Арман демекші...


Арман боп қалдың, белестей биік бағынбай,
Сол үшін саған алғысым шексіз бүгінде.
Сарқылып сезім, солғын тартқанда сағымдай,
Бір-бірімізден жалығар ма едік түбінде?

Жұмбақ боп қалдың, бойыңа сиқыр
сыр бүккен,
Әсері терең әлемдей болдың бір тылсым.
Қажыған сәтте күндегі күйкі тірліктен,
Бір-бірімізден қол үзер ме едік, кім білсін?

Аңсар боп қалдың, ұрлаған түнгі ұйқымды.
Өкпелетсе де тәкаппар тағдыр қалауы,
Өзіңнен қалған естелік енді сүйкімді,
Өмір дастанның жүрекке қымбат тарауы...


Кей нәрсенің жай арман болып қалғаны да жақсы-ау?
Бөлісу:

30 пікір

Aizhantabyn
Аллам — ау! дөп түсіп айтқан екенсің!!!
satibaldi
Қорс-қорс жльадЪм. Сұлтанаттағылар бұрышта қызғаншытан қолдары дірілдеп, анаша шегіп тұр.
Лібә, тиді, қозғады һәм тербетті. Браво!!!
nurbergen_makym
Әдемі!Әсем әуездің өзі әуенге сұранып тұр…
satibaldi
Араб Әмірліктеріндегілер, хершішрерсіздер — сұлтанаттағылар осылай, қаз-қалпында жазып үйренгенше, Иса екінші рет келіп кететін шығар нақ. Заманауи екендігін жеткізу үшін, білімін көрсету үшін жазады Оман сұлтанатының өкілдері. Әрі, сезімді жеткізу әдістерінен де ат шошиды: біресе — SMS-тер, біресе — бетон жүректер, қарағызұлынсстың.
AKY
21 қаңтарда жазылған постқа 18 қарашада алғашқы пікір жазылыпты:)))
Aizhantabyn
өткендегі менің өтінішім далада қапты ғой) содан, жоқ болса да, осыдан көрейін деп іздеп, тапқаным осы))))
balzaminka
алтын қашан да алтын ғо :)
VKM
Мен біздің Айгераға таңқаламын:ғылым жолында жүр.Ал өлеңдеріне ән жазылған.Қаншама біз оқымаған өлеңдер бар екен?!
Өзі аққөңіл, тамаша адам.
saken
Ал өлеңдеріне ән жазылған.
ондайда бар ма? Қандй ән? кім орындайды? тыңдап көрейік… :)
VKM
мен бір тыңдағанмын. Айгерадан сұрау керек)
balzaminka
оггго, апай мықты, мықты…

Тіл-көзіміз тасқа, талант бар жағынан талант қо ;)
meirzhan
Мен де осындай технарьларға таң қаламын.
VKM
Бүгін бір адамға ренжідім,
Арман боп қалдың
болатын шығар))))
Aizhantabyn
ВКМ, ренжіген адамдарыңның бәрі арман бола берсе, капец арманың көп болады ғой))) Забивать етіп үйрен, маған кезінде осыны айтпаған екен(((
satibaldi
Мынадай өлеңдерді рақаттана оқимыз, шығарып тұр иялмай.
Zere
Тұнық поэзия!
satibaldi
Мөлдір десеңіз — дәлірек болар.
Zere
Ия, мөлдір.
satibaldi
Кешіріңіз менің Ақзерем, бірақ дегенмен «тұнық» дегеніңіз дәлірек екен.
dark_nazgul
тұнып тұрған поэзия болар, бәлкім?
Zere
Мына жаққа пікір жазу үшін гуглды жүз ақтарып, сөздіктен дұрыстығын мың рет тексеріп, жазу керек. Қай жерде, қай сөзден ұсталатының белгісіз ))))
Altygradus
қай уақытта үлгересің осындайға:)))
Baha_07
Ия… журектен шыккан соз журекке жетеди…
AKY
құдай-ау, міне ғой нағыз махаббат!
AKY
жыл сайын бір өлеңін пихать етіп қоймайт дейд
VKM
қайта пихать ететін өлең бар)))))