Асқар Базарбай: Бодибилдинг жарнамаға зәру емес

Гастаны блогшыларға таныстырудың қажеті жоқ шығар. «Нұр Астана» газетінің кезекті санында оны оқырмандарымызға таныстырудың сәті түсті. Сұхбат төменде.

– Блогосфераға қалай келдің?
— Студенттік кезімде мұғалімдердің кеңесімен ағылшын тілінде күнделік жүргізетінмін. Кейде қазақша, кейде орысша жазып кетіп жүрдім. Сонау 2005-ші жылдары орыс блогосферасында күнделік жүргізе бастадым, онда өзімнің қалалық тіршілігімді, оқыған білгеніме көзқарастарымды жазып, жеке өмірімдегі өзгерістерімді баяндайтынмын. Бейтаныс адамдарға сыр ақтару оңай ғой. Оның үстіне орыс блогосферасы сол кездегі қазақ сайттарына қарағанда еркіндеу болатын. Қызықсыз, құнсыз сандырақ жазсаң, тезектен алып, қиға салып, тақияңды теріс кигізіп жіберетін (тап қазіргі Керекинфо сияқты). Ақыл сұрасаң барымен бөлісетін. Ал қазіргі қазақ блогосферасына әлдеқайда кешірек келдім. Бір кездері атышулы бейресми solai.de – сайты болатын. Оның мықты тұсы мейілінше либералды форумы болатын. Талай блогерлерге сынақ ортасы мен шынығу майданына арналған форум менің де содан кейінгі баяндау стиліме үлкен ықпалын тигізді.
Әрі қарай

Алғашқы дәнекерлік тәжірибем

Әуесқой дәнекерші жабдығын («сварка») сатып алғалы бері алғашқы еңбегім.
Қағаз бен «клаваны» балға мен орақ қылып жүрген маған шынымды айтсам дәнекерлеу кәсібін үйрену қиынға соқпады. Әрине, әлі біраз үйрену керек.


Міне держакты қолыма алдым, ішіне электрод салдым. Қысқашын бір кесек темірге бекіттім. Тоққа қостым. Қараңғылатқыш пен қолғапты кидім.
Жұмыстағы сварщик шал үйреткендей, әлгі кесекке бір екі рет ұрып көрдім.

Сатыр-сұтыр жарқышақтар. Артым дір ете қалды. Белгісіздік үрей ұялатады, бірақ тәуекел мен жас баланың қызығушылығы басым. Тағы да бір-екі рет жүргізіп өттім.
ӘРі тызылдатып, бері тызылдатып, арасында атыңнан айналайын ютубтан видеосабақтарды қарап, жарты қорап электродты боқтан өзгеге жаратып, ақыры меңгеріп алғандай болдым.
Әрі қарай

Бодибилдермен сұхбат. Дәурен Жансеитов: "Табиғатымнан арықпын"

Еліміздің ең үздік сомдалушыларының (бодибилдерлерінің) бірі Дәурен Жансеитов жайлы бұрыннан көбірек білгім келетін. Тек атлет ретінде ғана емес, жалпы тұлға ретінде де қандай екені маған қызық болатын. Өзімен танысып, әңгімелесіп, сұрақтарымның барлығына дерлік жауап алудың сәті жуырда ғана түсті. Уәде еткенімдей, жеті бетке созылған сұхбатымыздың қысқартылған версиясын назарларыңа ұсынамын.
Әрі қарай

Қарт качоктар хитпарады немесе қартайған бодибилдерлердің суреттері

Көбісі бодибилдингпен айналысқан адам жасы келе денесі салбырап, мынандай боп қалады деп ойлайды.


Рас спортты тастап, салауатсыз өмір сүргендер пішінін тез жоғалтады. Бірақ барлығы емес. Кейбірі
Тсутому Тосука (1935 жылғы) сияқты жасы 75-ке
Әрі қарай

Бодибилдингтің алтын дәуірі - Кейси Виатор!

Кейси Виатор Жоғары Интенсивті Тренингтің (ВИТ) насихаттаушысы. Жұрттың айтуынша, ешқашан стеройд қолданбаған, тек өте ақылды жаттығу стратегиясы мен саналы жаттығу арқылы және туа біткен бұлшық ет өсіруге бейімділіктің арқасында өз мүсінін салуда
Әрі қарай