Фильм жүктеп ал: Секер / DVDRip /



Түпнұсқа атауы: Секер/Seker
Шыққан жылы: 2009
Жанры: балалар фильмі
Қоюшы-режиссер: С.Құрманбеков
Сценарий: Б.Шекеров, Ғ.Насыров, С.Құрманбеков.
Продюсері: Е.Аманшаев
Рольдерде: А.Ахметбекова, Б.Қалымбетов, Н.Ықтымбаев, Ш. Асқарова, Н.Жмеренецкая, И.Гринева

Премьерасы 2009 жылдың 22 қазан айында Алматы қаласында өтті.
Әрі қарай

Азиада алауы!


Көптен күткен ҮІІ қысқы Азиаданың салтанатты ашылуы да келіп жетті. Кеше кешкісін миллиондаған жанкүйер халықтың бірі есебінде үш сағат бойы тапжылмай теледидар алдында отырдым. Ашылу Рәсімінің бағдарламасы, қатысқан баленбай мың әнші, биші т.б. өнер иелері көрермендеріне сүйсінтерлік қойылым көрсетті. Шындығында, кезіндегі Қытай елінің ашылуынан аспаса, кем түскен жоқ деуге болады. Сонау көк Тәңірден бері тарих қойнауының төрт бұрышын қамтыған бейнекөріністер, қосымша пайдаланған экрандар, жарқырауықтар, сомдалған образ-бейнелер көздің жауын алды. Қойылым барысында операның жезтаңдай әншісі Нұржамал Үсенбаева, эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева мен Батырхан Шүкеновтің әндеріне де тәнті болдық.
Әрі қарай

Мола салудағы "мода"

Өлаа, не сұмдық мынау?
(Аққыз)
Біздің редакциядаЖанар Елдосқызы деген “жынды” журналист бар. Қорықпаңыз, жүйке дәрігерінде жеке кәртішкесі жоқ.“Ана тілінде” жүргенде,Шоқан Уәлихановтың сотыбыйын тауып алып, сұхбат алған (ретроспективалық), қызтекелердің ортасында болып, бет қызартатын мақала жазған. “Айқай”, “Шапалақ” секілді сериялы материалдардың аффторы жақында “өлілер аулына” барып, өріктей мақала жазып келді.



Әрі қарай

"Ғажапсың, дүние, ғажапсың! Әттең, бірақ, аз-ақсың!"

-Бұл кім?
-Баяғы сортақ шал ғой…
-Сортағыңыз не? Қойыңыз…
-Жәәй, көз тимесін деп айтқаным ғой, ал былайша әлі де сері шалмын…

«Жүрейік жүрек ауыртпай...» драмасынан

Спектакльден кейінгі әсерімді жазбас бұрын, көп ойландым. Әр түрлі сезім мен сан түрлі ойлар… Бәрі де маңызды, бәрін де қамтығым келеді. Алайда жүректегіні түгелімен айтып-жеткізу ешкімнің де қолынан келе қоймаған шығар…
Әрі қарай

"Сенің мұндай ит боларыңды күшік кезіңде біліп ем!..."



Театр деген керемет қой… Түгелдей бір роман не пьеса «оқып» шыққандай күй кешесің. Осы жолы театр сахнасынан мен Гогольдің "Үйлену" комедиясын оқып шықтым.

Зал қыран-топан күлкіге айналды.

Негізі осымен де рецензияны бітіруге болар еді, алайда өз әсерімді, ойға түйгеніміді айта кетейін.
Әрі қарай

Көмек керек

Бейнелеу өнер саласында жүрген жастардын клубын құрмақ ойымыз бар еді.
Қағаз бетінде құрылыпта қойған… Енді соған жақсы бір атау керек еді, дәлірек айтқанда клубтын аты!
Соған енді өз ойларыңыз болса бөлісе отырсаңыздар… Құлаққа жағымды, есте жақсы сақталатын ат керек…
Әрі қарай

Жастар жайлы...

Қазыргі кезде жастар жайлы айтуға қорқасың....Қайраттай мәрт! Ләззаттай намысшыл болайық десем «пікіршілердің» кейбіреуі саралап ой қосып жатса кейбірі қаралап жатыр… осы бізден(қазақ жастарынан) не күтуге болады, кедейшілік пен жоқшылықтан шаршаған қарапайым халықтың жанайғайын билік басындағыларға жеткізіп және сол халқы үшін қасқайып тұра ала ма?
Әрі қарай

Пряма пайдош...

Мен таза қазақы ауылда өстім.Өзге ұлтың бір өкілі жоқ еді біздің ауылда. Бірен-саран адамдардың үйіндегі жұмысшыларын есептемегенде. Мектепке бармаған кезім. Бірақ шатып-бұтып бірдеңе айтқан болам орысша.Бұның бәрі әріпті ерте танығанымның арқасы.Өзімнен үлкен әпкелерімнің кітаптарын оқи беретінмін. Бірдекөліктері құртылып қалды ма,әлде басқа себептері болды ма екі орыс біздің үйдің жанына тоқтады. Түскі ас кезінде мамам (әжемнің бауырында өсіп ол кісіні мама деп атап кеткенмін) «аналарды асқа шақыр» деді. Мен де қалай шақырамын деместен тұра жүгірдім. Екеуінің жанына барып, «Эй, русский, кушай рожки» дедім. Түскі асқа тіптен «рожкида „емес қой ең құрығанда…
Біздің ауылдан әрі Қарағаш деген орманды ауыл бар.ол жақта саңырауқұлақ түр-түрімен өседі. Күзге салым орыстар ағылады сол ауылға қарай. Шамасы бірінші класс оқимын. Мектепке бара жатқан менің жаныма бір жигули тоқтады.Ішінен түскен орыс жаңағы ауылды сұрады менің пайымдауымша.“Пряма пайдош, Карағаш найдош» дедім мен саспастан.
Әрі қарай