Гераклдың төртінші ерлігі: Керинея бұғысы
Бұл ерекше бұғыны малшылар байқаған еді. Ол Керинея тауларының жартасында басын биікке шалқайтып тұрды. Бұғы өте әдемі болатын: терісі Гелиос шапағымен жез секілді алаулап, ал мүйізі таза алтыннан жасалғандай жарқырап тұрды.
Көп кешікпей таңқаларлық бұғы жайында бүкіл Аркадия білді. Оны көрудің өзі мұң болатын, ол жайылымдар мен далалықтың үстімен желдей жүгіріп жүрді, соның кесірінен шөп пен егіндік тапталып, ойрандалды. Бұл тауларда ауланып жүрген өзге бұғылардай қарапайым емес екені белгілі болды, ол аңдардың иесі Артемида адамдарды жазалау үшін жаратқан жануар еді. Артемидамен ұстаған олжасын бөліспегені үшін бір аңшы оның алдында кінәлі болып қалған болуы керек.
Керинея бұғысы туралы Эврисфей де естіді. Гераклдың дене тұрқы жағынан жүгіруден гөрі алысуға бейім екенін білетін ол, жануарды ұстап және тірілей Микенаға әкелуді бұйырды. Осы бұйрықты естіген Геракл қорқып кетеді. Батыр күтіп тұрған аңшылықтан тайсалған жоқ. Ол Артемида бұғыны Атлантаның қызы Тайгетаға сыйға тартылғанын білетін еді, сондықтан да жаратушының өзі тарту еткен сыйларға қызғанышпен қарайтынын біле отырып, оның ашуын келтіруден қорықты.
Сонда да бұғыны ұстап алуға тиіс болды.
Геракл бұғыны байқаған бойда оның артынан қуа жөнеледі. Ол құйындай құйғытып, тауларды да, жазық даланы да артта қалдырды, тік жарлардан секірді, өзендерді жүзіп өтті. Батыр да оның артынан қалмады, көзден таса қалдырмай ілесіп отырды. Пелопоннес ол үшін тұзақ боларын сезген жануар Истм арқылы солтүстікке қашты. Бұғының артынан Геракл Аттиканың, Беотияның және кейіннен Фессалия деп атала бастаған Феспротияның үстінен өтті; шатқалдардан секіре отырып, өзендерден жүзе отырып Олимпты үш рет айналып өтті. Бұғы солтүстікке тоқтамастан қаша берді, олар Фракияға жетті, содан кейін гиперборейлер елі мен Истра бастаулары – қиыр солтүстікке де барды.
Бұғы өзінің қожайыны Артемида мен оның ағасы Аполлонның көмегіне сүйеніп, осы жерге тұрақтайды. Бірақ ағалы-қарындас жаратушылар олардың істеріне араласпай, қуғынды жәй ғана бақылап отырады.
Батыр бұғыны ұстамақ болғанда, ол қолынан сытылып шығып, көмек болмасын білген соң, оңтүстікке қарай, Гесперид бағына кері тартты. Жануар сол жерден дем алуға ниеттенді. Геракл бұғыны сол жерден қуып жеткенде, ол Аркадияға қайтып оралуға бекінді – қуғын қайтадан басталады. Батыстан шығысқа созылған сапар бірнеше айларға жалғасты, сол кезеңде бұғы да, оны қуушы батыр да еш тынықпады. Аркадияда Зевстің ұлы алтын мүйіз жануарды тағы да қуып жетті.
Қуғын бір жылға созылды. Бұғыны ұстаудан үміті үзілген Геракл садағын алып, қашан да дәл тиетін жебесін жануардың аяғына атты. Бұғы ақсаңдағанда барып, батыр оны ұстай алды. Геракл ғажайып жануарды иығына салып, Микенаға кетпек болғанда, сол сәтте-ақ ашулы Артемида пайда болып, былай деді:
— Мына бұғының менікі екенін белмедің бе, Геракл? Сүйікті жануарымды жаралап, мені неге өйтіп қорладың? Менің ренішті кешірмейтінімді білмейтін бе едің? Әлде сен олимпиялық-құдайлардан да мықтымын деп ойлайсың ба?
Геракл әйел құдайдың алдында ізеттілікпен иіліп тұрып былай деп жауап берді:
— О, Латонаның қызы, мені кінәлама! Мен жарық Олимпте өмір сүретін мәңгілік құдайларды ешқашан қорлаған емеспін; аспан әміршілеріне қашан да мол құрбандықтар шалып тұрғанмын және мен – найзағай атқыш Зевстің ұлы болсам да, оларға өзімді ешқашан теңеген емеспін. Сенің бұғыңды өзімнің еркіммен емес, Эврисфейдің бұйрығымен қудым. Құдайлардың өздері оған қызмет етуді әмір еткен, сондықтан мен оның жарлығынан бас тарта алмаймын!
Батырдың ақталуына орай, Артемиданың да тас беті жұмсарды, ол Гераклдың кінәсін кешіріп, бұғыны иығына салып, Эврисфейге жеткізуге рұқсат етті.
Ұлы батыр Керинея бұғысын Микенаға аман-есен әкеліп, оны қаһарлы патшаға тапсырады…

Пікір жоқ әзірше