Тотының "Іздеп келген бала арман" жазбасын оқып, өзімнің армандарым есіме түсіп кетті… Солардың ішіндегі ең тәттісі — қаламгер болу еді. Республикалық "Ұлан" газеті, «Ақжелкен» журналдарына өлең, мақалаларымды үздіксіз жіберіп тұратынмын. Бірсыпырасы жарияланды да. Бірақ "Ұланның жас тілшісі" деген куәлікке қолым жетпей-ақ кетті. Мектептің соңғы жылдарында жазуды мүлдем қойып кеттім. Мамандық таңдау барысында ойлана келе ортақол журналист болғанша, ортақол технарь болсам, елге пайдам көбірек тиер деген желеумен «Есептеу техникасы» мамандығына оқуға түстім. Әлі де сол мамандығым бойынша оқуды жалғастырудамын.
Әйтсе де, жазғысы кеп тұратын адам үшін (ғылыми мақалалардан да басқа нәрсе жайлы) блогтың да берері көп-ау? Менің орындалмаған бала арманымның сәл де болса жүзеге асуына септігін тигізген Дабайға көп-көп рахмет!))))
Ұлан мен Ақжелкеннің, сосын Айгөлектің беттерінен қазіргі танымал көптеген жазушы, журналисттер. жалпы қаламгер қауым өздерінің алғашқы жазбалаларын тағатсыздана күткеніне күмәнім жоқ.
ия, шынымен де, бала кезімізде сол аталған редакцияларға қардай бораған хаттар, олардан келген 1-2 абзац жауап естен қалай кетеді?!!! Есімде, редакцияға хат жазар алдын кәдімгі үлкен адамдарша ойланып, өзгелерден қалай артық бола аламын, қайисем менікін баспа бетіне шығарады екен деп, ойбаааааай, ой онға, сана санға бөлінетін… Қазіргі балалар хат жазады ма екен осы?
мен алдымен өзіміздің Ақтөбеден бастап бірнеше республикалық газеттерді кроссвордтармен шабуылдағам. Жас алаш кәдімгідей гонорар төлейтін, сол кездің есебімен кәдімгідей біраз ақша төледі.
қазір кроссворд шықпайды. тек сканвордтар. мен сол сканвордтар дәурені басталған кезде тастадым бұл істі. өйткені сапасы нашарлап кетті. негізі сканворд деген жақсы, бірақ қазақ соны дұрыс істей алмады. кроссворд күрделі, оны істеу қиын еді. сол кездері кроввсордистердің «көсемі» болған Жанат Елшібеков ағай қазір менімен бір жерде істейді. ойлап жүрмін, сол кісіге барып айтып көрсем бе екен деп, қайтадан абстап көреміз бе деп. негізі сол кездерде күшті еді тек кроссворд емес чайнворд, анаграмма, криптограмма түр түрлері болушы еді.
есімде менің де, Жанат Елшібековтың «Зерек» деген көлемі кіші, бірақ қалың кітабы бар еді. Ішінде не керектің бәрі бар, чайнворд, ребус, кроссворд, криптограмма т.б. Аршат, шынымен-ақ оқушы кезіңде Вундер бала болыпсың ғой.
мектеп кезінде мен де сөзжұмбақтар құрастырудан алдыма жан салмайтынмын, түрлі апталық, тәрбие сағаттары, ашық сабақтарында "қолым шығушы" еді. Үйдегілер жиналып алып шешетінбіз. Ех…
Өзіміз «Жұлдыз» бен «Жалынға» беретінбіз деп қуып отырсаң,ә))) Мен Балқаш қалалық газеттерінен басқа ешқайда беріп көрмеппін.Оның өзінде 10-11 кластарда.«Ақ желкен» мен "Ұлан" керемет еді ғой.
Жанат ағайдың кроссвордтары шешуге қиын еді ғой. Таба алмаған соң ары қарай қызығушылығың да болмайды екен. Атам постоян «Егеменге» жазылатын. Сонда Ж.Елшібек ағай осының бәрін қайдан біледі деп кәдімгідей таң қалатынмын. Аршат қайта мықты екен, соны ерінбей шешіп жүрген. «Егеменге» барған кезде алғаш Жанат ағайды көріп, «Е, осы ағай екен ғой» деп ойланғам. Ал бала кезімде ол кісіні көру, «Егеменнің» редакциясына бару маған бір қол жетпес нәрсе сияқты болып көрінетін. Кешегі күні ылғи тоқал-моқал деп шулап едік, енді бүгін кезек балалық шаққа, йолкаға келіпті. Мен "Ұланның" жас тілшісі болдым, мақалаларым үзбей шығып тұрды. «Ақ желкенге» де кішкене әңгімем шыққан. Сол арманның жетегімен міне журналистикада жүрміз.
Бір секрет, негізі "Ұланға" мақаланы кластастарыма мақтанып, солардың ішін күйдіру үшін, сосын кейбір мұғалімдердің аузына құм құю үшін де жазатынмын.
Бала кезде жаның таза, ешқандай қулық-сұмдығың жоқ болғандықтан ба, қанша есейіп кетсең де, балалық шағы есіне түскен адам еріксіз бір жымимай қоймасы анық.
9 сыныпта жазған бір мақаламды қазақ тілінен беретін апайым "Ұланға" шығарамын деп, редакциядан өтпей қалыпты… Себебі мемлекеттік білім беру жүйесін сынға алған болатынмын..) Жоғары оқу орындарында ақшаға білім алып жатқандарды сынға алып, ертең ондайлардан қандай дәрігер, қандай ұстаз шығады деп сойып едім..)))) оппозициямен осылай танысқанмын…
Одайын кейін зауқымыз болған жоқ жазуға… Кейін Түркияға кетіп қалдық қой… Негізі журналистікке қызыққан емеспін… Жазушылыққа қызықтым… Мектепте оқып жүргенде, кластастарымның барлығы бір бір кітап жазып жүретін..))) менікі де болатын… ол туралы 2001 жылғы қазіргі блогтардын атасы, жеке бетімнен қарай аласыздар )) hanbekjan.narod.ru/
Жансаяның да көңілі бар ма еді? сен бойдақ, ол да бойдақ екеуіңе болады негізі. Бекжан деген алтын жігіт қой. Бірақ, тым романтик, Жансаяны білуімше тік мінезді қыз… күлгені әдемі. бұйырған қашпайды негізі
Сэммидің туған күнінде Бекеңмен бір билеп мәз болып қалып едім . Мына salta деген қайдан шыққан дәу? Конкуренция көп заманда алдымнан тағы бір тосқауыл шыққаны ма?
Иә, айтпа күтпеген жерден басыма түскен бұл мегапопулярлыққа аң таң болып отырмын… Соған қарағанда жуық арада өтіп кететін сияқтымын..) Бағым жанып кетуге сәл-ақ қалып тұр..)))
қазір газет-журнал жаздырып аласың ба?
Бір секрет, негізі "Ұланға" мақаланы кластастарыма мақтанып, солардың ішін күйдіру үшін, сосын кейбір мұғалімдердің аузына құм құю үшін де жазатынмын.
Жааан, ойыбаай, бері кел! Жұл мынаның шашын!
Тақиялы періште ролін сомдап жүргенімізге біраз болып қалды бізге… етіміз үйреніп қалды…
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге тақап қалғанда конкуренция арта бастады ғой дим..
«Тапсырыспен» жазған кезім болды, лагерден соңғы әсерім жайлы.