Пингвинді құлатпаңдар



Антарктиданың үстімен тікұшақпен (вертолет) ұшуға болмайды екен. Себебі мойыны қысқа пингвиндер тікұшақ гүрілдеп келе жатқан кезде “мынау не зат?” деп бастарын көтеріп қараған кезде шалқаларынан құлайды екен. Сондықтан оларға құлауға болмайды, дәлірек айтсақ жоғарыға қарауға болмайды.

Ескертіп жатқаным ғой, егер тікұшағыңыз бар болса Антарктиданың үстінен өтпеңіз, ұят болады.
Бөлісу:

20 пікір

Nurgisa
:) :) :)

Бәрінен де пингвиндердің ҚР мемлекеттік тілінде мынау не заттайтыны көңілге жылулық ұялатады екен :) Тәсірлі мысал деп ұқтым :)
aza
Не зат!!! Әнәссс, «не зат» Антарктидада «не зат!»
Abilakim
Суреттегі пингвин құласа ақ аю оянып кетер еді…
Erbol
asaubota бырат бір нәрсені түсінбей тұрмын. Шалқасынан құлаған соң қайта тұрып кететін шығар. Әлде өліп кете ма екен. Жоқ бұл жәй ық-ық-ық үшін жазылған ба? )))
asaubota
миларына зақым келеді, өлмейді :) мақала пингвиндердің мойындары қысқа екені, жоғарыға қарауға болмайтыны туралы жазылған.
TOTY
Осы таяуда ғана,қай канал екені есімде жоқ, біздің бала кездегі пингвиндер туралы мультфильмді көріп, тапжылмай соңына дейін тамашаладым. Естеріңде бар шығар… Лоло мен Пэпэ деген…
asaubota
сендерде телевизор болды ма не бала кездеріңде? :) бізде болған жоқ :)
TOTY
«1976 жылы 06 қаңтарда сатып алғанмын...» деп,әкем айтып отыратын «крутой» черно-белый телевизорымыз бертіңге дейін қызмет көрсеткен...:)
asaubota
біздің ауылға 1981-де менімен бірге келіпті телевизор. бірақ ана мультфильмді есіме түсіре алмадым. әлде Тоты сен 15-16 жасқа дейін мультфильм қарадың ба? біз сол кездерде 12-13те болсақ та мультик қарауды тастап кеткен шығармыз бәлкім :)
TOTY
Қатырасың сен де… Неше жасқа дейін мультик қарағаным есімде жоқ. Бірақ, осы мультфильм көзіме оттай басылды:)
asaubota
әлде клей иіскеп, мультик көрдіңдер ме? :) (ренжіп қалма қалжың ғой)
AKY
Лоло мен Пэпэ туралы көп сериялы тамаша мультик. Жъляйсың.
Altygradus
Тоты: Лоло Пэпе есімде:)). Мен жақында айфоныма котенок по имени Гафты көшіріп алдым:))А давай вместе бояться:)))
ken
өткен аптада солжақ жағалауда бір вертолет қайта-қайта ары-бері ұшып жүрді. төбемнен оншақты рет өткен шығар.
Abilakim
Құдай сақтап құлап қалмағаныңа шүкірлік айтып отырмын
Marco
Негізі пингвиндер құлағаннан кейін, біреудің көмегінсіз орнынан тұра алмайды. Барлық қызық осы жерде, Антарктида да зерттеу стансалары бар, ол жерлерде сәйкесінше тікұшақтар жиі ұшады. Әрбір стансада, тікұшақ көтерілген соң айналаны аралап, құлап қалған пингвиндерді тұрғызатын адам болады. Дүниедегі ең романтикалық-керек маман дер едім.)))
VKM
ең романтикалық
Armanjan
айналаны аралап, құлап қалған пингвиндерді тұрғызатын адам болады.
былай енді соғым мәселесі де оңынан шешіліп жататын шығар а ешкімге білдірмей.
konvict
Суретті жаңарту керек пе, көре алмай отырмын
asaubota
сурет сілтемесі түзетілді