2012 қазақ сайттарының жылы болады

  • KazNET
Биылғы жылға болжамым осындай. Биыл қазақша сайттар көбейеді.



Біріншіден, елімізде интернет қолданушы саны көбейді. Төмендетілген тарифтер, GSM операторларының USB модемдері қолданушы санының тез өсуіне әсер етті. Қолданушы көбейген сайын сұраныс та артуда.

Екіншіден, сайттың да бір БАҚ сияқты құрал екенін адамдардың түсінуі. Сайт арқылы да ақпараттық соғыс жасауға болатынын және сайттағы пікірлер арқылы да жағымды / жағымсыз атмосфера қалыптастыруға болатынын Үкімет те басқа ұйым, топтар да түсініп отыр.


Үшіншіден, сайтты болу престиж мәселесі. Әсіресе бизнес саласында мемлекеттік органдарға қарағанда сайттың қазақтілді нұсқасы дұрыс аудармамен және шын көңілмен жасалуда.

Төртіншіден, сайт жасау бұрынғыдай қиын және қымбат нәрсе емес. Қазір сайт жасау үшін барлық нәрсе дайын, ешқандай артық техникалық білім қажет емес. Тек ұқыпты ұйымдастыра алатын адам болса болғаны.

Күтілетін нәтижелер:

— Тақырыптық сайттар көбейеді
— Ақпараттық порталдар көбейеді
— БАҚ сайттары жаңарады, жаңалары қосылады
— Жас аудиторияға бағытталған танымдық, көңіл көтеру сайттары

Плюстер:

— Бәсекелестік артады
— Сапа жақсарады
— Тіл дамиды

Минустер:

— Аноним пікірлер, цинизм, пафостық ашық ақпараттық соғыстарды туғызады
— Арзан, төмен деңгейдегі мақалалар көбейеді
— Жеке басқа қол сұғушылық көбейеді
— Хакерлік шабуылдар, құпиясөздер сындырулар

Бәсекеге қабілетті сайт болу үшін керек адамдар:

— Сайт жұмысын дұрыс ұйымдастыра алатын администратор
— Сайт мазмұнын дұрыс жолға қоя алатын контент менеджер, модератор
— Сайтты, сайт материалдарын жарнамалап отыратын SEO менеджер

Қазіргі қазақ сайттарында жағдай былай:

Сайтты біреулерге жасатады да, оны басқаруды іштегі бір қызметкерге тапсырады. Оның бар жұмысы сайтқа материал салып отыру. Осындайдың салдарынан көптеген сайттар тек жәй өмір сүріп жатыр, кіріп жатқан көп ешкім жоқ. Сайттың да маңызды екенін әлі түсінбей жатыр көпшілік. Бірақ, уақытша нәрсе деп есептеймін. Биыл сайттар саны өседі, ал сапа жағы алдағы жылдардың еншісінде.
Бөлісу:

18 пікір

sigma
«майл кейзеттен сайт айштым» дейтін ұрпақ та туар.
Abilakim
туар, туар… белдерін USBкабелмен буар
Zako
Майл.кз-ті құрысын. Спамерлердің құралына айналған.
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Zako
Плюстер:

— Бәсекелестік артады
Бәсекелестікті жаугершілік деп қабылдайтындар бар  Не жау, не әріптес боласың оларға.

Әсіресе бизнес саласында мемлекеттік органдарға қарағанда сайттың қазақтілді нұсқасы дұрыс аудармамен және шын көңілмен жасалуда.
Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік тілге қырын қарап жүр.
asaubota
иә, бәсекелестікті жаман сөз сияқты қабылдайтындар көп.

ал, мемлекеттік сайттарды қазақтілді сайттар деп есепке алмау керек сияқты уже.
kokbori
Олар бақталастық пен бәсекелестікті айыра алмайтындар ғой
huanysh
контент, контент, және контент деген заман казақ тілінде…
huanysh
интернеттегі жағдайын айтамын, бара-бара саннан сапа шығар, сосын жақсы қызметтер пайда болар деген ойым бар…
e_zhalgas
Бірінші — аудитория, екінші — контент, үшінші — сервис. Осы эволюциялық бағыттан біз де ауытқымайтын шығармыз. Қазіргі кезде қазақ тілді интернетте біріншісі де, екіншісі де тапшы.
KILYZAMAN
Көбейгені, бар болғаны жақсы — бар болғырдың  Жоқ жаман…
satibaldi
Ааа, Лао Цзыға жан бітті!
Қалай жағдай? Армысың? Биыл өзі Отанды қаншадан сатыватсыңдар?
KILYZAMAN
Дәруішөлген, түкке жарамай жатыр…