Жұма намазынан кейін туындаған ой

Еңбек демалысын алып, «ауылым қайдасың?» деп қалада бір күн де тұрақтамастан ауылға ұшқан жағдайым бар. Енді ауылда көрген-баққан, қағаз бетіне шимайлағандарымды бөлісе отырсам деймін. Керекке де кірмегелі біраз уақыт болыпты.
Ауылға барған күннің ертесі жұма күніне сәйкес келіп, ауыл мешітіне барып, «жұма намазына» қатыстым. Салыстырмалы түрде алып қарағанда, орташадан аз халық (шамамен 100 ден аса отбасы) тұратын ауыл арасында «жұма намазына» жиналған жамағатта үлкен кісілерден гөрі, жас жеткіншектердің саны артық. Жұма оқылып біткеннен кейін, құран оқылып, көпшілікке арнап дұға бағышталып, бата берілгенде бір жас жігіт қолын жайып, бетін сипамады. Аз ғана жамағат арасынан бөлініп, бұрышта отырған бұл жігітке менің көзқарасым қалыпты болғанымен, жұмаға жиналып отырған кішкентай балдар не ойлауы мүмкін? Үлкендерге еліктеп өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің мұндайды санасына тез сіңіріп алады емес па? Жасымыз түгілі, үлкен ағаларымыздың өзі дін жолына шорқақ, сауатсыз болып отырған қоғамымызда осындай «ерекшеленетіндер» санамызға аздап болса да кірбің салады.
Мешіттен шығып, есік алдынан адамдар жөн-жөнімен тарай бастады. Мен ойланбастан әлгі жігітті әңгімеге тарттым:
-Бауырым, таныс болайық, есімің кім?
-Бекзат.
-Қуаныштымын, қай жылғы болдың?
-93 ж.
-Мм, дұрыс, жаңа мешітте байқадым,(жұма басталмай жатып, мешіт ішіндегі құран кітапты оқып жатқанын көргем) құранды араб тілінен оқыдың, соған қарағанда діни білім алғансың-ау?
-Арнайы медресе оқымадым, бірақ Алматы қаласында ЖОО сырттай білім аламын, өзім жұмыс жасаймын, бос уақытымды мешітке барып, имамдардан білім алып, ізденемін — деп жауап қатты.
Іштей разылығымды білдіргеніммен, мешіт ішіндегі қылығы көз алдымнан кетпей тұрды. Таныса салып, әңгіме арнасын ол жаққа бұрсам, күрделеніп кететінін ойлап, диалогты сыпайы аяқтағым келді:
-Өте дұрыс, Сауатыңды арттырып, күнкөріс қамымен кетпей, бір сәт ақырет күнін ойлап, уақыт тауып, ілім ізденгенінң құптарлық. Ол жақта ұстазың бар ма? Арнайы сұрақ қойып, шешімді кімнен аласың?- деп
-Иә, ұстазым қары (хафыз), тәжік ұлтының азаматы (аты есімнен шығып тұр) ҚМДБ сараптауынан өткен адам — деп менен сезіктенгендей жауап қатты. Менде әңгімені созбай, сәттілік тілеп, жылы қоштастым.
Қазіргі таңда жұма намазынан кейінгі дұға-тілекке, сонымен бірге қанша ғасырдан салтымызға сіңіп кеткен Қазақшылық ерекше дәстүріміздің бірі батаға, бата қайыруға қырын қарап, шариғатта жоқ, «бидғат» деп атайтын жандар кездеседі. Әсіресе, облыс орталықтарында, халық жиі жиналатын мешіттерде жұма намазының парызын оқып болған соң, жапа тармағай орындарынан тұрып, сүннетін өтеп жатқан жамағаттың үстінен аттап өтіп, әбігерге салып жатқаны туралы айтылып, көтеріліп жатқанына біраз уақыт болды.
Менің көз алдымнан өткен әлгі жігіттің де қылығынан кейін, шалғайдағы ауылға да келіп жетті ме, бұл қалай болды екен деген ой мазалады. Оны алып қалып, әңгімеге тартқым келді. Көпшілікпен оқуға ниет етіп келгеннен кейін, олардан бөлінбегені дұрыс еді.
Әрі қарай

Форточканың қазақшасы қандай?

Авторы мен емес, шындығын айтайын, бірақ қазақша нұсқасын жазуды ұмытпаңыздар.

«Желкөз» деп атап жүр. Жел мен көз көз келмейтін сияқты. Терезенің «желкөзін» ашшы, немесе ашып жіберші. «Желтесік» деп аударыпты. Ол ващше келмейтін сияқты. Сіздің нұсқаңыз қандай?
Әрі қарай

Талантты жас

Талантты жас

14.05.2013

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалы және республикалық «Сыр ұланы» балалар мен жасөспірімдер газетінің ұйымдастыруымен «Талантты жас» байқауы өткізілді.

Байқаудың марапаттау рәсімі 3- мамыр күні Облыстық оқушылар сарайында өтті. Аталмыш байқауға Қызылорда облысының әр аймағынан жалпы саны 583 үміткер қатысты.

«Талантты жас» байқауы 5 номинация бойынша жүргізілді.

Бас жүлде «Талантты жас» — оқу үлгерімі өте жақсы деген бағамен білім алып жүрген республиқалық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Аталған номинация бойынша жүлделі орын иегерлері:
ІІI орын Сырдария ауданы № 44 мектеп оқушысы Дәмежан Гүлбану және жетекшісі Шалбаева, Ақтолқын.
ІІ орын Қызылорда қаласы № 9 мектеп — гимназия оқушысы Садық Ақбота және жетекшісі Палмағанбетова Гүльшат.
І орын Қазалы ауданы № 249 мектеп- лицейінің оқушысы Берікбол Төлеген және жетекшісі Мафруза Текеева.

«Жас, ақын» — сезім иірімдерін қағаз бетіне өлең етіп түсірген, өмірін өлеңмен өрнектеп жүрген, ақынжанды оқушылар қатысты. Аталған номинация бойынша жүлделі орын иегерлері:
ІІІ орын Жалағаш ауданы № 232 мектеп оқушысы Наргиза Бектай және жетекшісі Жұмағұлова Жанар.
ІІ орын Қазалы ауданы № 249 мектеп- лицей оқушысы Шамшадин Ерсін және жетекшісі Алпысбаева Анаргүл.
І орын Жаңақорған ауданы № 54 мектебінің оқушысы Болатов Нұрбосын және жетекшісі Сейдалиева Нұргүл.

«Жас қаламгер» — мектеп жасында жүріп прозаға қалам тербеген оқушылар қатысты. Аталған номиниция бойынша орын иегерлері:
ІІІ орын Қызылорда қаласы № 264 мектеп -лицейінің оқушысы Канибай Нұрсая және жетекшісі Молдахметова Ұлған.
ІІ орын Арал ауданы № 81 мектеп оқушысы Әуесхан Әсия және жетекшісі Есенбаева Бағила.
І орын Шиелі ауданы № 47 мектеп оқушысы Әлиев Нұржан және жетекшісі Гүлмира Рүстемова.

«Ойлы оқырман» бос уақытын үнемі ізденіп мектеп кітапханасында өткізетін жас оқырмандарға арналды. Аталған номинация бойынша жүлделі орын иегерлері:
ІІІ орын Қызылорда қаласы № 217 мектеп оқушысы Жоламан Мадияр және жетекшісі Сарыбаева Үрлайм.
ІІ орын Арал қаласы № 220 мектеп оқушысы Реймова Айжан және жетекшісі Оңалбекова Жадыра.
І орын Қызылорда қаласы № 264 мектеп -лицейінің оқушысы Жақсылықова Назерке және жетекшісі Рахметова Манат.

«Сырлы бояу» атты номинациясында «Тәуелсіз елдің ұланы» атты тақырыпта жас қылқалам шеберлері бақ сынады. Аталған номинация бойынша:
ІІІ орын иегері Қызылорда қаласы № 264 мектеп -лицей оқушысы Жақсылық Ақбөпе және жетекшісі Қалымбетов Әліби.
ІІ орын Жаңақорған ауданы Алшекей атындағы өнер мектебінің оқушысы Камал Данагүл және жетекшісі Қошарбаев Қалдыбай.
І орын Қазалы ауданы № 93 мектеп оқушысы Сансызбай Еркежан және жетекшісі Жамбылова Назгүл.

Марапаттау барысында республикалық «Сыр ұланы» балалар мен жасөспірімдер газетінің бас редакторы Жүзеев Серікхан Әлханұлы байқауға қатысып, үздік нәтижеге қолжеткізген оқушыларға «Жас тілші» атты куәлігін тапсырды.

Марапаттау соңы коцерттік бағдарламаға ұласты. Сахнада облысымыздың жас өрендері өздерінің өнерлерін ортаға салып, көрермендердің зор қошеметіне ие болды.
Әрі қарай

Құдағайға....

құдағай қарап жүрмей қызынды аңғар,
қызыныздын кигені кызыл дамбал.
бұрын көршін деп былай айтушы еді
қызыл дамбал кигендер бұзылғандар.
қызыл дамбал жігітті қызықтырған,
қызыл дамбал қыздарды бұзып туған.
дамбал жайлы деректі берген көршім
талай қызыл дамбалды қызық қылған…
қызыл дамбал, қызыл дамбал, қызылды,
қызыл дамбал киген қыздар бұзылды.
е кұдағай бір партия деймінде,
сүмірейтип сігіп алам кызынды…
© пах пах пах
Әрі қарай

«Біткен іс» немесе «қарға батпағаным туралы»

Естеріңізде болса, мына постта 28-нші ақпанда Ақтөбе маңындағы елді-мекендерді, нақтырақ айтсақ қыстың соңғы күнін фотоға түсіремін деп, көлікпен қарға батып, одан әрең шыққаным туралы жазған болатынмын. Содан кейін араға 10 күн тастап, өзімнің бастаған ісімді қайта жалғастырдым, алайда бұл жолы көлікпен емес, жаяу. Көктемнің басы. Ақтөбе қаласынан 18-20 шақырымдай жерде, Ақтөбе-Орск трассасы бойында орналасқан елді-мекен К.Нокин ауылына фотосаяхат.
Қазақстан ауылдары!: «Біткен іс» немесе «қарға батпағаным туралы»
Әрі қарай

"Махаббат шырғалаңы"

(жалғасы)
Екінші акт
Бірінші сахна

Жатақхана есігінің алдына сары кілем төсеп қойғандай. Айналаның бәрі де күзгі реңкке боянған.Ұйықтап қалған Айым есік алдына жүгіріп шықса, оны Арман күтіп тұр.

Арман: Қайырлы таң, Айым! Ұйықтап қалғансың ба?
Айым: Сәлем, Арман! Иә, Нұржан Алпысбайұлының сабағына кешігетін болдым.
Арман: Сен естіген жоқ па едің?
Айым: Нені?
Арман: Ол іссапарға кетті. Бүгін болмайды. Е, сен кеше дәріске келмедің ғой, сондықтан білмейтін боларсың. Айханым да айтпады ма? Айтпақшы, ол өзі қайда?
Айым: Уф-ф-ф-ф!!! Демек, оның сабағы болмайды ғой? Айханым ұйықтап жатыр. Біз кеше сөйлескен жоқпыз. Мен үйге кеш келдім, келсем ол ұйықтап жатыр екен. Жаңа оятып едім, тұрмады.
Арман: Болмайды. Ол білген соң ұйықтап жатқан шығар. Сен неге кеш келдің?
Айым: Танысыммен кездескем
Арман: Түсінікті. Асықпай университет жаққа әңгімелесіп барайық. Екінші параға дәл барамыз.
Айым: Жарайды, жақсы. Кеттік.

Айым мен Арман жатақханадан университет жаққа бет алды.

Айым: Шынымды айтсам, Нұржан ағайдың сабағына барғым келмейді. Әр дәріс сайын ананы, мынаны айтып бас ауыртады. Шаршап кеттім.
Арман: Өмірде көргені көп, зейнет жасындағы адам ғой. Сондықтан бізге үлгі, өнеге болсын деген ниетпен айтатын шығар.
Айым: Өткенде қоңырау болса да демалуға жібермей қойды емес пе? Таңдау жайлы әңгіме айтып. «Мамандық және жар таңдауда қателеспеу керек» деді. (Сәл ойланып) Арман, махаббат жайлы не ойлайсың, қандай жарды таңдар едің?
Арман: Махаббат – жан мен тән сұлулығының үйлесімділігі.
Айым: Түрі онша емес, бірақ жаны сұлу адамдар бар емес пе?
Арман: Бар, келісемін. Алайда, оның бет-әлпеті әдемі болмаса, жанының әдемілігі рөл атқармай қалады. Екеуі де бар адам ғана нағыз сұлу.
Айым: Ал сенің жеке өмірің қалай? Сенің сүйгеніңнің де жан мен тән сұлулығы үйлескен бе?
Арман: Әзірше ондай адамды кезіктірген жоқпын. Мен мыңнан бірдің ғана қаны сәйкес келетін донор сияқты шығармын.
Айым: Айттым ғой, екі сұлулық сәйкескен адам сирек кездеседі деп.
Арман: Бірақ олар бар.
Айым: Жарайды, университетке келіп қалыппыз. Сабаққа барайық.
Арман: Жүр, кешігіп қалмайық.

Екінші сахна

Арман, Айым, Айханым үшеуі жатақхана жаққа кетіп барады. Алдарынан Мирас шығады.

Мирас: Привет!
Айым: Привет! Познокомтесь, мои друзья – Айханым и Арман.
Мирас: Мирас! Айым, можно с тобой поговорить, если ты не против
Айханым: Біз де кеткелі тұрғанбыз. Жүр, Арман, кеттік.

Айханым Арманды алып кетеді.

Арман: Бұл Мирас деген кім?
Айханым: Айымның бұрынғы-ы-ы сыныптасы, агент арқылы тауыпты. Біздің қыз соған ғашық болып қалған сияқты:
Арман: (таңданыспен) Не?
Айханым: Арман, шыныңды айтшы, Айымды ұнатасың ғой?
Арман: Иә
Айханым: Енді неге оған осыны айтпайсың?
Арман: Білмеймін, батылым жетпей жүр.
Айханым: Арман, сен қанша қыз іздесең де Айымнан артық қыз таба алмайсың. Егер өз сезіміңдеріңді жуық арада ашық айтпасаң, оны жоғалтып аласың.
Арман: Түсінемін, бірақ ол менің бетімді қайтарады деп қорқамын.
Айханым: Негізі, Айымға айтпауға уәде бергенмін, алайда айтпасам болмайды. Айым да сені ұнатады. Сен жігітсің ғой, алғашқы қадам жасасаң, Айым сені қабылдайды.
Арман: Білмеймін, не істерімді білмеймін. Басым қатты.
Айханым: Жарайды, мен дүкенге кеттім. Сен жақсылап ойлан. Менің сөздерімді ұмытпа!
Арман: Көріскенше! Кеңестеріңе рахмет!

Үшінші сахна

Кеш болып қалды. Айым әлі келген жоқ. Айханым уайымдай бастады. Телефонына жауап бермейді. Осы кезде дәлізден аяғын шапшаң басқан адам даусы естіледі.

Айханым: Келдің бе, әйтеуір? Қайда болдың? Уайымдадым ғой. Қоңырауға неге жауап бермейсің?
Айым: Мираспен бірге жүріп қайттым. Қорықпа, алаңдайтындай ештеңе жоқ.
Айханым: Шыныңды айтшы, сен оны ұнатасың ба?
Айым: Білмеймін, мүмкін.
Айханым: Ал Арман ше? Сен оны ұнатушы едің ғой?
Айым: Оның тарапынан ешқандай әрекет жоқ. Мен өзім оның алдына барып: «Мен сені сүйемін!» демеймін ғой. Тәкәппарлық бар дегендей…
Айханым: Ол сені ұнатады, мен білемін.
Айым: Ұнатса, айтушы еді
Айханым: Айтатын шығар
Айым: Білмеймін, бірақ бұдан әрі «ол қашан айтады екен?» деп күтіп жүргім келмейді, жүрмеймін де.
Айханым: Не дегің келіп тұр мұнымен?
Айым: Бүгін Мирас «мен сені сүйемін, менің сүйіктім бол» деді.
Айханым: Сен оған сеніп қалдың ба?
Айым: Шын ниетпен, пәк көңілмен айтқандай болды.
Айханым: Сен не дедің?
Айым: Келісімімді бердім. Бүгіннен бастап менің басым бос емес!
Айханым: Айым, бұның не? Қалай ғана келістің?
Айым: Одан басқа амал болмады
Айханым: Арман не болады енді?
Айым: «Өзің сүйгенді емес, сені сүйгенді ал» деген сөз бар емес пе?!
Айханым: Сен Арманды ұмыту үшін Мирасқа келісім бердің бе сонда?
Айым: Иә. Жігітсіз жүргім келмейді.
Айханым: Дегенмен, Мирас екеулерің екі бөлек адамсыңдар. Басқасын айтпағанда, сен ұлтжанды қазақ қызы емес пе едің? Мирасың болса бір ауыз қазақша білмейді. Енді сен тіліңді бұрап, онымен байланыс орнату үшін орысша шүлдірлегеніңді жалғастырмақпысың? Патриоттығың қайда кеткен?
Айым: Махаббат оған қарамайды екен.
Айханым: Қайдағы махаббат? Жаңа ғана Мираспен Арманға деген сезіміңді ұмыту үшін жүргеніңді айтпап па едің? Махаббат дейді ғой енді.
Айым: Қайта жақсы. Оған қазақша үйретіп, ана тілін білетін азаматтар қатарына қосамын.
Айханым: Саған айтарға сөзім жоқ. Артық айтсам, ренжіме.

Айханым есікті тарс жауып, шығып кетті. Айым құрбысының сөздеріне ойланып қалады.

Айым: Мүмкін Айханымның сөздері дұрыс болар. Мен қателесіп жүрген шығармын. Арман мені шынымен ұнататын болса, неге айтпайды? Әлде өзім білдірейін бе? Жоооқ. Мен қызбын ғой, қалай бірінші болып айтамын? Оған қоса, оған ұнататынымды айтам деп досымды жоғалтып алсам қайтемін? Және бүгіннен бастап менің жігітім бар. Арманға жігітім бол тұра сезімдер жайлы айтқаным дұрыс емес. Сосын Мираспен қатынасым қалай болады? Оны жоғалтқым келмейді. Туф-ф-ф. Екі оттың арасында қалғандай болдым-ау…

Төртінші сахна
Студенттер аудиторияда дәріс тыңдап отыр.

Нұржан Алпысбайұлы: Әубәкірова Айым
Нұржан Алпысбайұлы: Әубәкірова Айым бар ма?
Айханым: Бар, ағай, бар. Айым, неге жауап бермейсің?
Айым: Осындамын, ағай
Арман: Айым, саған не болған? Әлде ұйқың қанбады ма?
Айым: Жақсы ұйықтадым.
Арман: Ендеше неге көңіл-күйің жоқ?
Айым: Жігітім ауырып қалды, соны уайымдап отырмын.
Арман: Не дейсің?
Нұржан Алпысбайұлы: Мейрамов, Әубәкірова, тыныш. Дәріске бөгет жасамаңдар
Арман: Кешіріңіз, ағай

Арманның өңі бозарып, тұнық ойдың жетегіне кетті. Құдды біреу үстінен мұздай суды құйып жібергендей болды. Денесі қалтырап, дірілдей бастады.

Айханым: Арман, қалайсың? Ауырып отырған жоқсың ба?
Арман: Жоқ

Арман іштей өзін кәнілап, өкініп отырды.

Арман: Ауырып отырмын, жүрегім ауырып отыр. Айымның сүйіктісі бар екен. Ол кім? Мирас шығар. Оның қандай қасиеті бар қызығатын? Неге оған ғашық болып қалған?.. Мен неге Айымды кәнілап отырмын осы? Бар ағаттық өзімнен. «Қолымды мезгілінен кеш сермедім»… Өз сезімімді айтуға батылым жетпей жүргенде уысымдағы бақытты басқа біреу жұлып әкетті. Ал мен болсам, болашағымды Айыммен байланыстырып, армандап жүрмін. Тым кеш… Қазір Айымға оны ұнататынымды айтсам, екеуінің обалына қаламын. Айым мен Мирас бір-бірін шын сүйетін болар. Онда неге Айханым «Айым да сені ұнатады» деді. Мүмкін ол әдейі айтты. Әйтпеген жағдайда, Айым мені ұнатса, Мираспен жүрмес еді
Айым: Мәссаған, мен не бүлдірдім? Арманға жігітім бар дедім. Бірақ, барлығын өзінен көрсін. Қашанғы оның ұсынысын күтіп жүремін? Шыдамым таусылды. Мені ұнататын, бағалайтын адам бар екенін білсін. Ал, мүмкін, Арман мені мүлде ұнатпайды. Жоқ, оның маған деген ерекше бір сезімі, ықыласы бар сияқты. Сеземін. Ендеше неге жұмған аузын ашпайды. Жігіт деген ширақтық танытып, қызға бірінші болып өз сезімін білдіруші еді. Арманда ондай жоқ.

Екеуі де өздерінше осындай терең ойға шомып, дәріс аяқталғанын да сезбей қалыпты. Нұржан Алпысбайұлының «Дәріс аяқталды, боссыңдар» деген сөзі оларға оятқыш даусындай болып, аудиториядан шықты.

(ЖАЛҒАСЫ БАР)
Әрі қарай

Н Е Г Е? Неге жауап ала алмадым ?

Бұны да өшіріп тастамайтын шығар, халықтың ойын білгім кледі, мүмкін менікі 100 пайыз қате ма?

Мен кеше көңілім түсіңкіреп бір өтініш жасап едім, оны да жауапсыз қалдырып өшіріп тастады.


Неге? Енді соны осылай сұрағым келіп отыр.

Kerekinfo

деген сөзде " і " әріпі христиандардың " † " крестик белгісіне түкте ұқсамайды го, оны қалай шатастырып алып жүрсіңдер? жоқ әлде мұндада астыртын массондардың үгіт — насихаттары жүріп жатыр ма? одан да мынаны қоймадыңдар ма? " ♀ ". ((((
Соны ауыстыра салыңдаршы ішіміздегі ең қазақшасы тәуір еркін ой бөлісе алатын сайтымыз осы еді гой!
Қалдық қой бәлеге өткенде ауылға бара жатқан соң, әкеме сыйлық ретінде бір жайнамаз сатып алғам, құрысын, мешіттің суреті бейнеленгені болмаса жақсылап қарасаң барлық жеріне кішкентай қылып " † " крестиктерді толтырып тастаған «шок» болдым…

мына бейне роликтеге секілді

әрине мұндағының бәрімен келісе алмаймын бірақ көбі тура келеді Мыс: Астанадағы ЖД, ТЖ вокзалындағы белгінің, «Бәйтеректің» төбесінен қарағандағы белгісі 6 бұрыш, сенбей спутник картамен жақындатып қарасам дәл ӨЗі.

Әрине қызбалыққа салынсам ренжімңдер!
Алдын -ала кешірім өтінемін.
Әрі қарай

Ерте тұру ерекшелігі мен қиындықтары..

Негізі таңертең ерте тұрсаң өте көп шаруаны бітіресің. Байқауымша неше түрлі табысты,іскер адамдар таңмен өте ерте тұрады екен. Ерте тұрсаң өзіңді жеңіл сезінесін, көп ісіңді жасап, өзіңе риза боласың. Бірақ мен ешқашан ерте тұра алмаймын. Аса маңызды бір жерге бару керек болса немесе емтихан болмаса қиын. Мен керісінше таңға дейін ұйқысыз отыра аламын. Талай солай таңды атырғам. Бірақ одан кейін басың ауырып, шаршайсың аздап. Таңертең ерте тұрудың тағы қандай пайдасы бар? Таңнан бастап жоспар кұрып, ойлануға болады, медитация немесе жаттығу жасап, жүгіріп келуге болады. Бүгін интернеттен таңертең қалай ерте тұруға болатынын іздеп көргем. Егер тағы біреуде сондай мәселе болса деп менде бөлісе кетейін деп ойладым. Сонымен:
Әрі қарай