Жетінші март хикаясы

«Бүгін алтыншы наурыз, ертең жетінші наурыз, бүрсікүні сегізінші наурыз...» деп күбірлегеп жатқан жігіттің шамалыдан соң көзі ілініп кетті. Бұл күндерді күбірлеуінің өзіне белгілі себептері бар еді.

***
«Ертең сегізінші наурыз...» деп ойланып отырған Арманның ойын телефон шырылы бөліп жіберді. Группаласы Жандос екен. "Үйге кел, мерекенің басы басталып кетті медколледждің қыздары бар" деді де тастай салды.Бірінші рет бұндай отырысқа баруға зауқы соқпағаны осы болды. Бармаса досының ренжіп қалатыны да өзіне мәлім.Көшеден такси ұстай салып досының үйіне қарай тартып отырды.
Әрі қарай

Наурыз кестесі жарияланды

Діни және Ұлтшыл істер агенттігіне қарасты «Руханият: дін мен діл» басқармасы 2012 жылға арналған Наурыздың келу уақыттарын жариялады.

Кестеге қарайтын болсақ Наурызға ең алдымен еліміздің шығыс аймағындағы Владимировка ауылының тұрғындары кіреді. Олар таңғы сағат 04:10-да Наурызды қарсы алуларына болады. Алматы қаласы үшін Наурыз уақыты 04:57, елордамыз Астанада 04:58. Ал, Наурызды жұрттың соңы болып қарсы алушы Батыс Қазақстан облысы, Сайқын ауылының тұрғындары болмақ. Олар үшін Наурыз уақыты 05:32.


Халық Наурызды жылы палаткаларда отырып, асыға күтуде © voxpopuli.kz
Әрі қарай

Хэллоуин қандай мейрам?

Керекинфода жарияланған соңғы постылардың ішінде осы мейрам туралы жарнаманы оқыған едім. Ал, бұл мейрамның қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сонда да қызығушылар, тағатсыздана күтіп, тойлайтындар көп болғаны ма? Ал, менің алматылық Нұржан досым осыған жаны күйзеліп, ой саларлық мақала дайындапты. Көптің де біле жүргені артықтық етпес.
Әрі қарай

Қоғам болайын десең...


Адамдар туғанынан әр-түрлі жағдайларда өсіп-өнеді. Бірінің пешенесіне бақуатты, психологиялық ахуалы жақсы отбасында туу жазылса, екіншілері Мегамозгтай онша емес ортаға түседі. Сөйтіп түрлі адамдардан түрлі тәрбие көреді. Осы орайда туған қияли ой: болашақта үкімет (сірә, бүкіл әлемдік үкімет) жаңа туған сәбилерді бір жерде, бір ортада өсірсе. Балалардың барлығына тең, шынайы адам болуына жақсы жағдайларда өседі. Бұл арада мынадай мәселелер тууы мүмкін: 1) қай ата-ана өз баласын «инкубаторға» берсін; 2) балаларға көз алдында көріп жүретін отбасы моделі керек. Болашақта өздері жанұя құру үшін. Сондықтан да осы ойды тек қиял деп қабылдау керек.

Сурет мына жерден ұрланды
Әрі қарай

"ҰЛЫТАУ" Стамбұлға келді

Өткен апта Наурыз мейрамына Ұлытау тобы келген-ді. Алдымен наурызға байланысты күндіз алаңда, кешкісін клуб тәріздес бір көңіл көтеру орнында концерт қойған-тұғын. Келеді деп естігеннен бері бір көрсек деп ұйқы қашқан еді. Сол клубтан ұстадық.
Әңгіме жоқ, үшеуі де тым қарапайым екен. Қанша шаршап тұрса да қыңқ демей барлығымызбен жеке-жеке суретке түсіп шықты. Ал концерті, тіптен керемет!
Әрі қарай

“Менің Наурызым” байқауы!

Байқау кезеңі 22.03 – 30.03
“Менің Наурызым” атты фото байқауына ON.kz сайты барша қазақ елін қатысуға шақырады.
Барша қазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлайғаны жайлы фото-пост жазып, байқауға қатысуыңызға болады.
Белсенділік танытып, ұтысқа жет!

Әрі қарай

Көрісу мейрамы немесе батысша Наурыз



Еліміздің батыс өңірінде, атап айтқанда Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облысы және Ақтөбе облысының батыс аудандарында бүгін 14 наурыз Көрісу мейрамы. Бұл күні адамдар алдымен өз үй-ішімен, сосын көрші-көлем ағайынды жағалап көрісіп шығады. Көрісуге келген балаларға үлкендер тәттілерін дайындап қояды.

Көрісу күні қайдан шықты және неге 14 наурыз?
22 наурызда тойлап жүрген Наурыз мерекесін негізі бізден басқа елдер 21 наурыз күні тойлайды. Біздің аталарымыз да 21-іне 1 апта қалған кезде мал-жандарын түгендеп, қыстан аман шықтық па деп бір біріне барып, қал-жағдайларын сұрап, көрісіп қайтатын болған. Яғни көктем келіп қалды, Наурыз келіп қалды деп, бұл қуанышты 1 апта бұрын тойлай бастаған. Сондықтан да Көрісу деп аталады.
Әрі қарай

Наурыздағы оқиға



Ұлыстың ұлы күні де жақындап келеді. Осыған орай, бір кездері "Ұлан" газетіне жарияланған "ірі" туындыларымның бірі — «Наурыздағы оқиға» атты өлең ертегімді ұсынғым келіп отыр. Аршаттан қалыспайын деп скәнірленген нұсқасын да салып қойдым.

Наурыздағы оқиға

Үйрек-қалпында емес ©

Аязды ақпан кетті де,
Наурыз келді күлімдеп.
Күн сәулесін төкті кеп,
Аямады нұрын көк.

Сақылдады сауысқан,
Бар тіршілік оянды.
Жар салуға Арыстан,
Жұмсады сұр Қоянды.

Шарлап Қоян тоғайды,
Деді:
— Асыр сап ойнаймыз.
Алаңда ең қолайлы
Наурыз тойын тойлаймыз.
Әрі қарай

Минибар. Сенбі. Алматы



Алматылық блогшылар және қаланың қонақ-блогшылары!

Осы сенбіде Алматыда өтетін минибар МедиаНет халықаралық журналистика орталығының кеңсесінде болады. Әдеттегідей алты жарымда (18.30-да).

Мекен-жайымызды: Қазыбек би (бұрынғы Советская к-сі), 50,
3 қабат, 100 кеңсе, Панфилов пен Фурманов көшелерінің ортасында, СОХО
ресторанының қарсысында, жолдың үстіңгі жағында, 3 қабатты, ауыр ағаш есікті ғимарат.

Білетіндеріңіз білмегендеріңізге айта жүрерсіздер.
Әрі қарай

Ой-түрткі...

Блог - TOTY: Ой-түрткі...

Желтоқсанның 31-і күні түске дейін жұмыста отырдық. Қырып жұмыс бітіргеніміз шамалы, бір бірімізге барып шай ішуден аспадық. Түске жақын кабинетке миығынан күліп әріптесім Альмира келді. Қолында қос парақ дәптердің беті. Яғни, хат. Баласы Руслан жазыпты. Кімге дейсіз бе? Сезген шығарсыз…әрине, Аяз атаға. Хат: «Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Мен Семей қаласындағы №37 мектептің 2 сынып оқушысымын. Атым Руслан. Жаңа жылда сізден өтінерім: ата-анамның жалақысын көтерсеңіз екен, себебі, компьютеріме «Трон» ойынын сатып әпергендерін қалаймын» деп басталады. Русланның ата-анасы бізбен әріптес. Сөзінің жаны бар, біздің мекеме мемлекеттік бюджеттен тыс Акционерлік қоғамға жататындықтан, 2 жыл бойы жалақы өсуін үмітпен күтіп жүрміз. Жә, оны қойшы.
Бұндай басқа да отбасыларда кездесетін жайт шығар. Негізі, хатты оқып, ойға шомдым. Балалық шағымда Аяз атаға сендім бе? Сенген сияқтымын. Нақты есімде жоқ. Осылай хат жазып көрдім бе? Жоқ. Мектеп шыршасында тақпақ,ән айтқан балаларға ұсынатын 5 тал кәмпитіне разы болатынбыз. Қазіргі балалардың Аяз аталары да «крутой» ма дедім, әр баладан жеке –жеке тапсырыс қабылдайтын. Әйтеуір, бөбектердің үміттері үзілемесе болғаны…
Әрі қарай