Даусеееем!!!!
Мәжіліс тарап кетті ғой. Қалай дауыс бергенімді жаза берсем болатын шығар?
Өмірімде бірінші рет, әрі осы уақытқа дейін жалғыз рет қатысқан сайлауым сол еді.
Мен ол кезде қызымды босанып, перзентханада жатқанмын. Он бесі туды қызым, интенсивті терапия палатасында жатты бес күн. Он тоғызы барлығымызды «жеке куәліктеріңді алып, постқа келіңдер» деп шақырды. Шын айтам, егер үйде болсам, сайлауға бармас едім. Ал мында, амал жоқ, бардым.
Постың алдына бәрімізді тізіп қойды. бір әйелдер отыр столдың басында, урна тұр. Жан жағыма қарап қоям, қай палатаға кіріп бюллетень толтырады екенбіз деп. Кіріп шығып жатқан адам байқалмайды.
Менің де кезегім келді. Куәлігімді бердім. Қолыма бюллетень ұстатты… то есть, ұстатады деп ойлағам.
ХЕХЕ. Бюллетень тұрмақ, қаламды да қолыма ұстатқан жоқ. Балаға жазу үйреткен кезде, қалам ұстаған қолын сыртынан өз қолымызбен ұстап, жазу жазғызамыз ғой? тура солай, Старшая акушерка бір қолымен бюллетеньді ұстап тұрып, бір қолымен менің қолымды ұстап тұрып, қажетті жеріне галочка қойғызды да, бюллетенді жұлып алып, урнаға сала салды.
кімге дауыс бергенімді байқамай да қалдым…
Бақыт сыздықовалар отыратын парламент екенін білгенде, аттан салып, құқығымды даулар едім ғой…
бірақ, ауруханада жатқан адамда қандай құқық болсын…

ашыды жаным, қайнады қаным, тұра қаштым жалмажан…
сол аурухананың басқа бөлімшесінде дәрігер болып істейтін құрбым: «осы сайлаудың кесірінен үш күн болды, выписка бере алмай отырмыз» дегені. Тоқсан процент солай толған ғой, жалпы.