Қазақта қаптады...

Не қаптады жау ма, дау ма? Құдай сақтасын жау да, дауда қаптамасын. Қазақта кино комедиялар қаптады. Сапалысы бар, сапасызы бар түсіріп жатырмыз. Мүмкін көреде беру керек шығар түсіріп жоғарғы деңгейге жету үшін. Басқа бағытқа бұрып туындылар жасап жатқандарда жоқ емес. Мюзикл түсіріп көрді, ужастик те болды, жаныңды тебірентіп жылатуға тырысқандары да баршылық. Пікір əзірге елу де елу. Болмаған бағытты қолдай алмай жатқандар да, керек бағытын таңдай алмай жатқандарыда бар. Сіз бен бізден сұралатыны жалғыз нəрсе көріп бағасын беру.
Барлығына қуана қараймын. Кезінде «біз кино түсіре алмаймыз, қазақта бір кино шықса соны 10 жыл бойы қайталап көрсете береді басқа түсірмейді» деген пікірлер көп еді. Қазір шүкір əр айда отандық киноның кемінде екеуі жүріп жатады кинотеатрлардан. Барыңыз да тамашалаңыз. Бірақ əттегенайы бар. Қайтейін бір кемшілік айтпасақ тұра алмаймыз. Бізде қазақ киносының қазақша нұсқасы жоқ. Болғанның өзінде аударма. Бір сөзді естігенде күліп едім «Тек Қазақстанда қазақтар кино түсіріп оны қазақшаға аударады» деген. Сөйтсем астары жылатарлық пікір. Ащы шындыққа əзіл қосылып əдемі айтылған. Қазақша нұсқасын көрейін деп барсаң таба алмайсың. Орысша түсінбегейтін надан болғандықтан емес, тілін құрметтер адам болғасын айтып жатқаным. Көреріміз бен келесі ұрпаққа сапалы береріміз көп болсын. Келесі қазақша киноларды асыға күтеміз.

"Құстар фестивалі" фарс- комедиясы

Блог - BalausaOspan: Құстар фестивалі фарс- комедиясы
Оқыған мен көргеннің қайсысы әсерлі? Шығарманы сахнаға алып шыққанда кітаптағыдай жеткізе ала ма? Оқып отырғанда сол нәрсені көз алдына өз қиялымен елестететін оқырман сахнадан сол шығарманы көргенде көңілі қалатындай жағдай болмай ма?! Әрине,
Әрі қарай

Қазақша дыбыстау: "Тығылған негірлер"

1942 жыл. Фашист полковнигі түрмеден қашқан екі қара нәсілдіні іздеп күдікті үйге келеді.



Өткен жолы осы видеоны дыбыстап ютубқа салсам, хұқық иесі блоктап тастапты. ВК-ға салғанмын. Жол жөнекей, хұқық иесіне рұқсат сұрап, хат жазып та жіберген болатынмын.
Бүгін қарасам, ютубтағы видеоны блоктан шығарып қойыпты.
Қайта жауып тастамай тұрғанда қарап алыңдар.
Киган мен Пилдың басқа да скетчтерін қазақша тамашалағыларың келсе, ұнатыңыздар, пікір білдіріңіздер, бөлісіңіздер.
Әрі қарай

ДӘРЕТХАНАҒА "ЖІБЕРМЕГЕН" ФИЛЬМ...

Арнайы „Үздік кино сыншысы“ байқауы үшін!
Бұл жәй комедия емес, әзіл-шыны аралас, лирикалық комедия!
Блог - ErnarAlmabekov: ДӘРЕТХАНАҒА ЖІБЕРМЕГЕН ФИЛЬМ...
Неге бұл жанрды таңдағанын Ермек аға: "Қазақ өн бойында әзілге жақын, оны түсіне алатын халық. Өзіне-өзі күле алатын ұлттың ғана болашағы жарқын болмақ" — деп түсіндірді. Әр түрлі әлеу­мет­тік, саяси-экономикалық, рухани жағ­дай­лардағы келеңсіздіктерге іштей күйіне оты­рып, соны сыртқа әзіл арқылы шығаруға болады. Аталмыш фильм де соның дәлелі. Егер үстірт қарасаң, қарапайым комедия, ал сәл, сәл ғана тереңірек үңілсең, қарапайым комедияның айтары бар екенін түсінесің.
Көрсетілім өтетін жерге 2 сағат ерте келіп алыппын, содан күтуге тура келді, күтемін деп бірнеше кесе шайды қалай ішіп тастағанымды да байқамай қалдым. Сонымен, бәрі жиналып, режиссер мен актерларды ортаға алып сұрақты жаудыратын баспасөз конференциясы да басталып кетті. Фильмнің бас кейіпкері Күлпаш апа: «Шай көп ішсем, жиірек барамын...» дегендей, мен де осы кезде түсіндім, шынымен шайды көп ішіп қойыппын. Не керек, шыдауға тура келді. Маңызды нәрселерді жіберіп алсам, 2 сағат күткенім зая болмақ. Конференция біте салысымен заттарымды жинап, залға асықтым. Ойымда бір нәрсе: «Орын алып, қайта шығу...» Жол жөнекей су сатып алғаным тағы бар. Кезекте ұзақтау тұрып қалған сияқтымын, залға кірсем орын аз екен, ал фильм басталып кетіпті. "Қой, басын көрейін, ортасында шығып келемін ғой..." — деп ойладым да, бос орынға отыра кеттім. Ал, басынан баураған фильм мені жіберсейші сыртқа. Жібермеді, мен шығуға талпынбадым. Енді неге олай болғанына тоқталайын.
Фильмнің айтары көп. Ел телеарналары түсіретін ток-шоуларда шулап талқылайтын мәселелер бұл жерде жеңіл әзіл арқылы жеткізілген. Басты тақырып «Жетпісбайлар мен Сексенбайлар», одан кейін Ермек аға өзі көп жазған, алдыңғы фильмдерінде де көрсеткен ұрпақтар сабақтастығы мен жаңаның ескінің орнын басуы, атасының ісіне ғана мақтана алатын, бірақ өзі сол атасымен салыстыруға да келмейтін ұсақталған ұрпақ, уақыттың зулап өтіп бара жатқандығы жайындағы тақырыптарды қозғаған. Тіпті «Солай боп қалды...»-ларға да бір әзілімен тиіп өтті. Ермек ағаның сұрауы бойынша ары қарай жазбай-ақ қояйын, жазсам қызықсыз болып қалар. Жақсы әзілдерге күліп, күле отырып жылауыңыз мүмкін, бірақ ол соған тұрарлық. Сеніңіз!
Суымды ішіп отырып, бірде жымиып, бірде ішек-сілем қатып күліп, бір кадрға бола көзіме жас үйіріліп 96 минутқа созылатын фильмнің қалай аяқталғанын байқамай да қалдым. Фильм біте сала Ғазиза апа мен Қадірбек атаны кинодағы алғашқы басты рөлдерін жақсы сомдап шыққандарымен құттықтап, сыртқа асықтым…

Авторы: Ернар Алмабеков
Әрі қарай

Құқық қорғаудың ыстық қызметкерлері

Киностан: Құқық қорғаудың ыстық қызметкерлері
Тәртіпке бас иген, түзу жолдан таймайтын, өзгеге үлгі болар полиция қызметкері мен қырсық, қыңыр, алдынан келсең тістеп, артынан барсаң теуіп, итіңді шығаратын «нағыз» коптың үзеңгілес болуы — арғы-бергі кино тарихында талқыға түсіп, тізесі шыққан тақырыптардың бірі. «Социалистік Қазақстанға» салсақ, сондайдың жарқын үлгісі ретінде Джеки Чан мен Крис Такер түскен "Сын сағатын" ("Час пик", "Rush Hour") айтсақ болады. Әйтсе де, әйелдер түскен фильмді еске түсіру қиындау. Содан болар, "Ыстық" әлдебір жаңашылдық әкелгендей болды.
Әрі қарай

Жауапкершілік жүктемейтін комедия


«Тәжірибе» атты комедия шығыпты, Гугл туралы екен деген әңгімені естісімен, Интернетте жағалап жүрген пақыр ретінде көрмекке құштарлығым артқан-ды. Әу баста әлдебір драма яки байопик болар деп едім. Комедия екенін білгенде біртүрлі болғаным рас. Әйтсе де сеанстан тоғайып шықтым.
Әрі қарай

Сүйкімді балақайдан нашақорға дейін...

Бала кезімізде «Один дома» комедиясын(әлі де көреміз) сүйіп көретінбіз. Басты рөлдегі сүйкімді де тапқыр, ақылды да өжет Кевин бейнесі көз алдымызда шығар. Ия, адам үлкейе келе өзгереді, жақсы немесе жаман жағына. Біздің балақай сол екінші жолды таңдаған секілді. Кевин ролін сомдаған сол дарынды балақайдың бүгінгі өмірі жайлы суреттер сөйлейді. Бұл актер марихуана сақтағаны үшін талай ұсталған, сонда да пайдаланбайтынын айтып келеді. Бір қызығы, актер 170 см бойымен бар жоғы… 47 кг салмақ тартады екен, бұл да бір нәрсеге дәлел бола алады.
Әрі қарай

Қонжық Тэд

Түпнұсқалық атауы: «Ted»;
Шыққан жылы: 2012/шілде;
Мемлекет: АҚШ;
Жанр: фэнтези, комедия.

Режиссер: Сет МакФарлейн;
Рольдерде: Марк Уолберг, Мила Кунис, Сет МакФарлейн, Джоэль МакХэйл, Джованни Рибизи, Патрик Варбертон, Мэтт Уолш, Джессика Барт, Аэдин Минкс, Билл Смитрович және басқа да өте белгілі актерлер.

Фильмнің қысқаша мазмұнына келсек: Жаңа жыл. Кішкентай Джонның жан досы болмағандықтан, ол ұйықтар алдында Аяз Атадан өзінің досы — ойыншық аюына жан беруді тілейді. Келесі күні тілек орындалады және Джон оның есімін «Тэд» деп қояд. Жылдар өтеді, Джон да, оның қонжығы да есейеді, бірақ екеуі де сол кішкентай кездеріндегідей найзағайдан қатты қорқад. Джон дискотекада Лори деген қызбен кездейсоқ танысып, ғашық болып, онымен кездесіп жүреді. Алайда олардың қарым-қатынастарына қонжық араласа береді және бұл Лориге ұнамады. Өйткені Тэд бойдақтың өмірін кешіп, Джоннан айырылмай қояд. Міне, бар қызық осы жерден басталады.) Өз басыма фильм ерекше ұнады, сіздерге де қарауға кеңес беремін!!!

Аталмыш фильмді онлайн режимінде (TS сапасында) мына жерден көруге болады:
linecinema.kz/7491-tretiy-lishniy-ted-2012-ts.html
Әрі қарай

"Сенің мұндай ит боларыңды күшік кезіңде біліп ем!..."



Театр деген керемет қой… Түгелдей бір роман не пьеса «оқып» шыққандай күй кешесің. Осы жолы театр сахнасынан мен Гогольдің "Үйлену" комедиясын оқып шықтым.

Зал қыран-топан күлкіге айналды.

Негізі осымен де рецензияны бітіруге болар еді, алайда өз әсерімді, ойға түйгеніміді айта кетейін.
Әрі қарай