Арман демекші...


Арман боп қалдың, белестей биік бағынбай,
Сол үшін саған алғысым шексіз бүгінде.
Сарқылып сезім, солғын тартқанда сағымдай,
Бір-бірімізден жалығар ма едік түбінде?

Жұмбақ боп қалдың, бойыңа сиқыр
сыр бүккен,
Әсері терең әлемдей болдың бір тылсым.
Қажыған сәтте күндегі күйкі тірліктен,
Бір-бірімізден қол үзер ме едік, кім білсін?

Аңсар боп қалдың, ұрлаған түнгі ұйқымды.
Өкпелетсе де тәкаппар тағдыр қалауы,
Өзіңнен қалған естелік енді сүйкімді,
Өмір дастанның жүрекке қымбат тарауы...


Кей нәрсенің жай арман болып қалғаны да жақсы-ау?
Әрі қарай

Тағы да бала арман)

Тотының "Іздеп келген бала арман" жазбасын оқып, өзімнің армандарым есіме түсіп кетті… Солардың ішіндегі ең тәттісі — қаламгер болу еді. Республикалық "Ұлан" газеті, «Ақжелкен» журналдарына өлең, мақалаларымды үздіксіз жіберіп тұратынмын. Бірсыпырасы жарияланды да. Бірақ "Ұланның жас тілшісі" деген куәлікке қолым жетпей-ақ кетті. Мектептің соңғы жылдарында жазуды мүлдем қойып кеттім. Мамандық таңдау барысында ойлана келе ортақол журналист болғанша, ортақол технарь болсам, елге пайдам көбірек тиер деген желеумен «Есептеу техникасы» мамандығына оқуға түстім. Әлі де сол мамандығым бойынша оқуды жалғастырудамын.
Әйтсе де, жазғысы кеп тұратын адам үшін (ғылыми мақалалардан да басқа нәрсе жайлы) блогтың да берері көп-ау? Менің орындалмаған бала арманымның сәл де болса жүзеге асуына септігін тигізген Дабайға көп-көп рахмет!))))
Әрі қарай

Халқымның әні қазынам

Қаланың шуынан мезі болған кездерімізде қаладан алыс кетіп қалуға мүмкіндік бола бермейді. Осындай кездерде мен көбіне халық әндерін тыңдаймын. Даламның кеңдігін беретін осындай әндерден кейін ләззат алатыным шын. Қатарластарым қалта телефонымдағы халық әндерін көріп «шалсың ба?» деп келекелейді. Халық әндерін шал-кемпірлер ғана тыңдау керек пе? Сіз халық әндерін қаншалықты жиі тыңдайсыз?
Сіздерге бір-екі халық әндерінің және де домбырада орындалатын әндердің сілтемесін бере кетуді жөн көрдім.
Назiк гул.mp3 на files.gw.kz
Нәзік гүл-Қайрат Байбосынов
Иса Байзаков Желдiрме 2 турi..mp3 на files.gw.kz
Орындайтын Ерлан Рысқали
Әрі қарай

Пингвинді құлатпаңдар



Антарктиданың үстімен тікұшақпен (вертолет) ұшуға болмайды екен. Себебі мойыны қысқа пингвиндер тікұшақ гүрілдеп келе жатқан кезде “мынау не зат?” деп бастарын көтеріп қараған кезде шалқаларынан құлайды екен. Сондықтан оларға құлауға болмайды, дәлірек айтсақ жоғарыға қарауға болмайды.

Ескертіп жатқаным ғой, егер тікұшағыңыз бар болса Антарктиданың үстінен өтпеңіз, ұят болады.
Әрі қарай

Жыннан аластау...

Мынадай бір сюжет келіп тұр, енесстің…
Очм, бір кісіні жын қақты деп, молда (раввин, лама — режжиссердің діні білсін, шешесстің) шақырады.
Жын қаққан кісіні арбаның дөңгелегіне таңып, тасынан мықтап байлап, молда дұға (псалом, мантра)оқи бастайды. Сол кезде арбаға таңылған кісінің аузынан ақ көбік атқылап, көті тоқтамастан дірілдеп, көздері айналып, қалтырап… очм не керек, бір кезде ішінен…
адам атып шығады да, қаша жөнеледі!!!
Арбаға таңулы сайтан — адамнан құтқарған молдекеңе еңіреп жылап нақметін айтып, жөнеледі.
Киноның ең соңы бір пәлсапалық монологпен біту керек. Ол монологты өздерің жазып алыңдар, ептібайымайдтар!
Әрі қарай

Гераклдың төртінші ерлігі: Керинея бұғысы

Грек мифологиясы: Гераклдың төртінші ерлігі: Керинея бұғысыБұл ерекше бұғыны малшылар байқаған еді. Ол Керинея тауларының жартасында басын биікке шалқайтып тұрды. Бұғы өте әдемі болатын: терісі Гелиос шапағымен жез секілді алаулап, ал мүйізі таза алтыннан жасалғандай жарқырап тұрды.

Көп кешікпей таңқаларлық бұғы жайында бүкіл Аркадия білді. Оны көрудің өзі мұң болатын, ол жайылымдар мен далалықтың үстімен желдей жүгіріп жүрді, соның кесірінен шөп пен егіндік тапталып, ойрандалды. Бұл тауларда ауланып жүрген өзге бұғылардай қарапайым емес екені белгілі болды, ол аңдардың иесі Артемида адамдарды жазалау үшін жаратқан жануар еді. Артемидамен ұстаған олжасын бөліспегені үшін бір аңшы оның алдында кінәлі болып қалған болуы керек.
Әрі қарай

ЖАҒЫМПАЗДЫҚ СИНДРОМЫ

Бір күні ағам маған мынадай бір қызық жіберді. Нағыз авторы кім екенін білмеймін. Бірақ, сіздерге де көмегі тиер деген ниетпен жариялап отырмын. Оқырмандар арасында авторы болса хабарласуын өтінемін. Алғысым шексіз бұл кісіге.

Бұл «жұқпалы дерттің» синдромдары туралы кішкене ақпарат бере кетейік. «Жағымпаздық кеселі» негізінен ғашықтық дертіне ұқсас. Бірақ бұл «дерт» жұқпалы әрі аса қауіпті. Бұл «дертке» шалдыққан жанның көзіне өзінен лауазымы жоғары тұлға ерекше жаратылған тұлғадай болып көріне бастайды. «Көз алды бұлдырап», ол «тұлғаның» кемшіліктерін көруден қалады. Оның әр-бір сөзіне «басы айналып, құлағы тұнады». Аталмыш «тұлғаға» тіл тигізгендерді ерекше жек көріп, кектене қарайды. Оны қорғау үшін ар-ұяттан да безуге баруы мүмкін. «Ерек тұлғаның» қолын сүйіп, туфлиін жалағысы келуі де ғажап емес. Шаханов мырзаның ондай жандарды «ТЖ» деп тыжырыну себебі де осы. Сонымен қатар, мұндай «ауруға» шалдыққан адамдар «түс ажырату» қабілетінен айырылып, ақ пен қараны, яғни өтірік пен шындықты ажырата адмай қалып жатады. Өкінішке қарай, бұл кеселге ешқандай дәрілік препараттар көмектеспейді. Белгілісі — ар-ұяты күшті адамдар ғана бұл «кеселге» шалдықпай, аман қала алады. Яғни, «жағымпаздақ дерті» иммунитеті әлсіздерге емес, ар-ұяты әлсіздерге тез жұққыш.
Әрі қарай

Манеж алаңы оқиғасының ықпалы десек пе?



11 желтоқсан күні болған оқиғадан кейін Ресейдің біраз шайқалғаны рас..Әрине ұлт аралық қақтығыстардың болғаны қай мемлекет үшін болсын ойландыратын мәселе… Себебі ушығып кететін болса, басылуы қиынға соғады..Әсіресе Ресей сияқты үлкен және көп ұлтты мемлекет үшін… Сондықтан көрші елде болып жаткан оқиға бізді де елең еткізбей қоймады… Кеңес дәуірінде бір халықты құрап келгендер, бүгін бір-біріне дұшпан болып отырғаны әрмне қынжылтады… Себептер мен салдары әлі талдана жатар…
Әрі қарай

Премьера: Цугцванг (Трейлер)



Жас режиссердің бұл алғашқы туындысы 14 қаңтардан бастап көрсетіліп жатыр екен. Естуімше, Тимур Бекмамбетовтың шәкірті. Онымен бірге, «Дневной Дозор», «Особо опасен» фильмдерін түсіруге атсалысқан.

Жанр: Боевик
Шыққан жылы: 2011
Ұзақтығы: 93 мин.
Мемлекет: Қазақстан
Режиссер: Игорь Цай
ВРөлдерде: Нұрлан Тұрашев, Альфия Хабибуллина, Айдос Бектеміров, Олег Ли, Сергей Никоненко, Илья Мячин, Данил Волковинский, Азиз Нурмухамедов, Роберт Кун.

Сценарий: Игорь Цай
Продюсер: Рубен Арзуманов, Владимир Ким, Игорь Цай
Оператор: Баходыр Юлдашев
Әрі қарай