Әлеуметтік желілер

Мен ең алғашқы рет 2010 жылы агентке тіркелдім. Басында түсінбедім. Артынан мирға сурет қойдық, соткамен кіруді үйрендік. Көп достар таба бастадық.Ауылда сеть дұрыс ұстамайды,әр жерде ұстайтын точкаларын біліп алып түнімен 30% 80%ке қашан жылжиды екен деп сарыла күтетінбіз. Одан ауылда сеть ұстайтын болды. Таңның атысы күннің батысы агентте отырамыз. Тек біреу үшін отыратын кездер болды.Оның онлайн боп отқанының өзіне мәз боласың ғой. Блокка жыбырлап бірнәрсе жазғын кеп отырады. Үнемі «орындалатын» спамдарды айтсаңшы)) Мирда қонақ болғандарды қарауға құштар боласын.Осындай қызықтар көп еді ғой. А а айтпақшы поискқа кіріп адам іздейсің, сосын ол мені қайдан танисын, логинимді қайдан алдың деп сұрайды, сосын поисктан тауып алдым дейсің!))
Сосын 2011 жылы вконтактеге тіркелдім. Аштым, сурет салдым, бір шарладым, содан кейін жоламадым. ХХІ ғасыр көшбасшысы деген бағдарламаны білесіздер ма? Соған қатысқалы сол бағдарламаның парақшасын қарау үшін кірем.
Сосын 2012де твиттер мен фбға тіркелдім. Твиттерде де көп тұрақтамадым. Ал, фбда ойып тұрып орын алып алдым. Менің әртүрлі бағыттағы көзқарастарыма әсер етті. Блог, пост, блогер, қазақша сайттар туралы білдім, мәлімет алдым.Фбда таза қазақы орта бар. Күнделікті кіретін әлеуметтік желім фб болды.
Сосын 2013 жылы инстаграмга тіркелдім. Оған да күнделікті бас сұғып тұрам,қызықты, ол жерде де өз орным бар.
Сіздердің оқиғаларыңыз қалай болды?Әлеуметтік желіге келу жолдарыңыз қандай болды? Тағы қандай қызықтар білесіздер? Жауап күтем))
Әрі қарай

Naqyl.kz қазақ мотиваторлар сайты: мақсаты, қолдануы

Жақында 25 қаңтар күні Жаңа-Ой Орталығы naqyl.kz атты жаңа қазақша мотиваторлар сайтын аштық. Бұл сайтты ашуға себеп, өткен жылы zhanaoi.kz сайтын ақпараттық сайт ретінде ашқанда, мотиваторлар деген бөлім болушы еді. Сайтта онымен қоса IT, hi-tech жаңалықтар, бизнес пен психологияға қатысты блогтар, бағдарламалау тілдері сабақтары болса да халық көбірек осы мотиваторларға қызығушылық танытты және әлеуметтік желілерде көп таралды. Сол кезде мотиваторларға арнап бөлек сайт ашу керектігі жайлы жаңа ой пайда болды және ол сайтта тек сайттың әкімшілері ғана емес, кез келген қолданушы жасайтындай мүмкіндік болса деп армандадық. Сонымен 3-4 ай еңбектің арқасында осы сайт пайда болды.
Сайттың айдарларына шолу жасап, қалай қолдану жайлы толығырақ түсіндіріп кетсем деп едім. Себебі көпшілік әлі сайтты түсінбей жатыр.
Әрі қарай

2012 қазақ сайттарының жылы болады

  • KazNET
Биылғы жылға болжамым осындай. Биыл қазақша сайттар көбейеді.



Біріншіден, елімізде интернет қолданушы саны көбейді. Төмендетілген тарифтер, GSM операторларының USB модемдері қолданушы санының тез өсуіне әсер етті. Қолданушы көбейген сайын сұраныс та артуда.

Екіншіден, сайттың да бір БАҚ сияқты құрал екенін адамдардың түсінуі. Сайт арқылы да ақпараттық соғыс жасауға болатынын және сайттағы пікірлер арқылы да жағымды / жағымсыз атмосфера қалыптастыруға болатынын Үкімет те басқа ұйым, топтар да түсініп отыр.
Әрі қарай

Алаш Арена - жаңа спорт сайты



Қазнет (қазақша интернет) жақында тағы бір сайтпен толысты. Жаңа спорт сайты жарық көрді. Алаш арена! Спорт жаңалықтары, фото, видео бар. Жанкүйерлер өздеріне сайт ішінен блог та бастай алады. Сайттың орыс тілді нұсқасы да бар. Тек мазмұны жағынан емес техникалық тұрғыдан да жақсы орындалған сайт.

Осындай тақырыптық сайттардың көбеюі қуантады. Алашаренаға өз тақырыбында чемпиондық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

www.alasharena.kz
Әрі қарай

Қазақ блогы ашылды!

Қазақша блог
Ассалаумағалейкум, Қадірменді Қауым!

Бүгін Мен Сіздерді таяуда ашылған elzhas-webmaster.idhost.kz блогымен таныстыратын боламын. Не үшін бірінші мақаламда осы қазақша блог туралы айтаттын боламын. Бұл блогтың маған ұнаған себебі басқа қазақ блогтарына ұқсамайды, бұл қазақ блогында Сіз кез-келген мәлімет бойынша жауап таба аласыз, Мысалы Сіз сайт немесе блог жасағыңыз келеді, бірақ жасай ала алмайсыз. Міне осы жерде осы қазақ блогы көмекке келеді, қазақ блогының авторы айтып кеткендей келесі посстарында сайттың жасалу процесімен таныстырады. Сайт Сізге ұнаса онда RSS лентаға жазылыңыз! Келессі мақалаларда басқа блогтар туралы жазамын. Осымен аяқтайын!

Блогпен танысу
Әрі қарай

Жаңа Жылда ашылған блог туралы!

Қазақша сайт
Бұл блог жалпы Қазақстан аумағында тұратын веб шеберлерге, вебмастерлерге арналып жасалған қазақша блог, өзіміздің ана тілімізде жазылған осы блогтан көп пайдалы нәрселер тауып алуға болады, мысалы: Сіз сайт жасай алмай жүрген болсаңыз, блог ашқыңыз келетін болсаңыз, компьютерді толық білгіңіз келетін болса, компьютерлік прораммаларды шығаруды үйренгіңіз келсе, осы қазақша блог арқылы үйреніп алуға болады.

Енді осы блогпен тереңірек танысатын боламыз, жалпы қазіргі кезде интернетте қарап отырсақ қазақ блогтары өте аз, болашақта осындай қазақ сайттары көп болады деп ойлаймын, себебі қазір осы қазақ тілге, өзіміздің ана тілімізге көңіл бөлініп жатыр….

Интернетте қазақша блогтардың ішіндегі таңдаған блогым осы қазақша блог…

Мысалы, мен RSS лентасымен жұмыс істеуді білмегенмін, сұрағымды интернеттен іздесемен осы сайтты ғана таптым, және де осы блог арқылы ленталармен жұмыс істеуді үйрендім, қазір осы қазақша блогтың лентасына жазылдым, мақалалар күн сайын шығып отырады, ыңғайлы. Сондықтан да осы блог Сіздерге ұнайтын болса, кіріп көруіңізге болады, ал жазылған мақалалары ұнайтын болса мен тәрізді RSS лентаға жазылуларыңызға болады, мен бұл блог керемет блог деп айтып тұрғаным жоқ, маған ұнағаннан кейін жазып отырмын…

Блогпен танысу
Әрі қарай

Сайт ашып жетістікке жету үшін не қажет?

ақша табу
Сайт ашу ісімен айналысқысы келетін, және қазіргі кезде сайт ашу ісімен айналысатын адамдарға арналып жазылған пост. Бұл постта келесі тақырыптар қарастырылады: домендік атты таңдау, бет жүктелуінің уақытша параметрлері, CMS таңдау, хостинг, контент, дизайн, сайт дамыту.
Интернетте күн сайын жаңа сайттар ашылуда. Бәсекелестік күннен-күнге өсуде, өйткені кез-келген жетістікке жету үшін қарапайым, әлсіз сайт емес, жетістікке жететін керемет сайт қажет, сол сайт арқылы пайда табуға болатындай. Пайда ақша түрінде келуі мүмкін, немесе Сіз өзіңіздің тауарларыңызды(инф.продукты) интернет арқылы сатып, пайда тауып отыруға да болады. Осы мақсатқа жету үшін сайтқа көп мөлшерде адамдар кіруі тиіс. Яғни, сайтыңызға күнде көп адамдар кіру қажет. Домендік ат.

Ең бірінші сайтқа — «домендік ат» қажет. Сайт ашпастан бұрын домендік атты сатып алуыңыз тиіс, мысалы, сайттың аты — my.site.kz болуы мүмкін. Осындай 2-ші деңгейлік домен көзге әдемі, оқуға оңай келеді, және айтып кететін жайт — ол, осындай 2-ші деңгейлік домендерді іздеу роботтары жақсы көреді. «Жақсы көреді», деген сөзім — іздеу роботтары сайтқа күнде келіп индексациядан өткізеді, міне осы индексация арқылы сайт жоғары деңгейлерде тұрады. Домендік ат — оқуға оңай, және мүмкіншілігіне қарай қысқа болуы керек, себебі қысқа домендік атты ұғу оңай. Бүгінгі күні осындай 2-ші домендік атты алу қиынға туады, себебі ол — тегін емес, сатып алу қажет. Бірақ, та алғашқыда тегін хостингқа тіркеліп, домендік атты алып, сайт ашу ісімен, уақыт келе барлық қиындықтарды түсінгеннен кейін ғана барып, 2-ші домендік атты ақшаға сатып алуға болады.
Толығырақ оқу
Әрі қарай

Хоббиім осы

Ассалаумағалейкум жамағат. Осыдан 1 жылдай уақыт бұрын 3 адам бірігіп бір жобамен айналыстық. Сайт аштық. Әрине қазақша сайттардың санын көбейтейік, КАЗНЕТтің дамуына өз үлесімізді қосқанды жөн көрдік. Не дегенімен сайт жасау жағында біліміміз аса көп болмағанымен барынша тырыстық. Сайтта біраз керекті мәліметтер табатын шығарсыз деген үміттеміз. Ендігі сол сайтты өздеріңіз бір бағалап көріңіздер. Алып қосарларыңыз болса жаза кетіңіздер…
Жоспарда дизайнды өзгерту тұр… Бұйртса келесі жылы Жаңа жылды Жаңа Дизайнмен қарсы алатын шығармыз..Біздің сайт
Әрі қарай

Аудиокітаптардың жағдайы қандай?

Күннен-күнге аудиокітаптар кеңінен қолдануда. Ол әрине негізсіз емес. Көзбен оқудан шаршаған, тыңдау арқылы жақсы қабылдайтын адам аудиокітап арқылы біраз ақпараттарды біле алады. Түрлі аудиоспектакльдерді тыңдауға болады. Мысалы мен, жақында «Над пропастью во ржи» кітабының аудио нұсқасын тыңдадым. Өте ұнады.
Интернетте ағылшын, орыс тілдерінде аудиокітаптар өте көп. Онда көркем әдебиет, тілді үйрету, ғылыми кітаптар т.б. толып жатыр.
Аудиокітап арқылы шет тілдерін әжептәуір меңгеріп те алуға болады дейді мамандар.
Жалпы аудиокітап деген бұрынғы кездегі пластинкалар деп те айтуға болады. Бұрында осы пластинкалар арқылы ертегі тыңдауға болатын. Жас бала осылай есту арқылы есте сақтауды (слуховая память) дамытады.
Ал қазақ тіліндегі аудиокітаптардың жағдайын қарастырайық. Он шақты ертегіні жүктеп алуға болады екен. Дүкенде Абайдың қарасөздері, «Абай жолы», бар дейді. Одан басқасы жоқ.
Бірақ өкінішке орай, мынадай ағымдар бұл жұмысты ертерек қолға алған екен. Мысалы, мына сайтты қарап көріңіз.
Табысқыңыз келсе
Әрі қарай

Онлайн медиа жасай ғой...

Розатайдың блогынан алынған сурет
Алдыңғы жазбада «желге ұшқан ақшаларды» талқылап, біраз буымызды сыртқа шығарған тәріздіміз. Өкініштісі, қазір сайт жасап, дамытқысы келетін адамға үкімет тарапынан грант бөлінбейді (әрине, егер қаттырақ жыласаң, бірдеңе беріп қалатын шығар. Ол жағын тексермедім). Аршат та бұл жайлы ойын тарқатып айтқан еді.

Есесіне, Халықаралық ұйымдар онлайн медиа ашуға, интернетті дамытуға арнап гранттарға байқау жариялап отыр. Соның бірі Сорос Қазақстан қорының бағдарламалары.

Бірінші жобаның тақырыбы «Онлайн медиа құру байқауы» деп аталса, екіншісі «Интернетті қолдану мен дамытуды ынталандыратын жобаларды жүзеге асыру байқауы» деп аталады (орысша берілген екен, дәл аудара алмаған сияқтымын).
Әрі қарай