Кірпіш vs. пневматикалық пистолет
Әдеттегідей өзім оқыған, ұнатқан дүниемді Сіздермен бөліскелі отырмын.
Төменде кірпіштің пневматикалық пистолеттен артықшылықтары келтірілген.
1. Кірпіш арзан.
2. Кірпішке қол жеткізу оңай.
3. Кірпішке рұқсат алып қажеті жоқ.
4. Кірпішті сақтауға арнайы жағдай жасап қажеті жоқ.
5. Кірпіш жетілдіріп отыруды талап етпейді.
6. Кірпішке оқ, баллон, патрон, батарейка секілді қосымша ұсақ-түйек қажет емес.
7. Кірпіш газбен уландырмайды.
8. Кірпіш жасанды болмайды, оны тек сыртқы түрімен ғана емес, іс жүзінде қолданып та қорқытуға болады.
9. Кірпіш адамға қатты әсер етеді.
10. Кірпіштің тоқтату қасиеті жақсы дамыған.
11. Кірпішпен тура көзге, тамаққа не тізеге тигізу міндетті емес.
12. Жіппен оралып, байланған кірпіш жаппай қыру қаруына айнала алады.
13. Кірпішті қолданарда Сіз оның иісінен өзіңіз уланып қалмайсыз.
14. Кірпішті, тіпті, көшеде қолыңызға ұстап келе жатсаңыз да, ешкім тоқтатып, сұраудың астына ала алмайды.
15. Кірпішті байқамай үстелдің үстінде қалдырып кетсеңіз, Сіздің балаңыз онымен біреуді атып ала алмайды.
16. Кірпіш бөлініп қалған күннің өзінде, оның сынықтары қорғануға жеткілікті.
17. Кірпішпен, терезе жақтауын сырғыламай-ақ, сыра бөтелкесінің қақпағын ашуға болады.
18. Жиырма шақты кірпіштен брондалған кеудеше жасауға болады.
19. Кірпішке отыруға болады.
20. Кірпішпен балықты ұрып өлтіруге болады не кішкентай аңдарды аулауға болады.
21. Кірпішіңіз екеу болса, кәуәп пісіруге болады.
22. Үш кірпіштен грузиндердің тышқанын ұстап алуға болады.*
23. Кірпіштің бір шетін ойып қойса, ол жерде ақша не құжат тығып, сақтауға болады.
24. Кірпішті көлік жөндеуге пайдаланса болады.
25. Кірпішті нихроммен орап, жақсы пеш жасап алуға болады.
27. Кірпіштің оғы бітіп қалады-ау деп уайымдамайсыз.
26. Кірпіштің дыбысы шықпайды, артық шуы жоқ.
28. Кірпішті жалпы анестезия құралы ретінде пайдаланса болады.
29. Кірпішті күтіп-баптаудың қажеті жоқ, ол сынбайды.
30. Кірпіш үмітіңізді ақтайды, қажет кезде жарға жықпайды.
31. Кірпішті оқымай-ақ, ешқандай іш пыстырарлық инструкция қолданбай-ақ қолдануға болады.
32. Кірпішті сәндеп, пәтеріңізді әдемілеуге пайдалануға болады.
33. Кірпішті көрген кезде суицид туралы ой басыңызға келмейді.
34. Кірпішті металліздегіштер таба алмайды, оны тіркеп қажеті жоқ.
———————————————————————————————————————————————
* – грузин тышқанын былай ұстауға болады: екі кірпішті тікесінен қойып, арасына ірімшікті орналастырасыз, үстін үшінші кірпішпен жабасыз. Грузиннің тышқаны қолдан жасалған осы “үйге” кіріп, “Вах, вах, вах, қандай ырымшык” деп екі қолын екі жаққа жайғанда, “үйдің” керегесі жан-жаққа құлап, төбедегі кірпіш тышқанды басып қалады.
Түпнұсқа. Сурет мыннан алынды.
Тиісуге повод таппасаңдар, кірпіш сатыңдар жігіттер. Алмаса өз обалы өзіне, алса ақша пайдашка :)))