ДӘРЕТХАНАҒА "ЖІБЕРМЕГЕН" ФИЛЬМ...
Арнайы „Үздік кино сыншысы“ байқауы үшін!
Бұл жәй комедия емес, әзіл-шыны аралас, лирикалық комедия!
Неге бұл жанрды таңдағанын Ермек аға: "Қазақ өн бойында әзілге жақын, оны түсіне алатын халық. Өзіне-өзі күле алатын ұлттың ғана болашағы жарқын болмақ" — деп түсіндірді. Әр түрлі әлеуметтік, саяси-экономикалық, рухани жағдайлардағы келеңсіздіктерге іштей күйіне отырып, соны сыртқа әзіл арқылы шығаруға болады. Аталмыш фильм де соның дәлелі. Егер үстірт қарасаң, қарапайым комедия, ал сәл, сәл ғана тереңірек үңілсең, қарапайым комедияның айтары бар екенін түсінесің.
Көрсетілім өтетін жерге 2 сағат ерте келіп алыппын, содан күтуге тура келді, күтемін деп бірнеше кесе шайды қалай ішіп тастағанымды да байқамай қалдым. Сонымен, бәрі жиналып, режиссер мен актерларды ортаға алып сұрақты жаудыратын баспасөз конференциясы да басталып кетті. Фильмнің бас кейіпкері Күлпаш апа: «Шай көп ішсем, жиірек барамын...» дегендей, мен де осы кезде түсіндім, шынымен шайды көп ішіп қойыппын. Не керек, шыдауға тура келді. Маңызды нәрселерді жіберіп алсам, 2 сағат күткенім зая болмақ. Конференция біте салысымен заттарымды жинап, залға асықтым. Ойымда бір нәрсе: «Орын алып, қайта шығу...» Жол жөнекей су сатып алғаным тағы бар. Кезекте ұзақтау тұрып қалған сияқтымын, залға кірсем орын аз екен, ал фильм басталып кетіпті. "Қой, басын көрейін, ортасында шығып келемін ғой..." — деп ойладым да, бос орынға отыра кеттім. Ал, басынан баураған фильм мені жіберсейші сыртқа. Жібермеді, мен шығуға талпынбадым. Енді неге олай болғанына тоқталайын.
Фильмнің айтары көп. Ел телеарналары түсіретін ток-шоуларда шулап талқылайтын мәселелер бұл жерде жеңіл әзіл арқылы жеткізілген. Басты тақырып «Жетпісбайлар мен Сексенбайлар», одан кейін Ермек аға өзі көп жазған, алдыңғы фильмдерінде де көрсеткен ұрпақтар сабақтастығы мен жаңаның ескінің орнын басуы, атасының ісіне ғана мақтана алатын, бірақ өзі сол атасымен салыстыруға да келмейтін ұсақталған ұрпақ, уақыттың зулап өтіп бара жатқандығы жайындағы тақырыптарды қозғаған. Тіпті «Солай боп қалды...»-ларға да бір әзілімен тиіп өтті. Ермек ағаның сұрауы бойынша ары қарай жазбай-ақ қояйын, жазсам қызықсыз болып қалар. Жақсы әзілдерге күліп, күле отырып жылауыңыз мүмкін, бірақ ол соған тұрарлық. Сеніңіз!
Суымды ішіп отырып, бірде жымиып, бірде ішек-сілем қатып күліп, бір кадрға бола көзіме жас үйіріліп 96 минутқа созылатын фильмнің қалай аяқталғанын байқамай да қалдым. Фильм біте сала Ғазиза апа мен Қадірбек атаны кинодағы алғашқы басты рөлдерін жақсы сомдап шыққандарымен құттықтап, сыртқа асықтым…
Авторы: Ернар Алмабеков

мұнда
билет алуға кеткен тиын үшін өкінуден тек бір ғана ерекшелігі ақтап қалды, ол — операторлық жұмыс, кадрлары сұмдық енді, ғажап деуге болады, ал оны кинотеатрдың үлкен экранынан қараудың кайфы тіпті бөлек, мықтылығы — сол ғана, қ
Мақалаңыз рецензия емес, екіншіден байқау талаптарына сәйкес келмейді (бұрын жарияланбаған болуы керек)
солай болса бір сірә, сөйтіп те отырған жоқ ғо