Депутатқа ұсыныс...

Депутат десе қарапайым халықтың көз алдына жұмыс істемейтін, жалақысы көп, мемлекеттің ақшасына қыдырып жүретін жасы 50-ден асқан ағатай елестейді. Істеген жұмыстары міне-міне деп көрінбеген соң солай ойлайды. Жалпы, халықтың арасында депутатқа деген негативті көзқарас бар. Бірақ, бәрі балаларының депутат болғанын қалайды)
Мен жаңадан сайланатын депутаттарға әлеуметтік желіден аккаунт ашуды ұсынар едім. Депутаттың кемінде 3-4 көмекшісі болады. Соның біреуіне смартфон ұстатып қойып, өзі бағыт беріп отырса халық істеген істеріне көз жеткізер еді. Оның үстіне халыққа да жақындай түседі. КВН-шиктер де ұйқы туралы әзілдерін азайтар еді. Содан, депутаттардың арасында рейтинг есептеп сыйақымен мараппаттап отырса тіпті бәсеке күшейіп, парламенттегі жұмыс ашық көрінер еді. Кімнің- кім екені көрініп, халық жұмысын интернет арқылы білген соң дауыс беруге де көзқарасы басқаша болар еді. Солай емес па?
Әйтпесе, мандаттан үміткерлердің жартысынан көбін халық саяси аренада көрмеген. Танымайды. Тіпті, «Ақ Жол» партиясының атынан тізімге енгендердің 70% кәсіпкерлер екен.
Қарапайым облыстық деңгейдегі мемлекеттік басқармалар да әлеуметтік желіні оңынан пайдаланып отыр. Осы желі арқылы өздерінің аудиториясын қалыптастыруда.
Жалпы, депутаттардың атқарған жұмыстарынан хабардар болып отырғым келеді.
Әрі қарай

Құм жиылып тас болмас

Мәні жоқ, мағынадан жұрдай әлеуметтік институт қайсы десе ойланбастан мәжілісті көрсетер едім. Аты шулы зейнетақы туралы заң депутаттарды да абыройдан жұрдай етті. Бүгін төменгі палатаның резиденттері Президент айтқан сынмен толық келісіп, ұсыныстарын қабыл алды. Ұсыныс да көп емес — үшеу-ақ. Ең бастысы — әйелдердің зейнет жасын ұлғайтудың кейінге шегерілгені. Қалған заң сол күйінше қайтадан мемлекет басшысына жіберілді.
Блог - Marco: Құм жиылып тас болмасОсыдан кейін туатын сұрақтар ешкімді таңқалдырмайтыны анық. Бірінші оқылымда-ақ мақұлданған құжатты, бұл депутаттар дұрыстап зерттемеген бе? Қатесін мойындап отырса, кінәлі деген сөз емес пе? Қоғамда үлкен резонанс тудырған мәселеге бас ауыртпайтын болса олардан пайда қанша? Жалпы бізге Парламент (иә, сенатымен қосып) керек пе?
Парламенттің міндеті халыққа ыңғайлы, пайдалы заңдарды қабылдау. Барлық қажеттіліктерін ескеру. Халық қалаулысы деген аттары бар ғой. Дегенмен, қазіргі мәжілісті халық қалаулылары деуге де келмейтін сияқты. Партия үшін дауыс бердік. Тізімді өздері бекітіп, өздері шешті. Ендеше, төменгі палатаның депутаттарына бұдан былай халық қалаулысы деген атты да қимаймын.
Парламент құрамындағы аға-апаларымыздың (!) бәрі де тәжірибелі, білікті, ықпалды адамдар екеніне күмәнім жоқ. Ондай биікке кез-келген жете бермесі анық. Креслода отыр ма, демек лайықты жұмыс істеген. (Әйтпесе мен неге отырған жоқпын ол жерде?!)
Қазақстан секілді мемлекетке өзге демократиялық елдердердегі саяси институттар, ұстанымдар лайықты бола бермейді. Шындап келгенде, бізге демократияның өзі артық. Саясатта мұндай термин бар ма жоқ па, білмеймін, бізге керегі шектеулі диктатура. Мәжілісмендердің бүгінгі мазағынан соң, осындай қоғамда өмір сүріп отырғандай әсер күшейе түсті. Әдетте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мойнына жауапкершілік алып, бас болмайынша басқалар (Мәжіліс) ағыстың бағытымен жүзіп кете береді. Ендеше, қойыма керек пе бұл парламент?
Әрі қарай

«Лифт» сөзін қалай аударамыз?


«Жедел саты» дегенді балама ретінде қолданып жүргеніміз рас. Әрине, келісемін. Министрліктер үйіне барсаң, Парламентке кірсең олардың жедел екендігіне күмән келтіре алмайсың. Шақырдың, келді, міндің, түстің. Көптеген өзін құрметтейтін мекемелерде осылай. Ал бізде.
Әрі қарай

Берлин. Рейхстаг



В 14:25 30.4.45г. лейтенант КОШКАРБАЕВ и разведчик БУЛАТОВ 674сп по-пластунски подползли к центральной части здания и на лестнице главного входа поставили красный флаг.
Журнал боевых действий 150сд в апреле 1945г.

Берлинде болған бір аптаны тақырып бойынша бөліп жазу ойымда болған-ды, соған енді отырып жатырмын. Мазмұнына қызыққан адаммен жақсы әңгіме-дүкен құрармыз деген үміттемін. Берлин туралы бісміллә жазбаны Рейхстаг туралы суреттермен һәм сөзбенен жалғастырсам деймін.
Әрі қарай

Сайлауға барасың ба?

Ақтау қаласынан шығатын Лада.ТВ газетінің интернет-бетінде “Сайлауға барасыз ба? Кімге дауыс бересіз?” атты сауалнама өтуде.

Қарап отырсам, сайлауға қатыспайтындар мен қатыса қалған күннің өзінде өзге емес “Нұр Отанға” дауыс беремін” деушілер қарасы көп-ақ. Оның ішінде менің және әйелімнің де дауысы жүр. Яғни, қалыс қалушыларданбыз. Ал дәлірек ақпаратты суреттен қараңыздар.

Дегенмен, бұл тек lada.kz сайтының өзіндегі ғана сауалнама ақпары. Ал олардың Вконтакте атты әлеуметтік желісіндегі бетшесінде тағы бір сауалнама жариялаған (екінші сурет). Ол жердегі халықтың да басым көпшілігі, яғни 43.7 пайызы “Сайлауға бармаймын” деп жауап берсе, сайлауға барамын деп шешкендердің 26.6 пайызы “Нұр Отанға” бүйректері бұратындықтарын жасырмаған. Айта кету керек, бұл басылымның негізгі контингенті Маңғыстаулықтар немесе мен сияқты өзге облыста, өзге елде гастарбайтерлетіп немесе оқып жүрген маңғыстаулықтар боп табылатындықтан, бұл сауалнама көрсеткіштерін тек қана болмағанмен, көп жағдайда Маңғыстауға тиесілі деп қарастыру керек. Демек, менің шығарып отырған қорытындым, халық не сайлауға сенбейді, не мен сияқты “Бәрібір Нұр-Отанға беремін даусымды, ал Нұр Отан мен бармасам да өзіне тиесілі дауысты алады” деген сенімдегі адамдар деп білемін.
Ал енді төмендегі сауалнама арқылы сіздер жауап беріп көріңіздерші? Сайлауға кім барады? Кім кімге дауыс береді?

Әрі қарай

Даусеееем!!!!

Мәжіліс тарап кетті ғой. Қалай дауыс бергенімді жаза берсем болатын шығар?
Өмірімде бірінші рет, әрі осы уақытқа дейін жалғыз рет қатысқан сайлауым сол еді.
Әрі қарай

"Жарнама туралы" "тесік" Заң һәм Алкогольсыз сыра - 2

Сонымен… Бұл мақаланың басы, яғни «Жарнама туралы» «тесік» Заң һәм Алкогольсыз сыра" атты пост жеке блогымда былтырғы желтоқсанда жазылған болатын. ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты М.Әбенов ағамыз осы жағдайға байланысты маған бастама көтеріп, көпшіліктің қолын жинап, ауқымды масштабта қозғалыс жасасам, онда Парламент қабырғасында бұл мәселенің әбден көтерілуі мүмкіндігін айтқан болатын. Бірақ менің қызметім журналистіктен мүлдем бөлек болғандықтан, басталған іс аяқталмаған күйі қалды. Қоғам да сол баяғы мамыражай тірлігімен қала берді. Дей тұра Атырау қаласының орталық көшелерінің тұсынан өтіп бара жатып, мына бір сорақы жарнаманы көріп, амал жоқ, осы мақаланы тағы жазып отырмын.
Әрі қарай

Мәжіліс депутаты Ирак Елекеев әріптестеріне өздерін-өздері таратуды ұсынды


Жемқорлықпен күресті күшейтейік, болмаса тарайық(парламентті таратайық).Бүгін Парламенттің отырысында депутат Ирак Елекеев әріптестеріне осылай деп салды, деп жатыр БАҚ. Оны естіп алып орынды-орынсыз байбалам сала беретін менің кейбір әріптестерім
Әрі қарай

Тағы да сайлау ма?

Онша емес жазулар айтқандай, бүгін біздің елбасын президент тағына отырғызу рәсімі өтті. Кеңесшілер сөз еткендей, шет елдік басшы-қосшыларды шақырмай, бүгін таққа отырғызуды өз ішімізде өткеріп тастады(қ). Елбасы өз сөзінде демократия, көп партиялылық, парламент, реформа дейтін ілмекті сөздерді айтты. Іле түс ауа Президент Парламентке барады деген ақпар тарады. Әйтеуір сағат 16-00-де Мәжілістің (пленарлық) отырысы өтетіні белгілі.
Ай, жазда тағы бір сайлау бар сияқты. Көп партиялылық деген жақсы шығар, әйтеуір Абай ата айтқан «болды да партия, ел іші бүліндіге» айналып кетпегей… Алла қайырын берсін.
Пы сы. Қысқасы, солай болды (төмендегі комменттерді оқысаңыз түсінікті болады). Үкімет басы өзгермеді. Қайта сайланды. Ал Мәжілістің сайлауы 2012-де болатын болды.
Әрі қарай

Ертегі күн

3- сәуір. Бүгін әдеттегіден ерте тұрдым. Дүкенге шықтым. Күн жексенбі. Көңілге тартымды қазақы әуен есітіліп тұр. Көше маңында көтерме сауда орындары жайғасыпты. Күнделікті алып жүрген бағасынан әлдеқайда төмен. Ертең барлығы қымбаттайды деген қалыптасқан оймен барлық ақшама көтересіне алдым. Ұйқтап жатырмын ба? Шымшып көрдім… Жоқ, ояумын. Мүмкін емес…
4-сәуір. Телеарнаны қосып қалдым. Ұлан асыр той. Патша сайланыпты. Күнделікті жаға жыртысып жүрген саясаткерлер құшақтасып тұрып ән шырқап жатыр. Бізде оларға ән айтқызбайтын еді. «Келесі парламенттік сайлаудан бастап Парламент көппартиялы болады. Осылай біздің Конституциямызда жазылған»- деп қалса бар ма. Жоқ, мен шынымен ұйқтап жатырмын ба, әле… Бүгінгі күн бітпесе шіркін…
Әрі қарай

Жұма күні "Қазақстан" арнасы "Парламент" бағдарламасындамын



Бүгін "Қазақстан" тілшілері келіп, түсіріп кетті. Тақырып сол баяғы мұңайған тақырып, қазақ интернетін дамыту үшін не істеу керек тақырыбы :)

Ертең 18 наурыз 18-30да "Қазақстан" арнасындағы «Парламент» бағдарламасынан көрсетеді. Ертең жолда боламын, мына жерге шығатын шығар деп ойлап отырмын.
Әрі қарай

Сәуірдің үші. "Сайлау" спектакльі

Апыр-топыр… адам түсінбейді. Алдымен референдум деп “ реңіміз” кіріп қалып еді, қаңтардың 31-інен бері алдын ала сайлау деп алаөкпе болып жатырмыз.Сайлау болатыны белгілі болған сағатта оппозиция қатарындағы ойлы азаматтың бірі өкінішін білдірді. “ Референдуму нет” деген жазу басылған 10 мың дана күнтізбе мен төсбелгілер дымға жарамай қалатын болды деп жыларман болды. “ Енді басқа жазу жазса болмай ма?” десем, болмайды екен…
Әрі қарай