М.Ю. Лермонтовқа арнау
Жастық шақта әркім де өлең шығарады дейді ғой, мен көбіне орысша өлең жазатынмын. Қазақшадан көрі, орысша сыр шерткен оңай еді мен үшін. Көбіне Лермонтов пен Есениннің әсерінде өлеңдер шығаратынмын.
Сондай әсерлердің бірінде, Лермонтовқа арнап қазақша өлең шығарып едім. Аса көркемдік құны жоқ болғанымен, мен үшін бір бейкүнә лирик кезеңімнен естелік.
***
Соқыр, саңырау надан жұрттан қашық боп,
Тас түнекті жарып атқан таң ба едің?!
Өмір бойы бір адамға ғашық боп,
Сұм сезімнен азар көрген жан ба едің?
"Ұғам ба" деп мән-жайын бұл жалғанның,
Өзіңнің жолыңды аға бастадым да,
Лирика әлеміне мен самғадым,
Өміріңнің жолына көз тастадым да.
Ақын болдың, дүйім жұртың сені танып,
Өлеңіңді аяқ асты етпес, бәлкім
Қайғы-мұңнан өзегі өрттей жанып,
Дәл өзіңдей қызыл шоқты кешпес әркім
Жаныңды сезім, шіркін, тоздырды ма,
Азаптаған ішіңнен жегідей жеп?!
Әлде патша қысымы оздырды ма
дүниеден, қара жерге жастай жерлеп?!
Замананың езгісіне кімдер төзбек,
Тұтандырған сөнді ғой отың демде,
Мартынов бағыттаған саған көздеп,
Жоқ, сенбеймін сені өлтірді оқ дегенге!
Өлең сүйер қауымға аңыз болдың,
Пушкиннің де әруағын таң қалдырған,
Ағараңдап ақ желкендей жалғыз болдың,
Теңіздің көк тұманында, жас қаһарман!
Мен де міне өлең-шумақ жолдарыммен,
Білдіремін жан сырымды, ақын ағам
Тілің басқа, ұлтың бөлек болғанымен
Сенсің менің жаны туыс жақын ағам!
08.05.2002
Жалпы ол кісі жалғыз ақын жан болған емес, ол — керемет суретші болғаннын еске сала кетейін
Сол үшін аса құрметтеймін…
С свинцом в груди и жаждой мести, поникнув гордою главой, не вынесла душа поэта, позора мелочних обид...» ия біраз ұқсастықтар бар екен.
… Убит! К чему теперь рыданья
Пустых похвал ненужный хор
И жалкий лепет оправданья
Судьбы свершился приговор…
Өлең оқығанда тұрған ештеңе жоқ, Ақиланбай отыршы тегі
«сижу за решеткой, в темнице сыройды» оқысаң да маған бәрібір ғой сайып келгенде))))