Эстафета. Сникерстен ала отырыңыздар

Женщины едят за разговорами, мужчины разговаривают за едой.
Малькольм де Шазаль


Негізі мен осы жерде отырған бір топ еркекті сотқа бере аламын. Моральдық шығынымды өтеп беріңдер деп. Күні бойы қанды іштіңдер тамақтың неше түрін көрсетіп. Ернұрдың сірнесін көргенде есім кәдімгідей ауып қалды.
Жарайды, бұл кедір-бұдыр лид болсын.
Патик кезек сенікі дегенде, басыма небір ойлар келді. Небір болғанда, не ғой, естігеннен-ақ аузыңның суы құритын алуан-алуан рецептер емес, алдарыңа не тартамын деген жымысқы ой.
Содан не керек, аласұрып жүріп асхананы жарып жібере жаздадым. Абырой болғанда, есіме алдында әйелім екеуміз жасаған бір конфеттің рецепті түсті. Басында жаңғақ аршып, кәмпиттің құрамдас бөліктерін араластырып (қазір түсінесіздер) жүр едім, соңғы рет тұтастай өзім жасадым. Төрт жыл жатақханада тұрып, тамақ істеуді үйрене алмай кеткен мен үшін бұл жетістік (күлмеңдершиш, е).
Әрі қарай