Иристен жасалған тәтті дәм
Мынау аспаздықта не жоғалтты демеңдер
Жасаған мен емес, Әбіләкімнің жерлесі.
Бұл тәттіні жасау өте оңай. Дүкеннен кәнігі ирис кәмпитін алып, оны қысқа толқынды пеште ерітеміз. Сосын шемішкінің дәнегін немесе жаңғақ араластырып, оны домалақтаймыз. Бітті, енді шаймен бұрқырата беруге болады.
Біздер үйде желінбей қалған мюслиді араластырып жібердік.
Сосын мынадай ірімшік пирогын жасады. Бұл енді маған қиындау, дайындалу жолы есімде қалмады. Ал дәмі – ммм…
Иристі шұңғыл қазанға ерітіп, арахистерді салып былғаймыз. Әбден араласып, консистенциясы бірікті-ау дегенде кукуруз палочкаларын төңкере қоямыз.
Вуаля!!! Шәйға керемет десерт!
уақтаукерек.Баягыда Томскіге барғанда атын ұмытып тұрмын, осындай ертіліген ирис арасында жаңғағы бар еді, сондай сатып алғанмын ғой. Күнде аз-аздан жеп жүремін, бір күні қайтатын болдық. Тура біз қайтатын күні ғимаратқа бомба қойылған деген шу шығып, аласапыран боп кеттік те, анау кәмпитімді ұмытып кетіппін. Пойызда келгенше мұңайып сол үшін, қайран балалық-ай деймін да қазір).