Қазақстанда бір сайт жасау қанша тұрады?
деген сұрақтың жауабын twitter-ден жолықтырдым:
түбін тереңірек қазбалаймын десеңіз, ұзын-сонар мәтіннің соңғы жағына үңіліңіз.
түбін тереңірек қазбалаймын десеңіз, ұзын-сонар мәтіннің соңғы жағына үңіліңіз.
Элитарлық ресурстарды біліп жүретін екен. Ұялып отырмын.
тексеретіндер ана ақшалардың бәрі қандай қызметтерге кеткенін қарап көрсін, көбінесе мындай "қызметтерге" кетеді:
— консультация
— аудит
— техподдержка
— модернизация
— нормативные документы
— техническая безопасность
былай өтірік қызметтер ғой, ал бірақ ешкім барып дәлелдей алмайды соншама ақша тұрмайды ғой деп. қызмет көзге көрінбейтін виртуал қызмет. биыл сондайларыңды қысқартыңдар деген болуы керек.
Сол ақшаны сол спецификаға құяр алдында шешім қабылдайтын комиссия мүшелеріде қойдың кезегінен кеше келген болса ше?
Онда келесі кезек алдағы аптада келері сөзсіз. бірақ кезексіз бағам десең ешкім қарсы болмайды. біздің ауылда солай әйтеуір
сізде де біздің ауылдағыдай екен, ...әәә, таптым қазақстандық болдың ғой?
Әдетте сіз бір жобаңызды көрсетіп жоғарыдағыларға барсаңыз ақша жоқ деген жауап аласыз. Құр сөзбен немесе сізге тегін хостинг берейік деген сөзбен шығарып салады. Шын мәнінде менің ойымша олай емес. Ақша жоқ емес бар. Ал ол ақша дұрыс жерлерге жұмсалмай отыр. Мысалы қазір соңғы күндері шу болып кеткен Қазконтентті алайық. Сайттарына кіріп көрсеңіз бүгінге дейін жасаған 3 жобалары бар екен. Bnews.kz және видео портал Kaztube, сосын сайттарға тегін хостинг беру жобасы. Алғашқы екі сайтты мүмкін естіген шығарсыздар, бірақ кірмейтіндеріңіз анық қой? Яғни танымал сайттар қатарына кіргізе алмайсыз. Соңғы жобалары интернетте көп айтылып, жақсы пиар жасалып жатыр. Тегін нәрсе болғасын әрине позитив қабылданады. Ал сіз осы АҚның сайтына кіріп Мемлекеттік сатып алу бөліміне кіріп 2010 жылға арналған сатып алу жоспарын қараңызшы. 2500тг тұратын доменнің өзіне 75 мың ақша бөлінген. Жоғарыда аталған 2 сайтты модернизациялау үшін 6 миллион, ал Ilike.kz деп аталатын қоғамдық желіге 35 миллион бөлінген. Осы сайттың пиарының өзіне 3 миллион, ақпараттық қауіпсіздік нормативті документтеріне 6 762 000, Техникалық қолдау қызметтеріне 9 миллион, эксклюзив видеоларға 3 750 000тг қаржы бөлінген. Басқа пункттерді өзіңіз қарап көріңіз. Айтайын дегенім былай білетін адамға бұл қызметтер мұншама ақша тұрмайтыны белгілі ғой. Мысалы ilike.kz деген сайтты мен қазір тегін пиарлап жатырмын, ал сіз бұрын естідіңіз бе? Әлде дайын емес пе әлі? Негізі жылдың басында айтып еді бұрынғы Ақпараттану және Байланыс агенттігінің басшысы “наурыз-сәуір айында алғашқы қазақстандық қоғамдық желі ашылады” деп. Қазір айлардан маусым, жаз болды көктем кетіп. Айтайын дегенім ақша бар, жұмсалып жатыр. Бірақ бұлар барлығы виртуалды, электронды болғандықтан істелетін қызметтерді қолмен көрсетіп дәлелдеу қиын. Бұл қаланып жатқан кірпіш емес, төселіп жатқан асфальт емес. Бұл виртуал!
деп бір крутой қазақ (777_vip_kazakh_vip_777@mail.ru сайтының иесі) зар қақсап жүр дейді :)
деген тіркесті таңқалыстықпен айтатын еді көршім, күніне.
Жем болған сорлы халық-ай :(
2 000 000 х 12 = 166 666 теңге болады екен. Бір-екі адамның айлығы.
Сондықтан, айыптауларды Бақ.кз сайтына емес, басқа порталдарға бағыттау керек екен ғой деген ой келмей ме? :)
500 млн теңгеге жасалған baq.kz емес, аты белгісіз басқа екі портал боп тұр ғой. Тақырыпты дұрыстап түсініп алсақ, нигі жақсы ағайындар :))
ЗЫ: Қате айтып немесе ойлап жатсам, абиді болмасын, алдын ала кешірім сұрап қояйын ;)
Енді осының шешу жолын ойласайық. Аршат жоғарыда жақсы ой айтты. Соған орай менде де ой пайда болды. Үкімет сайт жасауға жекелеген адамдарға грант бөлмейді екен. Есесіне қазір Сорос қоры жастар мен студенттерге арналған онлайн ресурс ашуға грант байқауын жариялап отыр. Осындағылар бірігіп топ құрап, соған қатысып бір жоба жасайық. бәленбай млн. шығындамай-ақ сайт жасауға болатынын дәлелдейік! Кім дайын?