Жетінші март хикаясы

«Бүгін алтыншы наурыз, ертең жетінші наурыз, бүрсікүні сегізінші наурыз...» деп күбірлегеп жатқан жігіттің шамалыдан соң көзі ілініп кетті. Бұл күндерді күбірлеуінің өзіне белгілі себептері бар еді.

***
«Ертең сегізінші наурыз...» деп ойланып отырған Арманның ойын телефон шырылы бөліп жіберді. Группаласы Жандос екен. "Үйге кел, мерекенің басы басталып кетті медколледждің қыздары бар" деді де тастай салды.Бірінші рет бұндай отырысқа баруға зауқы соқпағаны осы болды. Бармаса досының ренжіп қалатыны да өзіне мәлім.Көшеден такси ұстай салып досының үйіне қарай тартып отырды.
***

-О, мінекей сендерге айтып отырған досым да келіп қалды. Қыздармен таныса отыр-деп есікті сөйлей ашқан Жандос бұның өзін еркін сезінуге бар жағдайын жасап жатыр.«Біреуі біздің ауылдың қызы,қалғандарымен өзіміз де жаңа таныстық, барыңды салып қал» деп құлағына сыбырлап қояды. Арман қыздармен танысып шыққан болды.Біреулер құшақтасып компьютердің алдында отырса, енді біреулер түпкі бөлмеге өтіп сылқ-сылқ күліп жатыр. Қонақ бөлмедегілер де жұптасып алған тәрізді.«Бекер келдім-ау...»деген оймен ас үйге беттеді.Бұл жақта досының ауылдасы мен бейтаныс бір қыз тамақ әзірлеп жүр. Бұлармен таныса отырып, әр ненің басын шалып әңгіме құрған соң Арманның да көңілі көтеріле бастады. Қыздардың барлығы медколледждің бірінші курсында оқиды екен. Жаңа ғана танысып алған Гүлжанмен де тамаша тіл табысып алды.
Аздан соң қонақ бөлмесінде жайылған дастарханда көңілді әңгімеле айтылып, барлығы арқа-жарқа болып отырды.Желінетін тамақ желініп,ішілетін сусындар ішіліп, ойындар ойналып болған соң кезек ұйқыға келіп тірелді. Досының үйіне бұрынна келіп жүрген бұл«Сендерді білмеймін мен осы бөлмедегі диванға жатамын» деп бір жастық пен көрпені сүйретіп әкеліп жата салды.Жарасымын тапқан жұптардың бір екеуі түпкі бөлмеге, енді біреулері жерге көрпелер төсеп жайғаса бастады.Пыш-пыш әңгіме.Қайда жатарын білмей жүрген Гүлжанға кел менің орынма жат деп ұсыныс білдірді. «Сен ше?» дегенде «мен мына аяқ жағыңа отыра салармын» дей салды.«Негізі бір қырымыздан жатсақ екеуміз де сиятын секілдіміз». Қыз жайғасып алған соң қайда барсын, бір жамбастап өзіне орын берген жігітке орын берді. «Көзің әдемі екен»(әйтеуір әңгіме болсын деп айта салды),"Өзім ше?" "Өзіңді көзің әдемі қылып тұр, тамақты жақсы әзірлейді екенсің.". «Мамамның үйреткені ғой». «Маған шешем „Дәрігер келін керек“ деп жиі айтушы еді».«Енді іздемейсің бе?».«Соны тапқан секілдімін...»Әрі қарай сүйісу…

***
Сегізінші наурыз күні түске таман Арман әпкесін күтіп алды. Түні бойы дұрыс ұйықтамағандықтан болар шамалы ұйықтап алғысы келді… Ояна сала сағатқа қарады кешкі алты жарым! Масқара, бүгін сегізінші наурыз, ал бұл ұйықтап жатыр.Кешігетін болды-ау… Келісілген уақыттан сәл кешігіп қыздың үйінің есігін қақты.Өзі ашты. Мерекемен құттықтап, алған сыйлығын берді.Кешігу себебін Алматыдан келген әпкесін күтіп алумен байланыстырды. Шамалыдан соң екеуі сол маңайдағы кафелердің бірінде отырды.Бұдан былай қыз-жігіт болып жүреуге келісіп тарасты…

***
Қазақша КВН болады деген соң екі билет алған.Қызының соткасына хабарласып келе жатқанын біліп көңілі жайланды.Енді бір он бес минуттан соң екеуі мәдениет сарайындағы өздеріне тиісті орындарға да жайғасқан. Иә, жайғасқан… Дәл алдарындағы қатардағы бір қыз «Уау, Анарка! Привет, қайдан жүрсің, кіммен?» деп бұның қызымен амандасып жатыр.Бірден таныды.Гүлжан.Медколледждің қызы.Сол жетінші марттан кейін хабарласам деп телефонын алып алған күйі хабарласпай кеткен.Ол да бұны таныды.«Ағаң ба?», «Жоқ жігітім, танысып қой бұл менің 7-8 класта бірге оқыған кластас құрбым Гүлжан».«Біз бір-бірімізді танимыз, мына оңбаған жігіттен осы бастан құтыл, маған хабарласамын деп хабарласпай кеткен баяғыда...»Гүлжан Анарды оңашалап екі қолын сермеп бірдеңелер айтып жатыр.Жақсы нәрсе айтып жатпағаны белгілі.Бір уақытта Анар кері бұрылып ешкімге қарамастан жүгіре жөнелді. «Тоқташы» дегеніне тоқтамай автобусқа отырып кетіп қалды.Бұл болса оның үйінің алдынан таксимен тосып алды.Әйтүп-бүйтіп жүріп түсіндірген болды.«Оңбаған, жетінші мартта бір қыздармен боласың,ұялмай маған сегінде келесің, осының дұрыс па?». «Жаным-ау, өзің ойлап қарашы.Ол кезде біз араласып тұрғанымызбен жүрмеуші едік қой, сен екеуміз сегізінші наурыздан бастап жүргенбіз.Жетінші наурыздағы мәселені алдымда көлбеңдетіп тұрғаның дұрыс емес...» Не керек бір кезде екеуі түсініскендей болды.Шамалыдан соң ай сәулесі құшақтасқан екі жастың үстінен төніп тұрған еді.

***
Екеуі үйленді ақыры. Жұрттар секілді жүз ажырасып, жүз табыспастан бір жылдай жүріп үйленді. Бұрынғы оқиғалар ұмыт болған. Бірде, Арманның қайын атасы аттан құлап аяғын сындырып алды. Қаладағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатқан қайын атасына келіп отырғантын.Әрине,қасында келіншегі бар.Әңгімелесіп біраз отырып қалған екен.Палатаға укол салуға дәрігер кірді… Сол баяғы медколледждің бірінші курсында оқып жүргенде танысқан Гүлжан…
Бөлісу:

8 пікір

a63a1
Бәрібір бұл оқиғаның арты хэппи энд болмайтынын ішім сезіп отырғой, Ақыр соңы жігіт басқа қызға үйленед, қыз басқа жігітке тұрмысқа шығад. Солай емеспе??
Abilakim
Оқиғаны негізі осылай бітіре салайын дедім.Негізі шамалы жалғасы бар бұл үшбұрыштың қайта кездесетін тағы бір жері бар.
Daniar-Alan
баяғыда 1-2 рет осындай жағдайлар болып қалған сол кезде біртүрлііі болып қалғам. қазір күлкім келед… эхх қайран бойдақшылық…
Abilakim
бұның қызығы сол кеіпкер өзім ғой.кейіпкердің мен болғаны емес қызығы.Қызығы кейін сол қызға үйлендім.Қайын атам аттан құлап аяғы сынып бәлніске жатты ғой, сонда келіншегім екеуміз барып отырсақ, укол салуға ана қыз келіп тұр ғой)))
Daniar-Alan
охоооооооооооо сіздің уақиғаңыз түрікің не бразилияның сабын операларынан асып түсті ғой… ЖАЛҒАСЫН ТАЛАП ЕТЕМ..әйеліме оқытайын. әріп ұмытып қалды әйтпесе жылда туып, үйде отырып
Abilakim
осының астына қосып жаза салайын ия?
Daniar-Alan
ол да болады бөлмей ақ…
Danial
жалғасын жазам деген екен одан бері 4 жыл өтіпті, Гүлжан айрып тастағанау шамасы уколымен)))))))))))))))))))))