімнің сары уайымға салынып жазғаным есіме түсіп кетті.
3 шумақ секілді еді, біреуін есіме түсіре алмадым)))
Керекте де тақырыптар көтеріліп жатыр екен, мен де жариялап жіберейін) Иә,
Әрі қарай

Арнағыштарға арнау

Керегіме жарап тұр ғой «Керегім»
Күннен күнге үлкеюде дерегің
Жұрттың бәрі өлең арнап жатыр ғой
Мен де ендеше осы жолмен желемін

Біреу арнап біреулерге өлеңін
Пайдаланды жастығының желегін
Бір қатын мен бір баламыз бар шақта
Жас қыздарға
Әрі қарай

@Erkekyz-ға

Елдердің бәрі ғашығына өлең шығарып мәре-сәре. Ал, менде ол өнер де жоқ. Амалсыз анда-мында барып, бірдеңе жасағандай болдым. Көштен қалып кетпесем болғаны.

Қолөнерің көңілімді тәнті етті,
Жүрегімнен суырып бір ән кетті.
Өмір сүріп керегі не мен
Әрі қарай

Есіңде ме (аяқталмаған өлең)

Көңіліме менің буылдыр тұман тартып бір қойған, бақ құсым,
Сыйлап ең маған сезімдеріңнің тым сыйлысын, тәттісін…
Қара бұлт жапқан аспаныма шуағын күннің әкелген
Өзің едің ғой, есіңде ме, қарақат көздім ақ мүсін…
Әрі қарай

Аппақ қыз



Бізде кешкі он, ал сен жақта кешкі бес.
Бізде ұйқы – сенде оқумен кескілес.
Сабақтамын деп жазған жалғыз сөзіңнен
Дауысыңды сездім естілер де естілмес…

Маған бастық, саған ұстаз қайғысын
Тапсырмамен артып қойған, неғылсын…
Сағындым сені деп жазған жалғыз хатыңнан
Бейнеңді көрдім тым ыстық маған ай мүсін…
Әрі қарай

Таңғы симбиоз



Таңғы сағат төрттің кезі. Тыныштық.
Шылым. Ноут. Үстел жапқан кітаптар…
Салғыластық дау тудырып, кофе іштік.
Бірақ, бізде симбиоздық сипат бар.

Маған қиын ұғу сендік пайымды.
Сендік ойды, сендік ниет, сезімді.
Түсіне алмаймын торығып жазған жайыңды!
О, Құдайым, қайдан саған кез қылды?!
Әрі қарай

Махаббат мүшәйрасына қатысыңыздар!



15 сәуір Махаббат мейрамы акциясын қолдау мақсатында «Жас қазақ үні» газеті Махаббат мүшәйрасын жариялады. Конкурсқа ақындардың махаббат тақырыбындағы өлеңдері қабылданады.
Өлеңдер 2011 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.
Бас бәйге – жеңімпаздың жеке кітабын – махаббат жырларын «Тұран» баспасы шығарып береді. Өзге де үздік жырлар «Махаббат маусымы» жинағына кіргізіліп, «Жас қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналында жарияланады.
Әрі қарай